kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Саусақ ойындары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

БАЛА САУСАҒЫН  ОЙНАТА ОТЫРЫП,   ТІЛІН  ДАМЫТАЙЫҚ

Саусақ ойыны — бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.

    Саусақ ойыны — саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертсгіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.

    Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды,құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.                      

    Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

    Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік, қимылдарының дамуымен тығыз банланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, тузету — тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

    Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.

   Мысалы, «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады, Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.

    Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.

     Мысалы, «Моншақ».

Қызыл-сары көк моншақ,

Мен жасаймын көп моншақ.

    Мұнда қатар екі қолдың бас  бармағымен сақсаусақтарының   ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларлы тізбектеп қатарға тізе бастайды. Қыимылмен моншақ пішінін жасайды. Екі қолмен қатар жасай отырып, саусақтарды тізбектейді.

   Сонымен катар қол саусақтары қиымылын жетілдіру үшін ұсақ таяқшалардан, жемістістердің дәндерінен, түймелерден әртүрлі бейнелерді тізбектеп жасау балалар үшін оте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.

     Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінін жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.

     Төмендегі көрсетіліп отырылған саусақ ойындарын балалар ақындарының өлең-тақпақтарымен байланыстырып, ұсынуға болады.

Добым

Добым, добым домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың,

Тентек болып кеттің деп,

   Тұрмын сені тепкім кеп.

Ешкі

Күнде тәртіп бұзылты,

Балаларды сүзіпті.

Жемістерді үзіпті,

Мүйізіне тізіпті.

Міне, осындай алыпты.

Атам көріп қалыпты.

Мазаны ала бердің деп-,

Мүйізін қағып алыпты.

Мысық

Пеш үстінде мысық отыр,

Аздап көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр.

Қоян

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

 Ытқып-ытқып жүгірді.

 Қарап еді артына,

 Қиығын салып көзінің.

 Келе жатқан томпаңдап,

 Көжегі екен өзінің.

Әтеш

Әдемі әтеш,

Таң атпай  тұрыпты.

Ойқастап жүріпті.

Жан-жаққа қарапты.

Айдарын тарапты.

Қазым

Қаэым, қазым қаңқылда,

Көлде жүзіп салқыңда.

Жем шашайын жейсің бе ? Көмпит берші дейсің бе ?

Жоқ, жоқ, жоқ

 Кәмпит тәтті болмайды ас, Арпаменен бидай шаш.

Ақ тауық

Ақ тауық-ау, ақ тауық,

Ақ тауық неден қақсауық

. Ертеменен қыт-қыттайды,

Ауламыздан шықпайды.

Шеп-шеп десем келмейді, Берген жемді жемейді.

 Ауруы қандай қауіпті,

Деп аяймын тауықты.

Деп жүрсем тауығым,

 Ақ жұмыртқа тауыпты.

 Құлып

Орманда бір үй тұр,

Есігінде құлып тұр. Айтындаршы балалар,

 Құлыпты кім ашады?

Торғай

Торғай, торғай, торғайсың, Жақын келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда торғай тоңбайсың.

Қайық

Қәнық суда жүзеді,

Сақинасын тізеді.

«Алтын сақа» ойыны

 Бұл ойын сабақты балалардың білімін қорытындылау үшін өткізуге болады.     

Асық,    тақта,    сұрақтар    жазылған карточкалар,   суреттер,   ойыншықтар,

жеңімпаздарға арналған сыйлық көрнекі құралдар етіп пайдаланылады. Ойынның шарты бойынша 5-6 асықтың арасынан  алтын  сақаны  таңдап   алып, сақаны сұрақтар жатқан тактаға тастау керек. Сұрақты оқып, жауап беру қажет.

     Ойында колданылатын сұрақтар:

  • үй жануарларын ата,
  • балабақшада кандай ойыншықтар бар?
  • өз отбасы туралы әңгіме
  • балабақшада кім жұмыс істейді?
  • жұмбақты жасыру
  • қандай құстарды білесің?
  • жақсы көретін тақпағынды айтып бер
  • өз суретімді саламын /дене мүшелерш атап бер/
  • санамақты колданып ойын ойнату.

Дұрыс жәуап берген балаға асык беріледі.

Ойынның аяғында кім көп асық алды, сол жеңді. /не болмаса қай комаңда көп асық алды - сол жеңді/.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Саусақ ойындары"»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Саусақ ойындары"

Автор: Тишбекова Кенжегуль Махметовна

Дата: 17.05.2017

Номер свидетельства: 416141

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(155) "«Сауса? ойындары ар?ылы балаларды? тілін дамытамыз» (Ата-аналармен ?ткізуге арнал?ан) "
    ["seo_title"] => string(86) "sausak-oiyndary-ark-yly-balalardyn-tilin-damytamyz-ata-analarmien-otkizughie-arnalg-an"
    ["file_id"] => string(6) "156172"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421390392"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) ""Саусақ ойындар""
    ["seo_title"] => string(14) "sausak_oiyndar"
    ["file_id"] => string(6) "530123"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1575435093"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Әдістемелік нұсқау "Саусақ ойындары""
    ["seo_title"] => string(33) "distemelik_nuskau_sausak_oiyndary"
    ["file_id"] => string(6) "482387"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1540736359"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Саусақ ойындары арқылы балалардық тілдерін дамыту"
    ["seo_title"] => string(49) "sausak_oiyndary_arkyly_balalardyk_tilderin_damytu"
    ["file_id"] => string(6) "503466"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1552882022"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "Тәжірибелік семинар "Саусақтардың ұсақ моторикасының үлкен мүмкіндіктері""
    ["seo_title"] => string(72) "t_zhiribelik_seminar_sausaktardyn_usak_motorikasynyn_ulken_mumkindikteri"
    ["file_id"] => string(6) "484784"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1541865940"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства