Иә, тіршіліктің бәрі оянып, жан – жануарлар төлдеп, құстар келіп, балапан шығарады екен. Сендер қандай құстарды білесіңдер?
Иә, тауық үй құсына жатады. Тауық не шығарады?
Балалар, сендер қандай ертегіні білесіңдер?
Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табасыңдар, жарай ма?
Жұмбақ:
Ақ тауық – ай, Ақ тауық,
Ақ тауық неден қақсауық.
Ертеменен қыт – қыттайды,
Ауламыздан шықпайды.
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай.
Жұмбақтың жауабы - Әтеш.
Шаттық шеңбері.
Жарқырайды аулымыз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң достарым!
Көктем мезгілі.
Күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, құстар қайтып келеді.
Аналар мерекесін, Наурыз мерекесін тойлаймыз.
«Мақта қыз бен мысық», «Үш аю», «Бауырсақ», «Шалқан» т.б ертегілерді білеміз.
Иә, жарайды
Іздену ұйымдастырушы
Олай болса бүгінгі ертегіміз тауық пен түлкі туралы болмақ. Сіздерге мен бүгін «Айлакер түлкі» ертегісін қуыршақ театры арқылы баяндап беремін.
Содан кейін сендер өздерің көрсетесіздер, жарай ма? Мұқият тыңдайық.
«Айлакер түлкі» ертегісі.
Ертеде ауыл шетінде кемпір мен шалдың үйі болыпты. Сол үйдің ауласында әтеш пен тауық мекендепті. Олардың жұмыртқаларын, балапандарын бір қу түлкі алып кетіп, маза бермепті.
Тауық: (әуен ырғағымен ортаға шығады)
Ко- ко –ко, мына түлкі тағы да келіп, балапандарымызды алып кетіпті. Не істеймін?
Әтеш:
Не болды? Ку – ка - ре - ку!
Тауық:- Тағы да қу түлкі келіп ақ қанат балапандарымызды алып кетіпті, енді не істейміз?Әтеш: - Жүр онда, аюға барайық!
(Әуен ырғағымен аю шығады)
Аю: - Кім менің мазамды алған?
Тауық: Аю, бізге көмегің қажет, біздің балапандарымызды қу тұлкі ұрлап кете береді. Соның сазайын тартуға көмектесші?
Аю: -Олай болса, көмектесейін. Сауысқан! Шақыр ана түлкіні!