Тақырыбы: «Аю мен қоян біздің достарымыз» (Шығармашылық элементтерінқолданып әңгіме құрастыру )
Мақсаты: Екі ойыншық туралы сюжеттік әңгіме құрастыруға үйрету. Балалардың сөздік қорына қарама-қарсы мағналы сөздер антонимді (үлкен-кіші) енгізу, шығармашылықтарын дамыту. Зат есімдер мен көмекші есімдерді байланыстырып қолдануға үйрету (қоян шкафтың үстінде отыр, аю есіктің артына тығылып қалды) «о», «э», «ы»-дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру.
Билингвалдық компонент: саусақ қуыршақтары.
Сөздік жұмыс: аю-медведь, қоян-заяц, дос-друг
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад№3акимата города Костаная отдела образования акимата Костаная»
Екінші кіші топқа арналған ұйымдастырылған оқу-әрекетінің
технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности для второй младшей группы:
ІІ кіші тобы «Көбелек»
Білім саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Тіл дамыту
Тақырыбы-Тема: «Аю мен қоян біздің достарымыз»
Интерактивті тақтамен жұмыс
Тәрбиеші:Садвокасова В.А
2016- 2017 оқу жыл
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности
Күні: 17.11.2016ж тәрбиеші: Садвокасова В.А.
ІІ кіші тобы «Көбелек»
Білім саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Аю мен қоян біздің достарымыз» (Шығармашылық элементтерінқолданып әңгіме құрастыру )
Мақсаты: Екі ойыншық туралы сюжеттік әңгіме құрастыруға үйрету. Балалардың сөздік қорына қарама-қарсы мағналы сөздер антонимді (үлкен-кіші) енгізу, шығармашылықтарын дамыту. Зат есімдер мен көмекші есімдерді байланыстырып қолдануға үйрету (қоян шкафтың үстінде отыр, аю есіктің артына тығылып қалды) «о», «э», «ы»-дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру.
Билингвалдық компонент: саусақ қуыршақтары.
Сөздік жұмыс: аю-медведь, қоян-заяц, дос-друг
Жеке жұмыс: Николаева Линарамен
Іс-әрекет қызметі
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушы
Балалар, күннің көзі топқа қайдан түседі.
Ия жарайсындар балалар. Ендеше күннің көзінен жылу сұрайықшы
Алтын шашты, Күміс көзді, күннің көзі бізге жылу берші.
Балалар денемізді жылытып алсақ, күннен алған жылуымызды бір-бірімізге берейік.
Балалар сендер білесіндер ме орманда қандай аңдар мекендейді?
Балалар сендер аңдар туралы көп біледі екенсіңдер Бүгін біз қоян мен аю туралы әнгімелесіп көрейікші. Тәрбиеші қолына қоянның қуыршағын киеді. Балалар біз қоян туралы не білеміз?
Қоянның жақсы көретін тағамы не?
Қоян туралы қандай өлең білесіңдер?
Балалар менің қолымдағы қай аңның қуыршағы?
Аю қыста не істейді?
Аюдың жақсы көретін тағамы?
Балалар қоянмен аю біздің достарымыз. Достарыңа қандай қөмек корсетесіңдер?
Балалар дұрыс айтасындар аңдарға қамқорлық көрсету керек.Достықты бағалау керек, адам баласына қиянат жасамау керек.
Сергіту сәті:
Жаттығу «Ормандағы аңдардың жүрісін салу»
Балалар бәріміз бірге «о», «э», «ы» дыбыстарын әндетіп айтайықшы
Жеке жұмыс: Линарамен саусақ қуыршақтары, ормандағы аңдар
Балалар ойланып жауап береді.
-Терезеден
Тәрбиешінің айтқанын қайталап және қолдарын бірге жоғары күнге қарай көтеріп, біресе қолын созып жылуды бір-біріне ұсынады.
Балалар ойланып жауап береді
-Қоян
-қасқыр
-Аю
-Түлкі
Балалар ойланып, өз ойларын толықтырып айтып береді.
-Қоян орманда мекендейді.
-Сәбізді жақсы көреді.
-Ұзын құлақ сұр қоян
-Балалардың толық жауап беруіне талап ету.
-Аюдың суреті
-аю қыста ұйықтайды
-Аю балды жақсы көреді
Досты сатуға болмайды
-қиналғанда қол ұшын беру керек
-тамақтандыру керек
-ауырып қалса жәрдем беру керек
Жаттығу бойынша балалар аңдардың жүрісін салады
Аю қалай қорбандайды, қоян қалай секіреді. Түлкі қалай жүреді
Сау-сақ қу-ыр-шақ-тары
(бес рет қайталау)
Ор-ман-да-ғы аң-дар
(үш рет қайталау)
Рефлексивті -коррекциялау
Сұрақ- жауап арқылы қортындылау. Балаларды мақтап- мадақтау.