Өткен оқу іс – әрекетін қайталау Жұмбақ шешу Сергіту сәті Билингвальдық компонент | 1)Сұрақтар -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Қай ай? -Аптаның қай күні? -Балалар біз өткен оқу іс – әрекетіндегі дыбыс туралы не білетіндерімізді еске түсіріп көрейікші. -Дыбыс дегеніміз не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз? -Ал әріп дегеніміз не? -Әріп дегеніміз – дыбыстарды таңбалау. -Әріпті көреміз, жазамыз, оқи аламыз. -Ал, балалар, мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын. 2)Жаңада бар, ескіде жоқ, Танада бар, ешкіде жоқ. 3)Суреттермен жұмыс. -Мынау ненің суреті? -Алма деген сөз қай дыбыстан басталады? -А дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па? -Неліктен дауысты дыбыс? 4)«Әліппе» аудио дискісімен жұмыс. Әртүрлі суреттер көрсету а дыбысынан басталатын. Мысалы: ағаш, алма, ана, алмұрт, асқабақ, арыстан. 5)А дыбысы кездесетін сөздерді алақанмен шапалақ ұру арқылы буынға бөлгізу 6) Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?» Шарты: а дыбысына келетін сөздерге мысал келтіру. А дыбысы кездесетін сөздерге көп мысал келтірген бала жеңімпаз атанады. 7) А дыбысының баспа түрін көрсетіп таныстыру, а дыбысын таяқшамен жазғызу. А дыбысын ауада жазып көрсету. 8)Дәптермен жұмыс а) Сурет бойынша дыбыстық талдау жасату (аю, ата, бала) А дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін мысал арқылы түсіндіру. б) Дәптерге а таңбасын жазу. Алма баққа барамыз, Алма теріп аламыз. Ең үлкенін алманың Анамызға сыйлаймыз. -Балалар сергіту сәтінде қандай сөздер а дыбысынан басталады? -Дұрыс айтасыңдар. Ана деген кім? Ана деген ең құремтті, біз жақсы көретін адам. Анамызды есімізге түсіріп сәл дем алып Бесік жырын тыңдайық. в)«Даналық әліппесі» интерактив кітабынан бесік жырын тыңдату. Ал балалар дем алып алсаңдар, ары қарай жұмысымызды жалғастырайық. -Балалар аю орыс тілінде медведь, ата – дедушка, бала – ребенок, асқабақ – тыква, алма – яблоко. г) Ребус шешу Балаларға сурет арқылы ребус шешкізу. Ай + гүл Ребустің шешуі болған сөзге дыбыстық талдау жасату. ж) Асқабақ, алмұрт сөздеріне дыбыстық талдау жасату, дыбысының орнын айтқызу. | -Қазір күз мезгілі. -Қазан айы -Аптаның төртінші күні -Дыбысты біз естиміз. -Дауысты дыбыстар қызыл, дауыссыз дыбыстар көк текшемен белгіленеді. -Жауабы а дыбысы -Алманың суреті -Алма сөзі а дыбысынан басталады. -А дыбысы дауысты дыбыс. -Өйткені созылып айтылады. Балалар сөздерді қайталайды, а дыбысы сөздің қай жерінде кездесетінін айтады. Сөздерді буынға бөледі. Ойынға барлық бала қатысады. А дыбысының баспа түрімен танысады. А дыбысын ауада жазада Сурет бойынша дыбыстық талдау жасайды. Дәптерге а дыбысын жазады Іс қимылмен көрсетіп айтады. -Алма, Ана Балалар көздерін жұмып, көз алдарына аналарын естеріне алып, бесік жырын тыңдайды. Сөздердің орысша аудармасын естерінде сақтайды. Ребустің шешуін табады. Айгүл сөзіне дыбыстық талдау жасайды. |