Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: «Достарыма арналған үй»
Мақсаты:Техникалық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру;төртбұрыш,шаршыдан үйдің қабырғасын,үшбұрыштан үйдің шатырын жасауға болатындығын түсіндіру.
Көрнекіліктер: түрлі түсті қағаздан жапсырмалар,қайшы,сулық,желім,үлестірмелі материалдар.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Тақтаға иттің және мысықтың суреттерін ілу. Жұмбақ Ырылдайды,үреді, Үй маңында жүреді. Иесін ол біледі, Бөтен біреу келсе егер, Үріп белгі береді Ит-адамның досы. Сөздік жұмыс: Шуақ, адал. | Суреттерге қызыға қарайды. Жұмбақтың жауабы: Ит Тыңдайды,қайталайды Қайталайды: шуақ,адал |
Ұйымдастыру- Іздестіру | Ғажайып сәт -Балалар,бізге ит пен мысық қонаққа келеді.Олармен танысайық.Педагог жұмсақ ойыншықтарды-ит пен мысықты көрсетеді. Олар сендерден көмек сұрау үшін келіпті.Олардың тұратын үйлері жоқ екен.Не істейміз?Оларға көмектесіп,үйшік салып береміз бе? | Қонақтармен амандасып,қуаныштарын білдіреді.Көмектесуге ынта білдіреді. |
Рефлексивті түзету | -Қараңдаршы,балалар,қандай керемет үйлер бой көтерді! Балалар, Дос пен Мурка сендерге барлық көмектерің үшін рахметтерін айтады.Сендермен қоштасып,қолдарын бұлғайды. | Балалар қуанышты көңіл күймен ойыншықтарды құшақтап,итпен мысықпен қоштасады. |
Күтілетін нәтижелер:
Білу керек: Қайшымен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауды
Меңгереді: әртүрлі пішіндерден үйді; үй жануарлары туралы біледі.