kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ : Жыл басы - Наурыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағұлмат беру. Отанын, жерін, елін ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеуге тәрбиелеу. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ : Жыл басы - Наурыз!»

Тақырыбы: Жыл басы-Наурыз!

Мақсаты:  Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

Тәрбиеші: «Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

«Қайда барсаң жолың болсын!»

Тойға арнап, ән-жырларын айтуға келген балаларды қошеметпен қарсы алайық

Жыршы құстар көп келді,

Гүлдер жапты бөктерді,

Кел , балалар, әнменен

Қарсы алайық көктемді.

Ән: «Көктем»

1.Көктем келді, көктем келді, сағына,

Бүршік атты алма ағаштар бағымда

Біздің үйге ұя салды, алақай!

Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да

Қ/сы

Дала гүлге оранады,

Түрлі түске боянады.

Нұрлы көктем келген кезде,

Табиғатта оянады.

2. Көктем келді, көктем келді далама,

Қуанып жүр ата-анада бала да

Қар – мұз еріп, жылғалардан су ағып.

Үйрек қаздар жайылып жүр жағада.

Қ/сы

Дала гүлге оранады,

Түрлі түске боянады.

Нұрлы көктем келген кезде,

Табиғатта оянады.

Тәрбиеші: Ал енді балаларымыздың тақпақтарын тыңдайық.

Жасмин

Мен анамды сүйемін,

Сөзін ойға түйемін.

Анашымды ардақтап,

Басымды оған иемін.

Кәусар

Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе

Ана деген керемет,

Сыйлап өтем өмірде

Тәрбиеші: Балалар бізге бүгін қонақ келді. Қарсы алаыйық балалар!

(Ортаға әжей шығады)

Әже: Бүгінгі мерекеге Астанадан арнайы келдім. Тойларың құтты болсын! Тойларың тойға ұласа берсін! Менде бұлтойға құрқол келмедім, өзіммен бірге шашуымды ала келдім.

Тәрбиеші: Рахмет Әже! Қош келдіңіз.

Бүгінгі күн Іңкәрдің «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, сізден бата алу мақсатында осы жерде, «Тұсар кесер» тойын өткізбекшіміз. Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамың құтты болсын, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін сәт. Қазақ сәбидің тұсауын "көбейіп, көгере берсін" деп көк шөптен де есіп жасаса, "бай болсын, тоқ болсын" деген тілекпен малдың тоқ ішегінен де өрген. (Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады)
Тұсау кесуші әже тәй-тәй басқан баланың аяғына ала жіп байлап жатып:

Әже: Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам,
Қадамыңды қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз,балам, жүре гой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.
Жүгіре қойшы құлыным,
Желбіресін тұлымың,
Елгезек бол, ерінбе.
Ілгері бас, шегінбе,- деп өлеңдете отырып, тұсауын пышақпен кеседі.

Әже: Балалар менің сендерге арнап әкелген ұлттық ойыным бар. Сендер ойын ойнағыларың келеме?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Ендеше, ойын ойнап, ән салмай, өсер бала боларма демекші, қазағымыздың төл мерекесінде ұлттық ойын ойнамасақ жараспас. Әжесі ойын тамашалайық.

Әже: Ал қенке көрейік.

Ойын: «Асық жинау» Ойынның шарты: Балаларды бірінші екі топқа бөлеміз. Ортада екі үстел тұрады. Үстінде ыдыста асық тұрады. Бірінші үстелде тұрған асықты, екінші үстелдегі бос ыдысқа жинауымыз керек. Кім аз асық жинайды, кім көп асық жинайды. Қай бала көп асық жинаса сол топ жеңіске жетеді.

Әже: Жарайсыңдар құлындарым. Ортамызға келген жаңа- жыл болсын қазағым! Наурыз шашу жұғысты болсын! Шашу! Шашу! Шашу!

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз қандай мереке тойладық?

Балалар: Наурыз мерекесін тойладық.

Тәрбиеші: Наурыз мерекесі қай мезгілде болады?

Балалар: Көктем мезгілінде болады.

Тәрбиеші: Балалар біз қандай салт-дәстүрді қолдандық?

Балалар: Баланың тұсауын кестік.

Тәрбиеші: Қандай жастағы баланың түсауын кестік?

Балалар: Кішкентай сәбидің тұсауын кестік.

Тәрбиеші: Әже сіздің келгеніңізге көп-көп рахмет! Келген наурыз жаңа- жылыңыз құтты болсын! Наурызда жылдан жылға аман-есен жете берейік. Қош сау болыңыз!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ : Жыл басы - Наурыз!

Автор: Кожакова Жемисгул Инаматовна

Дата: 22.03.2019

Номер свидетельства: 504239

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Жыл басы-Наурыз                              Мол болсын д?м-т?з "
    ["seo_title"] => string(36) "zhyl-basy-nauryz-mol-bolsyn-d-m-tu-z"
    ["file_id"] => string(6) "207111"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430331900"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Наурыз - жыл басы" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(32) "nauryz_zhyl_basy_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "403015"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490367435"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Ашық сабақ "Наурыз мейрамы""
    ["seo_title"] => string(27) "ashyk_sabak_nauryz_mieiramy"
    ["file_id"] => string(6) "411857"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493224358"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "" Наурыз-жыл басы! "  т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(32) "nauryz-zhyl-basy-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "198010"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428338930"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "?алалы? семинарда ?ткізілген ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(44) "k-alalyk-sieminarda-otkizilghien-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "279093"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453195162"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства