Просмотр содержимого документа
«Бағдаршамның қызметтері»
№159 «Еңбекші» қазақ орта мектебі
Досқанаева Жанат Әлмағанбетқызы
Сабақтың тақырыбы : Сан есім
Сабақтың мақсаты: білімділігі:оқушыларды сан есім және олардың түрлері,сұрақтармен таныстыру
Дамытушылығы:сөйлем ішіндегі сан есімді табу арқылы сұрақ қоюға үйрету . Сөз таптарын ажырата білуін,мәнін терең ұғына отырып,таным белсенділігін арттыру .Ойлау қабілетін,тілек қорын дамыту.
Тәрбиелігі:Ұжымды жауап беруге дағдыларын қалыптастыра отырып , ізденімпаздыққа, салауаттылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
-Балалар , бүгінгі жаңа сабағымызды ертегі айтудан бастағым келіп тұр.Бұрынғы ерте заманда Сөз таптары атты қария болған екен.Оның бірнеше ұлдары болыпты. Оның ұлдарының мінезі бір біріне ұқсамайтын және қасиеттері де әртүрлі екен.
Зат есім заттың атын білдірсе, Етістік қимылды, Сын есім заттың түр-түсін, саныны білдірсе керек.Ал Сан есім атты ұлы заттың санын,ретін, мөлшерін білдіріп неше?Қанша?Нешінші?деген сұрақтарға жауап береді.
Сан есім
(мағынасына қарай)
Етістік сан есім Реттік сан есім
(Қанша? Неше?) (Нешінші?)
Заттың нақты санын білдіреді Реттік санын білдіреді.
Бір күні сөз табының ұлдары Зат есім, Сын есім, Етістік, және Сан есім орманға серуенге шығады.Сол сәтте қатты жаңбыр жауып Сан есім адасып қалады. Жаңбыр басылған соң, аспан әлемінде жер бетін түрлі түске боялған кемпірқосақ пайда болады.Сан есім кемпірқосақтан көмек сұрайды.Ал кемпірқосақ,менің жеті түсімнің мағынасын тауып тапсырмаларымды орындасаң саған көмектесемін деген екен.
-Ал балалар, Сан есімге көмекке келейік, кемпірқосақтың тапсырмаларын орындайық.
Түс.1-тапсырма: Оқулықпен жұмыс
Сары түс: Өлеңді мәнерлеп оқы.(ауызша)
Сан есімдерді тауып,оларға сұрақ қой.
Сан есім қандай заттардың санын білдіріп тұр.
Қызыл түс: 2- тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,сөйлемді көшіріп жаз.
Көк түс: 3- тапсырма:Жұмбақтың шешуін тап
Қос мүйізді төрт сирақты.
Сыйлайды балдай ақ бұлақты (Сиыр)
Жасыл түс:4 –тапсырма: «Кім тез ойнайды?» ойыны.
Саны бар сөздердің шешуін тез тауып ,екі –үш сөйлем құрастыр.
Көгілдір түс:5-тапсырма Қанша?Неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді бір бөлек,Нешінші?сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек ;Нешеу? Сұрағына жауап берітін сөздерді бір бөлек топтап өз көлшігіне түсір.
1 топ 2 топ 3 топ
Қанша? Нешінші? Нешеу?
Неше?
Сарғылт түс;6- тапсырма:Семантикалық карта
Сөз таптары
Зат есім
Етістік
Сын есім
Сан есім
Айгүл,дәптер,оқулық
+
Төрт,бес,жүз
+
Жүгір,секір,ойна
+
Қызыл,қызық,биік
+
Күлгін түс;7-тапсырма:Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау.
Міне ,балалар,сендер кемпірқосақтың тапсырмаларын орындау арқылы Сан есімге көмектестіңіздер