Ұйымдастырушылық ізденіс | - Балалар, ең алдымен бәріміз бірге «Сен білесің бе?» ойынын ойнайық. - Сенің әкеңнің аты кім? - Ол қайда жұмыс істейді? - Сенің анаңның аты кім? - Ол қайда жұмыс істейді? - Балалар, қонжық өскенде кім боламын деп, ойланып жүр екен, қай мамандықты таңдарын білмей жүр екен. Балалар, қонжыққа көмектесеміз бе? «Жұмбақтар шешу» 1. Тәп-тәтті тағамы, астардың маманы. (Аспаз) 2. Кірпіштен үй салады, Ол адам кім болады?(Құрылысшы) 3. Адамдарды емдейді, Ол адамды кім дейді? (Дәрігер) - Балалар, қандай мамандықтар туралы жұмбақтар шештік? - Ал сендер өскенде кім болғыларың келеді? Д/қ ойын «Кімге не керек?» Шарты: алдын-ала дайындап қойған құрал-жабдықтардың арасынан, мамандық иелеріне сәйкестендіру. Сол кезде бақшашыға қажетті құрал-жабдықтары (тырнауыш, күрек, шелек) қалып қояды. - Балалар, мына қалып қойған заттар кімнің жұмысына қажет? - Бақшашы немен айналасады? - Бақшашы мамандығымен толық танысу үшін, осы құрал-жабдықөтарды алып, бақшаға барайық. - Жолға шығар алдында кішкене дем алайық. Сергіту сәті Ұшқыш болып ұшайық, Тігіншіге ұқсайық! Дөнгелене би билеп, Бишіге біз ұқсайық! - Ал ендеше, бақшаға барайық. - Кім жүргізуші болады? - Балалар, мына бақшада өсіп тұрған көкөністер мен жеміс-жидектер өз орындарында өсіп тұр ма? - Қандай жемістерді көріп тұрсыңдар? - Олар өз орнында өсіп жатыр ма? - Қандай көкөністер көріп тұрсыңдар? - Олар өз орнында өсіп жатыр ма? - Ендеше, бақшашының киімін киіп, бақшаны дұрыстайық. - Ағашта неше алма өсіп тұр? - Балалар, сендерге бақшашы болуға ұнады ма? - Балалар, қонжыққа бақшашы мамандығы ұнап қалды, ол бақшада қалып, осы жемістерді, көкөністерді күтіп баптайды, ал күзде біз оған қонаққа келеміз. - Қонжыққа бақшашының құрал-жабдықтарын сыйға тартайық. - Олай болса, тобымызға қайтайық. - Балалар, сендер тағы қандай мамандықтар білесіңдер? Д/қ ойын «Дұрыс па, бұрыс па? Ұшақты жүргізуші ... ұшқыш Ауруды емдейді ... әнші Балаларды оқытады ...шаштаразшы Киім тігеді ... тігінші Көлік жүргізеді ... дәрігер Би билейді ... биші Үй салады ... мұғалім | Балалар сұрақтарға толық жауап береді. Балалар қонжыққа көмектесуге ниетін білдіреді. Балалар жұмбақтарды мұқият тыңдап, шешімін табуға тырысады. Сұрақтарға жауап беру Балалар берілген тапсырманы орындауға тырысады. Балалар ойланып, жауап береді. - Жеміс-жидектер, көкөністер отырғызады, оларды күтіп, баптайды, жерін қопсытады. Балалар бақшаға баруға қызығушылығын білдіреді. Балалар сергіту жаттығуын жасайды. Балалар әуенмен бақшаға барады. Балалар таң қалады. Балалар алжапқышты тағып, тапсырмаларды орындайды. Сол сияқты балалар алхоры, алмұрт, қияр, қызанақ, қырыққабат, картоп санын айтады. Балалар қонжықты бақшада қалдырып, оған тырнауыш, күрек, шелекті сыйлайды. Балалар топқа оралады. |