Просмотр содержимого документа
«"Жаңа жыл Жаңа жыл"»
«Қош келдің жана жылым!»атты мерекекілік ертеңгілік
Зал мерекеге сай безендіріліп,шырша әдемі әсемделген.
Музыкамен тәрбиешілер балалармен бірге залға кіріп,шырша айнала жүреді
Жүргізуші:Сәлем бар адамдарға!
Аяулы аналарға
Ардақты ұл-қыздарға,
Бүлдіршін балаларға!
Армысыңдар,халайық!
Бармысыңдар,халайық
Жаңа жылда жұп жазбай
Бірге қарсы алайық!
-Балалар,қараңдаршы орманнан бізге Аяз ата шырша беріп жіберген.Кәне шырша жанына дөңгеле тұрып,шырша туралы әсем ән орындайық.
Ән: «Шырша жыры»
Әннен соң Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
-Аяз ата:Амансыңдарма?балаларым!
Жүрг:Сәлеметсіз бе,Аяз ата мен Ақшақар
(балалар амандасады)
-Қош келдіңіз біздің балалардың көптен күткен мерекесіне,балалармыз сіздерге арнап өз өнерлерін дайындады,дем алып тамашалаңыз,шаршағаңыз басылсын.
Аяз ата:Мен сендердің мерекелеріне келгеніме өте қуаныштымын.!Сендерді жана жылдарынмен шын жүректен құттықтаймын!Сендерге зор денсаулық,мол бақыт,шаттық тілеймін.
Ақшақар:Қардан шыққан қаршамын,қандай аппақ сұлумын!
Алып келдім сендерге жүрегімнің жылуын!
Жаңа жылмен құттықтап Сәлем берем иіліп.
-Балалар,шыршаларың қандай әдемі безендіріп қойғансыңдар!Бірақ балалар шыршамыз жанбай тұрған секілді.
-Кәнеки,бәріміз бірге «Бір,екі,үш-шыршамыз жарқыра!»,-деп айтсақ,шыршамыздың шырақтары жарқырап жанады.
(балалар бірге сөздерді қайталайды,шыршаның шырақтары жанады.)
Жүрг:Мінекей,қандай әдемі шырша!Рахмет саған Ақшақар!
-Аяз ата,Ақшақар!біздің бүлдіршіндер сіздерге ән салады,бізбен бірге шеңберімізге тұрып,көңіл көтеріңіз!
Ән: «Аяз ата » орындалады.
Тақпақтар:1)Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
\ Жып-жылтыр боп жатады.
2)Ән салайық,қол соғайық
Жаңа жылды қарсы алайық
3)Оралды өлкеме
Жаңа жыл армысың!
Оралды ақ көрпе
Асқар тау,қарлы шың.
4)Жасыл шырша жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
5)Көрдің бе Аяз атаны?
Аппақ екен сақалы
Аппақ екен мұртыда
Аппақ екен сақалы.
6)Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шыршайық баршамыз
7)Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
8)Аяз ата келіп тұр
Сыйлықтарын беріп тұр
Балалардың өнерін
Ақшақарда көріп тұр.
Жург:-Аяз ата,сіз көп отырып қойған сияқтысыз,
-балалармен билеуге қалай қарайсыз?
Аяз ата:-Ал,билейік
Би: «Би билегім келеді» (іс-қимылды ән)
-Балалар келе жатқан жаңа жылды Қоян жылы деп атайды,сол себептен келер жылды шақырайық!
(әуенмен қоян жүгіріп келеді)
Балалар:Ақ қоян,Ақ қоян!
Ақ қоян:-Сәлеметсіздерме? Балалар!Достар!Мерекелерің құтты болсын!
Мен ақ қоянмын,қоянмын
Жыл иесі мен боламын!
Менімен сендер дос болыңдар!
Жүрг:Балалар,жыл иесіне арнап,өлең айтайық!
Ән: «Ұзын құлақ,сұр қоян»(іс-қимылды ән)
Ақ қоян:-Балалар,сендер ойын ойнауды ұнатасыңдар ма?
Балалар:Ия
Жүрг:Әрине,Ақ қоян!Балалар ойын ойнағанды өте жақсы көреді.
Ақ қоян:-Өте жақсы.
Жүрг:Аяз ата сіз біздің шеңберімізге түстің,енді бізбен бірге ойын ойна!
Ойын: «Қар жинау».
Аяз ата:-ой мен шаршадым,енді сәл демалайын.
Жүрг:ия ата сіз шаршадыңыз,демала отырып балалардың биі мен тақпақтарын тамашаланыз.
Би: «Ұлпақарлар»
Тақпақтар:1)Жаңа жыл,жаңа жыл
Жаңа жылда,жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
2)Жаңа бақыт,жаңа жыр
Құтты болсын жаңа жыл
3)Сағынып көп күткен
Аяз ата келеді
Алақай,алақай
Көп сыйлық береді
4)Жаңа жылдағы алдағы
Жақсы достар көбейсін
5)Тоймен бастап жыл басын
Жыл бойы ел жырласын
6)Жаңа жылды қарсы алып
Той жасаймыз жылда біз
7)Қуантты елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдым
Бір жасқа енді
8)Ән салайық,қол соғайық
Жаңа жылды қарсы алайық.
Жүрг:-аяз ата біздің балалар сіздерге арнап әнде айтып,биде биледі,өз өнерлерін көрсетті.
Балаларға арнап сыйлық дайындадыңыз ба?
Аяз ата:Әрине,дайындадым.Ақ қоян мен Ақшақар балалардың сыйлығын таратуға көмектеседі.
(сыйлықтар үлестіріледі)
Аяз ата:Ал балалар сыйлығым ұнадыма?Рахмет балаларым сендерге көп-көп.Сендердің өнерлеріңді көріп бір марқайып калдым.Мен енді немере қызыммен басқа балабақшаға барып өнерлерін тамашалаймыз.
-Жаңа жылда жаңа бақыт,жаңа күн тілеймін.Зор денсаулық тілеймін.Келесі жылы кездескенше,Қош сау болып тұрыңдар!
Ақшақар:Сау болыңыздар,менің сүп-сүйкімді бүлдіршіндерім,кездескенше күн жақсы!
Жүрг:Келді тағы Жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді! Деп бүгінгі бүлдіршендеріміз дайындаған ертеңгілігіміз аяқталды.Келесі кездескенше сау болыңыздар!