Ұйымдастырушылық- ізденушілік | 1 Мамыр – Халықтар бірлігі күні екенің айтып түсіндіреді. Балалардан қазақ халқының ұлттық киімдері, тағамдары, ойындары туралы сұрай отырып, басқа ұлт өкілдерінің өздеріне тән салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдары, киімдері мен ойындары болатындығы туралы ақпарат береді. «Басқа ұлт өкілдері» дегенді қалай түсінесіңдер? Сендерқандай ұлттың өкілдерін білесіңдер? Сендерді достарының арасында басқа ұлттың балалары бар ма? «Дос» сөзін қалай түсінесңдер? Осы кезде пошташ рұқсат сұрап кіреді де педагогке бірнеше хат береді. Педагог хаттардың әр қаладан келгенің айтады. Мысалы, мына бір хат Тахмина атты қыздан келіпті. Тахминаның ұлты тәжік екн. Ол Қарағанды қаласында тұрады. Сендермен дос болғысы келетіндігін айтып хат жазыпты. Және сндерге сыйлыққа мерекелік ашықхат жәберіпті. Ал сендердің Тахминамен дос болғыларың келе ме? Олай болса бізде достығымызды білдіріп, бәріміз өзіміздің қолымызыдң суретін қағаз бетіне бастырып, Тахминаға жіберейік. Педагог балаларды екі рталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға қолдарын бояуға батырып, қағаз бетіне бастырып, бастырылған алақандарының сцуретін жалғастырып, басқа бір бейнені салу ұсынады. Екінші орталықағы балаларға қиылған суреттердің ішінен керекті суреттерді іріутеп алып «Достық пойызы» тақырыбында коллаж құрастыруға тапсырылады. Сергіту сәтін өткізу. «Достық мектебі» ойыны. Шарты: Арқанның үстінен достарының атын атап «Достық мектебіне» барады. Көпірден біз өтеміз. Достық мектебіне жетеміз. Көпірден өттік ақырын, Айт, досыңның аты кім? Көпірден түгел өтік біз, Достық мектебіне жеттік біз. Балалар достарының атын атап көпірден өтеді. | Балалар өздерінің тәжірибесіне сүйене отырып жауап береді. Бірінші орталықтағы балалар қолдарын бояуға батырып, қағаз бетіне бастырады. Өздерінің қалауы бойынша бастырылған алақандарының суретін жалғастырып басқа бір бейнені салады. Мысалы көгершін. Екінші орталықтағы балалар қиылған суреттердің ішінен әр ұлттың ұлттық киімін киген балалардың суреттерін, жер шарын, гүлдер мен отшашуларды суреттерді іріктеп алып «Достық пойызы» тақырыбында кллаж құрастырады. Сергіту сәті аяқталғанан кейін балалар орталықтағ орындарын ауыстырып, тапсырмаларды орындайды. Балалар оййын шартын бұзбай ойнайды. |
Рефлекстік- үйлесімділік | Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, нмен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. | Педагог балалардан бұгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, нмен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |