Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ:Үй жануарлары»
йымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың төлдерін бір- біріннен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету. Олардың бізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал- мәтелдерді қайталай отырып, сұрақ жауап арқылы балалардың тілін дамыту.
Көрнекілік: үй жануарлары қой, сиыр, түйе, ешкі,жылқы, үйдің суреттері, макеттері. Малдан алынған өнімдер: Сүт, айран, құрт, ет, жүн, жылы тоқылған қолғап.
Оқу іс-әрекетініңбарысы:
Кіріспе: Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың көңіл күйлерін көтеріп, Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін бастау үшін балаларды орындарыннан тұрғызып шаттық шеңберін айтқызу.
Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Тәрбиеші:
Айдай жарқырап,
Күндей жадырап.
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Күз мезгіліне тоқталу.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Күз мезгілі.)
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Күз мезгілінде ауа райы өзгереді. Күн салқындап, жаңбыр көп жауады. Аспанды жиі бұлт торлайды. Жел көп болады.
-Күз айларын айтайықшы.
Қыркүйек, қазан, қараша.
-Күз туралы тақпақ айтайықшы.
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің қызық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау.
Негізгі бөлім:
-Балалар адамдар күнделікті тіршілік етіп, өмір сүретін баспанасын қалай атаймыз?
- Үй
-Үй қандай бөліктерден тұрады?
- Төбесі, есік, терезе , үйдің қабырғасыннан тұрады.
-Үй бөліктері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?
- Төбесі үшбұрышқа, есігі тік төртбұрышқа, терезесі төртбұрышқа, қабырғалары тік төртбұрышқа ұқсайды.
-Балалар дұрыс айтасыңдар енді алдымыздағы тұрған үйдың неше терезесі бар екенін санайық
- 1, 2, 3, 4, 5
-Балалар әр терезеде жұмбақтар бар екен мен сендерге оқып берейін
1.Терезе
Қамыс құлақ,
тостаған тұяқ,
мінсең қанат,
сүті дәрі, еті тамақ.
(жылқы)
2.Терезе
Кезікті бір жануар.
Үстінде екі тауы бар,
(Түйе)
3.Терезе
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар
(қой)
4.Терезе
Өзі күшті, мүйізі мықты,
Төрт бұлағы сүт, баға білсең құт.
(сиыр)
5.Терезе
Секең- секең етеді,
Таумен тасқа жетеді.
(Ешкі)
Жұмбақ шешілген терезе ашылып ішіннен көрінген үй жануарлары тақтаға ілінеді.
«Бұл не?» ойыны.
Балалар суреттегі жануарларды атайды. Балалар үстелдің үстінде жатқан суреттерді мұқият қарап, жануарлардың атын атап, тақтаға жапсырады.
-Жарайсыңдар, балалар! Бір сөзбен біз оларды «Төрт түлік » мал дейміз.
Дидактикалық ойын «Адаспай тап». Сәйкестендіру тесті
Ойын шарты: Суретбойынша төлдерді өз енелеріне сызықпен қосу, сәйкестендіру.
-Балалар мен сендерге үй жануарларының аталары туралы тақпақты айтып берейін мұқият тыңдайық.
Жылқы атасы- Қамбар ата,
Сиыр атасы- Зеңгі баба.
Түйе атасы- Ойсыл қара,
Қой атасы- Шопан ата.
Ешкінің иесі- Сексек ата.
Балалар тақпақты қайталап, естеріне сақтайды.
Дидактикалық ойын: «Мекеніне апар» ойыны
Мақсаты: Үй жануарларын дала жануарларыннан ажырата білуге үйрету. Үй жануарлары мен дала жануарларының қайда тіршілік ететінін білуге үйрету. Балалардың ойлау қабылетін дамыту.
Барысы: Қалтада әр түрлі үй жануарлары мен дала жануарлары салынған аты аталған бала ортаға шығып қалтаға қолын салып бір жануарды алып шығады. Алып шыққан жануардың дала немесе үй жануар екенін айтып, орманға немесе үй қасына қояды.
Сергіту сәті:
Жазда атамның аулына
Барып едім қыдырып,
Бір қошақан алдымнан
Шықты ойнап, секіріп.
Ақ маңдайлы айма екен
Шекер ме екен бал ме екен.
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен.
-Үй жануарлары қандай дыбыс шығарады?
-Жарайсыңдар балалар, сиыр «мө-мө-мө» деген дыбыс шығарады. Сиырдың адамға пайдасы көп. Сүтін ішіп, етін жейміз, терісінен киім тігеміз, сондықтан да сиырды күтіп бағуымыз керек. Сиырға шем шөп берерде «аухау-аухау» деп шақырамыз.
-Қой «мә-мә-мә» деп маңырайды. Суарарда «пұшайт-пұшайт» деп шақырады. Қойдың сүтін қорғасын дейді. Етін жеп, жүнін тұрмыста пайдаланымыз.
-Ешкіні , лақты «шөре-шөре» деп шақырады. Ешкі сүті құнарлы, ем болып келеді. Ешкінің түбітінен шәркей, орамал, қолғаптар тоқиды.
-Жылқы кісінейді. Жылқыны «қырау-қырау» деп дауыстап шақырады. Жылқының сүтінен қымыз аламыз. Жылқының еті адам ағзасына пайдалы.
-Түйе «бө-бө-бө» деп боздайды. Түйені «көс-көс» деп шақырамыз. Түйенің сүтінен шұбат дайындайды.
Қорытынды: Балалар, енді осы келген қонақтарымызға үй жануарлары туралы тақпақтарымызды айтып берейік:
Балаларды мақтау- мадақтау арқылы ашық сабақты аяқтау.