kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бидай масағы" ұйымдастырылған оқу қызметіне конспекті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бидай масағы оқу қызметіне конспекті. Сабақ күз тематикасына арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бидай масағы" ұйымдастырылған оқу қызметіне конспекті»

Ересек «Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Тәрбиеші: Шакимова Ғ.К

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: «Ас атасы нан»

Тақырыбы: Бидай масағы

Мақсаттары:

Тәрбиелеу: Нанды қадірлеуге, қастерлеуге, нанды даярлайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін, диқандар еңбегін бағалай білуге, еңбекке деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.

Дамыту: Мүсіндеудің әдістерін бекіту. Шеберліктерін машықтандыру.

Оқыту: Балаларды бірнеше бөліктен тұратын затты мүсіндеуге үйрету

Оқыту:Балаға ожау мен кесе жасауды үйрету

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз.

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң бақшамыз.

Қайырлы таң достарым.

Билингвизм: Нан –хлеб, бәліш- пирошки, бөлішке – булочка.

Мотивациялық қозғалыс.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

Іздену ұйымдастырушысы.

  • Балалар жылдың неше мезгілі бар? (4мезгіл)

  • Қазір қай мезгіл? (Күз)

  • Күзде неше ай бар? (3 ай)

  • Күзде ауа райы қандай болады? (салқын)

  • Балалар мен жұмбақ жасырамын , қане кім жауабын айтар екен,

Аспай піскен

Қайнамай түскен (жеміс)

  • Жемістер қашан піседі?

  • Күзде

Асты тас , үсті тас,

Ортасында піскен ас (нан)

  • Балалар , біз күнде ақ нан , қара нан немесе тәтті бөлкелер, печеньелер, торттар жейміз. Бұлар неден жасалатынын білесіңдер ме?

  • Ұннан

  • Ал ұнды неден алады?

  • Ұнды мына ыдыстағы дәндерден алады.

  • Барлығың мұқият қараңдар, Барлық дәндер бірдей ме? Мына дөңгелек дәндер – бидай, ал сопақ дәндер арпа.Бидай мен арпа дәнді –дақылдар. Бидайдан - ақ нан, арпадан – қара нан дайындалады.Олар егістікте өседі.лдымен егіс даласын, жерді трактормен жыртады.Әбден жұмсартылған жерге тұқым себеді.Оны су құйып баптайды. Егінге жаңбырдың да пайдасы көп.Күн көзі мен су мол болса , егін бітік шығады.Күзде егін піскенде оны комбайынмен жинайды.Ол сабақтарды орап , одан дәндерді бөлек шығарады. Бұл дәндер ұзын арнаулы жендерден жүк машиналарына құйылады. Сосын дәндерді элеваторға апарады. Онда оларды кептіріп, бір бөлігін тұқымдыққа қалдырса, бір бөлігін диірменге тартады.

  • Енді ұнды қайда апарады деп ойлайсыңдар?

  • Наубайханаға.

  • Наубайханада наубайшы көп нандар. Тоқаштар, печеньелер пісіреді.

Есік соғылады.

  • Балалар , есік соғып тұрған кім екен көрейікші.

  • Наубайшы келеді. Балаларға нан пісіру жолын көрсетеді.

  • Сөйтіп піскен нан дүкенге келеді.Біз дүкеннен нан сатып аламыз.

Сергіту сәті
Көлбең, көлбең, көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем.

Тасып піскен бидайды.

Айтшы қалай жинайды?

Комбайынмен бидайды,

Былай, былай жинайды.

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны қалай қорғайды?

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны былай қорғайды.

Кіш, кіш, кіш...

Қорғап қалған бидайды,

Қамбаға әкеп жинайды.

  • Балалар , сонымен суреттен нені көріп отырмыз? (Сурет бойынша балалар жауабы)

  • Балалар, мына ашық хаттың ішінде бидай масағы бар, соны тақтадағы масаққа қарай отырып құрастырамыз.

  • Енді «Дүкенші» ойынын ойнап көрейік.

Ойын ережесімен таныстырамын.

  • Балалар мен сендерге «Бауырсақ» өлеңін оқып берейін.

Дастарханда шашылып,

Жатты қызыл бауырсақ

Бауырсаққа қызығып

Қарап тұрып көзін сап:

  • Қайдан келдің, бауырсақ? –деп сұрады Қуыршақ.

  • Дүкеннен келдім нан сатқан.

  • Дүкеннен келдің қай жақтан?

  • Наубайдан келдім ұн жапқан.

  • Наубайға келдің қай жақтан?

  • Диірменнен келдім ұн жапқан.

  • Диірменге келдің қай жақтан?

  • Даладан келдім кең жатқан,

Жер анам менің көсілген.

Диқандар мені өсірген.

  • Қорытынды

Сонымен, бауырсақ қай жақтан келді екен?

Балалар жауабы:

  • Нан біздің дастарханымызға келгенше кімдер еңбек етеді?

«Ас атасы нан, нан атасы –дән» - деген екен дана халқымыз.Сол дәннен бастап нан болғанға дйін қаншама адам маңдай терін төгеді.Ендеше, сол зор еңбекпен келген нанды қастерлеуіміз керек.Нанда аяқ асты етпей, ысырап қылмауымыз керек. Алдыңызға келген нанды таусып жеп, оның қоқысқа кетуіне жол бермеуіміз керек. Осымен оқу іс –әрекетіміз аяқталды.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Бидай масағы" ұйымдастырылған оқу қызметіне конспекті

Автор: Шакимова Галия Кениханқызы

Дата: 02.10.2018

Номер свидетельства: 479469

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Мүсіндеу Тақырыбы: "Бидайдың масағы""
    ["seo_title"] => string(33) "musindeu_takyryby_bidaidyn_masagy"
    ["file_id"] => string(6) "519724"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1568528005"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства