- Бізде әдемі шырша бар, біз оны жаңа жыл мерекесіне арнап әшекейледік. Ол біздің топты безендіріп тұрады. Біз оның қасында өлеңдер айтып, билейміз.
- Дымбілмес, сен жаңа жыл мерекесіне кімнің келетінін білесің бе?
Дымбілмес:
- Кім келеді, білмеймін?
Балалар, мен сіздерге жұмбақ жасырамын, жауабын Дымбілмеспен бірге тауып көріңіздер.
Жұмбақ
Ақсақалды шал жылына,
Бір рет келіп, кетеді.
Қызы менен ұлына,
Сыйлық алып келеді.
Ол кім балалар?
Дымбілмес:
Балалар, атайдан менде сыйлық алғым келеді. Маған да өлең үйретесіздер ме?
Балалар жұмбақтың жауабын тәрбиешімен бірге табады.
Балалар суретте бейнеленген шырша екенін айтады.
Негізгі бөлім:
- Балалар, қазір мен сендерге "Шырша" өлеңін оқып беремін. Мұқият тыңдаймыз.
"Шырша" өлеңі
Тауда туып, тауда өскен
Шырша келді ортаға
Бәріміз бір дауыспен
Дейік енді шыршаға:
"Қуант бізді, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!"
Сурет бойынша әңгіме құрастырады, сұрақтар қояды.Шырша қайда өседі?
Шырша қайда тұр?
Біз шыршаға қандай сөздер айтамыз?
Шыршаны кесуге бола ма?
Сергіту сәті
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады.
Жып-жылтыр боп жатады.
Дидактикалық ойын
«Қатырмақ ойыны»
Көңілді әуен ойналады, тәрбиеші Аяз ата болады. Қолындағы таяғын балалардың қолдарына тигізуге тырысады, қай баланың қолы тисе, сол жұмбақ, өлең айтады.
Суретке қарап, сұрақтарға жауап береді.
- Орманда өседі (Шырша)
- Біздің тобымызда тұр (Шырша)
- Жоқ, кесуге болмайды(Шырша)
Дымбілмес:
Балалар, сендерге рахмет! Мен сендерден көп нәрсені үйрендім. Сау болыңдар!