Білім беру саласы: | Қатынас |
Бөлімі: | Тіл дамыту |
Тақырыбы: | «Амина киім дүкенінде» |
Мақсаты: | Жанылтпаш жолдарын түсіне жаттау, жатқа айтуға дағдыландыру. |
Міндеті: | Жаңылтпаш жолдарын түсіне жаттау, жатқа айтуға дағдыландыру. Сөздік қорларын молайту. Сөздік қорларын молайту(жейде, шалбар, тон, бөкебай, көйлекпен жейденің- жеңі, жағасы, түймелері). Ертегіні оқу және мазмұндау, сөздерге жалғауларды дұрыс жалғап айтуға үйрету |
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | Амина қуыршағы.Киім дүкені макеті. Киімдер үлгілері. |
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс –әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық –қозғаушы | Тәрбиеші балаларды Амина қуыршақпен таныстырады. Аминаның ренжулі екеніне көңіл аударады. « Мені туған күнге қонаққа шақырды, бірақ та менде әдемі киімдер де жоқ, қонаққа әдемі киініп барғым келеді, сондықтан көңіл-күйім жоқ» деп жауап береді. Балалар, енді не істесек, қалай ойлайсыңдар, киімдерді қайда сатады? -Аминаны киім дүкеніне апарып, киіндірейік пе? Жақсы, олай болса, біз екі топқа бөлініп: І топ- шығармашылық орталығында көйлек әшекейлесін, ал ІІ топ- мазмұнды орталығында: қуыршақты дүкенге апарасын. | Балалар назарын, қөңілін Амина қуыршаққа аударады Балалар ойланып, өз ойларын айтады. -Бүгін біз Аминаны киіндіруге киім дүкеніне апарамыз. Балалар қуыршақтың көңілін көтеруге келісіп, екі топқа бөлінеді. |
Ұйымдастыру іс-әрекеті Сергіту сәті | Дидактикалық ойын «Дүкенде». Амина, қарашы қандай керемет, әдемі киімдер, қане оларды атайықшы: -Мынау көйлек.Түсі қандай, ұзын ба,әлде қысқа ма? -Мынау шалбар, түсі қандай, онда не бар? -Мынау пальто түсі қандай, онда не бар -Мынау белдемше т. с.с. Дидактикалық ойын «Қайсысы ұзын-қысқа» Жанылтпаш жаттау «Ақ көйлек, көк көйлек, көп көйлек» -Баяу, жылдам, өте жылдам, тез, созып, әндетіп айтқызады. Дидактикалық ойын «Түрлі түсті баулар» Тәрбиеші балалардың назарын қуыршақтардың бәтеңкелерінің түрлі-түсті бауларына аударады. -Баулардың түсі қандай? «Қоян, қоян тұршы, Бетіңді жушы, Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы, Әдемі көйлек киші» «Инемен жіп»ойыны Бір бала ине болады, қалған балалар жіп болады. Тіл ұстарту жаттығу Аң-Аң-Аң, үстің болды шаң, Атып қапты таң, жайқалып тұр айналаң Дидактикалық ойын «Сөздерді жалғастыр» Дидактикалық ойын «Қуыршақтарды киіндір» Балаларға екі қуыршақ беріледі, олардың киімдері. Бұл заттарды бір сөзбен қалай айтамыз | Балалар киімдерді атайды Қызыл.Көйлек ұзын Қоңыр шалбардың қалтасы бар Көк пальто да жағасы үлпілдек (Балалар жалғастырып сөйлем құрастырады) Тірек сурет арқылы жаңылтпашты жаттайды. Балалар бір-бірінің сонынан қайталап айтады, тілдерін дамытады Антоним сөздерін айтуға үйренеді Ұзын т.б. Қысқа Қысқа Қысқа Түстерді белсендіреді, қол моторикаларын дамытады. Ойын шартын тыңдайды, дербес ойнайды. Балалар сөздерін қайталап, қимылдарын жасайды Балалар көңілдерін көтеріп ойнайды Балалар бір шеңбер бойымен тұрады, допты ұстап алып, сөздерді жалғастырады Бұл кигізген заттарды бір сөзбен «киімдер» деп атаймыз. |
Рефлексивті-түзетуші | «Аминадан қандай киім жасырылған?» Тақтайшаға киімдерді іліп, не жасырылғанын сұрайды. | Балалар көздерін жұмып, ашып айтады, жасырылған затты, есте сақтауға үйренеді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: | Киім бөлшектерінің атауларын дұрыс айтып, ажырата білулері керкек. |
Нені игереді: | Антоним, синоним сөздерін қолдануды игереді. |
Нені біледі: | Жаңылтпаш мазмұнын түсініп айта біледі. |