Просмотр содержимого документа
««Астана – арман қала!»»
Тақырыбы: «Астана – арман қала!»
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
- Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.
- Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ. Р - ның рәміздері, Астана қаласының ғимараттары.
Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Жүргізуші: Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!
- Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!
Жылулық шеңбері: Ал, енді балалар бәріміз бір - бірімізбен сәлемдесіп алайық.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, Астана!
Келдік саған қуана!
- Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.
Деніміз сау болсын!
Күніміз күлімдесін!
Еліміз аман болсын!
Ата - анамыз қасымызда болсын!
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз бақытты болайық!
Аспанымыз ашық болсын!
Әнұран орындалады.
- Кәне, балалар отырайық. Біз бүгін Отан туралы әңгімелесеміз. Балалар Отан деген сөзді қалай түсінеміз?
Балалар: туған жерім, атамекенім, отбасым, халқым.
- Дұрыс балалар, Отан дегеніміз біздің еліміз, туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.
- Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстанды Отанымыз дейтін себебіміз, бұл жерде ата - бабаларымыз тұрған, енді сол жерде біз тұрамыз. Адал адам Отанын сүйеді. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да өмір сүре алмайды. Біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасы, ұлтымыз - қазақ.
- Балалар, Қазақстан Республикасының президенті кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан Республикасы
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
- Қазақ тілі
- Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады? Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?
- Орыс, өзбек, түрік, қытай.
- Мемлекеттік рәміздерімізді кім атап береді?
- Әнұран, ту, елтаңба.
- Ел ордамыз қай қала?
- Астана.
- Балалар, бүгін бас қаламыз - Астананың туған күні!
Тақтада ілулі тұрған суреттермен таныстыру.
Балалар, мынау Қазақстанның бас ордасы - Астана. Ол жаңадан бой көтеріп келе жатқан жас қала. Ал мынау - Ақорда үйі. онда біздің елімізді басқаратын президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отырады. Мынау - Бәйтерек. Ол өте биік, оның биіктігі 105метр. Мұнараның жоғары жағында шыныдан жасалған алтын шар бар. Мұнараның жоғарғы жағына көтерілсек, Астана қаласы толығымен көрініп тұрады.
- Астана күні мерекесіне арналған тақпақтарын тыңдайық.
Рамазан
Астана - арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап - жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Жансая
Жаңа қала, жас қала,
Болды бүгін бас қала.
Ол - сүйікті қаламыз,
Алып қала Астана.
Ардақ: Жүрегі елімнің,
Астана - бас қала.
Әлемге көріндің,
Ұқсамай басқаға.
- Өте жақсы, балалар! Енді балалар орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын жасайық.