Бөлімі:
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы:
«Ағаш ұстасына көмек»
Мақсаты:
Ағаш туралы түсініктерін терендету.
Міндеті:
Ағаш ұстасына, дизайнер, орман кесуші мамандардың жұмысымен таныстырып, жиһаз туралы білімдерін қеңейту, олардың сапасымен, оның өндіріс жолдарын көрсету. Балалардың жиһаз түрлері мен олардың маңызымен қажеттілігі және қандай материалдардан жасалғанын анықтауға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
Таспа, «Сиқырлы қорапша»
Орындық, шкаф, керует,диван, кресло
Үстел. видео –жарлық ағаш ұстасы, дизайнер, ара, балта, балға, сүргі,бұрғымын
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс -әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушы
Бізге бейне –жарлық келді, шешімін табайық.
Бейне таспаны қосады: «Балалар сендер мені таныған шығарсыңдар. Мен біздің балабақшада ағаш ұстасы болып жұмыс істеймін, сендердің топтарыңа жиі кіремін, маған сәби тобы тапсырма берді, олар қуыршақ үйіне жиһаз дайындауымды өтінді. Олар ыңғайлы және әдемі болуы керек. Айтындаршы жиһазды қандай материалдан жасайды? Біз оған көмектесеміз бе?
Онда екі топқа бөлінейік: І топ -өнер орталығына барады- жиһазды сәулетті заттқа айналдырады, ал ІІ топ ағаш ұстасына болысады
Балалар жартылай шеңберде отырады, тындайды ағаш ұстасынан келген бейне -жарлық, оған көмектесуге келіседі