Просмотр содержимого документа
«"Біз бақытты баламыз"»
Біз бақытты баламыз.
Тақырыбы: Біз бақытты баламыз.
Мақсаты: Адам өмірінің ең қызықты да, бақытты сәті балалық кездің қызықтары туралы айту. Отбасы,достық,ойын,ойыншықтар туралы айтып, өнермен өрнектеп көрсету. Балалардың дүниетанымын, ой-өрісін дамыту. Ұлттық нақыштарын, бір-бірін құрметтеуге, отбасын сыйлауға тәрбиелеу. Өнерді сүюге баулу.
«Мен құрбымды жақсы көремін» шеңбері
Тәрбиеші: - Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар! Біз бүгін сіздерді «Біз бақытты баламыз» атты әдеби-монтажды, тәрбиелік кешімізді көруге шақырамыз. Бұл шарада балалардың өнерімен, белсенділігін танып, білесіздер.
Адам баласының ең бақытты да, өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол-балалық кезі. Ата-анасының жанында,ұйқысы қанық, қарны тоқ, шат-шадыман күлкімен уақытын өткізетін өмірдің қайта келмес, сағынышқа толы кезеңі.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, «бақытты бала» деп кімді айта аламыз?
-өз отбасы, достары бар, денсаулығы мықты баланы бақытты бала деп айтамыз.
-Балалар қоян мен қонжық «Балалық әлеміне» автобусқа мініп саяхатқа шығыпты. Олар мінген автобустың ішінде сендерге әкеле жатырған сыйлықтары бар екен. Автобус тезірек сендерге жету үшін,сендер әр аялдамада талап етілген тапсырмаларды орындап, белсенділік көрсетіңдер.
Автобусты саяхатқа әнмен бастап шығарайық: Ән «Біз өмірдің гүліміз»
І «Отбасы аялдамасы»
- Балалар отбасы деген не?
- Ең алдымен отбасында не болуы керек? /Отбасы мүшелері бірін-бірі сыйлау керек/
- Отбасында саған не үйретеді?
Әр бала бақытты болуы үшін өзінің сыйластыққа толы отбасы болуы керек.
Балалар отбасы туралы тақпақтар айтып берсін:
С.Оспанов: Бақыт деген не?
Айтшы, білсең егерде, Дильнура:
Апа, бақыт деген не?
Бақыт- деген шырағым, Айнұр
Мына әсем тұрағың.
Ну ормандар,гүл бағы,
Күннің күліп тұрғаны,
Бақыт-дәні даланың,
Алақаны ананың.
Ботам деуі әженің,
Тыныштығы әлемнің!
Қайда бақыт мекені, Дильнура
Қалай оған жетеді?
Адал еңбек етесің! Айнұр
Сонда ғана жетесің!
Көрінбейтін көзіңе, Дильнура
Сонда оның өзі не?
Бақыт деген, сөзім шын- Айнұр
Айналайын, өзіңсің!
ІІ «Ойыншықтар аялдамасы»
-Балалар біз көңілді уақыт өткізу үшін бізге не керек?
- Сендер ойыншықтарыңды қалай ұстайсыңдар?
Бұл аялдамада ойыншықтар туралы ән айтуымыз керек.
Ән: «Қуыршақ»
ІІІ «Достық аялдамасы»
-Балалар сендерге жалғыз ойнаған немесе көппен ойнаған ұнай ма?
-Неліктен дос керек деп ойлайсыңдар?
- Біз білетін достық ережесі қандай еді?
* жолдастарыңа көмектес.
*қолыңнан келген істі өзгеге үйрет.
* ойын кезінде өзіңе ұнаған заттарды бөліс.
* егер жолдасың жаман қылық жасаса, оған қате екенін айтып, түсіндір.
* Төбелесуден, сөз айтысудан аулақ болған жақсы.
* тату ойнап, мақтанба.
* ол жақсы іс істесе, бірге қуан.
Ән: «Достық»
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз. Зарина
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз!
IV «Ұлттық аялдамасы»
-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақ елінің елбасшысы кім?
- Астанасы қай қала?
- Біздің мемлекет қандай мемлекет?
- Мемлекеттік тіл қай тіл?
Біз Қазақстан атты мемлектте тұрамыз. Біздің мемлекетіміз көпұлтты, тәуелсіз мемлекет. Бұл мемлекеттегі бар ұлт тату-тәтті тұрады.
Ал, енді бұл аялдамада біз ұлттық нақыштардан көрініс көрсетуіміз керек.
Би: «Қазақ биі»
Ұлттық ойын: «Көкпар»
V «Көңілді аялдама»
-Адамның көңілі көтеріңкі жүргені дұрыс. Балалар, сендер көңілдеріңді қалай көтересіңдер?
Бұл аялдамада сендерге жұмбақ даярланған екен. Ендеше жұмбақ шешуге дайындалайық.
-Балалар сендер мультфильмдерді жақсы көресіңдер ме?
-Қандай мультфильмдерді білесіңдер?
Жұмбақ шешу.
VI «Бақыт аялдамасы» Міне, балалар соңғы аялдамаға да келіп жеттік. Яғни, біз бақыт аялдамасында тұрмыз. Біздің ата-анамыз жанымызда, қасымызда достарымыз бар, көңіліміз көтеріңкі, бейбіт заманда білім алып жатырмыз. Ал, енді автобустағы сыйлықтарды алуға да аз уақыт қалды. Балалар бақыт деген не екенін өз сөздерімен айтып берсін.
Аспан тұрса күлімдеп, Тимур
Айын биік орнатып.
Ақса бұлақ гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт.
Балаларға сол бақыт- Марик
Болса Отаны аман-сау.
Басын бұлтқа бойлатып,
Тұрса биік Алатау.
Би: «Көңілашар» қыздар тобы.
Ән: «Біз бақытты баламыз»
Автобустағы сыйлықтарды таратып беру.
-Міне, құрметті қонақтар бейбіт өмірде, тәуелсіз мемлекетте білім алып отырған, еліміздің ертеңі бүлдіршіндердің бақытты сәтін тамашаладыңыздар. Арманы асқақ, мәртебесі жоғары елде өмір сүретін әр бала бақытты болуға лайықты.
Хормен:Біз бақытты болуға лайықпыз.
-Әлемдегі әр бала бақытты болсын деп сіздер де өз тілек, ниетіңізді білдіріп, қолыңызды созыңыз.