kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

: «Алтын санды?» интеллектуалды? ойыны

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Білімділік: О?ушыларды? ?аза? тілі мен ?дебиеті п?нінен ал?ан білімдерін, ел тарихы, ?аза? хал?ыны? салт - д?ст?рлерін ?аншалы?ты білетіндіктерін тексеру. ?асырлар сынынан екшеленіп, ?рпа?тан - ?рпа??а ?ласып келе жат?ан салт - д?ст?рлерді? озы? ?лгілерін пайдалану ар?ылы жеке т?л?аны? жан - жа?ты дамуына септігін тигізу.
2. Дамытушылы?: О?ушыларды? ой - ?рісін, тіл байлы?ын дамыту, шапша? ойлау?а, ойын жина?тап жеткізе білуге ?йрету.
3. Т?рбиелік: ?йымшылды??а, адамгершілікке, ел тарихын, м?дениетін, ?аза? хал?ыны? салт - д?ст?рін ?адірлеуге т?рбиелеу.
Саба?ты? к?рнекілігі: санды?ша. экранды ?олдану, к?рсететін белгілер (?р о?ушы?а)


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«: «Алтын санды?» интеллектуалды? ойыны »

Күні: _____________ Бекітемін: ____________________

5 «В» сыныбы

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «Алтын сандық» интеллектуалдық ойыны

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдерін, ел тарихы, қазақ халқының салт - дәстүрлерін қаншалықты білетіндіктерін тексеру. Ғасырлар сынынан екшеленіп, ұрпақтан - ұрпаққа ұласып келе жатқан салт - дәстүрлердің озық үлгілерін пайдалану арқылы жеке тұлғаның жан - жақты дамуына септігін тигізу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.
3. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын, мәдениетін, қазақ халқының салт - дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сандықша. экранды қолдану, көрсететін белгілер (әр оқушыға)


Типі: Қайталау

Түрі: Дәстүрлі емес

Әдіс -тәсілі: топқа бөлу, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, ребус шешу.

Көрнекілік: слайд, әр түрлі түстегі картточкалар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі


Сабақтың барысы:


Жүргізуші: Армысыздар! құрметті қонақтар, қатысушылар, көрермендер.
Қазақ халқы – салт – дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт – дәстүрмен, өнегелі әдет – ғұрыппен, үлгілі жөн – жосықпен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Бүгін қазақ халқының тарихын, салт – дәстүрді қадірлей отырып, қаншалықты дәстүрімізді бағалайтынымыз әсіресе қаншалықты білетіндігімізді көретіндей мектепішілік 5 «В» - сынып арасында «Алтын сандық» ойынын ұйымдастырдық. Ойынымызға қош келдіңіздер!

Ойынымызды бастамас бұрын оқушылардың жауабын қадағалайтын сарапшыларды таныстырсақ дейміз.

1.

2.

3.

Қазір сіздердің алдарыңызға экраннан тапсырмалар өз орнымен рет – ретімен көрсетіліп отырады. Негізгі ойын шарты жылдам, ұтымды және сұраққа толық жауап беру керек. Сұраққа дұрыс жауап берген 6 оқушыдан топ құрылып, өзара сайысқа түседі. Ойын үш кезеңнен тұрады:

  1. Тас қақпа – «Тәрбиенің тамыры салтымызда» (салт – дәстүр туралы)

  2. Күміс қақпа – «Балбал бүккен сыр» (көркем-теңеу туралы)

  3. Алтын қақпа – «Ескірмейтін есті сөз» (ырым-тыйым сөздер туралы)

  4. Алтын сандық – «Көне кебеже» (мақал-мәтел)

Әрбір дұрыс жауаптан кейін келесі кезеңге өтеді. Осы 3 кезеңнен өткенен кейін «Алтын сандықтағы» сұраққа жауап бересіңдер. Кім де кім берілген сұрақтың жауабын біліп тұрса, қолындағы белгіні жылдам көтеру керек. Орнымыздан тұрып, сұраққа толық жауап қайтару керек. Сол кезде ғана жауап саналады.
Ендеше уақытты оздырмай ойынымызды бастайық.

«Алтын сандық» ойынын бастамас бұрын көрермендер арасынан сайысқа түсетін ойыншыларды сұрақтар қою арқылы анықтап алайық.

1 – сұрақ: «Құсбегі» деп кімді айтамыз? (Қыранды түрге, топқа жеке айыра білетін адам)

2 – сұрақ: «Сүйінші» дегеніміз не? (қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші, сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл – қуанудың ризалықтың белгісі.)

3 – сұрақ: «Бет ауызына бес ит тойғандай» мағынасы. (лас, кір)

4 – сұрақ: «Ат шаптырым жер»? ( алыс жер)

5 – сұрақ: Үш бұтақты шедір дегеніміз?–(аттың алдыңғы екі аяғымен артқы бір аяғын қосып салынатын тұсау. Шедір үш аяққа бірдей салынады)

6 - сұрақ: Төскей дегенеміз? – (таудың қия беткейі, биіктеу баурайы)

7 – сұрақ: «Бастаңғы» деген не?- (үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл

жастары сол үйге жиналып «Жолаушылардың жолда басы ауырмасын және

жолдары жеңіл болсын» деген ниетпен бас қосып ойын-сауық құрады)

8 – сұрақ: «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысал дарын кім аударған? (Ахмет Байтұрсынов аударған)

9 – сұрақ: Қынарда сөзінің мағынасы қандай? – (жағасында)

10 – сұрақ: Жанабында сөзі нені білдіреді? –( жанында, маңында)


Сіздерді құттықтаймыз! Іріктеу кезеңінен сүрінбей шықтыңыздар. Сіздерге сөз берсек дейміз, өздеріңізді қатысып отырған қонақтарға, сарапшыларға таныстырып өтсеңіздер.
Рахмет. Өздеріңізге іске сәт дейміз.

Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмыт па» деген мақал бар. Алғашқы қақпамыздың сұрағы ата-баба дәстүрі мен салты, жөн-жоралғысы туралы.

«Тас қақпа» сұрақтары. «Тәрбиенің тамыры салтымызда» (салт-дәстүр туралы)
1. «Бесік жыры» қай кезде айтылады? (жас нәрестеге айтылатын ән)

2. «Тұсаукесер» дегеніміз не? (бала қаз тұрып, тәй-тәй басқанда қадамы құтты болсын деп, тез жүріп кетсін деп тұсауын кеседі)

3. «Енші» деген не? (Үйіндегі балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған дүние-мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды.)

4. «Ерулік» деген не? (басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонаққа шақырады.)

5. Орыс ақыны Крыловтың мысалдарын аударып, «Қырық мысал» деген атпен кітап шағарған қоғам қайраткері, аудармашы? (Ахмет Байтұрсынұлы)

6. Саптыаяқ — (қазақтың ұлттық ыдысы, қатты ағаштан жасалады)

7. Жарғақ — (құлын, тай, лақ, бөкен терісінен түгін сыртына қаратып тіккен сырт киім)

8. Доқаба – (беті түкті келген бағалы барқыт мата түрі)

Жүргізуші: Өкінішке орай «________________» топтағы ойыншыларымыз шапшандықтарын таныталмады. Топтағы ойыншыларымызды аздаған сыйлықпен , кошеметпен шығарып салайық. «_____________________» топтағы ойыншыларымызды «Тас қақпадан» өтуімен құттықтап, келесі «Күміс қақпа» сұрақтарына көшейік.

«Күміс қақпа» сұрақтары

«Балбал бүккен сыр. «Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас», - деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Келесі кезең – тұрақты сөз тіркестерінің баламасын табу. Мысалы, ит арқасы қиянда – алыста, қызыл кеңірдек болу – дауласу т.с.с.Кім жылдам және дұрыс жауап берсе келесі кезеңге өтеді.

  • Асығы алшысынан түсті – жолы болды
    2. Төбесі көкке жетті – қатты қуанды
    3. Екі көзі төрт болды - ұзақ күтті
    4. Жүрегі зу етті – қорықты
    5. Тонның ішкі буындай – жақын, тату
    6. Қолтығына су бүрку – қолпаштау мақтап-мадақтап,, айдап салу
    7. Жерден жеті қоян тапқандай болу – қатты қуану

8. Қабағынан қар жауғандай – ашулы

9. Қас пен көздің арасында – тез арада, жылдам

Ал, енді сайыскерлер «Жеңілгенді жер көтереді» дегендей «---------------------------------» тобын сыйлықтарымызды беріп, қошеметпен шығарып салайық.

Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдарының орны ерекше. Бұл халықтық этнопедагогиканың үлкен бір бөлігі. Бұл ырым-тыйымдарды, наным сенімдерді кейде халықтың ұзақ жылғы тәжірибесінен шыққан түсінігіне, кейде қарапайым әдеп қағидаларына жатқызуға болады. Мысалы, адамзаттың алтын бесігі - табиғатқа байланысты: құмырсқаның илеуін бұзба, суға түкірме, көкті жұлма, ысырапшылдыққа жол берме, т.с.с.нақыл сөздерді сайыскерлер түсіндіріп беруі керек.

«Алтын қақпа» сұрақтарына көшейік.

«Ескірмейтін есті сөз»
1. Аққуды атпайды (киесі ұрады, аққу - киелі құс)
2. Жолаушыға қайда барасың деп сұрамайды (жолаушының жолы болмай қалады дейді, сондықтан, «жол болсын» деп сұрайды.)
3. Балаға құйымшақ жегізбейді (бала ұшқалақ, жеңілтек, сабырсыз болады дейді)
4. Әлдеқайда біреу қайтыс болды деп жаңсақ айтса неге жориды? (ұзақ өмір сүреді деп жориды)
5. Ауылға атпен шауып келуге болмайды (қаралы хабар жеткізгенде немесе ауылға жау шапқанда шауып кіреді)
6. Жақын адамға мысық, ит, пышақ немесе басқа да қару сыйламайды (араздасып қалады дейді)
7. Аң-құс балалағанда, төлдегенде, балапан өргенде аңға шықпайды (табиғатты аялау, жан-жануар басының көбеюін қадағалау, обалына қалмау)
8. Ішінде суы, тамағы бар ыдыстың бетін ашық қалдырмау (тазалық жағынан шөп-шалам, шіркей түсіп кетеді және жын-шайтан жалап кетеді дейді)
9. Жас балаға, қызға кәрі жілік ұстатпайды (ер бала бойдақ жүріп қалады, қыз бала оң жақ босағада отырып қалады дейді.)
10. Ымырт түсе үй тазалама, қоқыс шығарма (үйдің ырысы кетеді)

________________________________________________________

Ғасырлар бойы сұлуланып, салмақтанған асыл сөз, сөз мәйегі - мақал келесі қақпамыздың мазмұны. Дана халқымыздың көне де, көркем мәдени мұрасы-мақалдар мен мәтел сөздер.
Мына көне кебежеде сары майдай, көздің қарашығындай сақталған асыл дүние – мақалдар жазылған. Берілген сөздерді қатыстырып мақал құрау. Осы мақалды тауып айтуыңыз керек.

Көрермендермен жұмыс. (слайд)

Жауаптары:

  1. Ребустар шешу «Ер қанаты – ат», «Қой аузына шөп алмас», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады», «Ел іші – алтын бесік», «Ас атасы – нан»

«Алтын сандық» сұрақтары:
1. Қыз
2. Гүл
3. Ел
4. Жер
Жауабы: Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.

  1. Ақыл

  2. Тон

  3. Білім

  4. Кен

Жауабы: Ақыл - тозбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен.


Туылған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ,

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата бабам ардақты,

Жамандыққа бармапты

Ардай тұтып үлкенді,

Ата - жолын жалғапты.- дей отырып бүгінгі «Алтын сандық» интелектуалды ойыны аяқталды. Ендігі сөз кезегі ____________________________беріледі.

Қош сау болыңыздар!

«Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп мектепке

дейінгі шағын орталықпен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі








Жетекші: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арғынғазина Арай Арғынғазықызы



Үшқоңыр ауылы

2015 жыл




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
: «Алтын санды?» интеллектуалды? ойыны

Автор: Ар?ын?азина Арай Ар?ын?азы?ызы

Дата: 03.03.2015

Номер свидетельства: 181603

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(180) ""Алтын сандық" интеллектуалдық ойыны бойынша презентазия ұсынды. Презентация төмендегі сілтемеде"
    ["seo_title"] => string(80) "altyn_sandyk_intielliektualdyk_oiyny_boiynsha_priezientaziia_u_syndy_priezientat"
    ["file_id"] => string(6) "456735"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1518431228"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "«Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны."
    ["seo_title"] => string(37) "altyn_k_ak_pa_intielliektualdyk_oiyny"
    ["file_id"] => string(6) "427097"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1504375314"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "«АЛТЫН ?А?ПА»  интеллектуалды? ойыны "
    ["seo_title"] => string(37) "altyn-k-ak-pa-intielliektualdyk-oiyny"
    ["file_id"] => string(6) "154780"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421214509"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Алтын ?а?та (ойыны)"
    ["seo_title"] => string(15) "altynkaktaoiyny"
    ["file_id"] => string(6) "291886"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455196417"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Интеллектуалды ойын "Алтын са?а""
    ["seo_title"] => string(33) "intielliektualdy-oiyn-altyn-sak-a"
    ["file_id"] => string(6) "303867"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457616160"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства