kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

2 кіші тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: Таным; Кіші сала: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Бақшаға саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

2 кіші тобының технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Таным 

Кіші сала: ҚМҰҚ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«2 кіші тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: Таным; Кіші сала: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Бақшаға саяхат»

ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Кіші сала: ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Бақшаға саяхат»

Мақсаты: Санамай және санын атамай бір топтың затын, екінші топтың заттымен беттестіру тәсілін қолдана отырып, саны мен көлемі бойынша 2 тең немесе тең емес заттардың топтарын салыстырып көрсету. Оң және сол қолын ажырата білуге үйретуді жалғастыру.

Д/о: «Қанбақ шал мен балықтар» («1»және «көп»түсініктерін бекіту)

Ойын жаттығу: «Балық қайда жүзіп барады?»

Билингвалдық компонент: бақша-сад, саяхат-путешествие, балық-рыба.

Сөздік жұмыс: қайыңның жапырағы, теректің жапырағы.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

І кезең-

Мотивациялық- қозғаушы

Балаларды саяхатқа шақырады.

-Балалар сендер саяхатқа барғыларың келеді ме?

-Ендеше біз бүгін бақшаға саяхатқа барамыз. Саяхатқа балалар біз пойызбен барамыз.

Қимылды ойын: «Пойыз»

Пыш-пыш, пыш-пыш біз кеттік,

Жүрісті біз үдеттік.

Гу-гу, гу-гу гүілде,

Қалып қойма біріңде.


Балалар мұқият тыңдайды.

Саяхатқа баруға келіседі.


Балалар саяхатқа дайындалып, пойызға отырады.


Балалар қимылдарды орындайды.



ІІ кезең-

Ұйымдастырушылық -ізденіс

-Қане балалар тоқтайық пыш-ш-ш.

-Балалар, біз міне бақшаға да келіп қалдық. Қане пойыздан түсейік.

-Ой, балалар қараңдаршы бақша қандай әдемі.

-Балалар, мынау не?

-Ал мынау ше?

-Олар екеуі бірдей ма?


-Балалар, менің сол қолымда қандай жапырақ, ал оң қолда ше?


-Бақшада қанша ағаш бар?


-Ал шырша ағашы қанша?

-Шырша ағашы қандай түсті?

-Шырша қандай пішінге ұқсайды?

-Шыршаны қандай мерекеде кездестіруге болады?


Сергіту сәті.










Д\о: «Қанбақ шал мен балықтар»







Ойын- жаттығу: «Балық қайда жүзіп барады?»

Балалар таңғалады.


Пойыздан түседі.

Балалар таңырқап қарайды.


Бұл – ағаш.

Ал мынау оның жапырағы.

Ағаш үлкен, ал жапырақтары кішкентай.

Сол қолыңызда – ақ қайыңның жапырағы, ал оң қолыңызда – теректікі.

Бақшадағы ағаштарды санайды: көп.

Шырша ағашы біреу.

Жасыл түсті.

Ұшбұрыш.

Жаңа жыл мерекесінде.



Балалар сергіту сәтіндегі қимылдарды орындайды:

Оң қолымды көтерем,

Оң қолымды түсірем.

Сол қолымды көтерем,

Сол қолымды түсірем.

Оңға қараймын,

Аяқты топ-топ басамын.

Солға қараймын,

Біраз сергіп аламын.

Балалар отырады алдарында жолақшалар тұрады. Екінші топтың заттымен беттестіру тәсілін қолдана отырып, саны мен көлемі бойынша 2 тең немесе тең емес заттардың топтарын салыстырып көрсетеді.

Балалар балықтың қайда жүзіп бара жатқаның табады.

Оларды санайды.

ІІІ кезең-

Рефлексивті-түзету

-Балалар, енді бізге балабақшамызға оралу үшін пойыз болайық.

-Сендерге саяхатымыз ұнады ма?

-Сендер саяхатта өздеріңді жақсы ұстадыңдар. Ендеше мен қазір сендерге фишка таратып беремін.


Балалар пойыз болып,

балабақшаларына оралады.


Өз ойларын айтады. Алған әсерлерімен бөліседі.

Мадақтауға риза болады.



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Санамай және санын атамай бір топтың затын атайды;

Түсінеді: Саны мен көлемі бойынша 2 тең немесе тең емес заттардың топтарын салыстырып көрсетеді;

Қолданады: Оң және сол қолын ажыратады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Абишева Әлия Мұратқанқызы

Дата: 07.03.2017

Номер свидетельства: 398366

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) ""Бөбек"бөбекжай"
    ["seo_title"] => string(17) "bobiek_bobiekzhai"
    ["file_id"] => string(6) "406071"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491210330"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1460 руб.
2440 руб.
1600 руб.
2660 руб.
1510 руб.
2520 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства