kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ: "Ойыншықтар достығы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ойыншықтар және олардың достығы туралы қысқа сюжеттік әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Өзара татулық сезімдерін дамыту, сөздік қорын молайту, қабылдау, есте сақтау қабілетін жалғастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: "Ойыншықтар достығы"»

«Тұрағұл Қоңыр атындағы орта –мектеп балабақша»КММ

«Балауса» балабақшасы













Ашық сабақ

Тақырыбы : «Ойыншықтар достығы»

«Балдырған» ортаңғы тобы





Тәрбиеші : Домбаева Э.Б.



















Ойыншықтар достығы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі : Сөйлеуді дамыту

Мақсаты: Ойыншықтар және олардың достығы туралы қысқа сюжеттік әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Өзара татулық сезімдерін дамыту, сөздік қорын молайту, қабылдау , есте сақтау қабілетін жалғастыру.

Сөздік жұмыс : маймыл, көжек.

Билингвальды компонент : маймыл – обезьяна, көжек – зайчик.

Көрнекіліктер : суреттер, ойыншықтар, геометриялық пішіндер.

  1. Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннен жылу алайық

Жүрекке жылу салайық.

Жиналған жылы шуақты

Бір – бірімізге сыйлайық.

  • Өте жақсы, балалар, орнымызға отырайық. Мен де сендердің бүгінгі күндеріне сәттілік тілеймін!

  1. – Балалар , мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.

  • Неше жыл мезгілдерін білесіңдер?

  • Қазір қай жыл мезгілі?

  • Қыстың қай айы? – Ия, дұрыс айтасыңдар қаңтар айы.

  1. Ойын «Ненің суреті жасырылған?»

Шарты : Өздеріңе ұнаған пішіндерді таңдап алып , қай геометриялық пішін екенін, түсі қандай, оны айтып, артында суреттер бар, сол ненің суреті екенін табыңдар?



Жасырылған суреттер: Пирамида , қуыршақ, ат , көлік .

Балалар, ойыншықтарды резеңкеден , пластмассадан , матадан жасалынған ойыншықтар деп бөлуге болады.

Міне, мына ойыншықтарға қарайық.

  • Парта үстінде тұрған ойыншықтармен таныстыру.

  • Енді балалар , мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын : «Кім жылдам?»

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, егер жауабы дұрыс болса, сиқырлы дорбадан сол ойыншық шығады.

  1. Тиіп кетсе жылаған

Даыусы көпке ұнаған. Домбыра

  1. Кеудесінде жаны жоқ,

Тамырында қаны жоқ.

Май жейді,

Су ішеді ол не? Машина

  1. Ұшып – қонып тынбайтын,

Қанша соқса сынбайтын.

Суға салсаң батпайды

Түскен жерде жатпайды. Доп

  1. Иілсең иіліп,

Түйілсең түйіліп.

Қарайды кісіге –

Ұқыпты ісіне. Айна

Ол неден жасалғанын, жұмсақ, қатты екенін ажыратқызу , резңкеден, пластмассадан, темірден.

  • Ал енді біздің балалар ,ойыншықтар туралы өз тақпақтарын айтып берсін :

Саянұр:

Күшік , мысық, балапан,

Қуыршағым балақан.

Кәне , бәрің тұрыңдар,

Ойын сауық құрыңдар.

Айсәуле :

Ойыншығым балапан,

Сүп- сүйкімді сап-сары.

Шіренгені болмаса,

Ұстағанда жұп –жұмсақ.

Асылзат:

Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін жақсы көремін.

Кешке дейін жалықпай,

Бірге ойнап жүремін.

Айғаным :

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз.

Кайсар:

Іші толған бөлменің ,

Ойыншығым мол менің.

Босқа тізіп қоймаймыз,

Келе ғой достар ойнайық.

Ералы :

Үлкенмін ғой міне мен

Ойыншықтарды жинаймын.

Машинаға мінер ем

Кабинаға сыймаймын.

Іңкәр:

Ойыншығым қуыршақ,

Не берсем де жемейді.

Еркелігі соншама

Көтермесем жүрмейді.

Ербұлан :

Біз ұқыпты баламыз ,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықтарды жинаймыз

Үлкендерді сыйлаймыз.

  • Балалар, сендердің достарың бар ма ?

Сендер достар, достық деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

  • Дұрыс , балалар, достар бір – біріне әрдайым көмекке келіп, қолындағысымен бөлісетін , тату , бір –бірін сыйлайтын жандарды достар дейміз.

Ғажайып сәт:

  • Балалар, бізге қонаққа ойыншықтар келіпті. Қазір мен сендерге осы ойыншықтар туралы әңгіме айтып берейін. Әңгіменің аты : «Ойыншықтар достығы».

«Ойыншықтар достығы»

Ертеде бір сұлу, әдемі қуыршақ болыпты. Ол өзінің әдемілігіне мақтанып, басқа ойыншықтармен ойнамапты. Достары аюдың баласы – қонжық, қоянның баласы – көжек , маймыл ойнауға шақырса бармапты. Бір күні қуыршақ өзінің сұлулығына сүйсіне қарап отырыпты. Аяқ астынан қатты жел соғып , қуыршақ еденге ұқлапты. Оның әдемі көйлегі жыртылып , ол қатты жылапты. Оны байқаған ойыншық достары қуыршақты аяп кетіпті. Маймыл қуыршақтың жыртылған көйлегін тігіпті, көжек басынан сипап жұбатыпты. Ал қонжық болса, қуыршақты жерден көтеріп , орындыққа отырғызыпты.Содан соң қуыршақ менмендігін ұмытып , достарымен бірге тату – тәтті өмір сүріпті.Қуыршақ доссыз өмір қызықсыз екенін ұғыныпты. Ол өзінің қонжық , маймыл , көжек сияқты достары бар екеніне қуаныпты.

  • Балалар , сендерге әңгіме ұнадыма ?

Сұрақ – жауап әңгіме бойынша :

  • Маймыл не істейді ? /көйлегінің жыртығын тігіпті/

  • Көжек қалай көмектесті ? /басынан сипап жұбатыпты/

  • Ал қонжық ше ?/қуыршақты жерден көтеріп , орындыққа отырғызыпты/

  • Қуыршақ нені түсінді ? /доссыз өмірдің жаманын/





Сергіту сәті :

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін дәмдісін,

Анамызға сыйлайық!

Балалар,бізге келген ойыншықтар мына суреттерін сендерге жапсырып берулерін сұрап тұр .Ойыншықтарға суреттерін жапсыруға көмектесейік пе?

Ендеше Ералы, Асылзат, Іңкәр, Роксана, Бекзат ,Қайсар.... ойыншықтарды жапсыруға көмектесейік.



Ойын : «Достық неден басталады ?»

Шарты : балалар , мен сендерге достықтың неден басталатыны туралы сөздер айтамын сендер «ия» , «жоқ» деп жауап бересіңдер.

  • Татулықтан (ия)

  • Сыйластықтан (ия)

  • Көмектесуден (ия)

  • Сыпайы болудан (ия)

  • Төбелескеннен (жоқ)

  • Өтірік айтқаннан (жоқ)

  • Достықты сатуға болама (жоқ)

  • Сендер бір бірлерінмен татусындарма (ия)

Қорытындылау:

Балалар , біз бүгінгі оқу іс – әрекетімізде «дос», «достық» деген ұғымдармен таныстық. Достар әрқашан қандай болуы керек? Достар бір – бірлерімен қалай ойнаулары керек? Қандай жағдайда бір – бірлеріне көмектесулері керек?

Өте жақсы балалар, достар әрқашан бір –біріне қолдау жасап, қамқорлық көрсетіп, көмектесіп , ойыншықтармен бөлісіп ойнайды. Бір – бірлеріңді ренжітпей, тату достар болыңдар! Сендерге үлкен рахмет айтамын сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма ? Олай болса мына смайликтен өздеріңе ұнағанын таратып берейін.

Ән: «Біз тәртіпті баламыз».

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек : ойыншықтардың түрлерін , әрі неден жасалатынын, әңгімені тыңдауды.

Нені игерді : әңгіме бойынша өз түсініктерін айтуды.

Нені үйренді : дос, достық туралы ұғымдарды.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ашық сабақ: "Ойыншықтар достығы"

Автор: Домбаева Эльнара Болатова

Дата: 21.10.2020

Номер свидетельства: 560775

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "ашы? саба? "Ойыншы?тар" "
    ["seo_title"] => string(24) "ashyk-sabak-oiynshyk-tar"
    ["file_id"] => string(6) "213480"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432060102"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Ойыншы?тар. К?птік жал?ауларын ?айталау "
    ["seo_title"] => string(43) "oiynshyk-tar-koptik-zhalg-aularyn-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "201503"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1429078776"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Ашық сабақ "Ойыншқар әлеміне саяхат""
    ["seo_title"] => string(40) "ashyk_sabak_oiynshk_ar_lieminie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "432420"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1508041863"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Ашық сабақ Бірлігіміз жарасқан"
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk_sabak_birlighimiz_zharask_an"
    ["file_id"] => string(6) "460442"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519987071"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Білім елі атты ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(27) "bilim-ieli-atty-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "179238"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424964414"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства