Мотивациялық-қорғаушы | Жылулық шеңбері. Қонақтармен амандасу. Өткен тақырыпты қайталау. - Өткен сабақтағы ертегі қалай аталады? - Жыл басы қай жануар болды? - Жыл аттарын рет – ретімен атайықшы | Үлкенге де сіз, Ккішіге де сіз, Құрметпенен сіздерге Бас иеміз біз. Біз қазақтың баласы Дені сау, салауатты, Біз – ұлттың болашағы. Білімді де сауатты. «Жыл басына таласқан жануарлар» Тышқан Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, қой, мешін, тауық, ит, доңыз жылы. |
Ұйымдастыру - ізденушілік | - Бүгін аптаның қай күні? - Бүгін нешесі? - Желтоқсан айы қай мезгілдің айы? - Қыс мезгілінің тағы қандай айлары бар? - Қыс мезгілінде қалай киінеміз? - Дұрыс айтасыңдар,қыс мезгілінде жылы киінуіміз керек. Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қысқы киімдер». Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз? Жүннен істелген қысқы аяқкиім. Иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім. | Жұма. 6 желтоқсан. Қыс мезгілінің. Қаңтар, ақпан. Жылы киінеміз. Бөрік, пима, тон, байпақ, қолғап, бөкебай. |
| Етіктің ішінен киетін, жұқалау етіп басылған қонышты киіз шұлық. «Мынау кімдікі?»дидактикалық ойыны. Шарты: киімдердің қайсысы ер баланыкі, қайсысын қыз балаға кигізу керек? Дәптермен жұмыс. «Балаларға арналған киім дүкені» атты сурет бойынша әңгіме құрастыртамын. «Менің киімдерім» атты санамағын жаттатамын. «1»дегенім-бөрік, «4» дегенім-тымақ, Кисең бойға көрік. Қыста кисең жылы-ақ. «2»дегенім-етік, «5» дегенім-байпақ, Киер сәнді етіп. Іші жылы тайпақ. «3»дегенім-ішік, Теріден тігер пішіп. Сергіту сәтін жасатамын. «Қайсысы артық?»дидактикалық ойынын ойнатамын. | Ұл мен қыздың киімдерін ажыратып береді. Туфли. Туфлиді күз, көктем мезгілдерінде ғана киеді. |
Рефлексивті - түзетуші. | Сәйкестендіру сауалнамасын жасатамын. Топтастыру. Қысқы киімдер | Балалар мұқият тыңдайды. Тапсырманы орындайды. Балалар суреттерді атап, қай мезгілдің киімдері екенін айтады. Қол ұстасып тұрайық, шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау-саламат болайық. Балалар шеңбер құрып, өлең жолдарын айтып, қоштасады. Балалар жиған жұлдызшалар санын анықтайды. |