Балалардың алжапқыш туралы түсініктерін жетілдіру. Алжапқышты ұлттық ою-өрнектермен әшекелейлеуді үйрету. Іскерлік дағдыларды қалыптастыру, алжапқышты әдемілеп әшекейлеу арқылы эстетикалық талғамын дамыту
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Алжапқышты әшекелейміз»
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі:Сурет салу.
Тақырыбы:Алжапқышты әшекелейміз.
Мақсаты: Балалардың алжапқыш туралы түсініктерін жетілдіру. Алжапқышты ұлттық ою-өрнектермен әшекелейлеуді үйрету. Іскерлік дағдыларды қалыптастыру, алжапқышты әдемілеп әшекейлеу арқылы эстетикалық талғамын дамыту.
Құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер:демонстрациялық суреттер,алжапқыш.
Сөздік жұмыс: алжапқыш.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс – әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Педагог балаларға қуыршақ Айсұлудың қонаққа келгендігін айтады.
-Қуыршақ Айсұлу өзінің анасының туған күніне алжапқыш сатып алған екен. Алжапқышты әдемі ою-өрнектермен әшекейлегісі келеді, бірақ қалай әшекейлейтінін білмейді. Балалар, біз Айсұлуға алжапқыштың түрлерін көрсетіп, олар не үшін пайдаланылатындығын, ою-өрнектің түстері, өрнектері, әдеміліктері жайында түсіндіреді.
Сөздік жұмысын жүргізеді.
Балалар қуыршақ Айсұлумен сәлемдеседі.
Қуыршақ Айсұлуға алжапқышты әшекейлеуге көмектесетіндерін айтады.
Алжапқыштағы ою-өрнектерді атап, олар балабақшада не үшін қажет екендігін айтады.
«Алжапқыш»сөзін қайталап айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Педагог балаларға қуыршақ Айсұлуға алжапқышты әшекейлеп беру үшін үшбұрышты, төртбұрышты мөртаңбаны,қылқаламды,сұқ саусақтарын пайдаланып,дөңгелектеп салуға болатындығын түсіндіреді. Сүрткішті дұрыс пайдалану, бір-біріне бөгет жасамай дұрыс отыру өажеттілігін түсіндіреді.
Сергіту сәті:
Көбелекке ұқсап,
Ұшайықшы бәріміз.
Оңғай қарай бір ұшып,
Солға қарай бір ұшып,
Айналайық жер шарын.
Қуыршақ Айсұлу балалардың алжапқышты әдемі әшекейлегендеріне тоқталып,әшекейлегенде қолмен өрнектеуді қалай пайдаланғандарын сұрайды. Айсұлу балалар әшекейлеген алжапқыштардың ұнайтынын, раөметін айтып қайтады.
Дайын сұлбаны балалар үшбұрышты,төртбұрышты мөртаңбаны пайдаланып,басу тәсілімен әшекейлейді. Сұқ саусақпен ортадағы дөңгелекті салады. Жұмыс жасаған орындарын жинайды.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар қуыршақ Айсұлумен қоштасады.
Рефлексиялық-түзетушілік
Педагог «Сезіп көр де, суретін сал» ойынын ойнатып, сабақты қорытындылайды.
Ойын ойнап, жұмыс жасаған орындарын жинайды.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: алжапқыштыі не үшін қажет екендігін, оның түрлерін.
Түсінеді: достарға қашан да көметесу қажеттігін.
Қолданады: мөртаңбаларды, сұқ саусақтарын пайдаланып, алжапқышқа өрнек салуды.
Орындаған: Байсакалова Ш.Ж.
Тексерген: Канафиянова И.К.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі:Сурет салу.
Тақырыбы: Кірпіге арналған әшекей.
Мақсаты: Кірпіге арналған әшекей салуға қызығушылықтарын арттыру, бояумен сурет салу дағдыларын бекіту. Қағаз бетіне езілген бояуды жүргізу арқылы толық бояуға қызықтыру. Эстетикалық талғамдарын арттыру.
Құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер:демонстрациялық материалдар, алмалар, саңырауқұлақтар.
Сөздік жұмыс: алма, саңырауқұлақтар.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс – әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Педагог балаларға ойыншық кірпі көрсетеді.
-Бүгін балабақшаға келе жатып, жолда кірпіні көрдім. Ол өзінің достарынан адасып қалған екен.
-Балалар, кірпіге достарын табуға көмектсейік. Оған сый ретінде алмадан, саңырауқұлақтан әшекей жасап берейік. Қолымыздан келе ме, балалар?
Сөздік жұмысын жүргізу.
Балалар кірпімен сәлемдеседі.
-Сәлеметсің бе, кірпі!
Кірпіге достарын табуға көмектесуге келіседі. Кірпіге сый ретінде алмалар мен саңырауқұлақтардан әшекей жасауға көмектеседі.
«Алмалар»,«саңырауқұлақтар» сөздерін сыбырлау әдісі арқылы қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Кірпіге сый ретінде алмалар мен саңырауқұлақтардан әшекей жасап беру үшін сурет дәптерге салынған алмалар мен саңырауқұлақ бейнелерін аяқтап салуды және қылқалам ұшымен бояуды сызықтан шығармай әдемілеп бояу жолдарын түсіндіреді.
Алмалар мен саңырауқұлақтардың түсі қанық, әдемі болу үшін қылқаламды әр түсті бояп болған соң сумен жуып, сүртіп отыруды үйретеді.
Сергіту сәті:
Алма баққа барайық,
Алма жинап алайық.
Ең үлкенін дәмдісін
Анамызға сыйлайық.
Сурет дәптерлерін алады. Қызыл,сары,қоңыр бояуларды пайдаланып, қылқаламды оң қолдарына ұстап,дайын суреттерді аяқтайды. Алмаларды салып болған соң, қылқаламды жуып-сүртіп қояды.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
Кірпі салынған суреттерді көріп, балаларға суреттер әдемі екенін айтады. Достарына апарып беретінін айтып қоштасады.
Балалар кірпіге алмалар мен саңырауқұлақтардан әшекей жасағандарын айтып, достарын тезірек табуды тілеп қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: кірпінің немен қоректенетінін.
Түсінеді: алмалар мен саңырауқұлақтардан әшекей жасауды.
Қолданады: қылқаламмен жұмыс істеуді.
Орындаған: Байсакалова Ш.Ж.
Тексерген: Канафиянова И.К.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас. Таным.
Бөлімі:Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Сипаты бойынша таны.
Мақсаты: а) Ойыншықты сипаттау арқылы қысқа әңгіме өқрастыра білуге үйрету.
ә) Ойыншықтарды сипаттау арқылы сөздік қорларын толықтыру.
б) Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.
«Қайсысы неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны. Шарты: бірінші бағандағы жануарлармен екінші бағандағы жануарлармен салыстырып, ұқсастықтарын тапқызу арқылы «Ешкінің тқлі-лақ», «Қаздың баласы-балапан» деген жауап алу.
Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сандықтан шыққан заттардың аттарын, түр-түсін сұрау.
Қызығушылық танытады.
Шешуі:мысық. Мысықты сипаттайды.
-Балапан.
Балапанды сипаттайды.
Балалар қайталайды: балапан-цыпленок, сиыр-корова, мысық-кошка, тауық-курица.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
Сұрақ-жауап арқылы балалардың оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
Балалар жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: қысқаша әңгіме құрастыруға арналған тапсырманы;
Түсінедім: жануарлар мен олардың төлдері туралы мәліметтерді;
Қолданады: сұрақтарға толық жауап бере білу іскерліктерін.