kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейінгі педагогика мен психологияның кейбір мәселелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл авторлық әдістемелік құралда мектепке дейінгі педагогика мен психологияның кейбір мәселелері қарастырылған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі педагогика мен психологияның кейбір мәселелері»



































МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА

МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ

КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ











































Ағзам Асима Ағзамқызы

Мектепке дейінгі педагогика мен психологияның кейбір мәселелері: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мекемелерінің болашақ педагогтеріне, жас мамандарына арналған көмекші құрал.

Бұл оқу құралында мектепке дейінгі педагогика мен психологияның бірқатар мәселелері отандық, Ресей және шетелдік ғалымдардың психологиялық-педагогикалық зерттеулері ескеріле отырып, ашылады.









































































Мазмұны:




Алғы сөз



I тарау. Педагогика ғылымы


1.

Педагог мамандығы – ең ежелгі, ең құрметті мамандық

4

2.

Педагог қызметінің әлеуметтік маңызы

8

3.

Қазіргі мектепке дейінгі ұйым педагогы

10


ІІ тарау. Педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы.


1.

1.Жас педагогикасының тәрбиелеу туралы ғылымдар жүйесіндегі орны

14

2.

Мектепке дейінгі педагогика, оның басқа ғылымдармен байланысы

14


ІІІ тарау. Бала – педагогика нысаны


1.

1.Бала – педагогика нысаны

19

2.

Сенсорлық тәрбие жүйесінің авторы М. Монтессоридің мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу туралы ойлары

23

3.

Мектепке дейінгі ерте жастағы балалардың сипаттамасы

26

4.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың сипаттамасы

29

5.

Мектепалды жастағы балалардың сипаттамасы

34


IV тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлға ретінде дамуының факторлары.


1.

1.Фактор деген не?

38

2.

«Үштен кейін кеш»: М:Ибуканың бала тәрбиесі, оның дамуындағы түрлі факторлар туралы ойлары

41

3.

Тәрбиелеу – бала тұлғасының қалыптасуына әсер ететін фактор ретінде

45

4.

Тәрбиелеу процесінің ішінде және одан тыс туындайтын қарама-қайшылықтар – тәрбиелеу процесінің қозғаушы күштері

48


V тарау. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері.


1.

Тәрбиелеу мақсаты туралы мәлімет. Мақсаттардың жіктелуі.

50

2.

Тәрбие міндеттері. Міндеттердің мазмұн бойынша жіктелуі

53

3.

Тәрбиенің заңдылықтары дегеніміз не?

55


VІ тарау. Бала – ұжымдағы жеке тұлға.


1.

1.Ұжымдық қатынастар

59

2.

Балалар ұжымында жағымды қарым-қатынас қалыптастырудың негізгі бағыттары

60

3.

Баланы жеке тұлға ретінде ұжымның шамадан тыс әсерінен қорғау блоктары

61


VІІ тарау. Қызмет. Қызмет түрлерінің баланың дамуына әсері.


1.

1.Қызмет, оның сипаты мен шарттары.


64


1.1. Молярлық бірлік дегеніміз не?

69

2.

Қызмет түрлері

69

3.

Мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас жасау қызметінің маңызы

75

4.

Мектеп жасына дейінгі баламен қарым-қатынас жасау ережелері

80


VІІІ тарау. Мектепке дейінгі білім беру мазмұны мен оны жаңарту тенденциялары.


1.

Білім беру

84


1.1. Әлеуметтік тәжірибе құрылымы

84


1.2. Іс-әрекет тәсілдері арқылы тәжірибені жүзеге асыру

86


1.3. Қалыптастыруға жататын шығармашылық іс-әрекет белгілері

87


1.4. Баланың өзіне және айналасындағыларға эмоционалдық құндылық қарым-қатынас тәжірибесі

88

2.

Білім беру мазмұны

89


2.1. Білім беру мазмұнын таңдаудың негізгі критерийлері

90


2.2. Білім – білім беру мазмұнының негізгі компоненті

91

3.

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын реттейтін нормативтік құжаттар

92

4.

Мектепке дейінгі білім беру сапасы және оны өзгертудің негізгі тенденциялары

103


Әдебиеттер тізімі

109





















































Алғы сөз.

Қымбатты достар, болашақ әріптестер! Сіз педагогикалық мамандықты таңдадыңыз және өз өмірлеріңізді өскелең ұрпақты тәрбиелеп, оқытуға шешім қабылдаған екенсіз. Сіздің тәрбиеленушілеріңіз біздің қоғамның ең кішкентай мүшелері – жас және мектепке дейінгі шақтағы балалар болып табылады. Тәрбиелеу – өте жауапты іс. Бұл, әсіресе, балаларды туған күнінен бастап, мектепке барғанға дейінгі мерзімде тәрбиелеу туралы сөз еткенде, екі есе жауапты болып келеді. Сөзімен не толғантатыны, қызықтыратыны, қамқорлық ететіні, көңілденетінін әрдайым түсіндіре алмайтын кішкентай баланы түсіну үшін, өте көп білу, шеберлік жасау, түсіну, жүрегімен ұғыну қажет.

Сіз үйреніп жатқан мектепке дейінгі педагогика кішкентай баланы тәрбиелеуде көмегін тигізеді. Қазіргі педагогика – ауқымды білімге ие ғылым. Олардың ең қысқа кестемен баяндалуының өзі де бұл кітаптың шеңберіне толықтай енгізілуі мүмкін емес. Мұндай міндетті алдыма қойған емеспін.






























I ТАРАУ. ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫНАН

1. «Педагог» мамандығы – ең ежелгі, ең құрметті мамандық.



Педагог мамандығы – адамзат тарихындағы ежелгі және құрметті мамандықтардың бірі. Алайда оның пайда болуының нақты мерзімін анықтау қиындық тудырмайды. Педагог мамандығының мазмұны өскелең ұрпақты тәрбиелеуден құралады, сондықтан адамзат қоғамында балаларды тәрбиелеу мен оқытуға деген қажеттілік қашан туындағанын анықтау үшін аздаған тарихи экскурс жасаған жөн. Тәрбие аға буынның кіші буынмен табиғи өмірлік қатынасы барысында қомақты тарихи уақыт аралығы бойына кәсіби даярлығы бар мамандарсыз жүзеге асырылғандығын атап өтуіміз керек. Археологиялық қазба материалдары, этнография деректері ғалымдарға тәрбие объективті үрдіс ретінде алғашқы қауым адамының хайуанат кейіпті іс-әрекет түрінен еңбек, құрал-сайманмен жұмыс жасау түріне ауысу аралығында қалыптаса бастағандығы туралы болжамды жасауға мүмкіндік берді. Қарулы қызмет адамның биоморфологиялық дамуына әсер етіп, оның санасының өзгеруіне, анық сөйлеуінің пайда болуына ықпал етті. Шаруашылық қызметтегі эволюция адамдардың өмірінің жалпы жағдайларынан сезілді: тамақтану жақсарды, тұрақты қоныстар пайда бола бастады. Осы өзгерістер артынан балалар санының өсуіне, балалық шақ мерзімінің ұзаруына әкелді. Қоғамда тәрбиеге деген объективті қажеттілік қалыптаса бастады: балаларға қарулы-еңбек қызметінің тәжірибесін жеткізу қажеттілігі туындады, оның себебі, бір жағынан - осы тәжірибені сақтап қалу үшін, екінші жағынан, оларды болашақ жеке өміріне дайындау үшін қажет еді. Басында бұл қажеттілік ересектер мен балалардың бірлескен іс-әрекетінде қанағаттандырылды. Ересектердің кіші буынды шаруашылық қызметіне ерте тартуы еңбектің өзі де (тамырлар мен жемістерді жинау; аң аулау, балық аулауға және т.б. қатысу), оны жүзеге асырған құралдардың да біршама қарапайым болғандығымен жеңілдетілді. Өсіп келе жатқан ұрпаққа қамқорлықты қауымның барлық ересек мүшелері көрсетті. Кейін ол тәжірибе жинақтаған аға буынның өкілінің қолына шоғырланды.Ересектер мен балалар арасындағы тәрбиелік қатынастар еңбек саласымен ғана шектеліп қалмады. Ересектер қауымда қалыптасқан ережелерді, талаптарды және салынған тыйымдарды сақтауға үйрете отырып, балалардың жүрістұрысын да бағыттап отырды. Бұл жағдай тәрбие түрлерінің туындауын болжады, оның мақсаты еңбек әрекетінің тәжірибесін жеткізу ғана емес, сонымен қатар, балаларға қоғамның талаптарына, шаруашылық жүргізудің ерекшеліктеріне сәйкес келетін мінез-құлық қасиеттері мен формаларын дамыту еді. Көптеген уақыт бойы баланы өмірге дайындау, оның қоғамдастықтың ұжымдық және еңбек өміріне практикалық қатысуынан ажыратылмады. Алайда, зерттеуші-этнографтардың тұжырымдауынша, алғашқы қауым кезеңіне тәрбие беру мен оқытудың эмпирикалық құралдарының (ойыншықтар, салт-жоралар, ырымдар, халық ауыз шығармашылығының шығармалары) пайда болуы мен жинақталуы жатады. Неке қатынастарын ретке келтіру, жұптық некелердің пайда болуымен, тәрбие беру қызметін ата-аналар мен туысқандар атқаратын тәрбие берудің отбасылық-үй формалары туындайды. Шаруашылық қызметінің, әлеуметтік байланыстардың күрделенуі балалар мен жас өспірімдерді тәрбиелеудегі өзгерістерге әкелді. Адамзат тарихында алғашқы рет тәрбие беру мен оқытудың жаңа түрі – инициация пайда болады. Инициация – бұл бозбалалар мен қыздарды ересектер тобына жатқызуға арналған әдет-ғұрып. Бұл ересек өмірге деген өзіндік емтихан болды (көптеген халықтарда осы күнге дейін сақталған). Емтиханды табысты тапсыру үшін белгілі білім, практикалық іскерліктер, дене, әдет-ғұрып, әлеуметтік-адамгершілік даярлықтан тұратын кең бағдарламаны игеру керек болды. Ер балаларды дайындауда негізгісі, оларға ересек өмірде күтілетін қызметтің дағдылары мен іскерліктерін (егін шаруашылығы, аң аулау, мал шаруашылығы, әскери іс және т.б.) қалыптастыру болды. Қыз балалар үй шаруашылығы құпияларын игеріп, тоқымашылыққа, құмыра жасау ісіне, тоқуға үйренді және т.б. Инициация талап ететін іскерліктердің басым көпшілігін балалар отбасында, қауымда игерді. Алайда ер балалар мен қыз балаларды инициацияның тура алдында жастардың арнайы үйлері мен лагерьлеріне (жеке) жинап, кезең бойынша дайындық жүргізді. Бұл үйлерді мектептің болашақ үлгісі деп санауға болады. Сол уақытта қауымда өз өмірін жастарды оқыту мен тәрбиелеуге арнаған адамдар бөлініп шықты. Әрине, бұлар толыққанды мұғалімдер емес, бірақ, олар кәсіпқой педагогтердің тарихи негізін салушылар болып табылды.

«Педагог» сөзі Ежелгі Грецияда пайда болды. Адами өркениеттің осы бесігінде әл-ауқаты жақсы отбасыларда балаларға қарау біршама білімі бар құлға тапсырылды, ол өз қожайынының баласын мектепке апаратын болды, оқуға қажетті барлық заттарды алып жүрді, өзінің қарамағына алған баланың соңынан еріп, оны үйіне жеткізіп салу үшін, сабақтың аяқталуын күтті. Үйде құл балаға қарады, оның жүріс-тұрысын байқап жүрді, әр түрлі қауіптерден сақтап отырды. Осындай құлды педагог деп атады, грек тілінен (paidagogos)тікелей аударғанда бала жетектеуші дегенді білдіреді. Кейінірек педагог қарапайым құлдан үйдегі тәрбиелеушіге айналды. Сөйтіп, «педагог» сөзі өзінің бастапқы мағынасынан айырылды. Педагогтар деп кәсіби тәрбиешілерді, кейін оқытушылар мен мұғалімдерді де атай бастады. Педагогикалық мамандықтардың өзара тығыз әрекеттесетін ошағында лайықты орынды тәрбиеші алады. Тәрбиеші – тәрбие берумен айналысатын, басқа адам тұлғасының өмірі мен дамуына жасалатын жағдай үшін өзіне жауапкершілік алатын адам. Тәрбиеші мамандығы, жоғарыда аталып өткендей, антика уақытынан бері танымал. Орта ғасырлар мен Жаңа уақытта кейбір оқу-тәрбие беру мекемелерінде (гимназия, асыл әйелдерге арналған институт, кадет корпусы және т.б.) тәрбие қызметін ерекше лауазымы бар тұлғалар атқарған – класс ханымдары, класс бақылаушысы, тәлімгер және т.б. Әл-ауқаты бар отбасыларға үй тәрбиешілері – гувернерлер, бонналар және т.б. шақырылған (қазіргі уақытта да шақырылады). Қоғамдық тәрбиелеудің қазіргі жүйесінде тәрбие беру қызметтерін жүзеге асыратын арнайы лауазымдар бекітілген. Бұл балалар үйіндегі, интернаттағы, мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиеші. Алайда педагогикалық үрдісте оқыту мен тәрбие беру өзара тығыз байланысты екенін ескеруіміз керек, осының арқасында тәрбие беру қызметін балалар бақшасында, мектепте, колледжде, жоғары оқу орнында жұмыс істейтін педагог жүзеге асырады. Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі – жаппай қазіргі педагогикалық мамандықтардың бірі. Ол алғашқы мектепке дейінгі мекемелер пайда болған ХVІІ – ХVІІІ ғғ. туған. Еуропада, соның ішінде, Ресейде де, мұндай мекемелер алғашқысында жетім балаларға арналған. Кейінірек халықтың аз қамтылған топтарынан шыққан отбасыларға көмек ретінде қайырымдылық орындары құрылған (Франциядағы «Баспаналар», Германиядағы «Балаларды қорғау мектептері», Ресейдегі балалар үйлері). Одан кейін жекеменшік ақылы балалар мекемелері пайда болды, оған ауқатты ата-аналардың балалары ойнап, сабақ оқу үшін келген. Балаларға қарайтын адамдар олармен ойын жүргізген, сабақ оқыған, яғни тәрбие жұмысымен айналысқан, әр елде ол әр түрлі өзінше аталды: бала бағушылар, жетекшілер, тәлімгерлер, тәрбиешілер.

Мектепке дейінгі мекемелердегі алғашқы педагогтердің арасында ер адамдардың көп болуы есте қаларлық жағдай. 1840 жыл педагогика тарихында атақты неміс педагогі Ф.Фребельдің (1782-1852) өзінің Бланкенбург қаласындағы мектепке дейінгі мекемесіне (ашылу жылы -1837) балабақша атын берумен белгіленді. Алайда мектепке дейінгі мекеменің атауы ғана жаңа болған жоқ, оның міндеті де басқа еді: практикалық нұсқаулық пен түрлі тәсілдерді көрсету арқылы аналарды балаларды дұрыс тәрбиелеуге үйрету. Ф.Фребельдің идеялары және оның әзірлеген балалармен тәрбие жұмысын жүргізу мазмұнындағы нұсқаулықтары әлемнің көптеген елдеріндегі мектепке дейінгі мекемелерде үлкен таралымға ие болды. Ресей де бұдан тыс қалмады, мұнда Ф.Фребельдің жүйесі бойынша балабақшалар, сондай-ақ, онда жұмыс істеу үшін педагогтерді даярлау курстары да ұйымдастырылды. Фребель балабақшаларында жұмыс істеген тәрбиешілерді «бақшылар» немесе «фребельшілер» деп атай бастады. Қазіргі таңда әлемде адамның алғашқы жылдары мерзіміне оның одан арғы жылдарында тұлға болып қалыптасуы үшін ерекше мән берілуін санасынан өткізбеу ұғымы ешбір елде жоқ. Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиелеуді дамыту міндеттері көптеген мемлекеттердің әлеуметтік саясатының бағдарламасына енеді. Дамыған елдерде (Франция, Ұлыбритания, АҚШ) мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалар саны 80–90%-ды құрайды. Мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңесйту қажеттелігі педагогикалық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық себептермен де дәйектеледі (еңбек нарығында әйелдердің көбеюі, жағдайы жоқ отбасыларға балаларды тәрбиелеуде көмек көрсету қажеттілігі және т.б.). Мектепке дейін қоғамдық тәрбиелеуді одан әрі дамыту үрдісі кәсіби тәрбиешілердің санының үнемі өсуімен байланысты. Мектепке дейінгі мекемелердің білім беру қызметтеріне қойылатын талаптардың өсуін, қазіргі тәрбиешінің кәсіби даярлығының біршама жоғары деңгейін ескере отырып, оны педагог деп жиі атап жүр. «Мұғалім» «педагог», «оқытушы», «тәрбиеші» сөздері мағынасына қарай өте жақын, өйткені бұл атаулармен өзін педагогикалық қызметке, педагогикалық мамандыққа қызмет етуге арнаған адамдарды атайды.



2. Педагог қызметінің әлеуметтік маңызы.



Қазіргі қоғам кез келген білім беру мекемесінің педагогіне жоғары талаптар қояды. Он жыл бұрын белгілі әлеуметтанушы И.И.Бестужев-Лада балалар бақшаларды «сақтау камералары» деп атады, осылайша олар тек балаларға ғана қарауға жарамды екенін атап өтті. Бүгінгі таңда қоғамдық тәрбиелеу мекемелеріндегі балаларды қарау функциясы қоғам үшін маңызды, бірақ жалғыз емес: мектеп мектепке дейінгі мекемеде мектепке толық дайындық жүргізілуін талап етеді. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленушілердің ата-аналары балалардың жеке қасиеттерін зерделеуін және, тиісінше, олардың қыздары мен ұлдары дәстүрлі емес (шет тілдері, спорт сабақтары, өнерге бейімдеу және т.б.) кең білім алу үшін білім беру үдерісін қалыптастыруды қалайды. Педагогикалық қызметтің тағы бір ерекшелігі – белгілі бір тұлғаның баланың дамуына қаншалықты үлес қосқанын анықтау мүмкін емес. Тәрбие беру мен оқыту үдерісіне көптеген адамдар қатысады.Мектепке дейінгі мекемеде бала – тәрбиешілердің, тәрбиеші көмекшісінің, музыкалық жетекшінің және т.б. әсер тиетін объект. Тәрбиешінің жұмысы меңгеруші, әдіскер, медицина қызметкерлері, психолог және басқа да қызметкерлердің жұмысымен байланысты.

Егер олар бәрі бірдей ойлауға қабілетті адамдар ұжымын білдірсе жақсы, онда олар тәрбие жұмысының мақсаттарын, міндеттері мен мазмұнын талқылайды, тұтастай алғанда, педагогикалық үдеріске және әрбір балаға жеке амал-тәсілдерді әзірлейді. Бірақ бұл жағдайда да, алынған нәтижелердің «тазалығы» туралы айтудың қажеті жоқ, өйткені отбасының баланың дамуына әсері, әсіресе алғашқы жылдарда, кез келген қоғамдық мекеменің әсерінен маңызды.

Сондықтан қазіргі заманғы педагог баланы тәрбиелеу - ұжымдық іс-әрекет болып табылатынын, табысты нәтижелерге қатысты алаңдаушылық барлық қызығушылық танытқан ересектердің күштерінің бірлігін (тәрбиеге, оның мазмұнына, іске асыруға қатысты әдістерді үйлестіру) талап ететінін түсіну қажет. Бұл бірліктің бастамашысы – білім беру жұмысына кәсіби түрде дайындалған тұлға ретіндегі педагог. Педагогикалық қызмет басқарудың санатына жатады, себебі ол тәрбие беру үдерісінің барлық қатысушыларын (балаларды, олардың ата-аналарын, әріптестерін және т.б.) ынталандыруға, ұйымдастыруға, түзетуге бағытталған. Мектепке дейінгі мекеме педагогінің кез-келген әсері мақсатқа бағытталған,осы немесе басқа әрекетті туындататын (ойлау, практикалық), оған оң сипат беретін болуы керек. Педагогикалық шығармашылық қазіргі заманғы педагогикалық үдерістің басты шарты болып табылады, оның орталық фигурасы – бала (онжылдықтар бойында болған сияқты, олар дерексіз балалар емес). Бала, қайталанбас тұлғаны білдіре отырып, ерекше, дараланған әсер ету әдістерін және байланыс формаларын талап етеді. Демек, қазіргі заманғы мұғалім өз тәрбиеленушілерімен шығармашылық қарым-қатынас жасау, оларды шығармашылық түрде өзгерту қажеттілігіне тап болды. Шығармашылық бастаманың болуы білім беру үдерісінің мәні болып табылады. Мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілерінің күнделікті өмірінде туындауы мүмкін барлық жағдайларды қарастыруға болмайды. Демек, болашақ педагогті дайын рецепттермен, бір мәнді ұсыныстармен қамтамасыз ету мүмкін емес.Белгілі бір жағдайды талдай отырып, педагог ойлау жылдамдығын, бастамашылығын, шығармашылығын көрсете отырып, өз бетімен сауатты шешім қабылдауы керек.

Қиын жағдайлар мен проблемалар педагог алдында үнемі туындап отырады. Алайда, оның еңбегі қайталанудың нәтижесінде автоматты түрде болатын репродуктивті іс-әрекеттерді де қарастыратынын ескеру қажет. Осылайша, мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі белгілі бір тәртіпте балаларды серуенге жинақтайды, киінуге көмектеседі, жұмыс барысында игерілген амалдар арқылы барлық тәрбиеленушілерді өздерінің назарында ұстайды және т.б.



3. Қазіргі кездегі мектепке дейінгі ұйым педагогі.



Мектепке дейінгі мекеме педагогінің кәсіби қызметі психологтар және педагогтардың зерттеу нысаны болды (Е.А. Панько, Л.Г.Семушина, В.И.Логинова, Р.С.Буре). Жоғарыда айтылған (жасампаздық, гуманизм, шығармашылық, ұжымдық сипаттағы) педагогикалық қызметтің барлық ерекшеліктері оған тән екені анықталды. Бірақ бұл ерекшеліктер ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелейтін педагог қызметінде ерекше бояуға ие болады. Өмірдің алғашқы жылдарында балалардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау олардың жас ерекшеліктеріне назар аударуды талап етеді. Туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі кезең барлық кейінгі өмір кезеңдеріненбұл болашақта кез-келген арнайы білім мен дағдыларды игеру және әртүрлі қызметті меңгеру үшін негіз болып табылатын ортақ дамуды қамтамасыз етуімен ерекшеленеді. Баланың басты «тұла бойына қабылдап алуы» мектепке дейінгі жасында кейін қандай орын алатындығына қарамастан, қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті физикалық және психикалық қасиеттерге ие адам болып табылуында. Бұл қасиеттерге негізгі қозғалыстарды иеленуін, әлемді саналы қабылдауды, ойлауды, басқа адамдармен араласуды, олардың мінез-құлқын басқаруды және т.б. жатқызуға болады. Адамның тұлғаны қалыптастыру үдерісіндегі дамудың мектепке дейінгі кезеңінің негізгі рөлі тәрбиешіге қойылатын тиісті талаптарды анықтайды. Ең алдымен, ол - баланың бақытты балалық шағы, оның тағдыры үшін ең үлкен жауапкершілікті сезіну. Дегенмен, педагогтің табысты жұмысы үшін мектеп жасына дейінгі балалардың ауыспайтын құндылығын түсіну жетіспейді, баланың даму заңдылықтарын білу қажет. Заңдылықтардың бірі – баланың психикалық, физикалық дамуының қоршаған ортаға тәуелділігі, ересектерсіз өмірінің болмауы.

Осыдан педагогтің ең маңызды кәсіби қызметі туындайды:

  • балаларды табысты тәрбиелеу үшін педагогикалық жағдай жасау;

  • балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды, нығайтуды

қамтамасыз ету. Бұл функциялардың әрқайсысы педагогтің белгілі бір саласында нақтылы түрде көрсетіледі.

Бірінші функцияны жүзеге асыру дамушы орта деп аталатын, яғни баланы белсенділікке, дамыту сипатындағы қызметіне шақыратын ортаны құрумен байланысты. Денсаулықты нығайтуға қамқорлық көрсету (физикалық және ақыл-ой) – мектепке дейінгі жастағы дұрыс тәрбие берудің кепілі, себебі осы кезеңде баланың дамуы оның жағдайына, көңіл-күйіне, эмоционалдық көріністеріне өте тәуелді. Мысалы, балаларда тәрбие беру әрекетіне әсеріне төмендейді, ауырған кезде, қатал қарағанға ренжиді, жеткіліксіз ұйқының, нашар ұйымдастырылған сабақтың, көңіл көтерудің салдарынан шаршайды және т.б. Педагог балалардың өмірі мен денсаулығына қауіпті болуы мүмкін кез-келген нәрсені алдын-ала болжау қажет, қоршаған ортаға (балабақша ғимаратында, учаскіде) мұқият болу керек. Осылайша, балабақша алаңындағы ғимараттардың жай-күйін, ойын жабдықтарын, жиһаздың балалардың өсуіне сәйкестігін тексеру қажет; құю үшін дайындалған судың температурасын өлшеу керек; тәрбиеленушілердің шаршауын болдырмас үшін,диафильмдерді көруге қажет етілетін уақытты алдын ала анықтау қажет. Педагог жұмысындағы абайсыздық, немқұрайдылық, оның кәсіби жарамсыздығының белгілері болып табылады. Балалармен тәрбие-білім беру жұмысын жүзеге асыру - мектепке дейінгі тәрбие беру педагогінің негізгі функциясы. Ол алдағы жұмысты бағдарламалық-әдістемелік құжаттаманың негізінде, осы жұмысты тікелей жүргізе отырып, оның нәтижелерін талдау кезінде жоспарлауда жүзеге асырылады. Психология-педагогикалық, әлеуметтанулық зерттеулердің деректеріне сүйене отырып, заманауи педагогадам тұлғасының негіздері отбасында қалыптасатынын саналы түрде түсінеді, отбасының баланың дамуына әсер етуін өте білікті қоғамдық білім беру мекемесінің ешбірі де алмастыра алмайды. Тәрбиеленушілер мүддесі үшін педагог ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, баланы тәрбиелеудегі келісімдікті қамтамасыз етуге және осы процесте жеке отбасыларға көмектесуге тиіс.

Сондықтан қазіргі заманғы мұғалімнің кәсіби қызметі мынадай:

  • ата-аналардың педагогикалық біліміне қатысу;

  • отбасылық және мектепке дейінгі мекеменің тәрбие беру

әрекетін реттеу және үйлестіру. Мектепке дейінгі ұйымның білім беру жұмысына қойылатын қоғамдық өмірді демократияландыру барысындағы жоғары заманауи талаптарға өзінің жалпы мәдени және кәсіптік даярлықтағы жүкті үнемі толықтырып отыратын мұғалім жауап бере алады. Осыған байланысты, мұғалімнің кәсіби қызметінің тағы бір бағыты өзін-өзі тәрбиелеу болып табылады. Өзін-өзі танудың формалары әртүрлі: әдебиеттерді (арнайы, көркем) оқып, мұражайларға барудан және т.б. бастап,конференцияларға, көрмелерге, конкурстарға және т.б. қатысуға дейін. Өзін-өзі танудың мақсаты - жеке тұлғаның прогрессивті дамуы, кәсіби шеберліктің өсуі. Педагогикалық қызметтің шығармашылық сипаты мұғалімге әріптестердің озық тәжірибесін зерделеуге және өзіне тиімді тұстарын алуға түрткі болады, оны білім саласындағы инновацияларға (жаңа өзгерістерге) сезімтал етеді. Көптеген педагогтар, мектепке дейінгі ұйымның ұжымы ғалымның жетекшілігімен жүргізетін тәжірибелік жұмыстарға ат салысады. Соңғы жылдарда мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру және тәрбиелік жұмысын жаңарту, байыту үрдісі айқын байқалады. Бұл педагогтің қызметінде тәжірибелі, зерттеу жұмыстарына қатысу сынды тағы бір кәсіби бағытты қажет етеді . Бұл жерде В.А. Сухомлинскийдің шығармашылық педагогикалық жұмыстар мен ғылыми зерттеулердің жақындығы мен туыстықтығы туралы, педагогтің фактілерді талдап, осы талдаудың негізінде жұмысын одан әрі болжауы арқасында нәтижеге жету орынды. Осылайша, мектепке дейінгі ұйым педагогінің кәсіби қызметі өз мазмұны бойынша көпқырлы және шартты түрде бірқатар бағытқа (қызметке) бөлінеді деген қорытынды жасай аламыз. Педагогикалық қызмет саласымен балалар, олардың атааналары, әріптестері, өз шеберлігін де, өз тұлғасын да саналы жетілдіріп отыратын тәрбиешінің өзі де қамтылады. Мектепке дейінгі мекеменің мұғалімінің қызметін функционалдық талдауға сүйене отырып, кәсібилікті анықтайды. Профессиограмма–бұл педагог тұлғасының кәсіби қасиеттеріне, дүниетанымдық, жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық, арнайы білімдерінің ауқымы мен құрамына қойылатын ғылыми негізделген талаптар, сондай-ақ, педагогикалық дағдылар мен іскерліктердің тізімі























ІІ ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАНЫҢ БАСҚА ҒЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ.

1. Жас педагогикасының тәрбиелеу туралы ғылымдар жүйесіндегі орны.



Соңғы жүз жылдықта адамзат адамды оның дамуының барлық сатыларында зерттеуде едәуір алға жылжыды. Жаңа білім қорының өсу, педагогикалық ойлардың таралу шамасына қарай нақты өмірдің әр түрлі тарауында педагогиканың жаңа салалары пайда болады. Осылайша, көптеген жылдар бойы қалыптасқан және дамып келе жатқан педагогика тәрбие туралы ғылымның кеңейтілген жүйесі болды. Тәрбиелеу туралы ғылым жүйесінің негізі адам тәрбиесі заңдылықтарын зерттейтін, кез келген типтері және түрдегі тәрбиелеу ұйымдарында тәрбие үдерісінің негізін жасайтын жалпы педагогика болып табылады. Тәрбиелеу туралы ғылым жүйесінде жас педагогикаға қатысты салалар ерекше орын алады. Олар балалықтың барлық сатыларында жас дамудың ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды тәрбиелеу және оқыту заңдылықтарын зерттеумен айналысады: туғаннан бастап ересек адамға көшкенге дейін. Жасөспірім педагогикасының нысаны - бала, ал зерттеу тақырыбы - балалық шақтың әртүрлі кезеңдерінде оқыту және тәрбие жұмысын ұйымдастырудың заңдылықтары, әдістері, технологиясының құралдары (ерте жас, мектепке дейінгі, мектеп). Мектепке дейінгі педагогика - өмірдің алғашқы жылдарындағы балаларды тәрбиелеу, оқыту және білім беру туралы ғылым(туғаннан бастапмектепке барғанға дейін).



2. Мектепке дейінгі педагогика, оның басқа ғылымдармен байланысы.



Педагогикалық ғылымның маңызды саласы ретінде мектепке дейінгі педагогиканың негізін салушы Я.А. Коменский болып табылады. Оның «Ана мектебі» атты кітабында алғашқы рет мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесі ұсынылды. Коменский теориясындағы көптеген ережелер заманауи педагогика үшін де өзектілігін жоймады. Заманауи мектепке дейінгі педагогика біріншіден, тәрбиелеу және оқыту үдерісін, оның мақсаттарын, мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, әдістерін, іске асыру тәсілдері мен құралдарын; екіншіден, осы үдерістің бала дамуына, оның тұлға болып қалыптасуына әсерінзерделейді. Мектепке дейінгі педагогика өздігінен қолданбалы функциямен де айналысады - тәрбие мен оқытудың жаңа, неғұрлым жетілдірілген бағдарламалары мен әдістерін игерумен айналысады. Әлеуметтік ғылым бола отырып, ол жас ұрпаққа білім беру саласында заманауи қоғамның талаптарымен тығыз байланысты. Мектепке дейінгі педагогика біілім беру жүйесінің даму үрдістері мен келешегін қарастырғандықтан, оның болжамдық рөлі, сөзсіз, тәрбиені ұйымдастыруды болады. Ғылыми болжамдардың негізінде тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамалары жасалады, білім беру стандарттары әзірленеді; отбасылық және мектепке дейінгі мекемелер жағдайында балаларды тәрбиелеудің теориялық негіздері мен технологиялары зерттеледі, мектепке дейінгі мекемелердің әртүрлі типтері мен түрлері бойынша оқу үдерісінің ерекшеліктері зерттеледі. Мектеп педагогикасы әртүрлі оқу орындарында (бастауыш және орта мектепте, лицейде, гимназияда және т.б.) оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту заңдылықтары туралы бай ғылыми мәліметтерді жинақтаған, педагогикалық ғылымның ең ежелгі салаларының бірі болып табылады. Кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы жоғары білікті жұмысшыларды дайындауды қарастырады. Арнайы орта білім беру педагогикасықалыптасу кезеңінде тұр.Олар арнайы орта білім беру оқу орындарындағы оқытудың мазмұны мен формаларын және кәсіби тәрбиелеудің проблемаларын қарастырады. Жоғары мектеп педагогикасы жоғары оқу орындары жағдайында оқу-тәрбиелеу үдерісінің заңдылықтарын, жоғары білім алудың нақты проблемаларын қарастырады. Түзету педагогикасы дамудың түрлі бұзылулары мен ауытқулары бар балалар мен ересектерді тәрбиелеу, оқыту және түзетудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін және құралдарын әзірлейді. Құлағы естімейтіндер мен нашар еститіндерді оқыту және тәрбиелеу мәселелерін сурдопедагогика қарастырады, алкөзі көрмейтіндерді оқыту және тәрбиелеу мәселелерін — тифлопедагогика, сөйлеу тілінде мүкісі барларды— логопедия, ақыл-есі кем адамдарды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін олигофренопедагогика қарастырады. Педагогиканың тарихы әртүрлі тарихи дәуірде педагогикалық тәжірибемен бірге педагогикалық идеяларды дамытуды зерттейді. Педагогикалық ғылымдардың арнайы тобын білімнің нақты бағыттарын оқытудың (мектептегі оқу пәндері) заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін жеке әдістер құрайды. Қоғамдық мұқтаждықтардан өмірге келген, соңғы уақытта отбасылық педагогика, этнопедагогика, өндірістік педагогика, әлеуметтік педагогика және т.б. сияқты педагогика салалары қалыптасуда.

Педагогика басқа ғылымдар секілді өзге ғылымдармен, әсіресе адамтану ғылымымен тығыз қарым-қатынаста дамып келеді. Жоғарыда айтылғандай, педагогика соңғы философияның тереңдігінде пайда болып, жеке ғылым ретінде бөлініп шықты. Жеке ғылымға айналса да, педагогика философиямен және оның салаларымен байланысты үзбейді. Сол немесе өзге философиялық ұғымдар кез келген педагогика теориясының негізі болып табылады. Философиялық ғылымдардың одағы педагогикаға тәрбиелеудің мақсаттарын анықтауға, адамның мәнін түсінуге, табиғат пен қоғамның және т.с. даму заңдарын ұғуға көмектеседі. Педагогика адамгершілік, эстетикалық тәрбие проблемаларын шешуге ықпал ететін этика, эстетика сынды философия салаларымен тікелей байланысты.

Әлеуметтану туралы мәліметтер - заманауи қоғамның жай-күйі туралы философиялық білімдердің басқа саласы - педагогикада білім беру мен тәрбиелеудің «ауыр» проблемалары бойынша ғылыми зерттеулерді шоғырландыру үшін қажет. Мысалы, әлеуметтанушылар Ресейдің әртүрлі өңірлерінде мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиемен балалардың жоғары деңгейде жеткіліксіз қамтылғанытуралы куәландырады. Соның салдарынан балалардың мектепте оқу дайындығының төмендеуі байқалды. Педагогиканың алдында мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бармайтын балалардың даму деңгейін қалай көтеруге болады деген сұрақ туындады. Балалары үйде тәрбиеленетін отбасыларына көмек көрсетудің әртүрлі түрлері зерттеліп жатыр, балалар қысқа мерзім болатын топтар ашылып жатыр, халыққа қосымша қызмет көрсету саласы дамып келеді. Педагогика адам психикасының даму заңдылықтарын зерттейтін психологиямен органикалық түрде байланысты. Өз кезегінде, педагогика психикалық үдерістердің тиімді өзгеруіне, балалардың мінез-құлқына ықпал ету мақсатында білім мен тәрбие беруді қалай ұйымдастыру керектігін зерттейді.Барлық педагогикалық мәселелердің психологиялық негіздемесі бар. Сонымен, ақыл-ойды тәрбиелеу мәселесі тану үдерістері мен ақыл-ой дамуының теориясына негізделген; жеке тұлғаның психологиялық теориясын ескере отырып, тәрбиелеудің үлгісі анықталды. Педагогикалық қызметтің нәтижелері психологиялық көрсеткіштерге негізделген. Мысалы, оқытудың нәтижелері білім көлемі, олардың беріктігі, бейнесі, жалпылығы, психикалық белсенділіктің қалыптасуы дәрежесіне қарай бағаланады. Балаларды тәрбиелеу іс-әрекеттердің себептері, оларды түсіну шарасы, дербестік деңгейі және т.б. сияқты көрсеткіштермен анықталады. Білім беру мен тәрбие саласындағы кез келген мәселені шешу психологиялық- педагогикалық тұрғыдан қажет. Психология мен педагогиканың интеграциясы шекаралық салалар – психологиялық педагогиканың, педагогикалық психологияның пайда болуына әкелді. Анатомия және физиология - адамның биологиялық мәнін, әрбір жас кезеңінде дененің даму ерекшеліктерін түсіну негізі. Жоғары жүйке қызметі туралы ғылыми білім педагогикада балалардың физикалық және психикалық дамуын реттейтін заңдарды зерделеу үшін қолданылады. Осындай білім білім беру мекемелерінде, әсіресе ерте және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған пәндік-материалдық ортаны жобалау қағидаларын зерделеуге, балалардың өмірлік режимін жасауға, әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруғанегіз болып табылады. Бүгінгі күні балалардың денсаулығы соншалықты жақсы емес (әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелеріне негізделген), педагогикадан медицина ғылымдарының салаларымен тығыз байланыста жұмыс істеу талап етіледі. Педагогиканың жаңа саласын - емделуші педагогикасын құру қажеттілігі туындады, ол жиі ауыратын, нашар балаларға білім беру мен тәрбиелеудің арнайы жүйесін әзірлеуге бағытталған. Балаларды жыныстық тәрбиелеуге арналған кешенді медициналық-педагогикалық бағдарлама құрылуды. Алкогольге қарсы, есірткіге қарсы тәрбиелеу және білім беру бағдарламасын әзірлеу кезінде медицина мен педагогиканың күш-жігерін біріктіру қажет. 1960-1970 жылдары педагогика генетика, кибернетика және информатика сияқты ғылымдармен өзінің ынтымақтастығын нығайтты. Нәтижесінде педагогикалық теория дарынды балаларды диагностикалау және тәрбиелеу бағдарламаларымен, математикалық логиканың идеяларымен және әдістерімен, компьютерлік технологиялармен, бағдарламаланған нұсқаулықтармен және т.б. байытылды. Осылайша, қоғам дамуының қазіргі кезеңінде бір педагогиканың күші тәрбиелеу, оқыту, білім беру мәселелерін шешуде қажетті нәтиже бермейтіндіктен, оларға ғылымиаралық тәсіл қажет.





























ІІІ ТАРАУ. БАЛА – ПЕДАГОГИКА НЫСАНЫ.

1. Бала – педагогика нысаны.



Бала туған кезден бастап мектепке барғанға дейін мектепке дейінгі педагогиканың нысаны болып табылады. Бұл адам өмірінің жалғасатын бөлігін екі үлкен кезеңге бөлінеді – ерте жас және мектепке дейінгі жас. Мұндай «бөлу» немен байланысты? Алдымен бұл баланың психиологиялық-физиологиялық өсуі мен даму ерекшелігіне байланысты.

Бала өмірінің алғашқы 5-6 (7) жасындағы оның даму қарқыны мен мазмұны екпінді және түрліше, бұл дамуды қадағалау және бұл дамуға адекватты жағдай жасау үшін, шындығында нақты кезеңдер мен оның шекараларын бөліп қарау керек. Мұндай жастық өзгерісті жіті қарау және зерделеу тұлғаны қалыптастыру үшін қолайлы болып табылады, ол маңызды жаңалықты өткізіп алмауға мүмкіндік береді. Әр бала «жеке бағдарлама» бойынша дамығанымен, бұл даму бағынатын жалпы заңдылықтар бар: 3 жастағы бала жасай алатын әрекет сәби үшін қолжетімсіз, ал 5 жастағы баланың жасағанын 3 жастағы бала жасай алмайды, және т.с. Осы заңдылықтарға бағдарлау және оларды дамуға байланысты қалайда реттеу қажеттілігі жас кезеңін қалыптастыруға әкелді.

Адамның бар өмір кезеңі мағыналы бөліктерден тұрады, оның ішінде жаңалық пен кезекті кезеңге сапалы өтуді тудыратын қор жүзеге асады. Ғылымда жастық кезеңге бөлудің бірнеше тәсілдері әзірленген. Әр қайсысында адам дамуының қарқының және оның нақты, азды көпті аяқталған кезеңдерің бақылауға мүмкіндік беретін қандайда бір негізді бөліп қарауға әрекет етеді.

Мысалы, П.П. Блонский балалықты кезеңге бөлу негіне тістердің ауысуын алған. Ол дентиция — тіс жарыла бастауы және ауысуы— тек организмнің физиологиялық өсуі мен нығаюын сипаттамайтынын, сондай-ақ адамның ақыл-ойы дамуымен, оның әлеметтену үдерісімен тікелей байланысты екенін бекітті. Жастық өзгерістерді қарау үшін бірыңғай негіздемені бөліп көрсетуге әрекет еткендер де болды: сексуалды даму (К. Штратц), психикалық дамудың қарқыны (А. Гезелл) және т.б. Л. С. Выготский ұсынған тәсіл анағұрлым негізді және осы жерде орынды деп санауға болады: «...дамудың ішкі өзгерістері ғана, оның ағымындағы бетбұрыстар мен бұрылыстар ғана біз жас деп атайтын баланың тұлға болып қалыптасуының басты дәуірлерін анықтау үшін сенімді негіз бере алады». Белгілі болғандай, Л. С. Выготский тұрақты жастың және дамудағы дағдарыстырдың теориясын жасап шықты, олардың негізінде жас шамасын кезеңге бөлу қалыптасты: жаңа туған, нәресте шақ, ерте жас, мектепке дейінгі жас.

Бала жарық дүниеге кішкентай және қорғансыз жаратылыс болып келеді — бұл барлық жаңа туған сәбидің қалыпты сипаттамасы. Ол сондай кішкентай ма және сондай қорғансыз ба? Әрине, сәбиді кіммен салыстырғанға байланысты. Жаңа туған баланың салмағы шамамен 2 500 — 4 500 г. Ал жаңа туған кенгуру барлығы 1-ден бастап 5,5 г дейін салмағы болады, оның денесінің ұзындығы – 25 мм; піл туғанда ұзындығы 1 м дейін болғанда 100 кг болады. Сонымен, адам баласы үлкен бе немесе кіші ме? Сәби ата-аналарына қараған анағұрлым кішірек болады, бірақ жиырма жылдан артық уақытта (ата-аналарының жасына дейін) қарқынмен салмақ жинайды – мектепке дейінгі жастың сонында оның орташа салмағы шамамен 25 кг, ал 20 жаста – барлығы 50 кг, немесе оданда көп болады! Әрине, бала өседі: туғанда 55 см– ден ата-ана қатарына кіргенге дейін 180 см дейін өседі Әрине, егер адамды жануармен салыстыруды жалғастырсақ, онда адам физикалық (нақтылап айтқанда, антропрометриялық) даму қарқынында көп артта қалған

Ал дамудың басқа бағыттарында қалай? Жаңа туған үйрек балапаны сәл теңселіп бірден анасына қарай жүгіреді (немес басқа қозғалатын заттарға К.Лоренцтің дәлелдеуі бойынша. бұл құбылыс импритинг —«жадында сақтау» деп аталады). Балапан жұмыртқадан шығу үшін, өздігінен қабығын тұмсығымен теседі – нәтижесінде бостандыққа ие болады! Жұмыртқа басушы ана енді оған жылу қажет болған кезде ғана керек (алайда оны инкубатордағы жылытқыштар жеңіл айырбастай алады). Ал адамзаттың сәбиі көптеген жылдар бойы ересек адамсыз әрекет ете алмайды. Демек, біз бұл жерде де жануарларды алдыға жібердік пе? Қортынды жасауға асықпайық, ойланайық. Импритинг құбылысы (қозғалған заттын артынан жүретін үйрек балапанын еске алайық) – тұқымды сақтау түйсігі, ол тамақты іздеу үшін қажет. Жаңа туған үйрек балапаны оны тамақтандыратын және жүзіп үйрететін үйрек-ананың сонынан ереді. Бірақ Лоренц жаңа туған үйрек балапаның алдына үйректің орнына допты лақтырып, өзі сонынан еріп жүрді – нәтиже сондай болды: балапандар бірлесіп, қозғалып бара жатқан нысанның артынан ерді. Қабықты өзі (!) жарып шыққан балапанды бірден басқа анағұрлым жұқа қабыққа салғанда, ол бұл міңдетті атқара алмады – оның түйсігінде бұл шараны бір-ақ рет орындау салынған! Ал адаммен не болады? Оның ерекше өзгешілігі тез үйрену қабілеті болып табылады. Тек алғашқы бір жылында бала үлкен көлемде икемділікті, тәсілдерді, білімді игереді, бұл қор оның әлеуметтік өмірінің негізі болып қалыптасады. Анығында, бұл қор міндетті түрде адам қоғамында және тікелей ересектер көмегімен алынады. Адамда жануарлардағыдай импритинг механизм жұмыс істейді деп айтуға болмайды, алайда түйсіктің барын жоққа шығара алмаймыз.

Дегенмен адамға эйдетизм (грек. eidos—бейне) тән— бейнелі ес, яғни заттар бейнесін олардың көз алдынан кеткеннен кейінде ұзақ уақыт сақтау қабілеті. Бейнелі ес қоршаған әлемді қабылдауды жарқын, жанды етеді және одан кейін есте сақтау оңай. Адам да эйдетизге бейіімділік бар. Алайда бейнелі ес баланың тіршілік ортасының қанықтығы және сәбидің өз даму деңгейінде оны адекватты қабылдауы туралы қамқорлық көрсететін ересектің бұл үдерісті белсенді еткен кезде іске қосылады. Бейнелі ес балада барлық мектепке дейінгі жас кезінде дамиды және ол ақыл-ой мен эмоционалдық дамуына оң әсер етеді. Баланың ерте жасын зерттеген және зерттеп жүрген зерттеуші (В.М.Бехтерев, Н.М.Щелованов, Н.Л.Фигурина, Н.М.Аксарина, М.Ю.Кистяковская, А.М.Фонарев, О.Л.Печора, С.Л.Новоселова, Л. П. Павлова, Э. Г. Пилюгина, Г. Г. Филиппова және көптеген басқалар) адам өмірінің бұл кезеңінің сипаттамалық ерекшелігі физикалық және психологиялық дамудың жылдам қарқыны болып табылады деген бірауыздан, тәжірбиемен дәлелдеген ойға келді. Бала өмір сүруге асығады, тез Адам болғысы келеді. Ол тез салмақ қосады, өседі; организмнің барлық өмірлік маңызды жүйесін белсенді атқара бастайды; қозғалысы дамиды; бұлшықеттері қатаяды; тісі жарып шығады (П.П.Блонский атап айтқандай, сәбидің «тісі көбейген» сайын, ол жаңа «білім белестерін» белсенді түрде бағындырады!). Бұл кезеңде физикалық дамудың жылдам қарқынымен бірге балалың әр түрлі ауруларға, сүйек және бұлшықет жүйелерінің бұзылуына, организмдегі үйлесімділіктің бұзылу қаупіне шалдыққыштығымен ерекшеленеді. Дәл сондықтан ерте жастың бай мүмкіндіктерін «пайдалануда», баланың физикалық дамуының аз тексерілген әдістері мен жүйелерін қолдануға ерекше абайлау керек. Сонымен, бала организіміне жүзудің әсерін дұрыс қадағаламай, оны жүзуге ерте үйрету сүйек құрылысындағы жамбас буындарының ауытқуына әкеп соғуы мүмкін, себебі олар дененнің вертикалды жағдайындағы жүктемеге арналған. Тамақта кальцийдің жетіспеуі сүйек тіндерінде қуыстың (лоозеров аймағы) пайда болуына әкеп соғады. Түрлі бұзушылықтардың, түрлі «инновацияларды» абайламай пайдаланудың және балаға тәжірибе жүргізудің салдары ерте жаста емес және мектеп жасында емес, ал анағұрлым кеш білінуі мүмкін.

Ерте жастағы бала дамуының тағы да бір ерекше өзгешілігі– физикалық және психологиялық дамудың тығыз өзара байланысы және өзара әсерітуралы есте сақтау керек. Қозғалыс дамуындағы кемшіліктер, мысалы, баланың ақылойының даму деңгейіне әсер етеді, организмнің жалпы әлсіреуі (дұрыс тамақтанбау, шынығудың болмауы және т.б.) ақыл-ой белсенділігін төмендетуге әкеп соғады, қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамытуға көңіл бөлмеу, сөйлеу дамуында баяулыққа әкеледі. Қозғалысты, жаяу жүрісті дамыту физикалық жағдай үшін де, баланың жалпы дамуы үшін де маңызды. Қозғалысты шектеу, кідірту (жаңа туған нәрестені қатты орау, еңбектеген кезде, одан кейін жүрген кезде қозғалыс аумағын шектеу, қауіпті қозғалыстарға тыйым салу – кедергілерден өту, үстелге шығуға ұмтылу және т.б.) бала дамуына зиян келтіреді. Бала әлемді сезіну, қабылдау арқылы таниды, ол оның сенсорлық дамуына жол ашады.

Белгілі болғандай, сенсорлық тәрбиелеу ақыл-ой тәрбиелеудің негізінде жатыр, өйткені сенсорика (лат. sensus— сезім) арқылы адам оны қоршаған әлемнің құрылымы, қасиеттері туралы біледі. Бүкіл әлемге белгілі М. Монтессори, Ф. Фребеля, О.Декроли, Е.И.Тихееваның баланы тәрбиелеу жүйелері сенсорлық этолонды дамыту, сенсорлы және ленгвистикалық тәрбиенің байланысы негізінде қалыптасқаны тегіннен-тегін емес. Н.М.Щелованова, Н.М. Аксарина, Н. П. Сакулина Л. А. Венгердің және оның оқушыларының зерттеулері баланы сенсорлық тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Бұл зерттеулерде осы тәрбиеге ерте жаста үлкен мағына беріледі.



2. Сенсорлық тәрбие жүйесінің авторы М.Монтессоридің мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу туралы ойлары.



Сенсорлық тәрбие жүйесінің авторы Мария Монтессори баланың дамуын күшпен және организмнің қабілетімен: бұлшықет, көру, есту, сезудің және т.б. дамуымен байланыстырады. Ол әзірлеген дидактикалық материалдар мектеп жасына дейінгі балаларға сенсорлық ынталандыруды, сезімнің жаттықтырушы мүшелерін береді. Мысалы, түйсіну сезіміне тәрбиелеу үшін, тегіс және егеуқұм тақтайша, карточкалар, әртүрлі маталар жиынтығы; жылу сезуді дамыту үшін, әртүрлі температурада су толтырылған металл шыны-аяқ жиынтығы; барикалық сезіміне тәрбиелеу (ауырлықты сезу) үшін, көлемі бойынша бірдей, салмағы бойынша әртүрлі ағаш тақтайшалардың көмегімен жаттығулар беріледі т.б. заттардың сыртқы белгілерінің жалпыланғанын, шынайы заттар мен құбылыстардан бөлінгеніне назар аудару керек. Осындай материалдармен жаттыққан балалардың сезім мүшелерінің өткірлігіне, заттардың сенсорлық белгілерін айырудың шеберлігіне қол жеткізгендіктерін көреміз. М. Монтессоридің ойынша, балалар оның материалдарымен өздіктерінен жұмыс істейді, өйткені олар автодидактизм принципі бойынша құрастырылған. Педагог үйретпейді, дамудың табиғи барысына «бөгет жасамайды», өзінің түсінігін міндеттемейді, баланың сезінгенін сөзбен нақтыламайды. Нәтижесінде бала, мысалы, түстер мен реңктерді нақты айырып, алайда оларды атап, салыстырып, жинақтай алмайды, дидактикалық материалдары бар жаттығулар шеңберінен тыс жатқан әрекеттің басқа да түрлерінде қолдана алмайды. Ересектердің басшылығынсыз бай сенсорлық тәжірибе баланың ойлауын дамыту үшін негіз бола алмайды. Мектеп жасына дейін бала заттық үлгілерді пайдаланады: заттар қасиеттерінің белгілерін белгілі бір заттармен салыстыру (сарғылт түсті «сәбіз» деп атау, шаршыны қалтаның, қол орамалдың формасы арқылы анықтайды). Әдетте, бұл кезең бесінші және алтыншы жылдарға дейін созылады, алайда егер ересектер заттық үлгілерді баланың әрекетіне «орнатса», онда тоқтап қалуы мүмкін. Сол уақытта зерттеулер бойынша жоғары мектепке дейінгі жаста балалар заттардың қасиеттерін игерілген жалпыға міндетті үлгілермен салыстыра алады: күннің көзі шар секілді, лимон мен қияр сопақ пішіндес екендігін біледі. Осы жастағы балаға түстердің үлгісі ретінде спектрдің жеті түсі мен олардың реңктерін келтіруге болады, пішін үлгісі ретінде – геометриялық фигуралардың жүйесі, естуді қабылдау үшін – ана тілінің «фонема торы», музыкалды әуендердің жоғары әуенді шкаласы (до, ре, ми, фа, соль, ля, си) қолданылады. М. Монтессоридің жүйесі бойынша балаларда сезу мен қабылдауды сабақтар кезінде арнайы материалдардың көмегімен дамытқан. Сенсорлық тәрбиенің отандық жүйесі, тек сабақ кезінде ғана емес, сондай-ақ күнделікті өмірде, яғни ортада, ұйымдастырылатын мазмұнды әрекет үрдісінде баланың қабылдауын дамыту қажеттілігін мақұлдау үшін құрылады. Мысалы, баланы судың қасиеттерімен қашан таныстыру керек? Осы үшін тиісті сабақтар өткізу қажет пе? Әрине, керегі жоқ. Жуынған кезде, топтық бөлмеде ойынмен ойнаған кезде, учаскіде педагог тәрбиеленушілерге зерттеу әрекеттеріне үйретеді. Олар судың қасиеттерін тануға көмектеседі (түссіз, иісі, дәмі, пішіні жоқ, ақпа, әртүрлі температурада болады, аязда қатады, ода жүзеді және әртүрлі заттар батады және т.б.). Баланың өмірінің алғашқы жылында сенсорлық білім беру (есту, көру, қабылдаудың объективтілігін қалыптастыру) міндеттері манипуляциялық және объективті қызметте сәтті шешіледі. Болашақта сенсорлық дамудың ең бай мүмкіндіктері ойын, еңбек, сындарлы және көрнекі іс-әрекеттерге жатады. Осы іс-әрекеттердің әрқайсысында сенсорлық негіз бар. Көрнекі әрекетте - түс, реңктің, пішіннің, мөлшердің, кеңістіктегі орналасудың, пропорцияның, жұмыс істеудегі қабылдаудағы және материалдардың ерекшеліктерін, олардың пластиктенуін, текстурасын, баритті қасиеттерін қабылдау және ажырату. Көрнекі әрекетте - түс, реңктің, пішіннің, мөлшердің, кеңістіктегі орналасудың, пропорцияның, жұмыс істеудегі қабылдаудағы және материалдардың ерекшеліктерін, олардың пластиктенуін, текстурасын, баритті қасиеттерін қабылдау және ажырату. Кез-келген қызметті жетілдіру баланың сенсорлық даму деңгейіне байланысты. Атап айтар болсақ, бұл тәуелділік көркемдік қызметте байқалады, онда белгілі бір талдаушылардың бастапқы дамуы талап етіледі, ол қажетті дәлдік пен сараланғандықты қамтамасыз етеді. Қызметтің мазмұнына, оның мотивтеріне қарай сезімнің өткірлігі, нәзіктігі, өзгереді, өйткені заттарадың әртүрлі белгілері өздерінің өмірлік мәндерінде қолданылады. Заттың қасиеттерін әрекеттің бір түрінде игеріп (дидактикалық ойында түстерді айыра білуді үйренді), бала оны әрекеттің басқа түрлерінде қолданады (сурет салғанда, көкөністер, жемістер аппликацияларында). Сенсорлық танымның дамуында сөздің ролі керемет. Үлкеннің сөзі бала үйренген сенсорлық тәжірибені түзетеді, оны қорытады. «Бұл доп. Бұл дөңгелек, ол айналады, - дейді тәрбиеші бір жасар балаға. Бала сөйлеуді үйренсе, оның сезімдері жаңа сапаға ие болады: сөз жаңа сипатты оқшаулауға, оны басқа тақырыптарда көруге көмектеседі. Баланың сөздігіне түрлі белгілерді (қышқыл, тәтті, жылы, мөлдір, қызыл, жылтыр, күңгірт және т.б.) енгізу, ең маңызды ақыл-ой іс-әрекеті - салыстыру қабілетін дамытуға көмектеседі. Объектілердің атрибуттары мен қасиеттерінің ауызша белгілері олардың сезімтал қабылдауына, ерекше айырмашылығына ықпал етеді.



3. Мектепке дейінгі ерте жастағы балалардың сипаттамасы.

Ерте жастың соңында балалар дыбыстарды жоғарылығына, тембіріне, күшіне қарай айыра алады. Олар сонымен қатар әнді де мінезіне, мәнеріне, үйлесімділіге қарай айыра алады; бірнеше түстерді таниды және атайды. Л. А. Венгер зерттеулерінде екі-үш жастағы балалар негізгі геометрилық фигуларды және олардың нұсқаларын, сондай-ақ барлық түс шоғырларын және реңдерін айыра алтыны туралы дәлел бар. Ерте жастағы ең маңызды жетістік баланың сөйлеуді игеруі болып табылады. Гу-гулеу, былдырлау арқылы сәби алғашқы мағыналы сөздерге келеді. Бұдан анағұрлым ертерек сәби басқа адамдардың өзіне қаратып айтқан сөздерін түсіне бастайды, бір жасқа жақындағанда өз актив сөздігі пайда болады. Бұл сөздік небәрі 5-10 сөзден тұрса да (мектепке дейінгі оқушыларда ол болуы да мүмкін), бірақ олар әркез мағыналы түрде қолданылады. Көбінесе ересектер балаға сөзді толық айту қиынға түседі деп ойлап, бала тіліне қарай бейімделеді және сөздердің қысқарған аналогтарын ойлап табады, кейде тіпті жай мағынасыз сөз тіркестерін қолданады, мысалы «ням-ням» тамақ іш деген сөздің орнына, «әу кеттік» жүр қыдырайық деген сөздің орнына және т.с. Бұл баланың сөйлеуді игеру үдерісін жеңілдетеді ме? Әрине, жоқ. Міне, осылай біз сәбиге қандай да бір басқа тілді игеруге мәжбүрлейміз, содан кейін қайта үйретеміз – оған өз ана тілінде сөйлеу керек емес пе! Бала оны тыңдап, қабылдап, түсіну үшін басынан бастап онымен қалыпты «адам» тілінде қарым-қатынас жасау дұрыс емес пе? Түсіну мен айтудың механизмдері әртүрлі. Айту механизмі жетілгенге дейін, түсіну үдерісі ерте іске қосылады. Егер сәби қандай да бір күрделі сөзді айта алмаса да, мысалы телефон, ол оны дыбыстауы бойынша, ересектердің қолдануы бойынша, оны білдіретін затпен сөзге қатысы бойынша таниды. Бала сөз музыкасын сезінеді, бірақ ол оны осы кезде өзінің артикуляциялық аппараты мүмкіндік бергенше айтады — «тататон». Сәби сөздің буын санын және мелодикасын сақтағанын байқадыңыз ба? Міне, ең бастысы осы.

Егер ерте балалық шақта баламен көп сөйлессе және оған «айту» мүмкіндігін берсе – сөздер туралы айтпағанда, тіпті гуілдеп немесе былдырлап жеткізсе, баланың тілі дұрыс дамып жатыр деген сөз: 1 жас 6 айға дейін белсенді, 2 жасқа дейін ақырындап және әрі қарай белсенді. Бірақ белсенділік бұл кезде пассивті, сондай-ақ активті сөздікті толықтыруда және кеңейтуде байқалады. Тілінің дамыту үшін адамның бейнеле есті игеруі өте маңызды. Ол одан өзінің көптеген сұрақтары мен сөздігін байыту үшін мағына алады. Сөйлеудің дамуы ойлаудың дамуымен байланысты. Ғалымдар (Ж. Пиаже, Л. А. Венгер, С. Л. Новоселова, В. С. Мухина және т.б.) балада бастапқы ойлаудың байқалуы өмірінің бірінші жылының соңы мен екінші жылының басында, сәби нысандар арасында байланысты анықтауға бағытталған практикалық әрекеттерді игерген кезге жатады деп есептеген. Бұл жастағы ойлау көре отырып әрекет етуге жатады, және ол заттармен әрекет ету негізінде дамиды. Көбісі «ақыл мен сезіну» арқылы емес, әрекеттер туралы өз ұғымына сүйенген кезде, байқап көру және қателік жасау арқылы, нақты әрекеттер арқылы балаға тәжірбие болып келеді (бұл көру-бейнелі ойлау үшін тән). Ерте жаста басқа да психикалық үдерістер дамиды (дами бастайды), ол – ес, назар. Олар баланың дүниеге келген әлемін тануды қамтамассыз етеді. Өмірінің екінші жылының ортасына қарай бала жалпылау жасай алады, заттар мен әрекеттер арасында, құбылыстар арасында себеп-салдарлық байланыстарды орнатады. Әрине, балаға дамуына онымен бірге әрекет ететін, оған көрсететін, демеуші болатын ересек адам көмектеседі. Бұл жастағы бала дамуындағы маңызды механизм еліктеу болып табылады (Т.И.Горбатенко). Сәби ересектің әрекет тәсілдеріне, сөйлеуіне, кейін бағалауына да еліктейді. Еліктеу ойындардың пайда болу негізінде жатыр. Ерте жастағы іс-әрекеттің басты түрі заттық іс-әрекет болып табылады, бірақ ол қарым-қатынаспен тығыз байланысты және барлық балалық кезеңдегі ең маңызды іс-әрекет —ойынның көрінуі үшін алғышарт ретінде қызмет атқарады. Ерте жаста бала алғашқы әлеуметтік тәжірибені жинайды. Сәбидің үлкендермен қарым-қатынасы ақырындап әлеуметтік сипатқа ие бола бастайды, яғни балада қарым-қатынас жасауда, тану мен іс-әрекеттің адами тәсілдерін игеруде биологиялық, өмірлік қажеттіліктер ғана емес, әлеуметтік қажеттілікте пайда болады. Бұл қажеттіліктерді ересек адам қанағаттандырады.

Ерте жастағы әлеуметтік даму да қарқынды жүреді. Адам қоғамында бала өмірінің алғашқы екі жылында не үйренгенін талдайтын болсақ, онда бұл жетістіктердің көлемі мен мазмұны таң қалдырады: ол адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың сипатына жауап береді (егер анасын ренжітсе жылайды; әжесі көңілді болса, онымен бірге қуанады және т.б.), қатарласымен немесе ересек адаммен қосылып уайымдайды, ойыншықпен бөлісуді біледі.Әрине, бала бұл адаммен қарым-қатынас түрінің барлығын әркез терең түсіне бермейді, көбінесе еліктеу бойынша немесе ересектің көтермелеу ұсынысына жауап ретінде әрекет етеді. Алайда, жалғыз, тіпті жағдайлық моральдық іс-әрекеттерден балада бірте-бірте айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынасының мүмкін сипаты туралы, оның адамдар арасындағы орны туралы түсінігі қалыптасады. Кішкентай баланың мінез-құлқы оның тілектерінен, сезімдерінен қалыптасады, және осыларға сүйене отырып, адамгершілік, тәрбиесің бастауға болады. Дегенмен, ерте жастағы бала туғаннан кейін ұзақ уақыт анасымен биологиялық байланысты ұстап тұратынын есте сақтау керек. Бұл байланыс эмоцилық тұрақтылықты, эмоцилық жайлылықты сақтауға көмектеседі, олсыз даму үйлесімі бұзылады және әлемге деген сенім қалыптаспайды (Э.Эриксон). Анаға деген бауыр басу – күрделі әлеуметтік сезім.Ғалымдар жаңа туған сәбиге тіпті мінсіз күтім жасалғанның өзінде, егер ол туған адамдарымен әлеуметтік қарым-қатынас жасамаса, онда оның дамуы тежеледі. Психологтар мен дәрігерлерге бала өзінің алғашқы өмір жылдарында анасымен аз қарым-қатынас жасаса, баланың психологиялық дамуы бұрмаланған кездері аз емес екендігі белгілі. Н.М.Щелованов «госпитализм» құбылысын белгіледі, яғни ол — тәрбиелеу жетіспеген жағдайда ерте жаста балалардың дамуындағы кешігу. Бала әлсіз, немқұрайлы болады; табиғи қызығушылық және эмоционалдық тұрғыдан төмендейді. Н.М. Щелованов бұл құбылысты балалар үйінде (1930- жж.) бақылады, оның көрініс табу себебі анасының жоқтығынан емес, тиісті тәрбиелеу әсерінің және эмоцияға толы ортаны ұйымдастырудың жоқтығынан екенін дәлелдеді. Бұл ұстаным ұзақ уақыт бойы (1930—1980 жж.) көптеген елдердегі ерте жастағы баланы тәрбиелеудің педагогигикалық тұжырымдамасына тән болды. Ол әлемдік психологияға қолданысындағы «ерте айыру теориясымен» кей жерлерде қайшы келеді, оған сәйкес оның психологиялық және физиологиялық дамуы баланы анасынан айыру нәтижесінде артта қалады. Бұл көзқарастар туралы әлі де ойлану керек, өйткені онда көптеген қарама-қайшылық бар. Мысалы, А. Я. Варганың ойынша,туғаннан бастап тәуелсіз болу – дұрыс тәрбиелеудің ең басты психиологиялық заңы, және әр түрлі түсініктерді араластурудың қажеті жоқ: бір жағынан, баланың денсаулығы туралы алаңдау, күту, оны тамақпен, жылумен және т.с. қамтамассыз ету керек; бірақ екінші жағынан, ол адам (әлеуметтік) ретінде басынан бастап дербес және тәуелсіз болу керек. Мұндай дербестік болашақта оны анасынан қиналмай «кетуіне» мүмкіндік береді.



4. Мектепке дейінгі жастағы балалардың сипаттамасы.



Келесі жас кезеңі – мектепке дейінгі жас. Ол да бірнеше ұсақ кезеңдерге бөлінеді: кіші, орта, ересек жас. Мектепке дейінгі ұйымдарда бұл кезеңге бөлуге сәйкес жас топтары құрылған: кіші, ортаңғы және ересек. Мектепке дейінгі жастың басталуын 3 жастағы дағдарыспен сәйкестендіру қабылданған. Әр дағдарыстың сапалы сипаттамасы ретінде жаңалықтың пайда болуын қарастыратын болсақ, онда балада өмірінің 3 жасында қандай жаңалықтар байқалатынын анықтау керек. Ол анағұрлым епті бола бастады, жеңіл жүгіреді, әрине, екі аяқпен және өте биікке болмаса да секіреді, допты екі қолмен қабыл алады және оны кеудесіне қатты қысады, алайда 2 жасында ол бұны да істей алмаған еді. Физикалық тұрғыдан бала күштірек болғаны анық. Әрине, енді баланың денсаулығы туралы және әрі қарай физикалық дамуы туралы қамқорлық өзектілігін жоймайды, бірақ ол дербес, оның қозғалысы үлкен үйлесімділік пен және сенімділікпен ерекшеленеді. Мектепке дейінгі жастағы баланың физикалық дамуы ерте жастан қарағанда қарқынды емес. Бұл заңдылық, өйткені өскелең организм үшін сүйек жүйесінің, бұлшықетінің нығаюы, организмнің барлық өмірлік маңызды жүйелерінің ритммен жұмыс жасауы қажет. Табиғат 5-6 (7) жаста болатын келесі «секіріске» дайындала отырып, дамудың қарқынын даналықпен тұрақтандырады. Баланың физикалық дамуы бұрынғыша ақыл-ой дамуымен байланысты. Алайда ерте жаста ол дамудың барлық қырларын өз арттарынан ілестіргендей еді. Мектепке дейінгі жаста физикалық даму қажетті шарты, фоны болады, онда баланың жан-жақты дамуы жүреді. Ал ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік, яғни әлеуметтік даму жоғары қарқын алады (бұл физикалық даму әлеуметтіктен айрылған деген сөз емес). Мектепке дейінгі бала белсенді түрде өзін қоршаған әлемді таниды, бақылып отырған қүбылыстарды, жағдайларды түсініп, анықтағысы келеді. Бұл кезеңде ес, ойлау, сөйлеу, елестету белсенді дамиды. Жақсы ұйымдастырылған педагогикалық жұмыста балалар түсініктерді, қорытындыларды игереді, қорытынды жасау қабілетін бойына сіңіреді.

П.Я. Гальперин «кезеңдік әдістемеге» сүйене отырып, біз 6 — 7 жаста (тіпті 5 жаста) ... жалпы қабылданған үлгі бойынша жасөспірім жаста ойлау деңгейіне жауап беретін оқыл-ой әрекеті мен түсінігін алдық», - деп атап өтті. Бұл мәліметтерде мектепке дейінгі жастағы балалардың жоғары білімділігі туралы айтады, сондай-ақ ол әлеуметтік қабілеттері, өкінішке орай, дамымай қалатынын білдіреді. Ақылдың сергектегі, қызығушылық, жақсы ес мектепке дейінгі балаға көп қиындықсыз өмірдің келесі кезеңдерінде қайталанбайтын ақпарат толқының жинауға көмектеседі. Сонымен қатар, балалар шашыраңқы білімді ғана емес, жүйелі білімді де игеруге қабілетті екенін көрсетеді. Егер, Л. С. Выготский атап айтқандай, бала 3 жасқа дейін «жеке» бағдарлама бойынша оқитын болса (яғни сәби білім желісін қабылдап және игере алмаса және оны оқыту барысында ересектердің себептеріне ере алмаса), онда 3 жастан кейін мектепке дейінгі баланың ойлау қабілеті себеп-салдар байланысымен тәуелділікті түсіну, көрсету түрінде ұсынылса, ол оны қабылдауға дайын. Ғалымдардың ойынша егер балаға нақты, шашыранқы, бөлінген білім берсе, оның ойы да нақты болады. Бірақ қарапайым байланыстар мен тәуелділіктер туралы білім беретін болса, мектепке дейінгі бала оларды игеріп қана қоймай, өзінің ой толғамдарында, қортындыларында қолданады. «Егер адам өмірге келсе, оны құдай жаратты», - деп 5 жастағы бала терең оймен айтты. Немесе мынандай ойлар: «Ер адам баланы дүниеге әкеле алмайды. Олар әйел затына көмектесу үшін керек. Мысалы, ауыр заттарды көтеру үшін»; «Мұндай жұдырықтай жүрекпен қалай өз отбасынды қатты жақсы көруге болады?!». Қызығушылық баланы зерттеу жұмыстарына, тәжірибе жасауға (Н.Н. Поддьяков), үлкендерге сұрақ қоюға итермелейді. Сұрақтар сипаты бойынша бала дамудың қандай деңгейінде екенін білуге болады. Мектепке дейінгі баланың алғашқы сұрақтары өзін қоршаған ортаны тану қызығушылығымен байланысты. Сондықтан балалардың сұрағы көбінесе сұрау сөздерініне басталады («Не, Кім бұл?», «Бұл қалай аталады?»). Мұндай сұрақтар, әрине, әр жаңа затпен, құбылыспен, нысанмен кездескен сайын пайда болады (үлкен адамдар да осылай болады). Бірақ бұл уақытта – «не және кім» кезеңінде - себепті байланыс пен тәуелділікке қатысты сұрақ әлі туындамайды. Шамамен 4 – 5 жасқа қарай қалай? сұрақ сөзімен («Бұл қалай пайда болады?»), неге? сөзімен («Неге күн жарқырайды?», «Неге әжем жылайды?», «Неге теңіз суы тұзды?» және т.с.)байланысты сұрақтар пайда болады. Мұндағы неге? сұрағынан ересектер көбіне шаршайды, бірақ бұл сұрақтар баланың ойлауға тырысып жатқанын, баланың танып білуге деген құштарлығын білдіреді. Егер ересектер бұл сұрақтарға қажетті түрде көңіл бөлмесе, танымдық қызығушылық бірте-бірте төмендейді және немқұрайлық пайда болады. Алайда мектепке дейінге балалықтың ерекше өзгешелігі тануға, қызығуға деген мүддесі тұрақты сипаттау болып табылады. Бұл қызығушылықты төмендету үшін ересек адамдар өте «тырысуы керек». Өкінішке орай, бұл осылай болады! Бала танысатын әлеуметтік әлем нысандарының арасында оның өзі де бар. Мектепке дейінгі бала өзіне, өзінің организміне, өзінің жынысына, өзінің сезімдеріне, уайымына қызығушылық танытады. Психологтар бұны өзін-өзі танудың дамуы деп атайды. Бала ересек мектепке дейінгі жаста өзі туралы көп нәрсені біледі, ерікті әрекеттің көрінуіне әкеп соғатын жеке сезімдері мен мінез-құлқын басқара алады. Мектепке дейінгі балалар қиялға берілгіш, ойлап тапқыш, бір нәрсені елестеткіш болып келетіні бәрімізге белгілі. Олардың қиялына шек жоқ сияқты? «Мен Лиза емеспін, мен Пакахонтаспын», — деп бір қыз бала жария салды. Сол сәтте онымен Пакахонтас ретінде сөйлессең: «Жоқ, мен енді Пакахонтас емеспін, мен Гертамын», - дегенді естисің. Үнемі осылай. Бала үнемі оны қызықтыратын бейнелер әлемінде болады; сурет салады, өз әндерін ойлап табады және т.с. Бұл шығармашылық тұлғаны дамыту үшін өте пайдалы. «Шығармашылыққа бейім бала, шығармашылық тұлға, - деп жазады Н. Н. Поддьяков, — бұл мектепке дейінгі баланың бүкіл өмір салтының нәтижесі, ересектермен қарым-қатынасының және бірлескен әрекетінің нәтижесі, өзінің жеке белсенділігін нәтижесі».

Мектепке дейінгі жастағы балада қиял дамиды. Қиял үшін материал болып ол игеретін қоршаған орта туралы білімі қызмет етеді. Шыны керек, көп нәрсе бұл білімнің қалай игерілуіне байланысты — есте сақтау жолымен бе немесе бейнелеу, көру, түсіну жолымен бе. Баланың қиялы ересек адамының қиялынан анағұрлым кедей болса да, дамушы тұлға үшін бұл бай «құрылыс» материалы, одан интеллект пен эмоция ғимараттары салынады. Балалар жеке сөз қорларын белсенді кеңейтеді, бұл өте маңызды, олардың мағынасына көңіл бөледі, олар жаңа сөздердің мағынасын түсіндіруге тырысады, 4 – 5 жастағы мектепке дейінгі балаларға сай сөз шығармашылығы қалыпты дамудың көрсеткіші болып табылады және кішкентай адамда шығармашылықтың бастауы бар екені туралы дәлел болып табылады. Мектепке дейінгі жастың жетістігі іс-әрекеттің әр түрлері дамуы болып табылады: ойын, сурет салу, еңбек. Оқу әрекеті дами бастайды. Әрине, басты, жетекші әрекет – бұл ойын. Ерте жастағы баланың қалай ойнағанынмен салыстыратын болсақ, онда ойын сюжет бойынша, роль бойынша әр түрлі бола бастағанын атап өту керек. Енді ойын ұзағырақ бола бастады. Бала ойында өз ортасында көргенін ғана емес, сонымен қатар оған оқып бергенді де, қатарластыры мен үлкен балалардан естігінін де және т.с қолдана бастайды. Ойын баланың ересектер әлемін тануда қажеттілігін қанағаттандырады және өз сезімдері мен қарым-қатынасын көрсету мүмкіндігін береді. 3 жастағы бала рахаттанып, еңбек тапсырмасын орындайды, ересектерге барлық үй істеріне, мысалы, ыдыстарды жуу, тазалау, жууға көмектесуге тырысады: Әйгілі «Мен - өзім»! деген сөздер жұмысқа деген ниетіне айналуы мүмкін, бірақ ол өшіп,қайта қалпына келмейді. Бұл ересектердің баланың тәуелсіздік көріністеріне қатынасына байланысты.Ал, мектепке дейінгі жастағы бала еңбек жасауға қабілетті, ол өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасаудан (ересектердің басшылығымен), өз-өзіне қызмет көрсете алудан (өзін киіндіреді, өзі тамақ жейді), тапсырмаларды орындаудан көрінуі мүмкін. Ақыл-ой жұмысына да қызығушылық туындайды. Мектепте оқуға дайындық біртіндеп қалыптасады. Эмоциялық саланың даму сипаты сапалы түрде өзгеруде. Л.С. Выготскийдің айтуынша, 5 жасына қарай, «сезімнің интеллектуализациясы» орын алады: баланың өз күйзелістері менбасқа адамның эмоционалдық жағдайын сезінуге, түсінуге және оны айта білуге қабілетті бола бастайды. Өз құрдастарымен қарым-қатынастары да өзгереді. Балалар бірге ойнау, ойларымен, әсерлерімен бөлісу мүмкіндігі үшін бірбірімен бірге болған уақытты бағалай бастайды. Олар қақтығыстарды әділ шешуге үйренеді; бір-біріне тілектестікті білдіреді. Достық пайда болады. Көбінесе бір жыныстағы балалар бір-бірімен дос болады, алайда кейбір жағдайда ер балалар мен қыз балалардың арасында да достық қарым-қатынас байқалады. Оң көріністермен қатар, жаман ойлаушылық,кейде дөрекілік, араласқысы келмеушілік жағдайы да кездеседі. Зерттеушілер өтірік сынды құбылысты да атап өтеді. Әрине, өтіріктің пайда болу себептері әртүрлі, бірақ ол көбінесе дұрыс тәрбие алмауға және балалар еліктейтін ересектер мінез-құлқымен де байланысты болады. Жеке абырой сезімі дамиды, ол кейде көтеріңкі ашушаңшылықтан көрінеді және кейбір жағдайда балалар арасындағы ұрыстың себебі болады. Бірақ сол арада бұл балаға кейін кішкене ересерек кезінде жақсы қызмет атқаратын өте маңызды сезім болып табылады. Бала табиғатына қарай оптимистті және көңілді болып келеді. Алайда 5 жасқа қарай, зерттеулердің көрсетуінше, балалардың барлығы әлемді оптимистік сезіне бермейді. Бұл өзін қабылдаудағы, өзін-өзі танытудағы қажеттіліктерге қанағаттанбауына байланысты болуы мүмкін. Уақыт өткен сайын бала біршама өз бетінше бола бастайды. Онда қалаған мақсатына жету үшін ерік күшінің көру қабілеті қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі бала өзінің ересектерге және балаларға деген қатынасын білдіру формаларын игереді. Онда жақын адамдарына, өзінің отбасына деген жақындық айқын және саналырақ біліне бастайды. Психологтар ситуациядан тыс-тұлғалық деп атайтын қарым-қатынастың жаңа түрі пайда болады. Бала басқа адамдарға, олардың әлеміндегі жаңа құндылықтарға бағыттала бастайды. Мінез-құлық пен өзара қатынас нормаларын игереді. Оған ересектер ортасымен қатар, балалардың ортасы да маңызды болады, себебі олардың әрқайсысы жеке өзінше әлеуметтік тәжірибесін байытады.



5. Мектепалды жасындағы балалар.



Мектепке дейінгі жастың соңына қарай баланың әлеуметтік тәжірибесі «көптүсті» болады, онда өмірінің алғашқы 5-6 жасында тәрбие сипаты көрінеді. Мектеп жасына дейінгі бала мейірімділікке ашық және ізгілік жасауға қабілетті болады, ал оның теріс көріністеріне өзгеріссіз тұрақты форма тән емес. Мектеп жасына дейінгі балаға жалпы сипаттама бере отырып, оның дамуы бірнеше бағыт бойынша жүзеге асатынын атап өту керек. Дене бітімі; ақыл-ой; эстетикалық; адамгершілік дамуын; эмоциялардың; еріктің; интеллектінің дамуын; өмір белсенділігінің формасы ретіндегі әрекет етудің дамуын белгілеуге болады. Әр аталған бағытта баланың әлеуметтік жан ретіндегі қалыптасуының динамикасы байқалады. 5-6 жасқа қарай мектепте жүйелі оқуға дайындығы қалыптасады. Біз бала туралы оның педагогикалық ғылымның объектісі ретінде айтқанда, жас ерекшелігі мен дамуының негізгі желілерін біліп, ескеріп қана қою маңызды емес. «Бала» деген жалпыланған сөз ол ер бала немесе қыз бала болуы мүмкін дегенді білдіреді. Табиғат барлық тірі жанды ер және әйел бастауы деп екіге даналықпен бөлді. Ерлер мен әйелдердің болуы – адамзаттың өмір сүруінің қажетті жағдайы. Және олар – ерлер мен әйелдер – өте әртүрлі. Сондықтан, ер балалар мен қыз балалар да бірдей бола алмайды. Психологтар, нейрофизиологтар олар неге әртүрлі және бұл айырмашылық нақты неден құралады деген сұраққа жауап іздейді. Педагогтер де өз кезегінде оларды қалай тәрбиелеуге болады, оларды бірдей бағдарламалармен оқытуға болады ма немесе әртүрлі құрастыру керек пе деген сұрақтар қояды. Педагогиканың нейропедагогика деген жаңа саласы туындайды, ол өзіне әр түрлі жыныстағы балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жаңа тәсілдерді әзірлеу міндеттерін қояды. Айырмашылықтар туған кезде-ақ байқалады. Әдеттегідей, ер балалар қыз балаларға қарағанда, жоғары салмақпен туады, бірақ орнына қыз балалар дамуында ер балалардан 3-4 апта алда болады, бұл жағдай олардың жыныстық жетілуінің тезірек өтуіне, ал балалық шағы ер балаларға қарағанда, шамамен екі жылға қысқарақ болуына әкеледі.ойлау, сөйлеу, қиялдау, эмоционалдық саланың дамуы әр түрлі өтеді. Мысалы, ер балаларға ұзақ «ақыл айтудың» пайдасы жоқ. Олар ересек адамдардың әңгімесінің мәнін тез ұғады, бірден жауап береді, ал біздің кейінгі ұзақ ақыл айтуымызды қарапайым айтқанда, тыңдамайды және тиісті жағдайға мүлдем қатысы жоқ сұрақ қоюы мүмкін. Анасы, тәрбиешісі тәрбие беретін әрекеттерге осындай назарсыз қарауына ызаланады. Ал ызаланудың жөні жоқ, ер балағақыз балаға сияқты ұрсуға да, мақтауға болмайтынын түсіну керек. Ғалымдар (Т.П.Хризман, В.Д.Еремеева және т.б.) ер балаларға дамудың барлық кезеңдерінде оң эмоцияның, жылы сөздің, көзқарастың, сипаудың жетіспейтіндігін дәлелдеді. «Ер адамды» тәрбиелеуге тырыса отырып, біз қатты, кейде ашулы қанағаттанбаған адамды тәрбиелейміз. Және те оған себеп – балалық шақта махаббат пен оның көріну формаларының жеткіліксіздігі. Қыздар да, ұлдар да мақтағанды ұнатады. Алайда ер балаларға - оларды не үшін мақтағанын, ал қыздарға кім мақтағанын және кімнің қатысуында мақталғандығын білу маңызды. Әрине, кейде керісінше болады, бірақ та сыртқы әрекеттерге жауап беруде белгілі заңдылық бар. Әртүрлі жыныстағы балаларда танымдық үдерістер түрлі дамиды. Белгілі бір пәнде немесе объектіде оларды әр түрлі нәрсе қызықтырады. Ер балаларды- көліктің маркасы, оның техникалық сипаттары, ал қыздарды сыртқы келбеті, көлікті айдау мүмкіншілігі, әр түрлі түймешіктерді басу қызықтырады. Ер балаларды батырлардың атақты ерліктері, ал қыздарды ренжу, қынжылу және т.б. себептері қызықтырады. Ерекшеліктері көп, олар барлық тұрғыда көрінеді. Оларды балаларды зерделеу және тәрбиелеу және оқыту үдерістерін ұйымдастыру барысында елемеуге және ескермеуге болмайды. Балалар бір-бірінен жынысымен ғана ерекшеленбейді. Олар темпераментіне, қалыптасқан мінезіне, игерілген өмірлік тәжірибесіне және т.б. қарай әртүрлі. Барлық осы айырмашылықтар ойшыл тәрбиешіні тәрбиені жеке-дара ұйымдастыру амалына бағыттайды. Баланың дамуына назар аудару, оның жеке ерекшеліктерін ескеру ғажайыптар туғызады. Осының арқасында олигофрения диагнозын – ақыл-ой кемтарлығын жеңген жағдайлар да болғаны белгілі. Тек қана жеңген жоқ, сонымен қатар, баланың жоғары интеллектуалдық дамуына ықпал етті. (Александр Русанов туа сала, дәрігерлер осы қорқынышты диагнозды – олигрофенияны қойды. Бірақ ата-анасы мойымады, олар ұлы үшін күресті. Нәтижесінде Саша 13 жасында мектепті бітірді, 19-ында дәрігер дипломын алып, бүгінгі күні өз бағдарламасы бойынша өз қызын тәрбиелеуде.) Бірде Ролан Быков байқап қалды: «Мен бала олигрофениясына күмәндана бастадым. 70 пайызға – бұл қаралмаған балалар...». Өкінішке орай, сараланған-жеке тәсіл дамуында артта қалған балаларға «жедел жәрдем» ретінде ғана түсініледі.Осы арада әр балаға назар аудару қажет. Ол қабілетті, дарынды балаларға да кем дәрежеде қажет емес. Жақсы дамыған балаларға деген абай-татулықтың арқасында (неге уайымдаймыз, ол жақсы дамыған!) біз көбінесе даму қарқынын жасанды түрде тоқтатамыз, маңызды сезімтал кезеңдерді өткізіп аламыз, баланы «орташа» етіп, оны бәріне ұқсас етеміз. Жеке дара қарау дамыту бағдарламасын таңдап алудан, әсер ету әдістерін саралаудан, қарым-қатынас жасау тәсілдерін анықтаудан және т.б. көрінеді.

Осы бөлімде айтылғандардың барлығы болашақ тәрбиешілерді педагогиканың нысаны – бала күрделі, қызық және тым нәзік жан екеніне бағыттау керек. Оны зерделеу, тәрбие беру және оқыту үдерістерін ұйымдастыру барысында зиян келтірмеу керектігін есте сақтау өте маңызды.Дамуға кедергі жасаудан қорық, Адам атты әдемі жан өсетін бүршікті құртып алма!











































ІV ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЛАРЫ

1. Фактор дегеніміз не?



Біраз уақыт бұрын ғылымда адамның дамуы, индивидтің тұлғаға айналуы қандай факторлардың әсерінен болатыны туралы даулар туындады. Бүгінде ғалымдар өз ұстанымдарын біріктіретін көп дәлелдер тапты.

Бірақ фактор дегеніміз не? Латын тілінен аударғанда factor— жасаушы, өндіруші. Қозғайтын күш, кез-келген үдерістің, құбылыстардың себебі. Егер осы анықтамаға сүйенсек, онда ғалымдардың даулы мәселесі жеке тұлғаның қалыптасуына негіз болатын себептерді түсіндіру болды (және шын мәнінде).

Үш фактор бөлініп шығады: адамның дамуы тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің әсерінен болады. Оларды екі үлкен топқа біріктіруге болады — дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары. Егер соңғы көзқарастарды жоққа шығарсақ, басымдылық біреуіне ғана берілгенде, онда ғылыми даулардың мәні факторлардың қатынасын қалай анықтау керектігінде болады: олардың қайсысының әсерімен даму ауқымды түрде жүреді. Әр факторды жеке-жеке қарастырайық.

Тұқым қуалаушылық ата-анасынан балаларына беріледі, гендерге енгізілген. Тұқым қуалаушылық бағдарламасы тұрақты және өзгермелі болып екіге бөлінеді. Тұрақты бөлігі адамды адам болып, адамзат өкілі болып туылуын қамтамассыз етеді. Өзгермелі бөлігі адамды оның ата-анасымен туыстандырады. Бұл сыртқы белгілері болуы мүмкін: дене құрылысы, көзінің, терісінің, шашының түсі, қан тобы, нақты ауруларға биімділігі, жүйке жүйесінің ерекшелігі. Бұндай даусыз фактілер ешкімнің күдігін туғызбайды: балалар өз ата–аналарына, өз тегіне ұқсайды. Олай болмаған жағдайда таңданыс тудырады, өйткені сыртқы ұқсастықты адамдар бір тектің міндетті белгілері ретінде қабылдайды. Бірақ түрлі көзқарастың мәні моральдық, интеллектуалдық қасиеттердің, арнайы қабілеттердің (қандайда бір іс-әрекетке қабілеттіліктер) тұқым қуалауы туралы мәселе болып табылады. Қабілеттілігі немесе бейімділігі беріледі ме екен?

Көптеген шетел ғалымдары (М.Монтессори, Э. Фромм, К.Лоренц және т.б.) интеллектуалдық қана емес моральдық қасиеттер тұқым қуалау арқылы берілетініне сенеді. Отандық ғалымдар ұзақ жылдар бойы қарсы көзқарасты ұстанды: тек биологиялық тұқым қуалаушылықты мойындады, ал басқа санаттар – мораль, интеллект - әлеуметтендіру үдерісінде иелінеді деп есептеген. Алайда академиктер Н.М. Амосов және П.К. Анохин адамгершілік қасиеттерді мұралану немесе кез келген жағдайда баланың агрессияға, қатігездікке, еріксіздікке тұқым қуалаушылық биімділігі пайдасына өз ойын білдіреді. Бұл күрделі мәселе әлі күнге дейін бір жақты шешімін таппаған. Алайда генетикалық және туа біткен тұқым қуалаушылықты ажырата білу керек. Ұрықтың даму ерекшелегіндегі аздаған кездейсоқ ауытқулар дамудын бағытын да, сапасын да өзгертуі мүмкін. Соңғы жылдары педагогикада жана сала – пренаталдық педагогика пайда болды. Оның пайда болуы ғалымдардың ұрықтың дамуына әсер ету мүмкіндігін анықтауымен байланысты. Бұл ретте болашақ сәбидің денсаулығына ғана емес, оның эмоционалдық ортасына, ал ол арқылы эстетикалық және интеллектуалдық дамуына әсер етуге болатыны атап өтілген. Әлі туылмаған балаға анасының өмір сүру салты, оның эмоционалдық жағдайы, ұрықпен әңгімелесуі арқылы әсер ету мүмкіндігі туралы дәлелдейтін ғылыми мәліметтер негізінде педагогикалық стратегия әзірлене бастады. Болашақ анаға жиі оң сезімдерді сезіну, ән тындау, өлең оқу ұсынылады. Құрсақтағы баламен әңгімелесу өте пайдалы. Егер екі ата-анасыныңда дауысын еститін болса бқдан да жақсы болады. Бала анасы мен әкесінің дауысына үйренеді және туғаннан кейін оларды танып, естіген кезде тынышталады. Бұл жағдайда бала туа біткен қасиеттермен туады. Бірақ генетикалық та, туа біткен қасиеттер де өзгермейді деп есептемеу керек. Өмір үдерісінде туа біткен және тұқым қуалаушылық дағдылар өзгеруі мүмкін.

«Менің ойымша, — деп жазады жапон ғалымы Масару Ибука, — бала дамуында тұқым қуалаушылықтан гөрі білім беру және орта үлкен рөл атқарады. Баланың әлеуеттік мүмкіндіктерін қандай білім беру және қандай орта дұрыс дамытады, мәселе сонда».

Сонымен, баланың дамуына тек тұқым қуалаушылық қана емес орта да әсер етеді. «Орта» ұғымы кең және тар мағынада қарастырылуы мүмкін. Кең мағынада орта дегеніміз – бала өсіп келе жатқан климаттық, табиғи жағдайлар. Бұл - мемлекеттің қоғамдық құрылымы, және баланың дамуы үшін ол жасайтын жағдайлар, сондай-ақ халықтың мәдениеті мен тұрмысы, дәстүрі, әдет-ғұрпы. Осындай ұғымдағы орта әлеуметтендірудің жетістігі мен бағытына әсер етеді. Бірақ орта ұғымына және оның адамның тұлға болып қалыптасуына әсер етуіне тар түсінік те бар. Осы тәсілге сәйкес орта - бұл тікелей заттық қоршаған орта. Бала дүниеге келген сәттен бастап оны көптеген заттар қоршайды. Заттар оған әлеуметтік әлемді тануға және дамуға көмектеседі.

Профессор Брунер Америкада мынадай тәжірибе жасады: жаңа туған балалар тобын төбесі мен қабырғалары ақ, сыртқы шудан оқшаулаған бөлмеде бірнеше айға орналастырды. Басқа жаңа туған балалар тобы осы уақытта қарапайым жағдайда – түсті қағаз жапсырылған, түрлі-түсті төбесі, ойыншықтары бар және т.с. бөлмеде өмір сүрді. Тәжірибенің соңында баланың инталлектуалдық даму деңгейін зерделеуге тест жүргізілді. Ақ, бос бөлмедегі балалар өз дамуында қарапайым топтағы балалардан 3 айға артта қалып қойғаны белгілі болды, бұл осы жас үшін айтарлықтай көп. Бұл тәжірибе баланың жан-жақты даму деңгейіне ортаның айтарлықтай әсер ететінін сенімді дәлелдеді.

Заманауи педагогикада «дамытушы орта» деген түсінік бар (В. А.Петровский). Дамытушы орта астарында тек заттық толықтыру түсіндірілмейді. Ол балаға анағұрлым тиімді әсер етуі үшін ерекше түрде құрылуы қажет. Педагогикада орта тәрбиелеу факторы ретінде сөз болғанда, бұл дегеніміз сонымен қоса адамның ортасы, ондағы өзара қарым- қатынастың және іс-әрекеттің қабылданған нормалары. Көбінесе ортаның (көшенің) теріс әсері байқалады, бұл оның еліктеу үшін теріс үлгілірімен қанықтылығына байланысты. Орта тұлғаны дамыту факторы ретінде айтарлықтай маңызға ие: ол балаға әлеуметтік құбылысты әр тараптан көруге мүмкіндік береді. Әдетте оның әсері педагогикалық басқаруға көп берілмейтін стихиялық сипатта болады, әрине, бұл тұлғаны қалыптастыру жолында көптеген қиындыққа әкеледі. Бірақ оны ортадан оқшаулауға болмайды. Үлкендердің «баланы қатаң бақылауда ұстауға», әлеуметтің ортадан шектеуге кез келген ұмтылысы, ол қандайда бір көрініс алғанымен (бөтен адамдармен әңгімелесуді шектеу, таным нысандарын тарылту және т.б.) әлеуметтік дамуының арта қалуына ұрындыруы мүмкін Ортаның тұлға қалыптасуына әсері адамның барлық өмір жолында тұрақты түрде болады. Айырмашылық тек осы әсерді қабылдау дәрежесінде ғана. Жылдар өткен сайын адам оны сүзгіден өткізіп, интуитивті бір ықпалға беріліп, және басқа әсерлерден жалтару мүмкіндігін игереді. Кішкентай бала үшін нақты жасқа дейін мұндай сүзгінің қызметін үлкендер атқарады. Орта дамуды тежеуі мүмкін және де оны белсенді етуі де мүмкін, бірақ дамуға қатыспауы мүмкін емес.



2. «Үштен кейін кеш». Масару Ибуканың бала тәрбиесі, оның дамуындағы түрлі факторлар туралы ойлары.

Бала тәрбиесі, оның дамуының түрлі факторлары туралы көп ойланып жүрсіз бе? Олай болса, Жапониядағы әйгілі бизнесмен, жапон дарынды балаларын тәрбиелеуші, “Sony” корпорациясының негізін қалаушы Масару Ибуканың “Үштен кейін кеш” (“Kindergarten Is Too Late” by Masaru Ibuka) атты кітабында бөліскен ойларына көз жүгіртіп өтейік.

М.Ибуканың пікіріне сүйенсек, бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өз борыштарын атқаруға кіріседі. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу жолында әр түрлі қиындықтарға да тап болады. Жан-жақты дамуға ат салысады. Кез-келген ата-ана баласынының алғыр, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар, сабырлы, байсалды, ақылды, ашық мінезді, аңғарғыш және өз-өзіне сенімі мол етіп өсіргісі келеді. Өйткені отбасының міндеті - баланы дүниеге келтіру ғана емес, оған мәдени-әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабаның, ұлылардың ақыл-кеңесін бойына сіңіру, қоршаған ортаға, адамзатқа, қоғамға өз пайдасын тигізу, ал ең бастысы оны адам қылып тәрбиелеу. Өкінішке орай баласының ақыл-ойын, санасын қалай қалыптастыруды әркім біле бермейді.
Автор «Үштен кейін кеш» атты кітабында бала тәрбиесі мен дамуының ерте кезінде қалыптастыру керек екенін айтады. Бірінші үш жылдық бала зияттылығының (интеллектуалдылығының) қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Жан-жақты даму кезеңінде әр күн маңызды болып саналады. Баланы жастан дейтін едік, дұрыс емес, баланы бесіктен де емес, құрсақтан тәрбиелеу керек. Біздің қалыптасқан дағдымыз бойынша адам тәрбиені жүре келе, қоғамнан жинақтайтын тәрізді. Алайда, құрсақтағы баланың өзі анасынан тәрбие ала бастайды. Автордың пікірі бойынша кішкентай балалар кез-келген нәрсені тез қабылдап алады. Бала тәрбиесін ерте кезден дамыту үшін өте қарапайым, түсінікті әдістерді ұсынады және оған қоршаған орта үлкен ықпалын тигізеді, - дейді Масару Ибука. Оның ойынша, үлкендер әрең қабылдап, ұғатын нәрсені, кішкентайлар ойнап жүріп қабылдайды. Бүгінгі таңда ана мен бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек. Сонда ғана жастар жанашыр және бауырмал болады. Автордың да негізгі ойы мынада жатыр: ерте кезеңде дұрыс қалыптасқан тәрбие - надандық, сауатсыздық, өзіңе деген сенімсіздікті жояды, сол арқылы кедейшілік, өшпенділік, қылмыс азаю жолына түсер.
Масару Ибуканың айтуынша, ең қиыны шет тілдерін үйрену, скрипкада ойнау, оқып үйрену. Ал балалар үшін бұл қиын жағдай емес. Мен айқын мысал бола аламын дейді, әр континентте мұғалім болғаннан кейін, тілдерді үйренуге мәжбүр болдым, шындығына келгенде тек ана тілімді білдім. Музыканы сүйемін, бірақ бірде-бір аспапта ойнай алмаймын, бірде-бір әуен де білмеймін.
Біздің балаларымыз бірнеше тілде еркін сөйлесе алу үшін, скрипка, фортепианода ойнай алу үшін, жузе алу үшін, аттың құлағында ойнау үшін және бұның барлығы кәсіби деңгейде болу үшін-оларды жақсы көру керек(әдеттегідей), сыйлау керек(анда-санда емес), үйреткіміз келген нәрсеге толық билік беруіміз керек. Егер әр бала бірнеше тіл білсе, өнер жолынан хабары болса, ересек жасқа жетпей ғылым негізін оқып, кейінгі өмірінің жылдарын лингвистикага, дінге, этикаға, философияға, өнерге, ғылымға арнаса, одан әлем бақыттырақ, қауіпсіз болушы еді.
Егер балалардың оқуға деген ынтасы ойыншықтармен, ойын-сауықтармен көмілмей, керісінше, қолдау табылып отырса, әлем қандай бояулармен өзгерер еді. Егер үш жасар баланың танып-білуге деген құштарлығы циркке барумен, Микки-Мауспен шектелмей, Микеланджело, Мане, Рембранд, Ренуар, Леонардо да Винчидің шығармаларымен де үгіттелгенде мына әлем қандай болары белгілі еді. Өйткені кішкентай баланың әлемді танып-білуге деген құлшынысы өте зор және ең бастысы ненің жаман, ненің жақсы екенін білмейді ғой!
Масару Ибуканың айтқанына қандай негізде сенуге болады? – деген бағытта сұрақтар туындауы мүмкін.

- Біріншіден, 1947 жылы елі қиын жағдайдан шыға алмай отырғанда, автор өзінің үш серіктесімен және 700 доллармен фирма құрды, кейіннен оның атын «Sony» деп қойды. Ол - Жапонияны құлаған жерінен әлемге атақты еткендердің бірі болған кемеңгер.
- Екіншіден, ол сөзбен емес, іспен көрсетеді. «Дарындарды оқыту» ұйымының директоры және ертеден дамыту қауымдастығының (ассоциация) директоры міндетін орындаушы ретінде Мацумотода осы кітапта жазылған әдістер бойынша мыңдаған жапон балаларының оқуына мүмкіндік сыйлап отыр. Масару Ибука бала тәрбиесінің мазмұнын емес, әдісін өзгертуді ұсынады.
Автор нәрестеге білім мен қоршаған орта қандай үлкен әсер ететіні туралы көп ойланады. Бұл мәселе жекелеген балаларға ғана қатысты емес, бүкіл әлемнің денсаулығы мен бақыты үшін де маңызы зор. «Жұмыс барысында, - дейді, адамдар балаларының тәрбиесіне деген дәстүрлі әдістері жақсы емес екендігін аңғардық. Біз балалар туралы бәрін білеміз деп санаймыз, ал негізі олардың мүмкіндіктері қандай екенін де есепке алмаймыз. Біз оларға назарды үш жастан кейін бөлеміз, біле білсеңіздер қазіргі заманғы зерттеулерге сүйенсек, үш жасқа дейін баланың алдыңғы миының клеткалары 70-80% дейін қалыптасып қояды. Бұл біз бала тәрбиесін ерте кезеңдерден, нақты айтсақ үшке дейінгі жасқа арнауымыз керек емес пе деген сөз?!»
Ерте даму кезеңінде құрсақтағы баланы сандармен, әріптермен күштеу емес, тек дәл уақытында жаңа әдістерді үйрету. Күні бойы баланы қарайтын адам, яғни, анасы, осы дәл уақытты зерделейді.
Бір жағынан, мидың физиологиялық зерттеулері, басқа жағынан балалар психологиясы баланың ақыл-ой қабілетінің даму кілтін тапты, ол үш жас аралығындағы баланың танып-білудегі жеке тәжірибесі, яғни, мидың клеткалары дамитын кезеңде.
Ешбір бала кемеңгер(гений) болып, не ақымақ болып туылмайды. Барлығы бала өмірінің шешуші сәтіндегі, яғни алдыңғы мидың даму кезеңінің деңгейі мен стимуляциясына байланысты. Бұл үш жасқа дейінгі уақыт. Бала-бақшадағы тәрбие кеш болады.
Ерте дамутудың негізгі мақсаты - бақытсыз балаларды болдырмау. Балаға жақсы әуенді тыңдату және скрипкада ойнату, бұның барлығы одан атақты музыкант шығару үшін емес. Оған шет тілдерін данышпан лингвист болу үшін емес, тіпті оны бала бақшаға не мектепке жақсы дайындау үшін емес. Ең бастысы баланың шексіз әлеуетті (потенциалды) мүмкіндіктерін дамыту, сол арқылы оған және әлемге улкен қуаныш сыйлау. Нәрестенің әлеуетті мүмкіндіктері мол. Өйткені, ол дәрменсіз, нақ осы қасиеті үшін оның мүмкіндіктері зор.
Бір қызық жайт, хайуандардың балаларында ми туа біткеннен қалыптасса, адамдардың баласында жүре қалыптасады. Адамның миын таза қағаз беті деп алсақ, осы қағаз немен толтырылғанына қарай, баланың қаншалықты дарынды болып шығатынын білеміз.
Үш жасқа дейін тәрбие берілмесе, одан кейін қанша тырысса да қиынға соғады дейді автор. Сабаққа барған кезде, бірдеңе үйрету мақсатында, баяғы мейірбан, сабырлы ата-ана бірден, ашушаң, қатал болып кетеді. Бұдан, шығаратын қорытынды, барлығы керісінше болу керек. Жасынан қатал да жұмсақ болып, кейін оңды-солды танығанда, оның бостандығына ерік беру керек. Керек уақытта араласпай, кейіннен балаға қысым түсірсек, оның талантын жойып, қарсылық көрсету де ғажап емес.
Бейбіт заман орнауы бізге байланысты емес, ұрпаққа, яғни, жөргектегі нәрестеге байланысты. «Мен, ерте кезеңдегі даму жайында артық айтпадым, мүмкін көптеген сыншыларға да тап болармын, бірақ осы кітапты оқып, кез-келген ата-ана баласына ерте тәрбие бере алса, әсіресе үш жасқа дейін, онда мен - өз мақсатыма жеттім», - дейді Масару Ибука.



  1. Тәрбиелеу – бала тұлғасының қалыптасуына әсер ететін фактор ретінде.



Тұлғаның қалыптасуына әсер ететің үшінші фактор – бұл тәрбиелеу. Алғашқы екі факторға қарағанда ол әркез мақсатты, саналы (тәрбиелеу тарапынан болса да) сипатта болады. Тұлғаны дамыту факторы ретінде тәрбиелеудің екінші ерекшелігі даму жүріп жатқан халықтың, қоғамның, әлеуметтікмәдени құндылықтарына әркез сәйкес келуі болып табылады. Бұл тәрбиелеу туралы сөз болғанда, әркез оң ықпал туралы сөз деген мағына. Сонымен, тәрбие тұлғаға әсер ету жүйесін ұсынады - дара әсер ету сезілетін нәтижелерге әкелмейді.

Мектепке дейінгі педагогика саласында танымал болған отандық педагог-ғалым Р.Қ. Аралбаеваның зерттеулеріне назар аударайық. Бұл ғалымның айтуы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу жөнінде жүйелі және толыққанды түсінік алу үшін бірқатар негізгі аспектілерді (ұғымның мазмұнын, оның өзіне жақын ұғымдармен байланысын) ашайық, құрылымын (мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, түрлерін, әдістерін, құралдарын, нәтижелерін), тәрбиелеу функцияларын, мектепке дейінгі кезеңде оны жүзеге асыру ерекшеліктерін көрсетейік. Тәрбиелеу – мектепке дейінгі мекемедегі тұтас педагогикалық процестің компоненті, оны ұйымдастыру негіздері бұған дейін де талай педагог-ғалымның еңбектерінде ашылған. «Тәрбиелеу» категориясы ғылымда кең, тар және локалды мағынада қарастырылады. Тәрбиелеу (кең мағынада) – бұл жас ұрпақты өмірге және еңбекке дайындауды қамтамасыз ететіндей оған аға буынның өзінің әлеуметтік тәжірибесін беруі. Тәрбиелеу (тар мағынада) – бұл тәрбиеленушілердің тұлғалық қасиеттерін, өзіне және айналасындағыларға қарым-қатынас жүйесін қалыптастырудағы мақсатты, бағытты процесс. Локалды мағынада тәрбиелеу – баланың қандай да бір қасиетін, тәртіп әдетін қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі мекемеде білім беру процесінің теориясы мен әдістемесін қарастырғанда біз тәрбиелеудің тар мағынадағы анықтамасына сүйенеміз. Бұл анықтамада тәрбиенің негізгі функцияларының мәні – баланың дүниеге, өзіне, басқа адамдарға көзқарас жүйесін қалыптастыру, оның тұлғалық қасиеттерін, адамгершілік мәдениетінің негіздерін тәрбиелеу жатыр.

«Тәрбиелеу» ұғымы оған жақын бірқатар ұғымдармен тығыз байланысты: өзін-өзі тәрбиелеу, өзара тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу. Өзін-өзі және өзара тәрбиелеу процестері тұлғаның дамуына қызмет етеді. Олардың айырмашылығы тәрбиелеу ықпалының көзінде жатыр. Бірінші жағдайда бұл көз - баланың өзі, ал екінші жағдайда - ықпал етуші жақ ретінде басқа адамдар (балалар, үлкен адамдар) болады. Өзара тәрбиелеу - өзара ықпалдастыққа қатысушы адамдардың адамгершілік, әлеуметтік, эмоционалдық дамуға, өзара бірін-бірі байытуға, жеке тәжірибелерімен алмасуға бағытталған өзара ықпалдастық процесінде пайда болатын адамдар арасындағы қатынастардың бір түрі. Өзін-өзі тәрбиелеу - адам өзін-өзі жөнге келтіру тетіктерін белсенділендіру арқылы өзін тұлға ретінде толыққанды түрде көрсетуге бағытталған саналы іс-әрекет. Мектеп жасына дейінгі баланың өзін-өзі тәрбиелеуінің қозғаушы күші оның ісін үлкен адамдардың мақұлдауын, жұмысы мен тәртібін оң бағалауын қажет ететіндігі болып табылады. Бұл процесс жағдаятты сипатта болады және үлкен адамдар тарапынан қолдауды талап етеді. Қайта тәрбиелеу процесінің өзін-өзі және өзара тәрбиелеуден айырмашылығы бұл баланың жағымсыз істері мен тұлғалық қасиеттерін өзгертуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу көзі - баланың жағымсыз жақтарына мақсатты түрде әсер етіп өзгерте алатын үлкен адамдар. Қайта тәрбиелеу – неғұрлым күрделі процесс, өйткені тұлғаның қалыптасып қалған мінезі мен қатынастарында берік шартты рефлекстер жатыр, оларды бұзу қиынға соғады. Бұл процесс әрқашан нәтижелі бола бермейтіндігі түсінікті. Қайта тәрбиелеу, деп көрсетеді Г. М. Коджаспирова, - адамды тәрбиелеудің алдыңғы нәтижесін зерттеуге, тәртібін түзетуге, қате пікірлерін жоюға, девианттық қылықтарын болдырмауға бағытталған мақсатты тәрбиелік іс-әрекет. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиелеу процесінің өзінің құрылымы болады.

Еске түсірейік, құрылым – объектінің тұтастығын қамтамасыз ететіндей оның бөліктерінің (компоненттерінің) арасындағы берік байланыс.

Ю. К. Бабанский тәрбиелеу процесінің құрылымында алты өзара байланысты компонентті анықтайды:

1. Дем беруші-мотивациялық – мектеп жасына дейінгі баланың даму мотивациясы мен өзін-өзі жетілдіруін қалыптастыруды, дүниеге көзқарас, өзінің айналасындағылармен, басқа да адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу негіздерін қалыптастыруды көздейді.

2. Мақсатты – мектепке дейінгі балалық шақтың әртүрлі кезеңінде балаларды тәрбиелеу мақсаттарын көрсетеді.

3. Мазмұндық – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мазмұнын – мектепке дейінгі жастағы баланың үйлесімді дамуына қажетті қарым-қатынастың әлеуметтік тәжірибесінің, өзара ықпалдастықтың, өзін тұлға ретінде көрсете білу көлемін анықтайды.

4. Амалдық-әрекеттік – түрлі әдістер, ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар мен құралдар арқылы жүзеге асырылатын мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиенің процессуалды жағын сипаттайды

5. Бақылаушы-реттеуші – тәрбие процесін бақылауды және реттеуді, оның барысы мен нәтижелерін түзетуді қамтиды, тәрбиелеуде кері байланыс орнатуды қамтамасыз етеді.

6. Бағалаушы-нәтижелілік – балалардың тәрбиеленгендік деңгейін диагностикалауды қамтамасыз етеді, сәйкестік орнатады, мектепке дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің жаңа мақсаты мен міндеттерін қояды.



4. Тәрбиелеу процесінің ішінде және одан тыс туындайтын қарама-қайшылықтар – тәрбиелеу процесінің қозғаушы күштері.



Тәрбиелеу – күрделі процесс. Оның қозғаушы күштері болып осы процесстің ішінде және одан тыс туындап жататын қарама-қайшылықтар табылады. Бұл қандай қайшылықтар?

  • қоғамның балалардың тәрбиеленгендік деңгейіне қойылатын талаптары мен мектеп жасына дейінгі балалардың нақтылы деңгейінің арасындағы;

  • баланың жақсы болу, мораль нормаларына, үлкен адамдардың талаптарына сай әрекет жасау сұраныстары мен оларды қанағаттандырудың нақты мүмкіндіктері арасындағы;

  • баланың білімі мен білігі және сыртқы мақсаттардың арасындағы;

  • баланың айналасы туралы, тәртіп, қарым-қатынас нормалары мен ережелері жөніндегі бұрынғы білімі мен жаңадан алған білімдерінің арасындағы.

Мұндай қайшылықтардың болуы тәрбие процесіне қозғау салады, оның жетілуіне түрткі болады. Тәрбиелеу тұлғаға, оның дамуына, білім алуына кешенді түрде әсер етеді. Тәрбиелеу, оқыту және дамыту процестері өзара тығыз байланысты.

Мектепке дейінгі мекемеде білім беру процесінде тәрбиелеу негізінен үш функция атқарады:

1. Дидактикалық (оқытудың жетекші функциясы) – оқушылардың білім жүйесін меңгеруін, іс-әрекет тәсілдерін меңгеруді көздейді.

2. Тәрбиелік (тәрбиелеу процесіндегі жетекші функция) – балалардың айналасындағыларға, өзіне қарым-қатынас жүйесін, дүниетаным негіздерін, құндылықтарды қалыптастыру, сол сияқты мектеп жасына дейінгі баланың тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу. Бұл функция үлкен адамдар мен балалардың әртүрлі іс-әрекетте араласу процесінде, адамгершілік нормалары мен тәртіп ережелерін меңгеру процесінде жүзеге асырылады.

3. Дамытушы функция оқыту және тәрбиелеу процесінде баланың психикалық процестерін, оның қабілеттерін, педагогикалық процестің субъектісі ретінде оның шығармашылығын дамыту







































V ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.

  1. Тәрбиелеу мақсаты туралы мәлімет. Мақсаттардың жіктелуі.


Тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелеу процесінің көзделген нәтижелері мен сапасын бағалау критерийлерін анықтайды. Олар процеске динамика мен бағдар береді.Өскелең ұрпақты тәрбиелеу үдерісі әрқашан нәтиже алу ықыласымен байланысты.

Сол – соңғы нәтиже үшін педагогикалық ғылымның теориясы, жүйесі, технологиялары жасалып, практикамен тексеріледі, бекітіледі. Сөйтіп, тәрбие беру мақсаты – адам тұлғасының қалыптасуына бағытталған қызметтің күтілетін нәтижесі. Мақсат осындай әрекеттің мотиві болып табылады.

Педагогикада тәрбиелеудің мақсаттары тұлғаны тәрбиелеудің соңғы нәтижелерінің моделі түрінде ашылады. Сонымен бірге тұлғаны тәрбиелеудің аяқталғандығы шартты жағдай, өйткені, адам өмір бойы өзгереді, дамиды. Тәрбиеленгендіктің, білімділіктің, дамығандықтың нәтижесі әрбір жас кезеңімен және бұл процестің нәтижелілігінің жас ерекшелік критерийлерімен байланысты болуы мүмкін. Тәрбиелеу мақсаты оның мазмұнына, түрлеріне, әдістеріне, құралдарына бағдарлық әсер береді, тәрбиелеу бағдарламаларының бағытын анықтайды, процестің қажетті нәтижесін көрсетеді.

Тәрбиелеу мақсаттары, О. П. Морозова көрсеткендей, әртүрлі негіз бойынша жіктелуі мүмкін:

  • мақсаттың масштабына қарай - стратегиялық (глобалдық), тактикалық, стратегиялық, локалдық түрде;

  • нақтылық дәрежесіне қарай – нақтылы, жақын, тікелей;

  • уақытша негізіне қарай – қашық, жақын, тікелей;

  • мазмұнына қарай – физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік-адамгершілік, эстетикалық тәрбие мақсаттары;

  • тұлғаға ықпал ету сипатына қарай – дидактикалық (оқытушылық), тәрбиелік, дамытушылық, түзетушілік.

Тәрбиелеу мақсаттары мемлекеттік заңнамамен заңдастырылған мемлекеттік жалпыға білім беру міндетті стандарттарымен тығыз байланысты. Педагогикалық мақсаттар ҚР «Білім туралы» Заңы арқылы өтеді, бала құқығы туралы Конвенциямен, бала құқығы туралы Заңмен анықталады. Мектепке дейін білім беру мақсаттары мектепке дейінгі Тұжырымдамада көрсетілген. Бұл нормативтік құжаттарда мектепке дейін тәрбие берудің жалпыланған (глобалды, идеалды) мақсаттары белгіленген және диагностикалау көрінісін береді. «Білім туралы» Заңда мектепке дейінгі білім берудің мақсаты мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу, денсаулығын сақтау және нығайту, олардың жеке қабілеттерін дамыту, дамуындағы кемшіліктерін түзету.

Тәрбиенің мақсаты әлеуметтік сұраныспен анықталады және мемлекеттік құжаттарда көрсетіледі. Ол жалпылама сипатта болады және нақтылауға жатады. Бұл мақсаттар диагностикалық сипатта болады, олар бойынша нағыз жетістікке жетудің анық және нақты критерийлері мен көрсеткіштері жасалуы мүмкін. Көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің жалпыланған мақсаты оның жүзеге аспайтындығынан, жүзеге асырудың қандай да бір құқықтық, әлеуметтік, экономикалық жағдайларға байланысты педагогикалық практикада жетіспегендігінен сынға ұшырап жатады, соның салдарынан бұл мақсатқа жету қиынға соғады. Дегенмен, мақсат-идеал бола тұрып, педагогикалық ақиқатқа қол жеткізуге ұмтылу аса маңызды. Ежелгі заманнан бастап, адам адам болып қалыптаса отырып, өзі әрекет ететін салада ең жоғары жетістіктерге жету үшін қажеттіліктерді сезінді. Және те адам сондай жоғары жетістіктерге қабілетті екені расталып отырды, тек қана біреуде бір нәрсе орындалады, ал басқада – басқа нәрсе.

Халықтың идеалы қандай болған екенін анықтау мақсатында ұлт фольклорының шығармалары – ертегілер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, әндерді ерекше назармен оқи қалсаң болды, біздің алдымызға іскер, еңбекқор, мейірімді, көңілді, әдемі, күштіжан-жақты адамның бейнесі шыға келеді.

Ежелгі философтар адамды іргелі адамгершіліктің түйіні ретінде елестетті. «Калокагатия» (грек тілінен kalos— әдемі, agathos— мейірімді, яғни тәрбие берудің идеалы ретіндегі адамның сыртқы физикалық және ішкі рухани басымдықтарының гармониялық үйлесуі) ұғымы да қалыптасты. Сөйтіп, мұнда біз ақыл-ойы дамыған, мейірімді жүрегі мен шаттанған жаны бар адамның бейнесін, яғни жан-жақты дамыған тұлғаны көреміз.

Алайда адамзат қоғамының даму тарихы, индивид дамуының заңдылықтарын зерделеу, біріншіден, бір адамның бойында оның тұлғасының барлық жақтары (әркімде өз тұқым қуалаушылығы, қоршаған әлемді қабылдаудың өз қабілеті бар және т.б.) толыққанды дамуы мүмкін емес, екіншіден, әр қоғамның әлеуметтік-саяси жағдайы дамуға қолайлы немесе қолайсыз жағдай жасауға әсер етсе де, мінсіз қоғамда да,егер ондай болса, бірдей дәрежеде дамыған тұлға жан-жақты тәрбие алуы мүмкін емес.

Тарих белгілі бір салада таңғаларлық дамыған тұлғаларды біледі: П. Чайковский — музыкада, И. Репин — сурет өнерінде, А. Эйнштейн — математикада, И. Курчатов — физикада және т.б.Бір тұлғада шамамен бірдей жетістіктер бірнеше бағытта үйлеседі: Леонардо да Винчи — суретші, математик, механик; М. Ломоносов — физик, әдебиетші, химик; А. Грибоедов — жазушы, сазгер, дипломат. Соған қармастан, осындай жарқын тұлғалар да бір дәрежеде жан-жақты дамымаған. Сондықтан, мақсат – «жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу» - өз мәнінде, тәрбиелеудің мінсіз, іске аспайтын

мақсаты болып табылады. Ол адам мүмкіндіктерінің бағдары болып табылады және көпқырлы тұлғаның түрлі бағыттарында тәрбиелеудің міндеттерін қалыптастыруға көмектеседі. Онда күшті адамгершілік бастауы – адам мүмкіншіліктеріне сену болып табылған.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде мінсіз мақсатқа бағыт алу аса қажет. Ғылым бүгінгі күні адам қандай «қасиетімен» Жерге келген, қай салада ол біршама табысты және өзін көрсете алады деген сауалдарға әлі жауап бере алмайды. Біреуін тежеп, басқасын (ересек таңдаған) дамыта отырып, қателіктер жібермеу үшін, бала өзін түрлі бағыттарда сынап көретін жағдайларды жасау қажет. Ересектің міндеті – баланың дамуын мұқият бақылай отырып, осы балаға тән және құнды болып табылатын, оның маңайында тұлға үйлесімділігі қалықтайтын негіз бола алатын бүршіктерді өткізіп алмау керек.

Егер тәрбиелеудің мінсіз мақсаты болса, онда нақты мақсат, яғни нақты қоғамда және белгілі адамдарға қатысты жүзеге асырылған, орындалған мақсат та болуы тиіс. Әйтпесе жас өскелең ұрпақты тәрбиелеу туралы мәселе қойылмас еді. Тәрбиелеудің нақты мақсаттары мінсіз мақсаттарға қарағанда, бірден және мәңгілікке қойылған болып есептелмейді. Олар бірқатар жағдайларға қатысты өзгереді. Тәрбие беру мақсаттары адамның белгілі бір қасиеттерінде, қоғамның құнды бағыттарын нығайтуға қызмет ететін қасиеттерде қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.



2. Тәрбие міндеттері. Міндеттердің мазмұн бойынша жіктелуі.



Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсаты, мақсатқа жету траекториясын көрсететін міндеттерде нақтыланады. Мектепке дейінгі тәрбие беру міндеттері мазмұнына қарай:

  • физикалық тәрбие,

  • ақыл-ой,

  • әлеуметтік-адамгершілік,

  • эстетикалық,

  • еңбек,

  • экологиялық,

  • жыныстық тәрбие болып жіктеледі.

Осы міндеттерге біраз тоқтала кетейік. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу міндеттері:

  1. Дене тәрбиесі міндеттері – денсаулықты сақтау және нығайту, дамып келе жатқан организмді жетілдіру, қозғаушы біліктері мен дағдыларын, денелік сапаларын, мәдени-гигиеналық дағдыларын, дене тәрбиесі мен саналы өмір салтына тұрақты оң эмоционалдық көзқарас қалыптастыру.

  2. Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері – тілін, ойлау түрлерін дамыту, көрнекті-бейнеліден логикалық ойлауға көшу, дүниетанымын қалыптастыру, сенсорлық эталонды, заттармен жұмыс жасаудың перцептивті (тексеруші) амалдарын меңгеру, күнделікті өмірде эталондарды пайдалану білігін қалыптастыру, ой әректі мен ойлау амалдарын дамыту.

  3. Әлеуметтік-адамгершілік тәрбиенің міндеттері – адамгершілік қасиеттерін, үлкен адамдармен және балалармен өзара қарым-қатынас орната білу қабілетін дамыту; сезімі мен істеген амалдарын үйлесімде көрсете білу және басқару; тәртіп мәдениетін тәрбиелеу, адамгершілік сана (талдау және бағалау) қалыптастыру; әлеуметтік тұрғыда негізделген адамгершілік нормаларын меңгеру, басқа адамдарға, өмірге оң эмоционалдық қатынас орнату.

  4. Эстетикалық тәрбие – әдемілікті сезіну, әлемге эстетикалық тұрғыда қарау, көркемдік жағынан дамыту, өмірде, өнерде әдемілікті бағалай білу және өзі де соны жасай алу білігін қалыптастыру.

  5. Еңбек тәрбиесінің міндеттері – қызмет көрсету білігі мен дағдыларын қалыптастыру, айналасындағы жақын адамдарына қамқорлық жасай білу, қарапайым еңбек амалдарын орындай алу, бірігіп еңбек ету білігі, басқалардың еңбегіне оң эмоционалдық көзқараспен қарау, кәсіби еңбек мамандықтары туралы білімді меңгеру.

  6. Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетінің міндеттері – адамның ақылына байланысты болатын табиғатқа ұқыпты көзқарас қалыптастыру; табиғат субъектілеріне көмек беруге дайындық (қоректендіру, отырғызу және т.б.), табиғатқа оң көзқарас қалыптастыру, экологиялық дүниетаным негіздерін білу.

  7. Мектеп жасына дейінгі баланы жыныстық тәрбиелеудің міндеттері – жыныстық тәртіп негіздерін қалау, дұрыс жыныстық идентификацияға ықпал ететіндей орта ұйымдастыру; баланың өзінің жынысымен байланысты тәрбие түрін қалыптастыру; басқа жынысқа оң көзқараспен қарауға тәрбиелеу.

Балаларды мектепте оқуға дайындаудың міндеттері – метептегі оқуға балалардың жалпы және арнайы дайындығын қалыптастыру. Ол үшін жоғарыда аталған міндеттерді шешу және балаларды мектеп пәндерін оқып меңгеруге және мектепке мотивациялық, әлеуметтік, тұлғалық, интеллектуалдық, физикалық тұрғыда дайындау арнайы педагогикалық жұмыстар жүргізу. Жоғарыда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі міндеттері қарастырылды. Оларды іске асыру педагогикалық практикада мақсатты орындауға - мектеп жасына дейінгі баланы үйлесімді дамытуға бағытталады. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие берудің мазмұнына сол сияқты құқықтық сана негіздерімен, экономикалық тәрбие бастамаларымен таныстыру да кіреді. Бала өмірінің әртүрлі аясы (отбасында және білім беру мекемелерінде, әлеуметтік орталықтарда, бір-бірімен өзара қарым-қатынаста) оның жан-жақты дамуына стихиялық және бағытты мақсатты түрде әсер етеді

Кез келген ғылымның сапалы сипаттамаларының бірі болып зерттеу нысанының даму заңдылықтарын табу саналады. Жекелеп алғанда, педагогика ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту саласындағы заңдылықтарды анықтайды. Ал тәрбие беру заңдылықтары дегеніміз не?



  1. Тәрбиенің заңдылықтары деген не?



Тәрбиенің заңдылығы – бұл тәрбие берудің белгілі бір нәтижесін қамтамасыз ететін жүйе компоненттерінің арасындағы байланыс. Даму процесінің негізгі сипаттамасын заңдылықтар білдіреді. Заңдылықтар тәрбие принциптерінде негізделеді: принциптер  технологияда; технология  амалдар мен әдістерде; әдістер  амалдарда. Егер осындай тізбек бірыңғай мазмұны бар негізде болса – тәрбие берудегі нәтиже айтарлықтай оң болуы тиіс.

Осы тізбекті нақты мысалдар арқылы қарастырайық. Егер бала осы үдеріс үстінде белсенді болса, жеке тұлғаны тәрбиелеуге мүмкіндік болады. Бұл объективті, ғылым мен тәжірибеде тексерілген заңдылық болып табылады. Аталған заңдылық негізінде педагогика тәрбиенің келесі принципін тұжырымдайды – баланың белсенділігін қолдау және бағыттау, бала ынтасының шамасы мен оның мүмкіндгінің арасындағы ара қатынасты ескеру қажет. Осы принцип бала өз белсенділігін әрекетпен ұштастырған кезде жүзеге асырылады. Педагогикалық процесс әрекеттің алуан түрінің логикалық қосындысын танытады, осындай әрекетке түскен бала селқос отыра алмайды. Педагогикалық процесті жеделдету үшін танымдық, эмоционалды, қозғаушы және басқа да белсенділіктерді арттыруға бағытталған әдістер мен тәсілдер алынады. Егер педагог тәрбие заңдылығын түсініп, онымен келісіп, алайда педагогикалық үдерісте баладан кері байланысты талап етпейтін репродуктивті әдістерге ғана сүйенсе, онда педагогикалық жұмыс осы заңдылыққа сәйкес келе алмайды. Баланың махаббатқа қажеттілігі – заңдылық. Бала махаббат пен ақ ниеттілік орнаған ортада табысты жетіледі және тәрбиеленеді. Ондай орта баланың жетіліп келе жатқан тұлға ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы үшін жайлы жағдайларды орнатады. Аталған заңдылық негізінде орнығатын тәрбиенің принципі шыдамдылық, кешіре білу, баланы қолдау, оған өз махаббатын білдіру болып табылады. Технология балаға деген педагогтің қарым-қатынасы, жағдаяттар жатады. Олар балаға оны сүйетіндерін, оның күшіне сенетіндерін сезінуге мүмкіндік жасайды. Педагогикалық процесс балалар мен үлкендердің бірге атқарған әрекеттерімен, «мажорлық» жағдаяттармен, махаббатты білдіру тәсілдеріне үйретумен толығады. Осындай технологиялардың нақтылануы үшін әдістер мен тәсілдер жеке тұлғаға бағытталуы тиіс, яғни бала өзіне деген құрмет пен махаббатты сезінуі тиіс. Бұл байланыста ерекше мән педагогикалық баға мен жеке қарым-қатынасқа беріледі. Тұлға тек табысқа жету жағдайында ғана тиімді түрде жетіледі. Кішкентай адамға үлкен адамдар өміріне ену жолында өзінің дұрыс жолда екендігін сезіну маңызды болып саналады. Ондай сезім әлеуметтік әлеммен өзара әрекекттесудің қажетті формаларын бекітеді. Бұл заңдылықты нақтылайтын принцип – баланы құрметтеу және оның құқығын сақтау. Бұл қағидат тәрбие технологияларының, әдістерінің, тәсілдерінің негізіне жатады. Біз көп жағдайда балаларды әлсіздікке үйретеміз: «Сен мұны әлі істей білмейсің», «Саған қатысты емес істі бастама», «Сенің суды төгетініңді білгенмін» және т.с.с. Осындай бағалар мен мінездемелер баланың қателесуден қорқуына әкеледі. Ол әрекет етпей тұрып қателесуден қорқады, үлкеннің теріс бағасынан өзін қорғау үшін, әрекет жасаудан бас тартады. Нәтижесінде оның бойында әрекеттің сақ-пассивті түрі өңделеді. Егер ересектер (тәрбиеші, ата-аналар) тәрбие беруді талқыланып жатқан заңдылықтарға және қағидаттарға сәйкес қолданса, онда педагогикалық технологиялардың негізінде балаларда қателіктерден қорықпай, оларды түзетуді үйрену қалыптасады. Ойыншық сынып қалса – оны бірге ойланып түзету керек. Үдеріс бірінші заңдылыққа сәйкес баланың түзету тәсілін өзі іздеп, өзі қолдана алатындай түрде ұйымдастырылады. Балаға: «Өзің сындырдың – өзің түзет», - деп айтқан дұрыс емес. Бұл баланы еңбекпен жазалауға ұқсайды. Одан да өкініш білдіріп: «Сынып қалғаны өкінішті, екеуміз түзетіп көрейік. Ойланып көрші, оны қалай қайта жасауға болады. Мен саған көмектесемін» деу керек. Баланың қателіктері үшін ылғи оған ұрсып, біз өз-өзіне сенімсіз, өтірік айтуға, агрессивтілікке жақын тұлғаны тәрбиелейміз. Қорқыныш сезімі ерікті тұлғаға ешқашан жақсы тәрбиеші болған емес. Көптеген тәрбиешілер мен ата-аналар тәрбие заңдылықтарын және оның үдерісін ұйымдастырудың логикасын білмегендіктен көп қателіктер жібереді. Сондықтан балалардың жасына лайықсыз талаптар қойылып, әрекетті ұйымдастырудың ұтымды түрлері қолданылмайды және т.б. Тәрбие кемшіліктерін талдауда алдымен баланың тұлғасын қалыптастыру өзара байланыстың қандай жүйесінде жүргізілгенін, оның дамуының қандай заңдылықтары өзгертілгенін ескеру қажет.























































VI ТАРАУ. БАЛА – ҰЖЫМДАҒЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒА.

1. Ұжымдық қатынастар.


Ұжымдық қатынастарды қалыптастыру мән мәтінде мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу мәселесін тереңінен қарастыру керек. Әрине, мінез-құлық мәдениеті «балалар қоғамымен» шектелмейді. Ол ересектермен қарым-қатынаста жүзеге асады, бірақ та баланың құрдастарымен қарым-қатынасы көпсалалы рөлді атқарады. Егер бала ересектермен сыпайы және мейірімді болса, оларға көмектесуге және олармен бірге қызмет етуге дайын болса, әрқашан да бұл оларда оң реакция тудырады. Құрдастарына қатысты мұндай жүріс-тұрысы ағаттығына қарамастан, керісінше реакцияны туғызады: «тым тәртіпті» бала ұжымдағы басқа балаларды таңдандырады, кейде олар оның жақсы әдеттілігіне күледі. Демек, мінез-құлқы мен қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, бір жағынан, қоғамда қабылданған нормалар мен ережелерге оқып үйретуді шамалайды, сондай-ақ сөзбен, бет-әлпеттермен, қимылдармен, әрекеттермен, екінші жағынан – оларды қолданатын әлеуметтік ортаға бейімдеу керектігін көрсетеді. Әрине, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынаста бастысы - олардың бір-бірімен шынайы қарым-қатынасы, қайырымдылығы, уайымдылығы және көмекке дайын екендігі. Бірақ адам басқа адамдарға деген шынайы көзқарасын қандай түрде көрсеткені маңызды. Көрінудің сыртқы түрі ішкі жағдайға сәйкес келмеуі мүмкін. Керісінше болады - қарым-қатынас нысандары жағымды, құрметті, шын мәнінде, адам қарым-қатынас объектісіне мүлдем қарсы сезімдерді көреді. Сонымен, мектепке дейінгі балаларда мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу – ұжымдық қарым-қатынастарда көрінетін адамдарға адамгершілік қатынасты тәрбиелеу бойынша жұмыс аспектілердің біреуі және жалғасы болады. Мінез-құлық мәдениетін және өзара қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу мазмұны болып – қажетті аспаптарды қолдану арқылы, балаларды әдемі және дұрыс тамақтану дағдысына үйрету; ұқыпты болу; өз кейіпін, келбетін қадағалау; сөйлеу әдептілігін меңгеру; көңіл аудару тәсілдерін меңгеру.

  1. Балалар ұжымында жағымды қарым-қатынас қалыптастырудың негізгі бағыттары.



Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары:

  • Баланың назарын оның өмірінің осы жағына аудару арқылы ерте жастан бастап баланы тазалық пен тәртіпке үйрету. Баланы әрқашанда жуындырғанда немесе жуындырмағанда, қуанышпен жасау керек, нәтижеге таң болыңыз: «О, сен сондай тазасың, әдемісің!» Бала ұзақ уақыт кір киімде, сулы болуына жол бермеңіз. Өскен сайын, тамақтану уақытында қол орамал мен майлықпен қолдануды үйретіңіз.

  • Адамдармен, ересектермен және балалармен сөйлесуді – сәлемдесуге және қоштасуға үйрету. Орындалатын іс-әрекеттерін әрқашан да көтермелеңіз.

  • Бала өз бетінше тамақтану мүмкіндігіне ие болған сәттен бастап, қасықты оң қолымен, ал шанышқыны сол қолымен ұстауға үйрету керек. Балаға шанышқыны беруге қорықпа. Ол тек өтпейтін ұштармен болуы керек (пластмассадан болған жақсы). Мүмкіндігінше, пышақты тезірек бергені жөн (өткір емес). Әртүрлі құралдарды пайдалану, бала үшін басынан бастап әртүрлі аспаптарды қолданғанда ыңғайлы болатындай жасау керек, үнемі әдемі де дұрыс тамақтанғандай (мерекелерде ғана емес – жасанды), пышақпен және шанышқынымен тамақтану оған ыңғайлы және жайлы болуы шарт. Алдымен бала сол қолында шанышқыны ұстасын, оң қолымен пышақты ұстасын, тек қана шанышқымен жеп көрсін, ол осы құралдарға бәрібір үйренеді және оларды еркін иеленуді бірте-бірте меңгереді.

Ұжымда балаларды тәрбиелеу туралы тезисіне ұсынылған негізгі айыптау мынадай: «ұжым жеке тұлғаның дамуын шектейді, ашылуға мүмкіндік бермейді». Ол нақты және толық лайықты айып, егерде педагог балалар ұжымын ұйымдастырушы және білім берудің үдерісі ретінде жалпы ұжымдық іс-әрекетке және онда балалардың өзара әрекеттесуіне ғана екпін жасау оқиғалары туралы әңгіме болса. Бірақ, ұжым жеке даралықтын нақты дамуын ынталандырады.



  1. Баланы жеке тұлға ретінде ұжымның шамадан тыс әсерінен қорғау блоктары.



Мектепалды жастағы баланың даралығы неде байқалады және ұжымның шамадан тыс әсерінен нені қорғау керек? Мектепке дейінгі жас педагогикасы саласында зерттеулер жүргізген ғалымдардың пікірі бойынша үш түрлі мағыналық блоктарды ажыратуға болады:

а) Балада басқа балалардан ерекшеленетін әлдеқандай қабілеттері, біліктіліктері бар;

Егер балабақшаға баратын балада ерекше қабілеттері пайда болса, мысалы, ол тамаша бояса немесе таза ән айтса, музыканы тыңдаса, жақсы билесе тәрбиеші міндетті түрде оны байқап қалады. Өнер циклінің сабақтарында осындай баланың дамуын ынталандыратын жеке тапсырмаларды ұсынуы маңызды. Ол қандай тапсырмалар болу керек екендігін кез келген тәрбиеші біле бермейді. Жалпы тапсырманы жалпы қиындатуға болады («Барлығы үй салады, ал сен оның жанына күшікті сал», «Барлықтар көк вагон туралы әң салып жатыр, ал сен басқа әң жаттап кел және оны мерекеде жалғыз айтып бересің» және т.с.). Балада даму қисынын дұрыс салып жатқанымызға сеніміміз бізде бар ма? Мүмкін, біз оның атақтылығын тауып, оның құрдастарының тобына қарама-қарсы қоямыз ба? Бұл сұрақтардың жауабын балалардың дарындылығын және талантын анықтау әдістерін қолдана білетін маман ғана табуы мүмкін. Бір балада болмасын «Жаратқанның от ұшқыны» өшпеуін ойлайтын педагогтің міндеті – тәрбиеленушіде ерекше қабілеттілігін көріп қалғанда, маманға айту керек немесе оны ата-аналарына ұсыну керек. Өнерлі, ерекше тұлғаны тәрбиелеуге, балаға қандай тапсырмаларды беру керек екеніндігі туралы өзіңізге де кеңес алғаныңыз дұрыс.

ә). Балада өзінің танымдық қызығушылықтары ашық көрінеді;

Егер тәрбиеші шындықтың белгілі бір саласында бала қызығушылығын байқаса: техникаға, табиғатқа, ғарышқа, медицинаға және т.б. – өзінің қызығушылығын айтып міндетті түрде оны қолдау керек және одан кейін тиісті бағытқа итермелеп онымен жеке жұмыс жасауды байқастыру керек. Бала өз білімін басқа балалармен бөлісе алатыны маңызды. Бірақ мектеп дейінгі балалар жолдасын тыңдау білмейді. Сондықтан тәрбиеші барлығы қызықты әңгімелерді тыңдауды ұсынайды, қызықты және жаңа нәрсе туралы әңгіме айтқан кезде «қызықты минуттарды» өткізеді (күннің екінші жартысында, серуендеуде). Тырмысқан балаға білетін нәрселерді суретке салуды ұсынған пайдалы. Топта «Мен бәрін білгім келеді» атты меншікті журналды басып шығаруға және онда балалардың суретпен сипатталған әңгімелерін «жариялауға» болады. Егер балада, басқалармен салыстырғанда, танымдық қызығушылықтар жарық көрінсе, бірақта сурет салу білмейді, онда тәрбиеші оған суретті жақсы салатын басқа баламен шығармашылық серіктестікті ұйымдастыруға көмектеседі. Мұндай ынтымақтастық балалардың әрқайсысына пайдалы және бүкіл топ үшін қызықты болады.

б). Балада психикалық процестерінің бірегей дамуы.

Қиялы ерекше дамыған балалар бар. Олар әркашанда өз ойларының мен ойдағы кейіпкерлердің тұтқындарында болады. Осындай балалармен де тәрбиешіге қиын, өйткені қиялын дұрыс бағыттау керек, оны дамытуға көмектесу керек. Әдетте мұндай балалар белсенді, олардың қиялды ойларын жүзеге асыруға арналған жағдайлар қажет болады. Олармен ойнау, сурет салу, құру, ертегілерді ойлап табу керек, өлең шығару керек және басқа балалармен қалай араласатынына, топ бойынша жолдастары оларға қалай қарайтынына назар аудару керек. Өзгелер арасында ерекше ойлау қабілетімен ерекшеленетін балалар бар. Олар жағдайдан шығудың ерекше жолын, мәселені шешудің өз жолын, тапсырмаларды орындауды табады. Осындай балалармен тәрбиешіге жұмыс істеу қиын, егерде ол беделді болса. Бала үлгіге ұстанғысы келмейді, әрекеттерді орындаудың ұсынылған тізбегін қалағысы келмейді, «ол бәрін өз бетімен жасайды». Егер тәрбиеші дегенің істетсе, онда қақтығыс болады. Үйінде бала шағымданады: «Мен музыкалық сабақта биледім, ал Нина Ивановна былай деді: «Лиза, ойлап шығарма, басқалар сияқты биле». Мен бәріне ұқсағым келмейді!»

Ұжымдық өзара қатынастары әртүрлі әрекеттерде қалыптасады. Әрекет (ойын, еңбек, сурет салу, мүсіндеу) тек өзара әрекеттесуді дамытуға қолайлы емес, сонымен қатар әрбір баланы жеке дамуына арналған, егерде тәрбиеші осы маңызды міндетті қойса. Әрбір бала міндетті түрде бірдемеден бірегей болып табылады, басқа балаларға ұқсамайды. Бұл шындық деп қабылдау керек. Бұны мадақтау керек және біз әртүрлі екендігімізге қуануға балаларды үйрету керек. Ұқсас тақырыптарға әңгімелерді жүргізу пайдалы: «Топта кім бізде ең... (шебер, қөңілді, батыл, епті)» «Маңызды істі кімге жүктеймін (ойыншықты істеу,сәбилерге көмектесу, концертте өлең айту, топтың мерекесіне арналған қонақтарға шақыруларды суреттеу және т.б.)». Мұндай әңгімелерде балалар бір-бірін мұқиятпен «оқып біледі» және өздерінің мінезімен және тәртібің талдайды. Оқытушы балаларға олар «ғажап» екендігін және сол үшін ол оларды қалай жақсы көретіні туралы жиі айту керек. Сонымен қатар, қарапайымдылықты, жолдастарға құрмет көрсетуді өздерін және басқаларды бағалай білу қажеттілігі туралы ұмытпау керек. Мерзімді түрде тәрбиеші тұлғааралық қарым-қатынастар қалай құралады, балалар бір-бірін қалай бағалайтынын талдайды. Мұндай талдауға балалардың күнделікті өмірдеғі, әртүрлі іс-шаралар барысында байқаулар көмектеседі.











VII ТАРАУ. ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ.

1. Қызмет, оның сипаты мен шарттары.


Баланың дамуы, организм белсенділігінің әлеуметтік формасы, яғни қызмет арқылы жүреді. Бала бірте-бірте қызметтің неше түрін меңгереді, дамудың белгілі-бір сатысында қызметтің қандай да бір түрі жетекші қызметті атқара бастайды. Қызметтердің жетекші түрлері арқылы бала өмірінің белгілі-бір кезеңінде оның қарқынды дамуы, әрекеттерінің жаңа түрлерінің қалыптасуы байқалады. Қандай да бір іс-әрекеттер мен операцияларды меңгерудің арқасында, бала өзінің өмір сүретін ортасының заттық әлемін басқаруда тәжірибе жинайды, өз ісәрекеті мен оның нәтижесін жоспарлауды және бағалауды үйренеді, адамдармен қарым-қатынастардың нормаларын меңгереді. Қызмет ету, баланың әлеуметтік әлемді белсенді түрде тануына және өзінің сол әлемнің бір бөлігіне айналуына мүмкіндік беретін құрал мен шарт болып табылады. Адамның өзін-өзі қалыптастыруы және дамуы қызмет арқылы жүзеге асады. Қызмет, баланың әр түрлі білімдерді меңгеруіне, өзінің оларға қатынасын түсінуіне, қоршаған ортамен өзара қарымқатынастарда практикалық дағдыларды игеруіне мүмкіндік тудырады. Қызметтің әр түрі тұлғаның түрлі жақтарын жандандырса, оның тәрбиелік әсері бір-бірімен логикалық түрде байланысқан іс-әрекеттер кешенін педагогикалық процессте қолдану барысында байқалады. Қызмет, әсіресе бірлескен қызмет, әлеуметтік тәжірибе алмасудың мектебі болып саналады. Бала сөз жүзінде емес, іс жүзінде адамдардың өзара қарым-қатынасын, олардың сәтті әрі қолайлы болуына әсер ететін ережелер мен нормаларды өз көзімен көріп түсінеді. Бірлескен қызмет кезінде бала ересектермен, құрдастарымен бірге аталған қарым-қатынастарды шынайы жағдайда бақылай алады.

Баланың тәрбие беру объектісі ретінде ғана емес, осы процесстің субъектісі ретінде қоршаған ортаны өзгертуге, өзін-өзі тәрбиелеуге белсенді түрде қатысуына ықпал етеді.

Отандық педагогика ғылымының бірі Р.Қ.Аралбаеваның пікірі бойынша, баланы таным және қарым-қатынас субъектісі ретінде қарастыру арқылы, біз, әрбір адамға қарағанда бұл ұстаным тұрақсыз екендігін атап көрсетуіміз керек, ол «адам-адам» қатынас жүйесінде ауысып отырады. Біздің әрқайсысымыз әртүрлі ұстанымда болуымыз мүмкін. «Объект» ұғымы абстрактылы түрде мектеп жасына дейінгі балаға қолданылып келген, олардың анатомиялық-физиологиялық, психологиялық және басқа ерекшеліктері әртүрлі ғылымдардың (психология, анатомия, физиология, педагогика және т.б.) зерттеу пәні болып табылады. Балаға субъект ретінде қарау мүмкіндігі, оның қасиеттері мен сапаларын, қабілеттерін мақсатты және бағытты түрде қалыптастырудың тиімділігі педагогтар мен ата-аналардың олардың ерекшеліктерін білуімен, осы жастың мүмкіндіктерімен анықталады.

ХХ ғасырдың 40-60 жылдары Т.Парсонс және басқа да американдық социологтарының теориялары бойынша, әлеуметтендіруді әлеуметтік бейімделу процессі ретінде, тұлғаның ортаға қоғамдық нормалар мен ережелерді меңгеру жолымен бейімделуі ретінде қарастырған. Олар конформ теорияларына жататын, яғни олар адамның тұлға ретінде жетілу сатыларында оның өзіндік жеке белсенділігін бағаламайтын. Әлеуметтендіру процессінде индивидтер жай ғана ортаға бейімделіп қана қоймайды, олар өздерін белсенді дербес «түрлендірушілер» ретінде танытады. Қызмет баланың әлеуметтік әлемді тануда өзіндік ойы бар, дербес болуына мүмкіндік береді. Баланың тұлға ретінде дамуындағы қызмет ролінің дәл осы түсінігі бүгінгі отандық психология мен педагогика ғылымдарында қабылданып, терең зерттелуде. Қызмет баланың жоғарғы деңгейлі әлеуметтік жаратылыс ретінде көрсететін көптеген жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Ең ақырында, қызмет өзіндік сезім мектебі қызметін атқарады. Бала уайымдау, ойлау, өз жасына қарай әртүрлі көзқарасын білдіруді үйренеді. Қызметтің аталған объективті сипаттары белгілі-бір жағдайларда жүзеге асады, яғни әлеуметтендіруге балалық шақтың әр кезеңіне нақты сәйкес келетін белгілі-бір қызметтер ықпал етеді. Мысалға, 1 жастағы бүлдіршін үшін – қарым-қатынас және заттық әрекеттер, ал 5 жастағы бала үшін-ойын әрекеттері оның дамуына оң ықпал етеді. Егер педагог осы ерекшеліктерді ескермесе, баланың жетілуін не тежейді, не оның әлі дайын емес қызметтерін дамытуға ұмтылады. Осы кезде А.В. Запорожецтың сенімді түрде жазған және айтқан «дамудың амплификация және симплификация» заңын еске алу қажет.

Көптеген ата-аналар өз баласының дарынды болғанын армандайды, баласының ерте жастан жеткен жетістіктерін мақтан тұтады. Олардың «Менің балам ерекше», «менің балам ерте оқып үйренді,т.б.», - деген сөздерін жиі естиміз. Өз баласы ерте жастан зор жетістікке жетуін армандаған ата-аналар ерте дамытудың түрлі әдістемелерін қолданады. Бұл, әрине, керемет, бірақ дұрыс таңдалмаған әдістеме көзге көрінетіндей нәтиже бермегенін айтпағанда, қынжылтатын салдарларға әкеп соғуы мүмкін. Мұның себебі неде? Баланың психикасы ересек адамның псикасымен салыстырғанда осал, шамадан тыс жүктемелер баланы психикалық тұрғыдан шаршатады. Бұл жерде айта кететін жайт, баланың дамуында басты рөлді ойнайтын өз құрдастарымен және ата-аналарымен жасалатын қарым-қатынас, ал ерекше қабілеттерімен көзге түсетін балалар құрдастарымен қатынасқа түскен кезде көптеген қиындықтарға кездесуі ықтимал, бұл оның психикасына кері әсерін тигізеді. Көптеген психологтар ата-аналарға белгілі бір салада (музыка, сурет. Математика,т.б.) баласын дамыту үшін артық жүктеме бергенше, баланың жалпы дамуына бағытталған түрлі дамытушы ойындарды қолдануды ұсынады. Қазіргі кезде балаларды дамыту орталықтары көптеп ашылып жатыр, бірақ ол жерлерді қызмет істеп жүрген мамандардың барлығының бірдей тиісті біліктілігі мен баламен жұмыс тәжірибесі жоқ. Сондай-ақ, ерте дамыту орталықтарын таңдағанда мұқият болу керектігін ескертеді. Психолог мамандармен алдын-ала кеңесіп, нақты осы балаға сай келетін әдістеме таңдап алудың маңызын атап көрсетеді. Осы орайда Ресей Федерациясының мектепке дейінгі психология саласының негізін қалаушы А.В.Запорожецтің «бала дамуының амплификациясы» атты теориясына тоқталып өтейік.

«Бала дамуын күштеп жеделдету баланың балалық шағын қысқартады. Бала максималды түрде өз жасына сай өмірін сүруге тиіс. Баланың өмірінің әр стадиясының өз резервтері бар, соларды барынша ашу керек. Басқаша айтатын болсақ, баланың бойына өз жасына сай келмейтін артық білімді сіңіруге болмайды, керісінше, өз жас кезеңіне сәйкес дамуына мүмкіндік беру керек.

Мысалы, екі жастағы баланы кітап оқуға үйрету керек емес, ол балаға ертегіні ата-анасы оқып беруі керек. Бала дамуының амплификациясы жасына сай таңдалған ойындарды қолдануға негізделеді. Ойын арқылы баланың бойында жеке қасиеттері дамиды, өз өзіне сенімділігі артады және ойлау қабілеті дамиды.

Түрлі ерте дамыту әдістемелерін қолданған кезде баланың мүмкіндіктерін және қажеттіліктерін ескеру керек. Баланы кез келген дамыту орталығына апармас бұрын,сол орталықтарда басқа да ата-аналармен кездесіп, сөйлесіп, мамандардың біліктілігін анықтау керек. Осындай ережелерді орындаған жағдайда ғана мектеп жасына дейінгі балалар дұрыс дамып, толыққанды тұлғаға айналуына мүмкіндіктер пайда болады. Сондай-ақ, осы психологтың айтуынша, білім беруді модернизациялау аймағында мектеп жасына дейінгі баланың даму процессі «симплификацияға» ұшырайды, яғни, шамадан тыс қарапайымдалып, мазмұны кедейленеді. Баланың дамуы – білім, білік, дағдылар жиынтығы ретінде қарастырылады. Бұл теріс пікірге негіз болған не? Ол – балаға түк білмейтін, қолынан ештеңе келмейтін, білімі таяз ересек адам деп қарайтын дәстүрлі және санадан өшірілуі қиын түсінік.

Бұл түсінікті сол тарихи кезеңде тәрбиелеуді демократияландыру мен баланың тең құқықтылығы туралы лозунгтер күшейте түсткен.Құқықтық теңдігі баланың физикалық, психологиялық теңдігіне таралады деп санаған теріс пікір бойынша, балалар әлемді ересек адамдар сияқты қабылдайды-мыс. Содан барып тәрбиелеу мен дамытудың мақсаттары баланы ересек өмірге ерте үйрету керек деген пікір қалыптасқан. «Ойын – уақытты босқа жоғалту», «балалар шығармашылығы – өмір шындығынан алыстау», «ертегі тыңдау, құрастыру – пайдасыз іс-әрекет», - деп саналған. Бала дамуы туралы жоғарыда келтірілген өте қарапайымдалған түсінік және осы процесті жеделдету (симплификация мен акселерация) баланың мүмкіндіктерін шектейді, нәтижесінде – баланың жалпы даму деңгейі төмендеп, жас ерекшелігіне сай нормалардан артта қалғаны байқалады.

Екі жағдайда да ересек адам (педагог, ата-ана) баланың әлеуметтендірілу процессінің дұрыс жүруіне кедергі келтіреді. Қызметтің мазмұнды болуы өте маңызды шарт болып табылады. Яғни әрекеттің мазмұны балаға дамытушылық ақпарат беруі және бала үшін қызықты болуы қажет. Шығармашылықты ынталандыратын әрекеттердің пайдасы зор.

Баланың мақсатты түрде ұйымдастырылған қызметі арқылы шешілетін педагогиканың кем дегенде үш негізгі мақсаттарын ерекше бөліп айтуға болады:

  • қалыптасатын бағалардың, қарым-қатынастардың бекітілуі, білімнің тереңдеуі, тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу.

  • адамдар арасында, құрдастар мен ересектердің арасында өмір сүру тәжирибесін алу, өзара қарым-қатынастар мен қызметтер нормалары мен ережелерін білу қажеттілігін сезіну.

  • ересектердің өмір салтына үйренудегі қажеттілікті қастамасыз ету және осы өмір салтына қатысу.

Қызметтің әр түрінің, яғни қарым-қатынастың, заттық қызметтердің, ойынның, еңбек етудің, білім алудың, сурет салудың әрқайсысының потенциалды педагогикалық мүмкіндіктері болады. Оларды білу және бала тәрбиесінде ескеру өте маңызды. Сонымен қатар, педагог А. Н. Леонтьевтың назар аударған қызметтің екі ерекшелігін есінде сақтауы керек. Ол былай деп жазған: «Қызмет ету (әрекет ету) - денелік, материалдық субъектінің аддитивты емес молярлық бірлігі. Қызмет - ол реакция емес, реакциялардың жиынтығы да емес, ол өз құрылымы, өзіндік ішкі ауысымдары, өзіндік дамуы бар жүйе».

1.1. Молярлық бірлік дегеніміз не?



Ол әрекет ету жеке-жеке құрылымдық компоненттерден құралатынын, әр компоненте қызметтің жеке ерекшелігі болатынын білдіреді. Баланың қандай -да бір затпен айналысып отырған кезде, оны құрастырып немесе бөлшектеп отырғандығын көруге болады. Бұл қандай қызмет екендігін білмей жатып біз баланың мұнысын заттық қызметке жататындығын толық сеніммен айта аламыз. Бірақ қызметтің аддитивты емес, яғни баланың бір іс-әрекетінен оның бұл істі толық меңгеріп кеткендігіне сенуге болмайды. Осы екі ерекшелікті педагог есте сақтауы қажет, өйткені кейбір жағдайларда тәрбиеші баланың бір іс-әрекетінен оның белгілі бір істі толық меңгеріп алғандығы туралы қорытынды жасауы мүмкін. 2,5 жастағы бала қуыршағын алып оны тамақтандырады, осы кезде тәрбиеші оның ойын әркеттерін меңгеріп алғандығын айтады. Алайда, бала тек қана кейбір жеке әрекеттерді біледі, олар өз кезегінде ойынға қатысы жоқ болуы мүмкін. Осындай шапшаң қортындылар мен пікірлер тәрбиешінің баланың іс-әрекетіне жеткіліксіз көңіл бөліп, асығыстықпен баланы басқа қызмет түріне аударады.Тәрбиешінің мұндай қателіктері ойынның ролін толық бағаламай, ойынды оқыту қызметіне аудару кезінде орын алады.



2. Қызмет түрлері.



Баланың көптеген қызметінің түрлерін екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топ.

Баланың әлеуметтік әлемді «елестету» арқылы қабылдауына мүмкіндік беретін қызметтері бірінші топқа жатады. Мұндай қызметтің мазмұны мен себебі әрқашанда баланың нақты «балалық» өмірінде колжетімсіз болатын нәрселерді жүзеге асыру қажеттілігімен байланыстырылады. Аталған қызметтер әдетте, баланың сырттан бақылау, есту, көру процессінде тану салдары болып табылады. Бала пайда болған әсерлерін осы әрекеттер арқылы көрсетеді. Мұндай әрекеттер фантазия, қиял жемісі болғанымен, тұлғаның әлеуметтенуі үшін өте маңызды болады, яғни қиял шынайы пайда болған кедергілерді жояды. Бірінші топқа мектепке дейінгі жастағы баланың ойынын, көркемдік сурет салу әрекеттерін жатқызуға болады. Ойын балаға «қолжеткіліксіз болып көрінетін болмысты игеруді мүмкін ететін қоршаған ортаны модельдеудің қолжетімді әдістерін береді» (А.Н.Леонтьев). Бала, өзіне ойын рөлін ала отырып, өзін әлеуметтік адами функцияларға жауап беретін ережелер мен іс-әрекеттерге сәйкес өзін-өзі ұстайды. Ойындық рөл өзінің мазмұнымен баланың тек затқа қатысты іс-әрекеттерін ғана емес, сонымен бірге басқа қатысушыларға қатысты іс-әрекеттерін анықтайды. Рөл басқа адамдарға және заттарға, бейнеленетін оқиғаларға оң қатынастық сипаттағы іс-әрекеттермен толы болу керек, яғни аздаған дәрежеде тәрбиелік потенциалға ие мазмұндармен байытылуы қажет. А. Н. Леонтьев мен Д. Б. Эльконин, осы рөлдің ерекшелігін айқындай отырып, оны баланың әлеуметтік қатынастар әлеміне практикалық енуінің ерекше нысаны. Балалардың ойындарында маңыздырақ оқиғалар көрінеді, ойындар бойынша қоғамды не мазалайтынын, өскелең ұрпақта қандай идеалдар қалыптасып жатқанын аңғаруға болады. Қоғамдық өмір бала ойындарының мазмұнын анықтайды және мақсатты педагогикалық әсерімен, қоғамның моралдық құндылықтарына сай тұлғаны қалыптастырады. Ойнап отырған балалардың ойлары мен сезімдері, олардың тәртібі, бір-біріне қарым-қатынасы ойын мазмұнына тығыз байланысты болады. Ойын барысында қоршаған ортаның оқиғаларын бейнелеу арқылы бала оның қатысушысына айналады және белсенді әрекет ете отырып әлеммен танысады. Бала ойын кезінде қиялдаған нәрселерінің барлығын шынайы түрде басынан өткізгендей болады. Ойынның оң және теріс мысалдары арқылы тәрбиелік әсерінің күші ойнап отырған баланың дәл осы шынайлылығында. Әдетте бала өзіне қатты әсер еткен оқиғаларды ойын кезінде көрсетеді, сондықтан кей жағдайда теріс құбылыс немесе факт бала ойынының тақырыбына айналуы мүмкін. Яғни балалар ойындарына басшылық ету мәселесі аса маңызды болып табылады. Баланың қоршаған ортадан алатын әсерлерінің шығармашылық өңделуіне бейнелеу іс-әрекеті ықпал етеді. Балалардың бейнелеу шығармашылығын зерттеушілер (Е.А.Флерина, Н.П.Сакулина, Е.И. Игнатьев, Т.С. Комарова, Т.Г.Казакова, Р.В.Казакова, Л.В.Компанцева) баланың шын өміріндегі әлеуметтік шынайлылық пен бейнелеу шығармашылығы арқылы көрсететін қиялындағы ұмтылған шынайлылығының арасында детерминистикалық байланысын атап айтады. «Балалардың бейнелеу шығармашылығын-дейді Е.А.Флерина,- баланың өзін қоршаған ортасын сурет, мүсіндеу, конструкциялау арқылы саналы түрде көрсете білуі деп түсінеміз. Ол баланың қиялының жұмысы негізінде, өзінің байқаған сәттері мен сөз, сурет басқа да өнер түрлері арқылы алған әсерлері негізінде құрылады» В.С. Мухина бейнелеу өнерін әлеуметтік тәжірибені меңгеру формасы ретінде қарастырады. Бала көрген құбылыстарын көшірмейді, ол бейнелеу құралдары арқылы бейнеленетін нәрсесін өз түсінігіне сәйкес көрсетеді. Әрине, мектепке дейінгі жастағы балалардың бейнелеу өнердегі дағдылары бақыланатын затты тура барабар көрсетуге мүмкіндік бермейді. Алайда балалар өздері салған суреттеріне қатысты эмоционалдық әңгімелеу мен іс-әрекеттер арқылы суретке байланысты кемшіліктерді жояды. Баланың бейнелеу процессі бейнеленетін затқа қатынасымен бірге жүреді. Ол ойын мен сурет салуды байланыстырады. Р.И. Жуковская мектепке дейінгі педагогикаға «ойын-сурет салу» терминын енгізді. Мұнда бейнелеу өнері әлеуметтік эмоциялардың көріністерінің көзі ретінде танылып, алайда оларды бейнелеу шынайлылығы емес, әлеуметтік шынайлылық тудырады. Баланың әлеуметтік құбылыстарды қабылдауына қарай, оның оларға қатысты қалыптасқан ойына қарай құбылысты бейнелеуі, түстерді таңдауы, заттардың қағазда орналасуы, олардың өзара қатынасы және т.б. байланысты болады. Осылайша, бейнелеу балаға ересектер әлеміне кіруге, оны тануға көмектеседі, бірақ әлеуметтік өмірдің шынайы өзіне қатысуға мүмкіндік бермейді. Алайда бұл ретте, ересектердің өміріне қатысу, өмірлік маңызы бар мәселелерді шешу кезінде өзіндік тәжірибесін жинау, балаға өзін адам қоғамының теңқатарлы мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Мұндай қызмет кезінде мотивациялық-қажеттіліктік сфера, өзін-өзі бағалау қабілеті өзгереді, өз күшіне сенімділік пайда болады.

Екінші топ.

Бұл топқа баланың адамдардың шынайы өмір әлеміне үйренуіне мүмкіндік беретін қызметті жатқызуға болады. Бұл топқа заттық қызмет, оқыту, еңбек ету, қарым-қатынас, бақылау, эксперимент жасау қызметтері жатады. Заттық қызмет балаға қоршаған ортасын сенсорлық сезім тобы арқылы тануға мүмкіндік береді. Затпен байланыса отырып әрекет еткен бала заттың қасиеттері, сипаты, қызметі туралы ақпарат алып, оны операциялық әрекет арқылы меңгеріп алады. Заттық қызмет баланың дамуының белгілі-бір кезеңінде оның танымдық қызығушылығын қамтамсыз етеді, қоршаған ортада бағдарлануына көмектеседі, әлемді басқаруға және билеуге болатынына сенімділік сезімін тудырады. Баланың әлеуметтік тәжірибесін оның еңбек қызметін меңгеруі байытады. Бала ересек адамның еңбек ету әрекеттеріне ертеден бастап назар аудара бастайды. Оған анасының ыдыс жуғаны, әкесінің орындықты жөндегені, әжесінің дәмді тоқаш пісіргені қызық көрінеді. Бала ересектердің іс-әрекетіне ойын кезінде ғана емес, шынайы өмірде де ыдыс жуып, үй сыпырып, кір жуып еліктей бастайды. Бала тұлғасының әлеуметтенуінде еңбек қызметінің құндылығын бірнеше жағынан қарастыруға болады. Еңбек дағдыларын, еңбек қызметін игеру балаға барлығын өзі дербес істеуге, ересектерге тәуелділігінің азаюына, өзіне сенімділігінің артуына мүмкіндік береді. Қасында ересектер жоқ кезде аман қалмау қаупі азаяды. Осылайша еңбек өмірді қамтамасыз ету қызметін атқарады. Еңбек қызметі ерік күш-жігер қасиетінің дамуына , алдына қойған мақсатқа жету үшін күш сала білуіне ықпал етеді. Бұл адам өмірі үшін өте маңызды. Бала өзінің еңбек күшінен ләззат алған сайын, дүниеге оптимисттік көзқараспен қарай бастайды. Өйткені оның киындықтарды жеңу қабілетіне сенімділігі артады. Еңбек әрекеті шығармашылықтың дамуына ойындағы сияқты елестету деңгейінде ғана емес, сонымен қатар өз шығармашылығының материалдық нәтижелерін алу деңгейінде де ықпал етпейді. Бала еңбек әрекетінде жаңартушы болып келеді, ол оны жасына қолжетімді шеңберде әлеуметтенудің жоғары сатысына көтереді. Сол арада балаларда еңбек қызметінің бар екендігі туралы айту шартты түрде болатынын ескеру керек. Баланың әлеуметтік әлемді тануында ерекше орынды байқау алады. Классикалық педагогика мен психологияда байқауды бала әрекетінің бір түріне жатқызбайды, алайда әлеуметтік әлемді тануда бақау қызмет функциясын атқарады: балада байқау мотиві, мақсаты бар, үдерісі мен нәтижесі ерекше. Көптеген жағдайда байқау балада саналы түрде болмайды, бірақ сол арада мектеп жасына дейінгі бала адамның нақты іс-әрекеттерін, оқиғаларды, құбылыстарды, әсіресе оны ересек адам ұйымдастырса, саналы түрде де бақылай алады. Балада бақылау үдерісі әрдайым белсенді. Бақылау баланың әлеуметтік тәжірибесін байытады, дәл осыдан бала қалыптасып келе жатқан дүниетанымына, өзінің «әлем картинасына» «материал» алады. Осы әлем картинасына оң зат қана енбеуі мүмкін, мұнда педагогикалық тұрғыдан балаға көру мақсатқа сай емес нәрселер де болуы мүмкін. Бірақ оны әлемнен шектеуге болмайды, баланы «таза педагогикалық қалпақтың» астына отырғызып қоюға болмайды. Өзін қоршаған өмірден байқаған нәрсесі балаға әлеуметтік әлемге бағалай қарауын қалыптастырады. Осыған қарамастан, бағалау бақыланушыға ғана емес, сонымен қатар оның ересектерден алатын «педагогикалық ұстанымдарына» да қатысты, ол болса, соңғылардың баланың алдында ерекше жауапкершілікті талап етеді. Бақылау ішінен болған жағдайда, бала өзі қатыса отырып, адамдардың өзара қарым-қатынасын, олардың әрекетін, қимылдарын байқаған кезде (бірлескен еңбек әрекет, мерекелерге қатысу және т.б.) байқаудың рөлі әлеуметтендіру факторы ретінде күшейеді. Осындай әрекет жасауға қосыла отырып, балалар эмоционалдық серпілістің жалпы атмосферасына енеді, ересектер өз көңіл-күйлерін қалай білдіретіндіктерін, олардың қалай қуанатынын немесе өкпелейтінін бақылайды, сезімді білдірудің әлеуметтік қабылданған түрлерін өздеріне алады.Байқау танымдық қызығушылықтардың дамуын ынталандырады, әлеуметтік сезімдерді тудырып, бекітеді, іс-қимыл жасауға негіз қалайды. Қарым-қатынас жасау іс-әрекет ретінде бала тұлғасын әлеуметтендіруде өзіне маңызды жүк артады. Қарым-қатынас жасау ересекті баламен біріктіреді, ересекке әлеуметтік тәжірибені жеткізуге көмектеседі және балаға осы тәжірибені жеңіл түрде қабылдауға көмектеседі, себебі ересек баланың даму деңгейін ескере отырып, оны нақты бала ретінде бейімдейді. Қарым-қатынас жасау әрқашан қатынас жасауға өзара ықыласы болған жағдайда жүзеге асады және осы эмоционалды фон бірін-бірі қабылдау сапасын күшейтеді. Қарым-қатынас жасау баланың іртүрлі қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті: ересекпен эмоционалды жақындықта болу қажеттілігі, қолдау және бағалаудағы қажеттілік, танудағы қажеттілік және т.б. қарым-қатынас жасау іс-әрекет себебіне қарай болуы мүмкін, бұл жағдайда ол оған ілеседі және өз бетінше мақсат болып табылмайды. Алайда, М.И.Лисина, А.Г.Рузская және т.б. зерттеулерінің көрсетуінше, мектеп жасына дейінгі кезеңде де қарым-қатынас өзіндік іс-әрекет ретінде жұмсала алады. Осы және басқа да жағдайда ол бала тұлғасын әлеуметтендіру үшін маңызды және өнімді. Мектеп жасына дейінгі кезеңде баланың дамуы үшін маңызды оқу әрекеті пайда болады. Оқу үдерісі барысында сабақта балалар ересек адамның басшылығымен білім алу мүмкіндігіне ие болады, сол ересек адам білімді жеткізуді ұйымдастырады, балалардың оларды игеруін қадағалайды, қажетті түзетулер енгізеді. Меңгергендігін түсінуге тәрбиелеушінің оқыту барысында мектеп жасына дейінгі кезеңде оқу әрекетін қалыптастыру үрдісіне негізделетіні және балаларды оқытуда ерекшеліктерді ескеретіндігі көмектеседі. Осы ерекшеліктерді А.П.Усова көрсетіп, мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға тән ерекшеліктерді айқындады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың ерекшеліктері ең негізгілері: сөзбен оқыту және эксперименттеу. Сөзбен оқыту бұл әдіс емес, ол негізін құрайтын фактор, бала мен әлеуметтік дүние арасындағы басты байланыстыратын буын. Осыған байланысты тәрбиешінің сөзіне, оның бейнелілігіне, нақтылығына, ойының анықтығына үлкен көңіл бөлінеді. Сөзбен оқытуға үлкен мән бере отырып, сөз баланың шындықты тікелей қабылдауына, оның сезімталдық тәжірибесіне негізделуі керектігін есте ұстау қажет. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту эмоцияларын қозғауы, эмоционалды қарым-қатынасын тудыруы, балалардың білім алуда белсенділігіне ықпал етуі керек. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың ерекшелігі ол ересекпен ұйымдастырылады және оның тікелей жетекшілігімен өтеді. Н. Н. Поддьяковтің зерттеулеріне сүйенетін болсақ, мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік қызметі ретінде эксперименттеуді ерекше бөліп көрсетеді. Эксперименттеу әрекетін мектеп жасына дейінгі баланың өзінің қажеттілігін танымда қанағаттандыруы ретінде түсінеді. Сонымен қатар, таным саласына кейбір құбылыстар, фактілер туралы білім алу ғана емес, сондай-ақ, адамдар арасындағы өзара қарым-атынасты, мінез-құлық ерекшеліктерін және т.б. тану да енеді. Бала тәжірибе жасағанды, адамның белгілі бір жағдаятта өзін қалай ұстайтынын тексеруді ұнатады. Ол үшін бала әдейі жағдайды «өршітеді», мысалы, ересектің белгілі іс-әрекетті жасайды және соны бақылайды, сол арқылы әлеуметтік тәжірибе алады. Сөйтіп, әрекеттің әр түрі өз ерекшелігіне сәйкес тұлғаның әлеуметтену үрдісіне өз үлесін қосады, сондықтан қызметтің әр түрі өзінше маңызды және бірыңғай педагогикалық үдеріске ұйымдастырылған басқа әрекеттермен өзара байланыста болады.



3. Мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас жасау қызметінің маңызы.



Қарым-қатынас жасау – бұл баланың алғашқы адами, әлеуметтік қызметі. Ол оған адамдар әлеміне енуге, эмоционалдық жағын дамытуға, өзара әрекет жасау дағдыларын игеруге көмектеседі. М. И.Лисина өз зерттеулерінде қарым-қатынас жасау – кез келген қызметтің барлық құрылымдық компоненттеріне, атап айтқанда, мотивке, мақсатқа, нысанған, тәсілдерге, нәтижеге ие коммуникативтік әрекет ретінде дәлелдеді. Ол қарым-қатынас жасаудың төрт түрін анықтады: жағдаяттық-тұлғалық (эмоционалдық қатынас), жағдаяттық-іскерлік (заттық-әрекет етушілік), жағдаяттан тыс-танымдық және жағдаяттан тыс-тұлғалық. Сондай-ақ, қарым-қатынас жасаудың әр түрі бала тұлғасының дамуына және оның әлеуметтік әлемді тануына не беретінін көрсетті.

а). Жағдаяттық-тұлғалық қарым-қатынас жасау түрі.

Бұл бала мен ересектің қарым-қатынас жасау үрдісінде алғашқы байланыс жасау формасы. Ересек баламен тілдеседі, оған еркелететін сөздер айтады, дауысының интонациясын өзгертеді. Ересекке қатынас жасауды қалыптастыруда шешуші рөлді ересек адамның сәбиге тұлға ретінде инициативті қарым-қатынас жасауы атқарады. Ересектің озық бастамасы форматудырушы, дамытушы әрекет жасайды. Балада өзіне деген бастпқы қарым-қатынас орнығады. Ересекпен қатынас жасау баланың танымдық белсенділігін күшейтеді, «жандандыру кешенінің» пайда болуына ықпал етеді. Нәрестеде 2 айынан бастап ересектерді ажырату, жақындарын тану қабілеті көріне бастайды, ал 3 айында балалар белгілі бір іс-әрекетті жасауға рұқсат ету немесе тыйым салуға әсер етуге қабілетті болады. Осындай қарым-қатынасқа тән ерекшелік болып балалық эмоционалдық әрекет табылады, ол өзгеше бақыланады: ересекпен тікелей қатынастың болмауы кезіде күштірек және ол барда әлсіздеу. Осылайша, бала қасынан өтіп бара жатқан ересектің назарын белсенді аудартады және ересек оны қолына алғанда, басылады. Сәби ересекке қарып күлімдейді, сол арқылы өзінің қанағаттануы мен қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін игергендігін көрсетеді. Сол арада балаға онң әрекетін ересектің бағалауы міндетті емес, ол ештеңе түсінбейді, сондықтан оны қабылдамайтынын ескеру керек. Ересек нәрестеге ол бірдеңені дұрыс жасамай жатқандығы туралы айту керек, бірақ оны мейірімді тонмен айту қажет, осының өзі сәбиге жетіп жатыр. Ол мейірімді интонацияға жауап ретінде күлімдейді. Педагогке (сәбимен қарым-қатынас жасап жатқан ересекке) баламен көп сөйлесу, оған қарап күлу, интонациясын өзгерту, қолына алу, әртүрлі заттарды, ойыншықтарды көрсету маңызды. Қарым-қатынастың осындай түрі әлеуметтік тәжірибенің жинақталуына ғана емес, қорғанғандық, оны жақсы көретіндігіне сенімділігі сезімін дамытуға ықпал етеді – ал бұл алдағы уақытта дұрыс жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Сондықтан осы, баланың алғашқы даму кезеңінде қарым-қатынас жасау жетекші қызметтің рөлін атқарады. Ол дегеніміз, «алғашқы» кезеңдегі балалармен жұмыс жасауда маңыздысы оның өмірін ересекпен қарым-қатынас жасаумен толықтыру, қамтамасыз ету болып танылады. Осы ерекшелікті ата-аналарымен тастанды балалар түсетін балалар үйінің тәрбиешілері білуі және ескруі өте маңызды. Мұндай балалар сүйіспеншілік пен тұрақты назар аударудан жұрдай, ол болса, олардың дамуының тоқтатуына ықпал етеді. Балалар үйінің тәрбиешілеріне осындай балаларға жиі жақындауы, оларды қолға алуы, оларға күлімдеуі, олармен сөйлесуі қажет. Және те бұл әртүрлі ересектер емес, бір адам болғаны абзал, өйткені, жоғарыда айтылып кеткендей, сәби ересек адамның дауыс тембріне, сыртқы келбетіне үйренеді, оны тани, әсер етушілердің жалпы қауымынан ажырата бастайды.Тұлғаның қалыптасуындағы негізгі болып табылатын үйренісу және қорғаныста болу сезімі пайда болады.

ә). Жағдаяттық-іскери қарым қатынас жасау түрі.

Мұндай қарым-қатынас жасау түрі шамамен бала өмірінің екінші жартыжылдығынан басталып, шамамен 3 жасқа дейін жалғасады. Ол енді жетекші қызмет рөлін орындамайды. Ересекпен қарым-қатынас жасау келесі жетекші қызмет – заттық-манипулятивтіге табиғи көшеді. Ересекпен өзара әрекет ету мотиві өзгереді: енді бұл заттармен әрекет етуде іскери мотив болып келеді. Және те баланың іс-қимыл жасауында ересектің қасында болу және қатысу қажеттілігі ол үшін өте маңызды болып табылады. Зерттеулердің көрсетуінше, ересектің қасында болуы баланың әрекетті игеру сипатына біршама әсер етеді. Бала ересектің қимыл жасау тәсілдерін көрсеткенін, олардың орындалуын мадақтағанын, баланы қолдағанын қажет етеді. Педагогтің қарым-қатынасты заттық-манипулятивті қызмет негізінде дамытудағы міндеттері осыдан туындайды: заттар қаншалықты қызықты болса да, баланы «өзімен-өзін» қалдырмау; заттармен жұмыс істеу тәсілдерін көрсету; балаға онымен бірлескен қызметінде өзінің қатысып отырғандығын үнемі көрсетіп отыру, баланы сөзбен, күлкісімен мадақтау, оны қолымен ұстау. Осы жас мерзімінде сөйлеу дағдысы дамиды, оны сәбиді ересектің сөзіне сөзбен жауап беруге тарта отырып, қарым-қатынаста ескерген маңызды. Сөйтіп, қарым-қатынас жасаудың екінші түрі жетекші болып табылмаса да, ол басқа қызметті міндетті түрде жалғастыруы керек, себебі нәресте үшін ересектің маңыздылығы қалады және оның бала әрекетіне қатысуы ересектің қатысуы арқасында қызығушылықтың болуы есебінен оны игеруге ықпал етеді. Қарым-қатынас жетекші орнын басқа әрекетке беріп, бала үшін де, оның дамуы үшін де маңыздылығын төмендеткен жоқ. Мұны педагогтің есінде сақтағаны жөн.

б). Жағдаяттан тыс-танымдық қарым-қатынас жасау түрі.

Қарым-қатынас жасаудың осы түрі 4-5 жастағы балаларға тән, оның мотиві – танымдық. Осы жаста балада білуге құмарлық, танымдық қызығушылықтар дамиды, оларғақанағаттануын бала ересек адаммен байланыстырады. Сондықтан осы жастағы балалар ересектерге көп сұрақ қояды, ересектер барлығын біледі және міндетті түрде жауап береді деп сенімді болады. Баланың сұрағы ол тікелей нені көріп тұрғанына ғана емес, жиі ол нені көрмей тұр, бірақ түсінгісі келетініне қатысты болады. Осындай «теориялық» пайымдаулар ересек адамды танымдағы өзінше негіз етеді, балалар өз «философиялық» тұжырымдауларын ересектерге түсіндіріп, сосын жауабын алғаннан кейін, өз ойларын одан әрі жалғастырады. Танымның осындай түрі баланың дамуы үшін өте маңызды. Психологтар осы жастағы балалардығ бір ерекшелігін атап өтеді – жоғары өкпелегіштік пен оң бағалауды қажет етушілігі. Алайда осы кезеңдегі оң баға қарымқатынастың осы түрінде басқа сипатқа ие. Мұнда балаға жай ғана «жарайсың», «жақсы бала» деу жеткіліксіз. Оған оның іс-қимылы мен нәтижелеріне ересектің құрмет көосетуін сезіну өте маңызды. Сондықтан ренжігіштік ересектің мақтау білдіру (немесе білдірмеу) тәсіліне қанағаттанбауы нәтижесі ретінде көрінеді. Балалармен қарым-қатынастың танымдық мотивтерімен әңгімелесуінде заттардың қызмет етуі туралы, жануарлардың өмірі туралы, өсімдіктердің өсу және даму себептері туралы, ғарыш туралы және т.б. тақырыптар көп болады. Балаларды қоршаған әлем қызықтырады, олар оның қалай қызмет ететінін, қалай пайда болғанын және т.б. білгісі келеді. Бала белгілі бір сұрақтарына жауапты кітаптан таба алатынын білсе де, ол ересекке білімнің жанды және «сенімді» қайнар көзіне ретінде тартылады. Осы жастағы балалардың танымдық қызығушылықтары ойын кезінде жүзеге асырылады, осы кезеңде ол жетекші қызметтің рөлін атқаратыны белгілі. Алайда ересекпен қатынас жасаусыз танымдық мотивтер бойынша ойынның өзі жүзеге асырыла алмайды. Сондықтан қатынас жасаудың атаулы түрі бала дамуының осы кезеңінде жетекші болып саналмаса да, баланың жалпы дамуы үшін, дүниенің субъективті бейнесін жасау үшін және басқа да қызметті дамыту үшін маңызды.

в) Жағдаяттан тыс-тұлғалық қарым-қатынас жасау түрі.

Мектеп жасына дейінгі кезең аяғында кейінірек мектеп жасында дамитын және одан әрі жеткіншектің іс-әрекетінің жетекші түрі болып табылатын – жағдаяттан тыс-тұлғалық қарым-қатынас жасау формасы пайда болады. Осындай қарым-қатынас жасаудың мотиві болып ересек, оның тұлғасы табылады. Баланы енді ересек не істей алатыны ғана емес, ол қалай өмір сүретіні, оның отбасы бар ма екен, ол билей, ән айта алады ма және т.б. қызықтырады. Бала ересектің тұлғалық іскерліктерін бағалай бастайды, оның бағалағанын тыңдап, өзіне берген бағаға ренжімейді, қайта ересектің берген кеңестерін тыңдай бастайды. Бұл өте маңызды, өйткені ересекке деген осындай ұстаным ересекті тыңдай білу іскерлігінің пайда болуына, тапсырманы орындауға қатысты берілген оның нұсқауларына құлақ түруге ықпал етеді, ал ол болса, білім алу үшін аса қажет. Егер бала мектепке ауысқан кезеңде жағдаяттан тыс-танымдық қарым-қатынас жасау түрінде қалса, онда оған оқу қиынға түседі. Ол ересектің ескертулерін ренішсіз ести алмайды, ол өзіне қызықты тапсырмаларды ғана жеңіл орындай алады. Сондықтан баланың мектеп даярлығы туралы сөз болғанда, балада жағдаяттан тыс-тұлғалық қарым-қатынас жасау түрі қалыптасты ма, соған назар аудару керек. Осы қарым-қатынас жасау түрінде бала назарының негізі болып ересек саналады. Осындай жағдай бала жағдаяттық-тұлғалық қарым-қатынас жсау түрін игере бастаған бірінше кезеңде де болған. Сол кезде де басты назарда ересек болды. Алайда ұқсас болғанымен, қарым-қатынас жсаудың екі түрі бір-бірінен сезіну дәрежесімен, қатынас жасаудың көрінісімен, қатынас жасау мәнін түсінумен біршама ажыратылады. Қарым-қатынас жасаудың дәл осы түрі бала мен ересектің өзара қарым-қатынасының сипатына, баланың адамзат қоғамына деген қызығушылықтың дамуына маңызды әсер етеді. Жағдаяттан тыс-тұлғалық қарым-қатынас жасау түрі балалардың тәрбие беру әрекеттеріне сезімталдықты көтереді және ересектердің айтқан ақылдарын саналы түрде тез қабылдауына ықпал етеді. Осы қатынас түрі мектеп жасына дйеінгі балалардың ойындарының мазмұнына да өз әсерін тигізеді, мұнда ойын кезінде назарын көбірек заттық әрекеттер емес, адамдар арасындағы өзара қатынастың сипатына аударады. Жағдаяттан тыс-тұлғалық қарым-қатынас жасау түрінің дамуы арқасында бала өзін адамзат тегінің өкілі ретінде талдай білуге уйренеді, ол болса, өзіне-өзі талдау жасау мен өзін-өзі бағалаудың дамуына әсер етеді.



4. Мектеп жасына дейінгі жастағы баламен қарым-қатынас жасау ережелері.



Сөйтіп, біз ересек пен бала арасындағы қарым-қатынас формаларын қарастырдық. Аталған ерекшеліктердің барлығы педагог үшін маңызды. Қарым-қатынасты дамытатын және баланың дамуына қолайлы әсер ететін бір қатар ережені сақтау маңызды. Оларға тоқталып өтейік. Қарым-қатынас жасау балаға ересек оны жақсы көретінін сездіруге көмектеседі. Қарым-қатынастағы сүйіспеншілікті көрсету тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ олардың ішінде біреуі ен маңызды – баланың көзіне махаббатпен және мейірімділікпен қараңыз.

  • ашық көзқарас. «Көзбен-көз».

«Көзбен-көз» қатынасы балаға байланыс жасауға, сөзсіз өзінің сүйіспеншілігі мен қолдауы туралы айтуға көмектеседі. Бала ата-анасымен көзбен байланыс жасауды «эмоционалды толығу» үшін пайдаланады, ол ондай толығусыз тыныш өмір сүре алмайды. Біз баланың мінез-құлығына риза болмасақ та, сәбиге ашусыз қарауымыз керек – біз, ересектер, баланы сүймейміз деген ойдан алшақ болуымыз қажет. Және балаға кіммен араласады, соның көзіне қарауға үйретеді. Ашық көзқарас игілікті қатынас жасаудың басына қолайлы жағдай жасайды.

  • физикалық байланыс.

Баламен қарым-қатынас орнатқан кезде физикалық байланыстың маңызы зорБалаға жанасып, қолын тигізу оған қорғанғандық пен сүйіспеншілік сезімін береді. Ата-аналар мен тәрбиелеушілер нәрестеге табиғи және еркін түрде жанасуға уақыт табуы тиіс: оны басынан спиау, иығына еркелетіп қолын қою, еміреніп киімін дұрыстау, құшақтау және т.б. күн бойына, ұйқыға жатқызу кезінде балаға қолымен жылы жанасуына мүмкіндік табуға болады және қажет. Бұл, әсіресе, сәбилер үйі мен балалар үйінде тұратын балалар үшін өте маңызды, себебі мұнда эмоционалды байланыс жасау тапшылығы баланың дамуына кері әсерін көрсетуі мүмкін. Ересектің баламен қатынас жасауына талпынуын және осы қажеттіліктің балада пайда болуын байқау және жіберіп қоймауды сөзсіз ереже деп есептеу керек. Қарым-қатынас жасау ерекше қатынасты, ересек пен бала арасындағы рухани жақындықты талап етеді. Бала өскен сайын, қатынас жасау үшін ересекті таңдауға қатаң түрде қарай бастайды. Бала онымен қарым-қатынас жасауға түспейтін, оған үнемі ұрысатын, оған жаман көзімен қарайтын ересекпен араласпайды. Белгілі кезеңде субъективті жағдай туғанда да араласқысы келмейді: төменгі көңіл-күй, жаман сезіну, басқа қызметпен шұғылдану және т.б. Баламен қашан араласуды «тауып алу» - педагогтің, ата-ананың ерекше шеберлігі. Араласу үшін жағдай жасау маңызды: тыныш уақыт, балалардың санының аз болуы, жылы қолайлы жағдай және т.б. Егер тәрбиелеуші (ата-ана) бала үшін қатынасқа түсу пайдалы болсын десе, осының барлығын ескеруі қажет. Осыған дейін біз баланың ересек адаммен қатынасқа түсуі туралы айттық. Бірақ балалар да бір-бірімен араласуы мүмкін ғой және қажет де.

  • баланың құрдастарымен араласуына жағдай жасау.

Мектеп жасына дейінгі баланың құрдастарымен араласудың қандай маңызы бар? Құрдастарымен араласу қажеттілігі шамамен 4 жас кезінде пайда болады. Осыған дейін балалар бір-біріне ұстап көруге болатын, онымен сөйлесуге болатын қызық зат нәрсе ретінде қарайды, алайда бірге ойнауға болмайды: кедергі жасайды, өз ойларын «мәжбүр етеді», ойыншықтарын алып қояды. Ал 4 жасқа қарай балалар басқа баламен қатынас жасаудан қуаныш табады. Құрдастарымен байланысқа түсудің негізгі айырықша ерекшілігі олардың айқын эмоционалдылығы мен стандартты еместігінде, қатаң нормалар мен ережелердің болмауында. Құрдастарымен араласа отырып, бала өзін еркін, тәуелсіз сезінеді және сондықтан белгіленген ережелерді бұзады. Баланың өзіндік ерекшелігі мен шығармашылығы ересектермен салыстырғанда, өз құрдастарымен араласуда көрінеді, ол өзін, өзінің жеке тұлға екенін еркінірек көрсетеді. Құрдастарымен араласа отырып, бала өзін жақсы таниды. Ол өзін басқалармен салыстырады, кейде өз достарына еліктеуге тырысып, ал кейде ол өзін оларға қарама-қайшы қояды. Балалар бірінің алдында бірі тең болғандықтан, олар басқаны тыңдап алуды өзіне маңызды деп санамайды, олар үшін бастысы өзі айтқысы келген нәрсені айту, және құрдасының бағалағанына сеніп қалмау. Ересектермен араласуда балалар олардың соңына дейін тыңдап, баға беретінін біледі. Соған қарамастан, құрдастарымен қарымқатынас жасаудың осы түрі тұлғаның қалыптасуы үшін, әлеуметтік тәжірибені жинау үшін маңызды. Л.Н.Галигузова мен Е.О.Смирнова балалардың бір-бірімен араласуының бірнеше сипаттамасын көрсетеді: балалардың қарым-қатынасқа түсуі эмоционалдық және экспрессивтікпен ерекшеленеді; құрдастарымен араласу өзінің атқаратын қызметіне қарай, ересектермен салыстырғанда, кеңірек; құрдастары пассив сөз қорын активке айналдыруға көмектеседі; құрдасына өз танымдарын көрсете отырып, өзін-өзі жетілдіреді; балаларға құрдасының бағалауы, оның құптауы және кейде таң қалуы маңызды. Осындай сипаттамалар балалардың араласуында шынымен орын алады және олар тұлғаның қалыптасуына әсер етеді. Ересекпен және құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу негізінде әртүрлі механизм жатыр, ол сәбиден түрлі күште талап етеді, әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандырады. Бұл қарымқатынасқа түсудіңекі дербес түрі, олардың әрқайсысы дамып келе жатқан тұлғаға өз үлесін қосады және араласудың түрлі технологиясын әзірлеуді қажет етеді. Ерекшелігі ересекпен араласу тәжірибесі құрдастарымен араласу тәжірибесіне тікелей ауыспайтындығында. Сондай-ақ, құрдастарымен араласқанда ересек адамдармен қарым-қатынас жасаған кездегі тәжірибені пайдалану, құрбыларымен қарым-қатынасты кешеуілдетуге көмектеседі. Сондықтан ересектер арасында өсіп-өскен балалар да жиі кездеседі, олармен қарым-қатынас жасай алады, бірақ олар мектепке келгенде (балабақшаға бармаған болса), олардың құрдастарымен байланыс орнатуда қиындықтар туындайды Пдегогтің міндеті балаға қарым-қатынастың әрбір түрінің өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, балаға ересек және балалармен қарым-қатынасқа түсу тәсілдерін игеруге көмектесу.

















VIII ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ МЕН ОНЫ ЖАҢАРТУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ.

1. Білім беру. Әлеуметтік тәжірибе және оның құрылымы.



Білім беру – қоғамдық тұрғыда ұйымдастырылған және мөлшерленген процесс, алдыңғы ұрпақтың келесі ұрпаққа әлеуметтік маңызды тәжірибені ұдайы беріп отыру нәтижесі. Білім беру функциясы әлеуметтік тәжірибені беруден тұрады, ендеше «білім беру» ұғымының мазмұнын ашып көрсету үшін әлеуметтік тәжірибе дегеніміз не дегенді анықтауымыз қажет; әлеуметтік тәжірибе қандай элементтерді қамтиды; қандай әлеуметтік тәжірибе білім беру мазмұны болады. Әлеуметтік тәжірибеадамзаттың жинағанының бәрі, адамдардың қоғамдық-тарихи практикасы процесінде мәдениетті жаңғырту және тұлғаның игілігі болуға қабілетті болатындай етіп жасалған әрекеттің тарихи негізделген құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Әлеуметтік тәжірибе мәдениетті сақтау және дамыту мақсатында беріледі. Әлеуметтік тәжірибе жеке адамның игілігі бола ала ма? Олай болуы мүмкін емес, өйткені бір адам бүкіл әлеуметтік тәжірибені иелене алмайды, яғни адамның жан-жақты дамуын қамтамасыз ете алатындай әлеуметтік тәжірибенің қажетті элементтерін бөліп көрсету қажеттілігі туындайды. Әлеуметтік тәжірибе құрамына қандай элементтер кіреді?



    1. Әлеуметтік тәжірибе құрылымы.



Әлеуметтік тәжірибе бірнеше элементтерден құралады. Олар:

  • 1-ші элементі – әлемнің қоғамдық бейнесін (ӘҚБ) құрайтын табиғат, қоғам, техника, адам туралы білім, сол сияқты теориялық білімді практикалық істерде қолдануды қамтамасыз ететін іс-әрекет тәсілдері туралы білім.

  • 2-ші элементі - іс-әрекеттің қоғамға бұрыннан белгілі тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі. Бұл компонент өзінше айқындалған, өйткені іс-әрекет туралы білімнің болуы оларды іс жүзіне асырудың абсолютті кепілі бола алмайды. Өмірде жай ситуация мен проблемалар ғана емес, мүлде жаңа, шешімі әлеуметтік тәжірибе аясында пісіп жетіле қоймаған жағдаяттар мен проблемалар да туындауы мүмкін, сондықтан адамға үшінші компонент қажет.

  • 3-ші элементі - шығармашылдық іс-әрекет тәжірибесі, яғни белгілі білімнің және іс-әрекет тәсілдерін жаңа жағдайда қолдану, оларды түрлендіру 3-ші элемент мәдениетті жаңғырту функциясын орындайды, ал 3-ші компонент - мәдениетті дамыту функциясын орындайды.

  • 4-ші элементі - дүниеге және басқа адамдарға эмоционалдық қарым-қатынас. Бұл тәжірибе эмоционалдық тәрбиеленгендік тәжірибені, нормативтік қарым-қатынас туралы білімді, этикалық нормаларды сақтау дағдыларын қамтиды.

Бұл элементтердің арасында өзара байланыс бар ма? Бар. Әлеуметтік қарым-қатынас элементтеріне тән қасиет - алдыңғыларының әрқайсысы іс-әрекет туралы, оның тәсілдері туралы білімсіз практикада іс-әрекет тәсілдері жүзеге асырылуы мүмкін емес; шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі жоқ жаңа жағдайдағы іс-әрекет бола алмайды, әлеуметтік тәжірибені ары қарай жинақтау мүмкін емес; себебі жеке адам тек қана өзін және басқаларды, басқалардың арасындағы өзінің орнын түсінгенде ғана тұлға бола алады). Әрбір келесі элемент алдыңғыны өзгертеді, біліктің құрамында білімді қолдану оны неғұрлым терең, көнбіс, жүйелі етеді. Әлеуметтік тәжірибе мен білім беру мазмұнының ара-қатынасы қандай? Білім беру мақсаты және оның функциялары - әлеуметтік тәжірибелерді беру. Сонда әлеуметтік тәжірибе мен білім беру мазмұнының құрылымдары бірдей болуы керек пе? Олардың арасында айырмашылық - элементтердің мазмұнының көлемінде. Білім беру мазмұнына тек әлеуметтік тәжірибе элементтерінің әрқайсысының негізгі, қолжетімді және меңгеруге қажетті аспектілері кіреді. Білім беру мазмұнына анықтама берейік.



    1. Іс-әрекет тәсілдері арқылы тәжірибені жүзеге асыру.



Іс-әрекет тәсілдері туралы білім оны іс жүзіне асыру үшін жеткіліксіз. Іс-әрекет тәсілдерін іс жүзіне асыру үшін тұлғаның нақты тәжірибесі қажет. Бұл тәжірибенің негізін практикалық сипатта да, интеллектуалды сипатта да бола алатын білік пен дағды құрайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың осындай білігі мен дағдыларына мысал келтіреміз. Білік пен білімді жалпы және арнайы деп бөледі.

Жалпыға өмірдегі іс-әрекеттің кез келген ситуацияларына қажетті білік жатады: сөз сөйлеу дағдылары, дағдылар және адамгершілік істерінің дағдылары, оқи білу, айтып беру, сұрақтар беру және оларға жауап беру, жүру, жүгіру және т.с.с.

Арнайы білік пен дағдыға іс-әрекеттің нақты түрлеріндегі білік жатады: музыкалық, сурет салу, конструктивтік және т.б. Біліктің дамығандығын бағалау мынадай критерийлердің негізінде жүзеге асады: шапшаңдық, автоматизм, назар қою жылдамдығы, амалды орындауға берілген уақыт, артық қимылдардың болуы немесе болмауы, білім мен дағдыларды практикалык істе қолдану білігі. Шығармашылдық іс-әрекет тәжірибесі. Ол тұлға бұрын ешқашан шешілмеген жаңа проблеиаларға кездесіп қалғанда жинақталады. Мұндай жағдайларда іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін іс-әрекеттің белгісіз жағдайларына көшіріп, оны қажетті түрде түрлендірген маңызды. Бұл тәжірибе бірте-бірте жинақталады. Үлгі бойынша меңгерілген білім мен білік баланың шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ете алмайды. Мектепке дейін білім беру жүйесінде ынталылық пен өзіндік әрекет ету үшін іс-әрекеттің аяғына дейін жағдай жасау қажет. Мектепке дейін білім беру теориясы мен практикасында: «Шығармашылыққа үйретуге бола ма?» деген сұрақ талқыланып жүр. шығармашылықты мақсатты түрде қалыптастыруды елемеу балалардың шығармашылық қабілеттерін стихиялық, жаппай дамытуға алып келмейтіндігін практика дәлелдеді. Шығармашылыққа оның белгілерін біліп және арнайы жағдай жасай отырып (ұйымдастыру-педагогикалық, психологиялық және т.б.) үйрету керек. Мектеп жасына дейінгі баланы әрекет жасауға, өздігінен ойлауға, ынталылық көрсетуге үйрету керек. Шығармашылдық белгілерін білу арқылы оны мақсатты, бағытты түрде дамыту керек.



1.3. Қалыптастыруға жататын шығармашылық іс-әрекет белгілері.



Қалыптастыруға жататын шығармашылық іс-әрекет белгілерін төмендегідей бөліп қарастыруға болады (И. Я. Лернер бойынша)::

  • білім мен білікті өздігінен жаңа ситуацияға көшіру;

  • таныс ситуациядағы жаңа проблеманы көру;

  • объектінің жаңа функцияларын көру, заттарды тікелей арналмаған мақсаттарда пайдалану;

  • объектінің құрылымын көру, объектіні бөліктерге бөлу қабілеті, олардың қатынастары мен байланысын, маңыздысы мен маңызды емесін түсіну;

  • альтернативті ойлау – бір ситуацияны шешуді, әртүрлі әрекеттерді, қарама-қайшы фактілерді білу;

  • бұрынғы белгіліден өзгеше мүлде жаңа шешім құру; бұл шығармашылықтың дамуының ең жоғары деңгейін көрсетеді (мектеп жасына дейінгі балада көрсетілмеген).

Бұл - объективті жаңалықтар ашу, жаңа теориялардың, заңдардың және т.с.с. пайда болу деңгейі. Бұл белгілер аралас түрде көрінуі мүмкін және шығармашыл тұлғаны сипаттайды. Олар шығармашылдықтың даму бағыттылығын көрсетеді. Оларды дамытуға болады және дамыту керек те, ол шығармашыл тұлғаның қалыптасуына алып келеді. Мектепке дейін білім беру мазмұнының үшінші компонентінің ерекшелігі сонда, шығармашылық іс-әререт процедурасында не істеу қажет екендігіне нұсқау беруге болмайды, тұлғаны дамытуды анықтайтын белгілерін дамытуға болады.


1.4. Баланың өзіне және айналасындағыларына эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас тәжірибесі.


Мектепке дейінгі жас - тәртіп пен өзара ықпалдастық нормалары мен ережелерін меңгерудің сензитивтік кезеңі. Бұл кезеңде тәртіп негізі қаланады, қоғамда өзін қалай ұстауы керек, нені істеуге болады және нені болмайды дегендерге алғашқы тұрақты сенімдері қалыптасады. Бұл дәрежеде жыныстық тәртіп негіздері қаланады, белгілі бір жыныспен салыстыру жағдайы болады. Білім беру мазмұнының бұл элементі ерекше. Оның мазмұны – білім мен білік емес, айналасындағылардың барлығына және өзіне өзінің қарым-қатынасы. Білім мен қарым-қатынас арасында үш түрлі өзара байланыс бар:

  1. Толық үйлесім (тұлғаның нормативті білімі мен қарымқатынасының үйлесуінің тамаша нұсқасы);

  2. Толық үйлеспеушілік (әлеуметтік нормалар мен тұлғаның қарым-қатынасының үйлеспеуі – әлеуметтік келіспеушілік);

  3. Ішінара үйлеспеушілік – тұлғаның білімі мен қарым-қатынасы кейбір жағдайларда қайшылыққа келіп қалады.

Баланың білімі мен өзара ықпалдастық қарым-қатынастары бала үшін оның айналасындағылар мен өзіне қарым-қатынас жүйесін жүргізгендігінен байқалады, ол ең алдымен ата-аналар, педагогтар және басқа үлкен адамдар. Орта және ересек мектеп жасында құрбылары басым рөл атқарады. Үлкен адам бала үшін тәртіп және қарым-қатынас үлгісі болып табылады, бағалау әркетіне үйретеді, адамгершілік нормалары туралы ұғым береді, бала тұлғасының адамгершілік сапасын тәрбиелейді. Тәртіптің көп бағыттарын қалыптастыру үлкендерге еліктеу негізінде жүреді, ал оны мақұл көру мектеп жасына дейінгі бала тәртібін жөнге салатын күшті фактор болып табылады.

Мектеп жасына дейін қалыптасқан қарым-қатынас негізінде тұрақты наным, құндылықтар жүйесі, істері мен қылықтарының жағымды және жағымсыз жақтарын айыра білу қасиеттері дамиды. Баланың болашағы көбінесе бұл компоненттің дамығандығына және оның әлеуметтік нормаларға сәйкес болуына байланысты.

Сонымен, біз білім беру мазмұнының элементтерін және оның ерекшеліктерін қарастырдық. Қорытынды жасасақ, мектепке дейін білім беру мазмұны өзара байланысты төрт элементтен тұрады. Бұл элементтер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінде сабақта және уақытпен шектелмеген іс-әрекет үстінде көрінеді. Білім беру мазмұнының элементтері барлық әдістемелік сабақтар арқылы олардың нақтылы мазмұнының ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Олар балалармен кез келген тақырыпты оқу аясында оқытудың, балаларды тәрбиелеу мен дамытудың мақсаттарында (дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары) көрініс табулары тиіс. Мектепке дейін білім беру мазмұнының басты қозғаушысы үлкен адамдар, ал оның қайнар көзі – әлеуметтік тәжірибе.


  1. Білім беру мазмұны.


Білім беру мазмұны – бұл дүниеге білімнің, біліктің, дағдының, шығармашыл іс-әрекет тәжірибесінің және дүниеге эмоционалдық-құндылық көзқарастың педагогикалық тұрғыда бейімделген жүйесі, бұл жүйені меңгеру мәдениетті жаңғыртуға және дамытуға дайын, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді (И. Я. Лернер). Әртүрлі жас сатысы үшін білім беру мазмұнын таңдаудың негізгі критерийлері қандай? Білім беру мазмұнын педагогикалық бейімдеу ненің негізінде жүргізіледі?



    1. Білім беру мазмұнын таңдаудың негізгі критерийлері.


Ю. К. Бабанский, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин сынды ғалымдардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, білім беру мазмұнын таңдаудың негізгі критерийлері төмендегідей жіктеледі:

  • Білім беру мазмұнында әлеуметтік тәжірибенің барлық компоненттерін тұтастай көрсету.

  • Меңгерілуге тиісті мазмұнның ғылыми және практикалық жоғары маңыздылығы.

  • Мазмұнның күрделілігінің берілген жастың шынайы мүмкіндігіне сәйкес болуы.

  • Берілген мазмұнды оқып үйрену үшін оның көлемінің бар уақытқа сәйкестігі.

  • Мазмұнның білім беру мекемесінің қолда бар оқу-әдістемелік және материалдық базасына сәйкестігі.

  • Тәжірибені байыту, әлемдік білім беру стандартына сәйкестендіру мақсатында білім мазмұнының халықаралық құрылу ерекшеліктерін ескеру.

Білім беру мазмұнының теориялық негіздерін қарастырғанда И. Я. Лернердің, В. В. Краевскийдің тұжырымдамаларына негізге алған жөн. Олардың білім беру мазмұнына педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе ретінде анықтама беруі көбінесе ізгілікті ойлау ұстанымдарына сәйкес келеді. Тұжырымның мағынасы – тұтастай тұлға білім, білік және дағдылармен шектелмеу керек. Тұлға көпжақты, ол өзінің эмоциясымен, құндылығымен, дүниеге көзқарасымен, мотивтер жүйесімен, сол шығармашылдық мүмкіндігімен сипатталады. Бұл - субъект. Білім беру мазмұнының құрылымын анықтайтын басқа да тұжырымдамалар бар. Ұзақ уақыт бойы білім беру мазмұнын білім, білік және дағды жүйесі деп қарастыратын анықтамалар жетекші орында болды. Ол білім беру мекемелерін оларды аға ұрпақтан кіші ұрпаққа беруге бағдарлады. Соның салдарынан оқытудың репродуктік әдістері басымдық алды, ол іс-әрекеттің бір түрін қайталай беруге және іс-әрекетті үлгі бойынша орындауға бағдарлады, оқыту процесіне продуктивтік әдістерді енгізбеді. Бұл тұжырымдама адамзат мәдениетінің барлық компоненттерін меңгеруге бағытталмаған және олардың екеуімен ғана шектеледі. Әлеуметтік тәжірибе құрылымының білім беру мазмұнына сәйкестігі, олардың айырмашылығы, туралы қорытынды жасай келе, яғни білім беру мазмұнының теориялық негіздерін қарастыра отырып, мектепке дейін білім беру мазмұнын, оның өзіндік ерекшеліктерін неғұрлым жан-жақты оқып үйренуге назар аударамыз. Мектепке дейінгі мекеме базасында мектепке дейінгі білім беру мазмұнын беру және балалардың оны меңгеруі жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі мекемедегі білім беру мазмұнының құрылымы жоғарыда қарастырылған білім беру мазмұнына сәйкес келе ме? Мектепке дейінгі мекемедегі білім беру мазмұнында да сол элементтер қарастырылады. Мектепке дейінгі мекемедегі білім беру мазмұнының элементтерін, оның өзіндік ерекшеліктерін қарастырайық.


2.2. Білім – білім беру мазмұнының негізгі компоненті.


Жинақталған білім көп, оны білім берудің әрбір сатысына тиісті қолданатындай етіп педагогикалық бейімдеу қажет (оның ішінде мектепке дейін білім беруді). Жинақталған білім әрқашан нақты практиканың алдында болады, сондықтан білім – мектепке дейінгі білім берудің бірінші элементі болады. Білімнің әр түрі болады, олардың барлығы бірдей мектепке дейінгі білім беру жүйесіне ене бермейді.

Білім мынадай болып бөлінеді:

  1. Ары қарай мектепте оқу үшін база бола алатындай негізгі ұғымдар мен терминдер;

  2. Айналасындағыларды байқау, заттармен жұмыс істеу, іс-әрекеттің әр түрі, қорытындылар жасау арқылы жинақталатын фактілер;

  3. Заңдар, теориялар, тұжырымдамалар (мектепке дейінгі білім беру мазмұнында жоқтың қасы);

  4. Іс-әрекет тәсілдері және таным туралы білім, балаларға іс-әрекеттің негізгі түрлерін жүзеге асыру тәсілдері – қозғалыс, көркем өнер, еңбек, ойын, сөз сөйлеу, коммуникативтік тәсілдер жөнінде білім беріледі;

  5. Қоғамдағы қарым-қатынас нормалары туралы білім беру, балалардағы қарым-қатынас нормалары, өзін ұстау және қарым-қатынас жасау ережелері жөнінде білім алады;

  6. Бағалаушылық білімі, балалар жақсы деген не және жаман деген не екендігін, өзін, іс-әрекетін және тәртібін, басқа адамдардың істері мен қылықтарын бағалау туралы білетін болады. Мектепке дейінгі бала білімнің қандай түрлерін меңгереді? Мектепке дейінгі мекемеде теория, заңдар, тұжырымдамалардан басқа білімнің барлық түрі беріледі. Балалардың тікелей байқау арқылы алған табиғат заңдарының орны бөлек (уақыттың өтуі, жыл мезгілдері, олардың заңдылықпен ауысуы). Бұл білімдер өзара байланысты, оларды кешенді түрде үйрету қажет. Сонымен, мектепке дейін білім беру жүйесіндегі білім айналасындағылар, өзі және басқалар жөнінде балалардың түсінік жүйесін қалыптастырады. Олар балалардың ары қарай оқуы үшін іргетас және тұлғаны дамыту құралы болады.


  1. Мектепке дейін білім берудің мазмұнын реттейтін нормативтік құжаттар.

Жалпы педагогика курсынан еске түсірейік, білім беру мазмұнын қандай нормативтік құжаттар реттейді? (ҚР МЖБМБС, оқу жоспарлары, білім беру бағдарламалары).

Мектепке дейін білім беру мазмұнын реттейтін құжаттар:

а). мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, ол мектеп жасына дейінгі балаларда оқыту және тәрбиелеудің мазмұны мен әдістеріне, балалардың даму ортасына, педагогикалық өзара ықпалдастық сипаттарына қойылатын талаптарды көрсетеді;

ә). ерте жастағы және мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламалары;

б). оқу және әдістемелік материалдар, ұсыныстар, құралдар, басшылыққа алынатын жетекші материалдар.

Бұл құжаттардың арасында белгілі бір өзара тәуелділік бар. Білім мазмұнын құрастырғанда жетекші орын МЖБМБС-на беріледі, соның негізінде талаптар құрылып білім беру бағдаламалары жасалады. Әр құжатқа толығырақ тоқталайық.

а) Мемлекеттік стандарт - бұл заңды түрде белгіленген білімділік нормасы. Ол негізгі білім беру бағдарламаларының мазмұнының міндетті минимумын, білімгерлер жүктемесінің ең жоғары көлемін, бітірушілерді дайындау деңгейіне талаптарды анықтайды. Мектепке дейін білім берудің мемлекеттік стандарты мектеп жасына дейінгі әрбір балаға мектепке дейінгі мекемеге барған жағдайда заңды түрде белгіленген кепілді білімділік нормасы. Білім беру стандарты үш деңгейді қамтиды:

  • ҚР білім және ғылым министрлігі анықтайтын және белгіленген білім беру сатысында білім мазмұнының міндетті минимумын көрсететін мемлекеттік деңгей.

  • Жергілікті білім басқару органдары анықтайтын, мектепке дейін білім беру мазмұнын құрғанда аймақтық, ұлттық, мәдени, табиғи және басқа ерекшеліктерді ескеруді қажет ететін аймақтық деңгей.

  • Педагогикалық ұжымның шешуі мен мүдделеріне қарай мектепке дейін білім беру мазмұнына толықтырулар енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін білім беру мекемесінің деңгейі.

Ол мектепке дейінгі мекеме мамандарының шығармашылығының дамуына мүмкіндік береді. Білім беру мазмұнына екінші және үшінші деңгейдегі толықтырулар заңнамаларға, балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қайшы келмеуі тиіс. Мемлекеттік стандарттың білім беру мазмұнының міндетті минимумын қамтамасыз ететін құжат ретіндегі маңыздылығы оны жасау және апробациялау қажет екендігін көрсетті. «Мектепке дейінгі білім беруді стандарттау» ұғымының тууына ықпал еткен себептерді қарастырайық.

Мектепке дейін білім беруді стандарттау себептері мынадай:

1. Мектепке дейін білім беру жүйесінде тұрақты бағдардың қажеттілігі.

2. Мектепке дейін білім беруде альтернативтік бағдарламалардың пайда болуы жағдайында бірыңғай білім беру кеңістігін құруды талап ететін халықтың көші-қоны.

3. Әртүрлі бағдарламалармен жұмыс істейтін мектепке дейінгі мекемелерінің түрлі типтерінің іс-әрекетін реттеуді орталықтандырудың маңыздылығы. Бала өзінің жасы үшін аса қажетті білім, білік, дағды, қасиет, қарым-қатынас және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін алуына кепіл болуы тиіс.

4. Стандарт әлемдік жағымды тенденцияларға сәйкес болатын біліммен қамтамасыз етуі тиіс.

Мектепке дейін білім беру МЖБМБС бірқатар функцияларды орындайды:

  • көпнұсқалалық жағдайында білім беру сапасын арттыруды жүзеге асыру;

  • баланы біліксіз педагогикалық әсерден сақтандыру;

  • аймақтардың, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымдарының еркіндігі жағдайында еліміздің территориясында бірыңғай білім беру кеңістігін сақтау;

  • мектепке дейін білім беру мекемелерінің педагогтарына қойылатын талаптарды белгілеу;

  • мектепке дейін білім беру педагогикалық практикасының жақсы жетістіктерін тіркеу.

Мектепке дейін білім берудің мемлекеттік міндетті стандарты дегеніміз не?

Стандарт негізгі үш компонентті қамтиды:

1. Білім беру бағдарламасына талаптар (бағдарлама баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, дене және психикалық дамуына, бұл дамуды түзетіп отыруға бағытталуы тиіс; ол тұтас және кешенді болуы керек);

2. Педагогқа және оның балалармен өзара қатынаста жеке тұлғалық-бағдарлылығы;

3. Баланың даму ортасына талаптар; балабақшасын, алаңын заттық-кеңістіктік ұйымдастыру, олар балалардың сұранысы мен мүдделеріне, ал оның элементтері – олардың дамуына сай болуы керек; Мектепке дейін білім беру мемлекеттік стандарты мемлекеттік заңмен белгіленеді, конкурстық негізде жасалады, кем дегенде 10 жылдың ішінде бір рет нақтыланып отырады.

ә) Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту бағдарламасы.

МДТО бағдарламасы дегеніміз - бұл мектепке дейін білім беру мазмұнын анықтайтын екінші құжат. Білім беру бағдарламасы стандарт анықтаған білім беру мазмұнын нақтылайды. Білім беру бағдарламасы – мектепке дейін білім берудің мақсаттарын, білім беру мазмұнын, балалардың іс-әрекет түрлерін, әлеуметтік тәжірибе компоненттерінің қатысуын, олардың бағдарлама бөлімдері және балалардың жасына қарай бөлінгендігін көрсететін құжат. Мектепке дейінгі мекемеде бағдарлама негізгі екі функцияны орындайды: білім беру мазмұнын оқу пәні деңгейінде бекіту функциясы және педагогикалық процесті құру мен оның барысын бақылау функциясы. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасының даму тарихынан аздап хабарлама жасайық. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің бірінші бағдарламасын Я. А. Коменский 1663 жылы «Ұлы дидактика» деген еңбегінде аналарға жетекшілік бағдарламаға әдістемелік қосымша оның «Ана мектебі» атты кітабында көрсетілген. Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасының өз нұсқасын И. Г. Песталоцци 1703 жылы аналар үшін «Гертруда өз балаларын қалай оқытты?» атты еңбегінде ұсынды. Кеңес Одағында 1919 жылы «Балалар бақшасының ұясын енгізуге нұсқау» басылып шықты, онда балалармен істелетін жұмысты ұйымдастыру, оның мазмұны, әдістері жөнінде нұсқаулар берілген. 1932 жылы Н. Н. Суровцеваның басшылығымен бағдарламаның бірінші жобасы жарық көрді, ол мынадай бағыттарды қамтыды: қоғамдық-саяси, 78 еңбек, музыкалық-қозғалыс тәрбиесі, сурет салу, математика, грамматика. Онда ұйымдастыру кезеңдері, қызу сөз, ойын, балалар ұжымын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсыныстар орын алды. Бағдарлама жобасында мектепке дейін білім беру мекемесінде мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстың міндеттері мен көлемін анықтауға талпыныс жасалды. 1934 жылы редакциясын А. Флерина, Д. В. Менджерицкая, Н. Н. Суровцевалардың басқаруымен бірінші «Тәрбие бағдарламасы» жарық көрді. Ол мынадай бағыттарды қамтыды: қоғамдық, дене тәрбиесі, сурет салу, жабыстыру, еңбекке үйрету, тілін дамыту, кітаппен және суреттермен жұмыс істеу, табиғат туралы білім негіздері, математикалық түсініктерді дамыту, сауат. Бұл бағдарлама жетілдіріліп 1962 жылға дейін балалар бақшасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізі болды. 1938 жылы Н. К. Крупская «Балабақшаларының тәрбиешілері үшін жетекші»-ні жазды, онда педагогикалық бұрмалаушылықтарға байланысты өзінің сын ескертпелерін жазды. Ол балалар үшін танымдық материалдардың ақталуға жатпайтындай күрделілігін, балаларға арналған материалдардың ғылыми негізерінің жоқтығын, бағдарламаның және ата-аналармен жұмыс бөлімінің ғылыми негізделмегендігін сынайды. 1953 жылы бұл құжат «Балалар бақшасында мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту» атты жаңа бөлім енгізілуіне байланысты өңделіп қайта басылып шығады. 1962 жылы «Мектепке дейінгі балалар мекемелерін ары қарай дамыту, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуді және оларға медициналық қызмет көрсетуді жақсарту шаралары туралы» басшылыққа алу құжаты шықты. Осы құжат негізінде балалар яслилері мен бақшаларын бір мектепке дейінгі мекемеге сабақтас біріктіру жүгізілді. 1964 жылы М. А. Васильеваның басшылығымен «Балалар бақшасында тәрбиелеу мен оқытудың типтік бағдарламасы» жасалып шықты, ол 1989 жылға дейін білім беру процесінде жалғыз ғана бағдар болды, содан бастап мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің жаңа альтернативті бағдарламалары пайда бола бастады. «Балалар бақшасында тәрбиелеу мен оқытудың типтік бағдарламасы» мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барлық бөлімдерін қамтыды, жас кезеңдеріне қарап құрылды. Материалдың мазмұны мынадай бөлімдер бойынша құрылды: дене, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиесі, балаларды ойын ойнауда дамыту. Бағдарламада жаңа «Мектеп жасына дейінгі балаларды балалар бақшасында оқыту» атты А. П. Усова басқарған жаңа бөлім пайда болды. Бағдарламада қажетті дидактикалық материалдар қарастырылған. Содан кейін бағдарламаға тәрбиешілер үшін материалдары бар «Әдістемелік ұсыныстар» жасалды. Бұл бағдарлама бірнеше рет өзгертілді және мектепке дейін білім беру мазмұнына қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты жетілдірілді. Бүгінде оны мектепке дейінгі мекемеде білім беру процесін құру үшін мамандар пайдаланады. Оның сыртында қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында «Балбөбек» (1999) бағдарламасы, балабақшадағы 5-7 жастағы балаларды мектепалды дайындау бағдарламасы, мектеп жағдайында 6-7 жастағы балаларды мектепалды дайындау бағдарламасы, балалар бақшасында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда негізгі құжат ретінде мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (базалық минимум) бар. Альтернативті мемлекеттік және авторлық білім беру бағдарламалары: «Қайнар», «Қарлығаш», «Тәйтәй», «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» және т.б. бағдарламалар нұсқалары бар. Мектепке дейінгі мекемелер үшін бағдарлама құрудың теориялық негіздерін қарастырайық.

Мектепке дейін білім беру жүйесінің бағдарламалары «кешенді» және «парциалды» бағдарламалар деп екі үлкен топқа бөлінеді:

  • Кешенді бағдарламалар, олар баланы дамытудың барлық бағыттарын қамтиды (дене, әлеуметтік-адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық, эмоционалдық-еріктік және т.б.).

Кешенді бағдарламалардың мысалы ретінде М. А. Васильеваның «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасын» алуға болады; Л. А. Парамонованың, А. И. Давидчуктің «Бастаулар»; Т. Н. Доронованың «Кемпірқосақ»; В. И. Логинованың, Т. И. Бабаеваның және т.б. «Балалық шақ»; М. Сәтімбекованың «Балбөбек» және т.б. алуға болады.

  • Парциалды бағдарламалар, олар баланы дамытудың бір немесе бірнеше бағыттарын қамтиды (көркемдік-эстетикалық, экологиялық, экономикалық және т.б.).

Парциалды бағдарламалардың мысалы ретінде Р. С. Бурованың «Дружные ребята»; Н. А. Рыжованың, Р. Б.Стеркинаның, Н. Н. Авдееваның «Наш дом - природа»; Т. С. Комарованың «Красота. Радость. Творчество»; Р. Б. Стеркинаның, Н. Н. Авдееваның «Основы безопасности детей дошкольного возраста»; С. А. Козлованың «Я - человек» және т.с.с. Мектепке дейінгі мекемеде тұтас педагогикалық процесс бір кешенді бағдарламамен немесе бірнеше парциалды бағдарламалармен қамтамасыз етіледі. Білім беру бағдарламасы бүкіл мектепке дейінгі кезең немесе белгілі бір жасты (ерте, кіші,ересек) қамти алады.

Казақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын (2016, 2022) ұстанып отыр. Түрлі бағдарламалар көп болған жағдайда маманға мектепке дейін білім беруді таңдау мақсатында білім берудің мазмұнының құрылымына, оның құру тәсілдеріне, сол сияқты оған қойылатын талаптарға аса назар салу қажет.

Білім беру бағдарламасына қойылатын талаптар:

  1. Бағдарлама білім беру мазмұнын көрсету керек және ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес болуы керек. Ол мектепке дейін білім беру мекемелері туралы жаңа Типтік ережеге бейімделген болуы керек.

  2. Білім мазмұнын құрғанда білім берудің зайырлы сипаттағы принциптері сақталуы тиіс (діни бағыттағы білім беру мекемелері үшін арнайы мамандандырылған бағдарламалардан басқа). Бағдарламалар жалпы адами мәдениетке ғана емес, сонымен бірге қазақстандық мәдени дәстүрлерге қарай, алынған мазмұнды игеру процесінде тұлғалық-бағдарлық өзара ықпалдастық принципінде құрылуы керек.

  3. Бағдарламалар баланың қабілеттерін, танымдық қызығушылығын дамытуға, үлкендермен және құрбылырымен араласу білігін және шығармашылық қабілетін қалыптастыруға бағытталуы тиіс, яғни баланы оқытудың, тәрбиелеудің, дамытудың міндеттерін шешу кешенді түрде қарастырылуы керек. Әрбір бағдарлама мектепке дейінгі мекемеде балалар өмірін ұйымдастырудың түрлерін қарастыруы тиіс және педагогикалық процеске қатысушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған болуы қажет.

  4. Бағдарлама балалардың іс-әрекетінің алуан түрлерін олардың жас ерекшелік мүмкіндіктерін ескере отырып үйлестіруі тиіс және баланың күні бойғы оңтайлы жүктемесін, күн тәртібін ескеру керек.

  5. Бағдарлама балалар мен үлкендердің өзара әрекетінің ұжымдық, топтық, жеке түрлерін қарастыруы керек. Бағдарламада оны толыққанды жүзеге асыру үшін қажетті дамытушы орта көрсетілуі керек. Бағдарламаның мәтінінде мектепке дейін білім берудің мақсаттары мен мазмұны толық ашып көрсетілуі керек, нақты (жалпы сөз болмауы), тиісті және инструменталды (педагогтардың жұмысының орындалу ретін жазу, балаларды оқыту мен тәрбиелеудің түрлерін, әдістерін, құралдарын ашып көрсету) болуы тиіс.

  6. Бағдарламада тәрбие мен білім берудің барлық бөлімдері бойынша әрбір жас кезеңінде алынатын нәтижелер көрсетілуі керек.

Бағдарламалар (кешенді болсын, парциалдық болсын) әртүрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Білім беру бағдарламаларын құру тәсілдері:

  • Сызықтық тәсіл – мұнда оқу материалының жекелеген бөліктері өзара тығыз байланысқан буындардың үздіксіз тізбегін құрайды. Оның үстіне жаңасы бұрыннан белгілінің негізінде құрылады. Материалдың мазмұны оқыту кезеңінде бір рет жасалады. Кәсіптік білім беру бағдарламалардың көбісі осы тәсілдің негізінде құрылған.

  • Бағдарламаны құрудың концентрлік тәсілі бір материалды бірнеше рет қарастыруды көздейді, бірақ білім мазмұнын басқа тұрғыда меңгеру үшін оны жаңа компоненттермен толықтыру арқылы күрделендіру, кеңейту, тереңдету элементтері енгізіледі. Бұл - балалар бақшасында жылдан-жылға білім деңгейін көтеру үшін педагог өткен материалды қайталаған жағдайда мектепке дейін білім беру жүйесіне тән тәсіл.

  • Аралас тәсіл бірінші және екінші тәсілдердің белгілерін біріктіреді. Мұндай тәсіл материалдың әр бөлігін әртүрлі әдіспен түсіндіруге мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламасының, басқа құбылыстар тәрізді, өзінің айқын белгіленген құрылымы болады, ол мамандардың жұмысының қажетті жақтарының барлығын сәйкестендіреді.

Білім беру бағдарламасының құрылымы:

1. Түсінік хат - қысқа, ауқымды және негізделген түрде берілген бағдарлама аясында мектепке дейін білім берудің мақсаттарын көрсетеді; оқылатын материалдың құрылымы мен мазмұнын, іс-әрекет түрлерін, олардың функцияларын баяндайды. Түсінік хат бағдарламаның мәтінін негіздейді, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру принциптерін, олардың жас сатыларындағы ерекшеліктерін айқындайды, қойылған мақсаттарға жетудің әдістемелік жүйесін, құралдарын, жүзеге асыруға қажетті шарттарды көрсетеді. Түсінік хатта бағдарламаны жасаудың тұжырымдамалық негізі, оның авторларының ойы, басқа бағдарламалардан айырмашылығы және олармен байланыс мүмкіндіктері ашып көрсетіледі.

2. Негізгі мәтін мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын тақырып, бөлім, жас кезеңі, мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі педагогикалық процестің бағыттары бойынша құруды көрсетеді. Бағдарламаның негізгі мәтінінде оқыту мен тәрбиелеудің әрбір бағыты бойынша педагогикалық іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттері болады, балаларға қажетті білім, білік, дағдылар, қалыптастырылатын тұлғалық қасиеттері мен қабілеттері, айналасындағылармен орнатылатын қарым-қатынас тәжірибесі, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі көрсетіледі. Негізгі мәтінде айқын, жасы және жұмыс бағыттары бойынша балалармен істелетін жұмыстың негізгі мазмұны, оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдері мен құралдары жазылып көрсетілуі керек. Бағдарламалардың авторлық бөлімі негізгі мәтінді нақтылайды. Мұнда бағдарлама бойынша жұмыс нәтижелерін диагностикалауға арналған материалдар болуы мүмкін; дамытушы ортаны, қажетті өзіндік ерекшелігі бар материалдарды бейнелеп жазу; педагогтардың өздік білімін көтеру үшін әдебиеттер, бұл бағдарлама бойынша педагогтар мен балалардың іс-әрекеттерінің үлгілері; оны жүзеге асыруға әдістемелік ұсыныстар болады. Білім беру бағдарламасына әдістемелік ұсыныстар бағдарлама мәтініне жеке басылым болуы мүмкін. Бүгінде мектепке дейін білім беру жүйесінде әртүрлі көптеген авторлық кешенді және парциалды білім бағдарламалары бар, олар білім беру жүйесінде бар бағдарламаларға балама ретінде пайда болған, пайда бола береді де және апробацияланады. Әрбір бағдарлама педагогикалық процесті ұйымдастыруға әртүрлі көзқарасты негіздейді. Бүгінде мектепке дейінгі мекеменің бағдарламаны және оны іске асыру технологиясын таңдауына құқығы бар (мұның жағымды да, жағымсыз да жақтары бар). Мемлекеттік білім беру стандарты педагогикалық процесті шектемейді, белгілі бір қалыппен жүргізбейді, оны біліксіздіктен қорғайды және белгіленген минимуммен қатар әртүрлі қосымшаларды да беруді көздейді. Стандарт орындау – мемлекеттің бәріне бірдей тең білім беруді қамтамасыз етумен байланысты баланың, отбасының, қоғамның алдындағы міндеттемесін орындау. Білім беру бағдарламалары жасалу кезеңінде мемлекеттік деңгейдегі сараптамадан, тәжірибе-эксперименттік апробациядан өтеді, содан кейін ғана енгізілуге жіберіледі. Мектепке дейінгі мекеме мамандары кешенді білім беру бағдарламасын таңдауда ерікті. Ол парциалдық бағдарламалармен толықтырылуы мүмкін (дайын немесе авторлық), бірақ бұл балалардың жүктемесінің олардың денсаулығын сақтау нормаларын сақтау және кешенді бағдарламаны орындау жағдайында болуы тиіс.

Ұзақ уақыт мектепке дейін білім беру жүйесінде бір бағдарлама – М. А. Васильеваның «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы» (ол түзетулерімен 1962 жылдан) қолданылып келді. Бүгінде бағдарламалардың көптігі жағдайында мектепке дейінгі мекемелер білім беру траекторияларын және бағдарламаларын өздері таңдайды, оған өзгерістер енгізеді, мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес авторлық бағдарламалар енгізеді. Бұл траекторияны анықтау кезеңінде мамандарға бірқатар ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттарды орындау маңызды.

Білім берудің жаңа бағдарламасына көшкендегі ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттар:

  • Жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген барлық топтарды бағдарламамен теориялық таныстыру.

  • «Пәндік-дамытушылық орта» бөлімін оқыту, мектепке дейінгі мекеменің мүмкіндігін бағалау.

  • Таңдалып алынған бағдарлама бойынша әдістемелік және дидактикалық материал жинақтау – бағдарламада қарастырылған құралдар, ойындар, дидактикалық ойындар.

  • Жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген барлық топтардың әрқайсысында балалардың бағдарлама бөлімдерін меңгеру мүмкіндігін анықтау мақсатында диагностикалық тексеру жүргізу.

  • Бағдарламаны орындау мәселелері бойынша педагогтар үшін теоретиялық және әдістемелік семинарлар өткізу.

  • Ата-аналар үшін консультациялар және ашық іс-шаралар өткізу.

  • Жаңа бағдарламаға көшуді кіші жастан немесе бағдарламада қарастырылғандай етіп бастау қажет. Мектепке дейін білім беру бағдарламаларының мақсаттарын, мазмұны мен ерекшеліктерін көрсететін материалдар жинақта беріледі. Сонымен, біз мектепке дейін білім беруді реттейтін нормативтік құжаттарды қарастырдық. Бұл құжаттың мазмұны мектепке дейінгі барлық кезеңде балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту бойынша әдістемелік материалдардың, ұсыныстардың көмегімен жасалатындығын және орындалатындығын атап көрсетуіміз қажет. Бұл материалдарды таңдағанда мектепке дейін білім беру мекемелері педагогтарының кәсіпқойлығы мен шығармашылдығы, олардың кәсіби жұмысына көзқарасы көрінеді.


  1. Мектепке дейін білім беру сапасы және оны өзгертудің негізгі тенденциялары.


Мектепке дейін білім беру мекемелері қазір өзіндік білім беру траекториясын таңдау, негіздеу және дамыту жолын жүзеге асыруда. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелерді дамыту бағдарламалары, мамандардың өздерінің парциалдық бағдарламалары, балалар бақшаларының балалармен және ата-анамен жұмыста жаңа бағыттардың пайда болды, мектепке дейінгі мекемеде тәжірибеэксперименттік жұмыстар жүргізу және т.б. болды. Мектепке дейінгі мекемеде өз бет-бейнесін көрсететіндей мағыналы бағдар мен нақтылы білім беру түрлерін іздестіру тенденциясы байқалды, мектеп жасына дейінгі балалар үшін бейімдеу, тәрбиелеу, оқыту, дамыту, жөнге салу және басқа да міндеттерді орындайтын жеке білім беру мекемелері, қысқа мерзімді жұмыс істейтін топтар ашылды. Бірақ Н. Н. Кудрявцев атап көрсеткеніндей, мектепке дейін білім берудің мазмұны мен түрлерін өзгертуге жағымды тенденциялардың бірқатар проблемасы болды.

Мектепке дейінгі білім берудің мазмұны мен түрлерін өзгертуде кездескен проблемалар мынадай:

- мектепке дейінгі мекеменің білім беру мазмұнын, түрлерін және әдістерін жаңартуда өз бетімен ізденісі көбінесе бағдарламаларды ретсіз қалай болса солай іздеуге әкеп соқты немесе өз бағдарламаларын жасауға тырысты. Бұл жағдайда педагогтар олардың сапасын анықтауға қабілетсіз;

- білім беру мазмұнын өзгерту меңгерілуге тиіс білімнің көлемінің ұлғаюына, негізсіз стандарттың талаптарын кеңейтуге немесе тарылтуға (астрология, мектепке дейінгі мекемеде йога) алып келді;

- ойлау жүктемесінің көбеюі және қозғалыс белсенділігінің төмендеуі;

- мектептің мектеп жасына дейінгі жастағы балаларға талабының күшеюіне байланысты интеллектуалдық дамытудың көркем өнер, дене, адамгершілік, эстетикалық жақтарына қарағанда приоритет алуы;

- білім мазмұнын меңгеру тәсілдерін таңдағанда үлгілерді, дайын рецептерді шамадан тыс пайдалану;

- мектепке дейін білім беру мазмұнының маңызды элементтерінің бірі ретінде шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыруға жеткіліксіз назар аударылуы.

Мұндай проблемаларды көптеп табуға болады. Олардың болуы мектепке дейінгі мекеме мамандарының уақыт талабына сай болуға, басқалармен бәсекеге түсуге, кәсіби шығармашылық қабілетін көрсетуге ұмтылысы мен мектепке дейін білім беру мазмұнын ойланбай іріктеу салдарынан білім беру сапасының төмендеуінің арасында қайшылық тудырады. Бұл қайшылықтарды ғылым мен практикада шешуге талпыныс мектепке дейінгі білім беруді дамытудың қозғаушы күші болады. Мектепке дейін білім беру мазмұнын жаңартумен, ең алдымен, оның сапасын көтеру байланысты. Соның өзінде, Л. А. Парамонованың пікірінше, бұл - жаңа әдістерді пайдалану және дәстүрлілерін қайта құру болып табылады. Білім мазмұнын анықтау балалардың толыққанды дамуы үшін қажетті және жеткілікті стандартты жасаумен байланысты. Маңыздысы балалардың білімін ары қарай дамыту үшін олардың тең бастауын қамтамасыз ету керек.

Мектепке дейін білім беру мазмұнын құру принциптері (Л. А. Парамонова):

1. Мазмұн баланың әлеуеттік мүмкіндігін ашуға бағытталған дамытушы сипатта болуы керек. Л. С. Выготскийдің бұл тезисі дүниежүзінде мойындалған. Дегенмен қазіргі кезеңде оның түсіндірмесі кеңейтілген. Бір зерттеушілер (В. В. Рубцов, А. Г. Асмолов) балалар көп нәрсеге тек үлкендердің өнегесінен ғана үйреніп қоймайды, сонымен бірге бір-бірімен өзара әрекеттесу процесінде де үйренеді деп есептейді; басқалары (А. П. Усова, П. П. Поддьяков, А. Н. Поддьяков) нанымды түрде дәлелдейді: әртүрлі объектілерді практика жүзінде меңгеру және оларды түрлендіру процесінде балалар өз беттерімен де дами алады. Мазмұндық өзара әрекет және балалар қауымдастығында дамытушы объектілермен өзара әрекетті үлкендер ұйымдастырады, солардың көмегімен объектілер жасалатындығын білеміз. Педагог білімнің қандай мазмұны (тікелей немесе қосалқы) әрбір тәрбиеленушіні жақсы дамытатындығын білуі керек.

2. Білімнің мектепке дейінгі деңгейінің мазмұны жүйелі сипатта болады, яғни ол бала танитын, басқа объектілер мен құбылыстар жүйесінде болатын объектілер мен құбылыстардың өзара байланысын қамтамасыз етуі тиіс. Осылайша, оны танудың ақпараттық кеңістігі неғұрлым кеңейеді және нәтиже ретінде, бала ересек жасқа келгенде бар жүйеде жаңа объектілер құру білігін меңгереді. Бұл білік таным құралы болады, яғни нақтылықтың шекарасынан шығып, қорытынды, ұсынымдар және тіпті кейбір нәтижелерді болжамдай алады. Жүйелілік көзқарас педагогқа практикада маңызды дидактикалық принцип - «жалпыдан жекеге» принципін орындауға мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі балаға әрбір жеке құбылыс қандай да бір жалпының көрінісі болып саналады, ол қандай да бір тұтас көріністі жасауға ықпал етеді.

3. Білім берудің мектепке дейінгі деңгейінің жүйелілігі педагогқа оқыту процесінде баланың жасына сай келетін сезімдік және рационалдық танымды интеграциялауға жағдай жасайды. Бұл мектеп жасына дейінгі бала үшін аса маңызды, өйткені оның іс-әрекеті көпжақты. Бұл ары қарай абстрактылық танудың негізін қалайды. Мұндай көзқарас тұрғысында педагогтың балалардың шынайы дүние туралы білгендерін дамытып қана қоймай, әрқайсысының тұтастығын сақтауға, сол сияқты, ұтымды уақыт ішінде қажетті білім тиімділігіне қол жеткізуіне мүмкінкіндігі бар. Дегенмен білім берудің мектепке дейінгі деңгей мазмұнын интеграциялау тетігі (теориялық та емес, әдістемелік те емес) әзірге жасалған жоқ, зерттелу үстінде. Қазір интеграция бірлігі ретінде тақырыптық орын алады, ол, өкінішке орай, негізінен ассоциативтік пласты қамтиды.

4. Білім берудің мектепке дейінгі деңгей мазмұны балаларды тек қана өз халқының ғана емес, басқа халықтардың да мәдениет әлеміне енгізуі қажет, мультимәдениеттік тәрбие беруді қамтамасыз ету керек. Балаларды өз мәдениетіміз бен дәстүрлерімізге қатыстыра отырып, біз оларда сыйластық, ата-аналарына, туыстарына, өз халқына, балалар бақшасына, шағын ауданына, қаласына, жалпы еліне сүйіспеншілік және оларды мақтаныш ету сезімін тәрбиелейміз. «Кіші отан» ұғымы балаға мектепке дейінгі кезеңде аса маңызды. Оның үстіне өз халқының мәдениетін біле отырып бала басқаның мәдениетіне сый көзбен қарайды. Ассимиляцияға негізделмеген мультимәдениет тәрбиесі көпшіліктің мәдениетіне тартады, аз халықтың дәстүрлерін сақтайды. Бұл тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Қазірде тәрбие процесі баланың әлеуметтік дамуымен, қоғамдағы тәртіп ережелерімен және нормаларын меңгергендігімен байланыстырылады. Осылар мектепке дейінгі мекемеде, балалар қоғамдастығында қалыптастырылуы тиіс. Өзінің «Мен»-ін, мүкіндіктерін түсіну, серіктесімен тіл табысып, онымен қарым-қатынас орната білу – осылардың барлығы балалар қоғамдастығына жүруі тиіс. Егер бала топтың бір баласымен байланыс орнатса (диада) – бұл бір жағдай, егер ол ойнап жүрген балалардың тобына қосылса, ол – басқа жағдай. Бұл күрделірек. Бұл контексте айналасындағыларға, құрбыларына, мәдениетке, басқаны қабылдауға және тануға қарағанда төзімділік туралы айтпауға болмайды.

5. Білім берудің мектепке дейінгі деңгейінің базистік маз-мұнында ісәрекеттің әр түрі, сол сияқты іс-әрекеттің өзі мынадай компоненттерінің дамуында болуы керек: мақсаты, құрал таңдау, тәсілдерді табу, бақылау және т.с.с. Іс-әрекеттік көзқарас балаларға әлеуметтік-мәдени мазмұнды меңгерудің субъективтілігін, қайнар көзі үлкендер де, балалар да бола алатын білім байланыстарын қамтамасыз етеді. Дамытушы заттық ортаның рөлі шексіз. Функционалдық түрде іс-әрекет дамуын модельдеу арқылы, ол оның орындалуын ғана қамтамасыз етпейді, бұл ортамен баланың шығармашылық өзара іс-әрекет жасауына ынталандырады (С. Л. Новоселова).

6. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнының діңгегі, баланың психикасының қорғаушысы және нығайтушысы - денсаулығына ерекше қарау. «Ерекше қарау» ұғымы балалардың салауатты өмір салтын, гигиеналық дағдыларын қалыптастырып қана қоймайды – жуыну талаптарын, ертеңгісін және кешке тісін тазалау, тамақ ішер алдында қолын жуу, су процедураларын ұмытпау, жүйелі түрде жаттығулар жасап тұру сияқты дағдыларын қалыптастырады. Әңгіме мектепке дейінгі мекеменің тыныс-тіршілігі жайлы болып отыр, өйткені, онда жақсы іс-әрекеттер жасау үшін барлық жағдай жасалған, әрбір бала өзінің қорғалғандығына сенімді, себебі балабақшасының ахуалы өте тартымды. Білім мазмұнын таңдаудың бала денсаулығын қорғау принципі, ең алдымен барлығына жағымды бағыт. Балаларға дұрыс тамақтану жөнінде түсінік бере отырып, педагог организмге не пайдалы екендігін айтады; серуенге барарда топтың назарын бақтың, саябақтың күтімділігіне назар аударады, сол сияқты ағаштардың көлеңкесінде дем алудың жеңіл екендігін айтады. Жағымсыз ақпарат балаға толқу сезімін әкеледі. Баланың денсаулығы туралы әңгіме болып тұрған жағдайда сұрақ туады: «Ол өзінің құқығы туралы білуі керек пе?». Баланы қорғайтын құқықтарды үлкендер – ата-аналар, педагогтар, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер сөзсіз орындаулары тиіс. Сонымен, біз білім берудің мектепке дейінгі деңгейінің мазмұнын жаңарту мен таңдаудың негізгі алты түрін бөліп көрсеттік. Олар бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды орындау педагогтан толық қайтарымды жұмыс істеуді, шеберлікті талап етеді. Жасыратыны жоқ, мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс деңгейі біраз төмендеп кетті. Оған объективті себептер бар. Мектепке дейін білім берудің мазмұны мен сапасын өзгертуге жағымды тенденцияларды күшейту және кеңейту мүмкіндігі бізге, болашақ мамандарға байланысты. Мектепке дейін білім беру, білім берудің алғашқы сатысы бола отырып, өзінің «балалық» ерекшелігі бар екендігін ескеру қажет.







Әдебиеттер тізімі.

  1. Козлова С. А. Мектепке дейінгі педагогика: орта кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған оқу құралы / С.А.Козлова, Т.А. Куликова. — 15-басылым, өңделген және толықтырылған. — М. : «Академия» баспа орталығы, 2015. — 432 б

  2. Аралбаева Р. К. Мектепке дейінгі педагогика: Педагогикалық факультеттердің 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша дайындалатын студенттерге арналған оқулық. Алматы: Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012 ж. - 220 бет.

  3. Ушинский К.Д. Қиял туралы əңгіме. Избр. пед. op. - М., 1954. – т.2

  4. Монтессори М. Балалар - басқалар. - М., 2004.

  5. Туғаннан мектепке дейінгі: мектепке дейінгі білім берудің шамамен жалпы білім беру бағдарламасы. Н.Э. Варки, Т.С.Комарова, М.А. Васильева. - М., 2010 ж.

  6. Обучение детей раннего и дошкольного возраста. Козлова С. А., Куликова Т. А. Дошкольная педагогика. – М., 2001.

  7. Развитие. Л. И. Венгер, О. М. Дьяченко.- М., 1995.

  8. Мектепке жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу. Шатова А.Д., Москва, 1985 ж

  9. Сухомлинский В.А. Жүрегімді балаларға беремін. Киев, 1973 ж

  10. После трех уже поздно / Масару Ибука ; [Пер. с англ. Н. Перовой]. — 8-е изд., испр., с предисловием Макото Ибуки. — М.: Альпина нон-фикшн, 2017. — 224 с. Ықшамдап аударған Ш.Әбілдә.

  11. Жуковская Р.И. Ойын жəне оның педагогикалық маңызы. - М., 2001.

  12. Педагогикалық психология: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Екінш., толықт., түзет. және қайта өңд. бас./ Орыс тілінен аударған М.А. Құсаинова. - М.: Логос; Алматы: TST-company, 2005. – 368 б.

  13. А. Н. Леонтьев. Умственное развитие ребенка. М.,1950 г.

  14. Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. – М.: Педагогика, 1981. – 186 с.

  15. Педагогика. / Под ред. Ю.К. Бабанского. - М.: Просвещение, 1983.

  16. Краевский В.В. Общие основы педагогики.Учебное пособие для студ. Высш. Уч. Заведений.2-е изд.,испр., Москва, издательский центр «Академия», 2005

  17. Парамонова Л.Г. Как воспитать гения. Логопедия для всех М. 2002

18. Запорожец А.В. Избранные психологические труды в 2-х томах. Том 1. «Психическое развитие ребенка» , М., Педагогика, 1986.

19. Выготский Л.С. Психология личности том.2.М.2000.

20. «Даму психологиясы»: Оқу құралы = Developmental psychology: Training manual.Л.Е. Урдабаева, А.Р.Рахматулина - Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университет, 2018. – 257 с

21. Морозова, О.П. Педагогический практикум: учебное пособие для вузов / О.П. Морозова. - М.: Академия, 2000.

22. Поддьяков Н. Н. - Изд. 2-е, доп. - Санкт-Петербург : Образовательные проекты ; Москва : Обруч, 2013. - 190 с.

2



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мектепке дейінгі педагогика мен психологияның кейбір мәселелері

Автор: Ағзам Асима Ағзамқызы

Дата: 20.02.2023

Номер свидетельства: 626162

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Нурова Зауре Жумаровна "
    ["seo_title"] => string(24) "nurova-zaurie-zhumarovna"
    ["file_id"] => string(6) "187538"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426525340"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(156) "Бастауыш сынып о?ушыларына білім беруде жа?а инновациялы? технологияларды пайдалану "
    ["seo_title"] => string(96) "bastauysh-synyp-ok-ushylaryna-bilim-bierudie-zhan-a-innovatsiialyk-tiekhnologhiialardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "187546"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426525754"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства