Просмотр содержимого документа
«"Біз бақытты баламыз"»
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 09.2018 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: Менің мектепбім
Тақырыбы: «Мектеп үйіміз» . (сурет бойынша әңгімелеу)
Мақсаттары:
Тәрбиелік: достарына қамқор болуға тәрбиелеу
Дамытушылық: Балабақша туралы түсінік беру
Оқыту: Сөзді дыбыстау мәдениетін тәрбиелеуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану.,
Педогогикалық технологиялар: ойын, сұрақ-жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету: ертегі суреті, достық туралы суреттер
Билингвалдық компонент: мектеп-школ, үй-дом, балабақша-детский сад
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.
-Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір-біріміздің жүзімізді көреміз, бір-бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.
Шаттық шеңберін айтамыз.
«Ізгі сөздер»
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға,
«Қайырлы таң!»- деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
«Қайырлы күн!»- тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!»- деп кіремін.
Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын айтып, өлең мазмұнына қарай қимыл-әрекет орындайды.
Негізгі бөлім: Тәрбиеші ұжымдық жұмыс арқылы балаларға балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстырып, оларды бағалауға, құрметтеуге үйрету мақсатында «өз үйім – менің бірінші үйім, балабақша – екінші үйім»деген тақырыпта әңгіме жүргізеді. (әңгіме сурет бойынша жүргізіледі)
– Балалар балабақша дегеніміз не? -Екінші үйіміз
– Балабақшада біз не істейміз? - Ойнаймыз, оқимыз
– Ал балабақшаны біз екінші үйіміз деп айта аламыз ба?- Иә
– Бұл үлкен үйімізде бізге кім қамқорлық көрсетеді, аялайды? -Апайлар
– Балабақшада сендер үшін қаншама адам жұмыс істейді?
– Қане, олар кімдер және не істейді екен?-апай, аспазшы, дәрігер, т.б.
Жүректен жүрекке шеңбері. Алдын ала берілген өлеңді жатқа айту.
Жүректен жүрекке шеңбері.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығармыз.
Бізді жақтап отырған,
Сендерге де мың алғыс!
Балабақша туралы әңгімелеу.
Тазалықшы – екінші үйімізде өз үйіміздей жылы, таза болсын деп бөлмемізді жуып, тазалайды.
Аспазшы – біз үшін дәмді тамақ әзірлейді.
Дәрігер – сендердің дендеріңнің сау болуын қадағалайды.
Кір жуушы – біздің сүлгілерімізді жуып береді.
Тәрбиеші апайлар – сендер жақсы адам болып өсулерің үшін бәрін үйретеді.
Тәрбиеші: Балабақша біздің екінші үйіміз. Біз балабақша мүшесіміз. Балабақшаны, достарымызды, апайларымызды өте жақсы көреміз.
Қорытынды: Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Балалар немен айналысқандары, не білгендері, не үйренгендері жайлы әңгімелеп айтады.