kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"1ден 20ға дейін сандар" ашық сабақ әзірлемесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

конспект занятий по формированию элементарных математических представлений для детей 5,6лет

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"1ден 20ға дейін сандар" ашық сабақ әзірлемесі»

Тобы: «Барокко» мектепалды даярлық

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математика

Тақырыбы: 1ден 20-ға дейінгі сандар

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау,есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету. Балаларды тапқырлыққа,жылдам ойлауға,ойын қорыта білуге тәрбиелеу. а) білімділігі: 1-ден 20-ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандар қатарына берілген тапсырмаларды анықтау.

ә) дамытушылығы: 1 - 20 көлемінде реттік санауға үйрету. Тура және кері санау. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандарға берілген тапсырмаларды пысықтау.

б) тәрбиелігі: Балалар логикалық танымдық тапсырмаларды тез шешуге дағдыланады.

Көрнекілігі: Санау материалдары, суреттер, дидактикалық материалдар,видео, слайд

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, санау, сұрақ-жауап, көрнекілік

Мотивациялық қозғаушылық:

Тыныштық сәті

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…,арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады. Баяу әуеннің ырғағымен дем аламыз.

– Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

– Көктем мезгілінде неше ай бар?

- Ал әрбір жыл мезгілі неше айдан?

- Сонда 1 жылда неше ай бар?

- Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

- Олай болса, балалар мен сендерге бүгінгі ашық оқу қызметінің тақырыбын жасырайы.

Ұйымдастырушылық- ізденістік:

Атадан 10 баламыз

Бір - бір жастан арамыз

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз (сандар)

-Дұрыс айтасыңдар бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы сандар, яғни 1ден 20-ға дейінгі сандарды үйреніп, әр түрлі тапсырмалар орындаймыз.

-Балалар математика әлеміне саяхат жасауға дайынсыңдар ма?

-Олай болса бастайық.

1-тапсырма: Біз шашылған сандармыз,

Орнымызды табамыз.

Көңілді боп жүрейік,

Енді санап көрейік.

1 - ден 20 - ға дейін тура санау.

20 - нан 1 - ге дейін кері санау. Жарайсыңдар, балалар осы 1 - ден 9 - ға дейін сандар қалай аталады?

Ал, 10 - нан кейінгі сандарды қалай атаймыз? Бір таңбалы сандар ең үлкені қай сан?

– Енді осы сандар туралы санамақ білеміз бе?

- Ал, біздер өткен математика сабағында танысқан сандарымызды еске түсірейік.

– Бұл сандарды қандай сандар деп атаймыз?

– Олардың құрамында неше бірліктер бар?

- Балалар, бізге қонаққа алыстан «Математика әлемінің» ханшайымы келіпті, қарсы алайық.

- Сәлематсыз ба, «Математика әлемінің»ханшайымы.

- Ой, рақмет ««Математика әлемінің»» ханшайымы біздің балаларға бұл тамаша сыйлық болды? Сізде бізбен бірге болып, балалар білімін тамашалаңыз.

- Қанекей, балалар олай болса, қыр қызғалдағын санайық. Бүгін танысатын сандарымыз 17 және 18 сандары.

- Осы гүлдің көбелектері де бар екен санайық. Бұл сандар екі таңбалы сандар, құрамында неше бірлік болады?

«Қолшатыр» тапсырмасы

10+7 12+5 14+3 16+1 11+6 13+4 15+2

10+8 11+7 12+6 14+4 13+5 15+3 16+2 17+1

Қарлығаш тапсырмасы:

10*10 20*10 15*17 8*9 15*5 9*8 7*5

20*5 8*10 10*20 20*20 8*8 9*19 18*20

Сергіту сәті.

Сандарды жаттаймын, алақай!

Санаудың да келді кезегі

1, 2, 3 балақай

Қайталаймыз асықпай.

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

1 - ден 10 - ға дейін мен

Санауды білемін

Енді керісінше әндетем

Балалар қосылыңдар.

10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2 және 1

1, 2, 3, 4, 5 тамаша

6, 7, 8, 9, 10 ла - ла

Мен ақылдымын бәрінен

Сен де санауды үйрен

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1

2- тапсырма

Менің көршімді тап

3 тапсырма

Адасқан сандардың орынын тап

4 тапсырма

15, 16 сандарын берілген жолға жазу. Пішіндерден құрылған кескіндерді қайталап салу тапсырмасы орындалады.

Көбелек тапсырмасы: «Кім тапқыр»

Үйге келді Мадияр,

Оған қоса Алдияр.

Кейін келді Айдана,

Қанша болды бар бала? (3)

Бес алманың екеуін

Досың сұрап алады,

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (3)

Бір - бірімен жарысқан,

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қоян, бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді? (8)

Сегіз асықтың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?(5)

Дәптермен жұмыс

Тапсырма: мына сандардың алдында қандай сандар тұрады?


6



10



11



20



9



14



12



16



8



18



17



15


Мына сандардан кейін қандай сандар тұрады?

Өздік жұмыс

2



5



16




7



10



14



15



0



13



19



11



Балалар сендер өте ақылды екенсіңдер.

Жылдам тез орындап шықтыңдар жарайсыңдар балалалар

Тағы қосымша есептер беріледі

- «Математика әлемінің» ханшайымымен қоштасып, шығарып салу.

Рефлекциялық- түзетушілік:

Балар бүгін біздер қандай сандармен таныстық?

Ия балалар біз бүгін 1-ден 20 -ғадейінгі сандардың кері және дұрыс саналуын. Ал, 10 - нан кейінгі сандарды қалай атаймыз? Бір таңбалы сандар ең үлкені қай сан? Сандар туралы санамақ білеміз бе?

- Балалар, бізге қонаққа алыстан кім келді?

-Біз тағы қандай тапсырмалар орындадық?

Өте жақсы жарайсыңдар естеріңде сақтап жүріңдер.

Жарайсыңдар !.

Енді бүгінгі сабақ сендерге ұнаса бармақтарыңды көрсетіңдер егер сабақта көңіл күйлерің болмаса бармақтарыңды төмен түсіріңдер .

Сабағымыз аяқталды сау болыңдар.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Сандардың жазылуы мен айтылуын.

Нені игерді: 1 - ден 20 - ға дейін тура санау.20 - нан 1 - ге дейін кері санау. 1 - ден 9 - ға дейін сандар қалай аталатынын. Сандардың көршілерін табуды. Ауызша есептеуді. Үлкен және кіші сандарды айырып,қосу мен алу дағдыларын пысықтады. Тапсырмаларды орындау арқылы есеп шығаруды игерді.

Меңгерді: Берілген тапсырмаларды жүйелі орындап, достарын силап ұжымдық жұмыс жасауды,дәптерлеріне көркем салуды меңгерді.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"1ден 20ға дейін сандар" ашық сабақ әзірлемесі

Автор: Усен Нургуль

Дата: 17.04.2018

Номер свидетельства: 466545

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Ашық сабақтың әзірлемесі"
    ["seo_title"] => string(29) "ashyk_sabak_tyn_zirliemiesi_1"
    ["file_id"] => string(6) "380295"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484632090"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства