Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі:Мүсіндеу
Тақырыбы :Бақшада алма пісіп тұр.
Мақсаты:Балалар өздеріне таныс заттарды мүсіндей отырып,оларды біртұтас мазмұнға біріктіру.
Міндеті :1.Ұжымдық жұмыс нәтижесіне жетуге үйрету.
2.Композиция құру іскерліктерін дамыту.
3.Өздеріне таныс затты мүсіндеуге дағдыландыру
Әдіс –тәсілдері:көрсету,сұрақ -жауап
Ұйым түрі: топпен
Көрнекілік:ермексаз,тақтайша,сүлгі,таяқша,үлгі суреттер
Іс-әрекет | Тәрбиеші әрекеті | Бала әрекеті | Жағымды | жағымсыз |
1.Мотивация 2.Ізденіс –ұйымдастыру кезеңі 3.Рефлексия
| Балалар шаттық шеңберіне тұрып,мына өлең жолдарын айтады, Арайлар таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды күніміз Қайырлы таң апайлар, Қайырлы таң,достарым! Тәрбиеші натюрморт суретін көрсетеді.Балаларға суреттерді әңгімелетеді;жемістер мен көкеністер аттарын айтқызады. -суретшілер үй тұрмысына қажетті немесе табиғат заттарының мұндай орналасуын натюрморт деп атайды. -Қане балалар натюрморт сөзін қайталап айтып көрейікші.-сендермен қазір осы натюрморт мүсіндейміз, -мүсіндеу жолдарын түсіндіру -саусақ жаттығуларын орындау Сергіту сәті Қорбаңдаған аюдың Құлпынайы көп екен Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық Балалар жұмыстарын жалғастырады д/о»Көкеністер мен жемістерді ажырат» Сабақты аяқтау,Балалардың жұмыстарын үстел үстіне қойып,балалармен бірге қарайды.Балаларды бағалау,мадақтау Күтілетін нәтиже: Білу керек:жыл мезгілң ерекшелігін Игеру керек:көкеністерді мүсіндеуді Меңгеру керек: Есу,домалату,илеу тәсілдерін меңгеру | Балалар жылулық шеңберге тұрды, өлең жолдарын қайталап айтты. Суреттен көкеністер мен жемістер бейнеленген. Натюрморт сөзін бірнеше рет қайталап айтады. Балалар жұмысқа кіріседі. Қимыл қозғалыспен жасайды. Ойын ойнайды. Балалар бір –бірін бағалайды. |