kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Этнопедагогическое воспитание в детском саду

Нажмите, чтобы узнать подробности

Этнопедогика, народная педагогка имеет особое место в воспитаний детей дошкольного возраста.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Этнопедагогическое воспитание в детском саду»

Естиярлар тобына арналған сабақ үлгілері.

Тақырыбы: Қазактың баспанасы- киіз үй.

Сабақтың мақсаты: Киіз үй жайлы балаларға толық мағүлмат беру,

Киіз үйдің қазак халқының тұрмыс- тіршілігінде алатын орыны туралы

түсіндіру, балалардың сөздік корын молайту, балаларды еліне, туған жеріне, тарихына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсінік беру, әңгімелесу.

Сөздік жұмысы: киіз үй- юрта.

Көрнекі құралдар: қазақ тілі кабинетіндегі киіз үй жабдыктары.

Сабақтын барысы:

  1. Үйымдастыру кезеңі.

  2. Тәрбиешінің сөзі.

Тәрбиеші балаларды қазақ тілі кабинетіндегі жартылай киіз үйге көңіл аудартады. Ертеде қазақ халқының өмірінде киіз үй ерекше орын алған. Оның қасиеті тез жиналып, тез тігілетінінде. Киіз үйдің қүрамы: шаңырақ, кереге, уық, есік, үстін жабатын туырлықтардан түрады. Үйдің оң жағына төсек жиналады. Төрге жүкаяқ қойылып оның үстіне көрпе, жастық, жүктер жиналатын болған.

III. Жұмбақтың шешуін табу.
Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар

(киіз үй)

Кіруге адам баспайды

Суға салса батпайды.

Ішіне кірген заттарды

Аман-есен сақтайды.

(сандық)

Аяғы жоқ, қолы жоқ

Көйлегі көк, қарны тоқ.

(жастық)

ІҮ. Сергіту сәті.

Қалада көп биік үй

Соның бірі біздің үй.

Барады үйлер биіктеп,

Төбесіне тиіп көк.

Ү. Балалармен әңгімелесу.

- Киіз үй жайлы не білдік?

  • Киіз үйдің қандай ерекшеліктері бар?

  • Қандай жабдықтары бар?

  • Киіз үйдің ағаш үйден қандай айырмашылығы бар?
    ҮІ. Сабақты қорытындылау.

Тақырыбы: Қазактың киіз үйі- сәулет өнерінің шыңы..

Сабақтың мақсаты: Балаларға киіз үйдің түрлерін түсіндіру, «Қара шаңырак», «Үлкен үй», «Отау үй» ұғымдарының мән-мағынасына көңіл бөлу, балалардың сөздік қорын жаңа ұғымдармен толықтыру, балалардың бойына өз ұлтына деген сүйіспеншілік сезімдерін ұялату.

Әдіс-тәсілі: сүрақ-жауап, түсінік беру, әңгімелесу.

Көрнекі құралдар: Киіз үй түрлері жайлы суреттер.

Сөздік жұмысы: халық-народ, ата-баба- предки.

Сабақтың барысы:

  1. Үйымдастыру кезеңі.

  2. Тәрбиешінің сөзі.

Тәрбиеші балаларды қазақ тілі кабинетіндегі жартылай киіз үйге көңіл аудартады. Ертеде қазақ халқының өмірінде: І.Жаздық киіз үй,

2. Мереке - жиынға немесе қадірлі конақты күтуге арналған салтанатты киіз үй. 3. Жорық кезінде тігілетін жолым үй. 4. Асхана, қойма, сарай ретінде тігілетін үй. 5. Жас жұбайларға арналған үй- отау үй. Үлкен үйде үйдің ең үлкен ұлы қалса, қара шаңырақты ең кенже бала ұстаған. Киіз үй тек қазақ халқына ғана тән. Ата-бабаларымыз киіз үйді сәндеп әдемілеп ұстаған.

ІІІ.Тиым сөздер жаттайық.

  • Үйге қарай жүгірме

  • Үйде ысқырма,

  • Босағаны керме,

  • Табалдырықты баспа.
    ІҮ. Сергіту сәті.

Қуанышқа кенелген әр күніміз.

Бақыттымыз балалар барлығымыз

Бәрін, бәрін білеміз

Алға басып келеміз.

Ү. Ұлттық ойын. «Ақ сандық- көк сандық».

Ойынның шарты бойынша екі ер бала арқаларын беріп «ақ сандық-көк сандық» деп бір-бірін көтереді. Күш сынасады. Көтере алмағандары ұтылып қалады.

ҮІ. Балалармен сабақты пысықтау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Тақырыбы: Еңсесі биік ак орда.

Сабақтың мақсаты: Киіз үйге қатысты ырым-жоралғы, әдет- ғұрыптар, олардың мағынасы жайлы балаларға толық түсінік беру, балалардың өнегелі, үлгілі, ұлтын құрметтейтін азамат болып өсуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрак-жауап, түсінік беру, әңгімелесу.

Көрнекі құралдар: киіз үйлі ауылдың суреті.

Сөздік жұмысы: жайлау-джайляу, дәстүр- обычаи.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тәрбиешінің сөзі.

Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.

Білесіп отыруына, туыстығына қарай біріккен бірнеше үй- ауыл деп аталған. Бөлек шыққан отау үйге көрімдік берілген. Үлкендер қонаққа кеткенде жастар өз жолдастарын шақырып, ет асып, ойын- сауық құрған. Ол «бастаңғы» дәстүрі деп аталған.

III. Сурет бойынша әңгіме құрау.

  • Мына суреттен не көріп отырсыңдар?

  • Киіз үйлер нешеу?

  • Олар қалай орналасқан?

  • Жазда жайлауға ауылға барып демалған ұнайды ма?

-Кімнің ата-әжесі жайлауда түрады?
ІҮ. Сергіту сәті.

Көтеріліп шаңырақ

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп

Өрімдей болып өрілер,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй болып керілер.

Ү. Тиым сөздер.

  • Таяққа сүйенбе.

  • Басты шайқама, тісті қайрама.

  • Үйде ысқырма.

-Қолыңды төбеңе қойма.
ҮІ. Ұлттық ойын. «Асық ату».

Балалар екіге бөлініп белгіленген жерге асық қойып оны атады. Қай жақ асыққа дәл тигізсе, сол жақ жеңімпаз болып есептеледі.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Тақырыбы: Кереге.

Сабақтың мақсаты: Киіз үйдің негізгі қаңқасын қүрайтын бөлігі -

кереге жайлы балаларға түсінік беру, оларды ата-бабамыз- тұрмыс тіршілігіне деген қызығушылыққа тәрбиелеу, сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсінік беру, әңгімелесу.

Көрнекі құралдар: суреттер.

Сөздік жұмысы: дала- степь, бесік-колыбель.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тәрбиешінің сөзі.

Кереге- киіз үйдің бір бөлігі болып саналады. Киіз үйдің үлкен-кішілігі кереге санына байланысты. Кереге ағаштан жасалады.

Тәрбиеші балаларға казақ тілі кабинетіндегі керегені көрсетеді. Керегенің бас санына қарай уық саны да азайып, көбейіп отыратынын түсіндіреді.

ІІІ. «Киіз үй» тақырыбы бойынша балалармен әңгімелесу.
ІҮ. Өлең жаттайық.

Алатау, Алтай арасы-

Қазақтың кең даласы.

Мен боламын сол елдің

Қайсар рухты баласы.

Ү. Сергіту сәті.

Мықты болса іргеміз,

Бәріміз де біргеміз,

Сонда құт пен береке»-

Деп жатады ел неге?

Үй тұрмайды орнығып,

Керілмесе кереге.

ҮІ. Дидактикалық ойын. «Атын ата және көрсет!» (Киіз үй ішіндегі заттардың атын атап, көрсете білу).

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Тақырыбы: Уық.

Сабақтың мақсаты: Балаларға уықтың- киіз үйдің бір бөлігі ретінде алатын орыны жайлы түсіндіру, оның маңызы, ерекшелігі, жасалуы жайлы мағұлмат беру, балаларды еңбекке баулу, барлық жақсылыққа тек еңбек арқылы ғана қол жеткізе білуге болатынын түсіндіру, еңбекке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсінік беру, әңгімелесу.

Көрнекі құралдар: уық.

Сөздік жұмысы: салт- традиция, ұлттық ойын-национальная игра.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тәрбиешінің сөзі.

Уық- кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш, ол талдан жасалынады.Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың иіні дейді, уықтың жоғарғы түзу жағын қары, шаңырақтың кереге басына байланатын жағын тесіп, бау өткізеді.

III. Тәрбиешімен бірге балалар уықты сипаттайды.
Бұл жөнінде ел біледі,

Шаңырақ пен керегені.

Ұстастырып тұрмаса,

Тұтастырып тұрмаса,

Қайыспайтын уықтар,

Қалай олар жуықтар.

Шайқап өзін көрсеңдер.

Мықтысы осы дерсіңдер.

Ү. Сергіту сәті.

Құстарды біз атпаймыз

Қыста жемдеп баптаймыз,

Қамқор болып бәріне,

Қорғау заңын сақтаймыз.

Ұя бұзар тентекті

Ұстап жаза береміз.

ҮІІ. Ұлттық ойын «Тақия тастамақ»

Ойым бар, бір ойын бастамақ,

Аты оның- «Тақия тастамақ»,

Шеңбер боп отыра қалыңдар,

Болмасын асығу- сасқалақ.

Акырын, аспаймын- саспаймын,

Шеңберді айнала бастаймын,

Біріңнің тұсыңа келгенде,

Сездірмей тақия тастаймын.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.


Такырыбы: Шаңырақ.

Сабақтың мақсаты: «Шаңырак» деген сөздің толық мағынасын түсіндіру, киіз үй қүрылысында шаңырақтың алатын орынына тоқталу, «Шаңырақ» сөзінің маңызы арқылы балаларды «Қазақстан-ортақ үйіміз», «Шаңырағымыз шайқалмасын!», «Бейбітшілік болсын!» деген тілектердің әрқашанда қабыл болуы үшін өмір сүру керек екеніне тоқталу. Балалардың сөздік қорын молайту. Отбысына, шаңыраққа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсінік беру, әңгімелесу.

Көрнекі құралдар: Шаңырақтың суреттері.

Сөздік жұмысы: шаңырақ- шанырак, сандық- сундук.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тәрбиешінің сөзі.

Киіз үйдің еңсесін құрап, құрастырып тұратын күмбез «шаңырак» деп аталады. Шаңырақ қайың ағашынан жасалынады. Шаңырақтың ішке күн түсіп түратын бөлігін күлдіреуіш деп атайды. Қара шаңырақта атаның ізін басатын кенже ұлы тұрады.

III. Жұмбақтың шешуін табу.
Алға жайып тұз-дәмін,
Келтіреді үй сәнін.
(дастархан)

Төрт бұрышты, бір ауызды.

(сандық)

Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас.

(Таба нан)

ІҮ. Сергіту сәті.

Жапырақтай жайқалып,

Биік болып өсеміз.

Бір шаңырақ астында,

Гүл-гүл жайнап өсеміз.

Ү. Балалармен сурет бойынша әңгімелесу.

  • Шаңырақ туралы не білдік?

  • Бір шаңырақта тұрады дегенді қалай түсінеміз?

  • Шаңырақты ұстау деген не?

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

Тақырыбы: Сықырлауық (Жарма есік).

Сабақтың мақсаты: Есіктің киіз үйдің бір бөлігі ретінде алатын

орыны жайлы балаларға толық түсінік беру, есікке байланысты айтылатын

тиым сөздермен таныстыру, балалардың сөздік қорларын молайту, балаларды әдептілікке, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсінік беру, әңгімелесу.

Сөздік жұмысы: ауыл-аул,

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тәрбиешінің сөзі.

Кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп шығатын есік қызметін атқарады. Ол табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттен құралады. Қос босаға мен маңдайша ауқымды келетін ұласымды өрнектермен істелініп, есік беті сүйекпен немесе металмен қапталады.

III. Сұрақ-жауап.

  • Кім ауылды көрді?

  • Сенің атаң, әжең қайда тұрады?

  • Ауылда не көрдің?

  • Ауылда киіз үй көрдің бе?
    ІҮ. Тақпақ жаттау.
    Мұны мықты жасаған

Ақ тілекті дос адам,

Шайқалмайды шаңырақ.

Берік болса босағаң!

Ү. Сергіту сәті.

Атам менің қауыншы,

Апам менің сауыншы,

Шешем менің тігінші,

Әкем менің егінші,

Ағам болса ол ұста,

Бәрі, бәрі жұмыста,

Отырмаймын мен босқа,

Кеттім мен де бақшаға

ҮІ. Дидактикалык ойын «Ғажайып қалта».

Ойын шарты бойынша қалта ішінен шыққан ұлттық бұйымдарды дұрыс атау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Тақырыбы: Киіз үйдің сыртқы әбзелдері.

Сабақтың мақсаты: Балаларды киіз үйдің сыртқы әбзелдерімен таныстыру, олардың алатын орыны жайлы түсіндіру, ою-өрнектердің киіз үйге сән беретін сипатына тоқталу, балаларды әдемілікке, сұлулыққа талпындыру, балаларға патриоттық тәрбие беру.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсінік беру, әңгімелесу.

Көрнекі құралдар: суреттер.

Сөздік жұмысы:

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тәрбиешінің сөзі.

Киіз үйдің сыртқы әбзелдері күн сәулесін және тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Оларды пісірілген ақ шаңқан киізден пішіп, ою-өрнектермен безендіреді. Киіз үйдің сырты әбзелдеріне туырлық, таңғыш, арқан, бақан, шилер жатады. Ауылды жерлерге барғанда киіз үйді қалай тігілетініне қарау керек.

III. Суреттермен жүмыс.

-Балалар мына суреттерде не көріп түрсыңдар?

-Ата мен әжеге жайлау ұнайды ма?

-Неге?

-Ауа райы қандай деп ойлайсыңдар?

-Сендер жайлауда болдыңдар ма?

ІҮ. Тақпақ жаттау.

Қазақсың ба

Қазақ болсаң тік қара.

Әлді екен деп, ілдекімді ықтама

Қазақтың өз дәстүрі бар, тілі бар.

Ол құдірет- оны төмен ұстама.

Ү. Сергіту сәті.

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане, қанат жазайық

Ұшып, ұшып алайық,

Орнымызды табайық!

ҮІ. Ұлттық ойын. «Орамал тастамақ».

Ойын шарты бойынша орамал тасталған бала өз өнерін көрсетуі қажет (мақал-мәтелдер айту).

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Тақырыбы: Ұлттық жасау жиһаздары.

Сабақтың мақсаты: қазақтың үлттық жасау жиһаздарының әсемігі мен көркемдігіне, олардың қолданылуының маңызына тоқталу, ұлттық жиһаздарды ұқыптап ұстауга тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсінік беру, әңгімелесу.

Сөздік жұмысы:

Көрнекі құралдар: Қазақ тілі кабинетіндегі құрал-жабдықтар.

Сөздік жұмысы: жастық- подушка, самаурын- самовар.

Сабақтын барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тәрбиешінің сөзі.

Қазақтың ұлттық жасау жихаздары адам таңқаларлық әсем, көркемдігі көз тартатын сұлу. Олар алуан түрлі жолдармен жасалынады: жүннен, теріден, мата түрлерінен, ағаштан, сүйектен, алтын-күмістен, жезден т.б. Киіз үйдің ішіндегі жиһаздар: сандық, бесік, жүкаяқ, түскиіз, шымылдық, кілем, көпе, жастық.

III. Балалармен жабдықтарды бірге көре отырып таныстыру.
«Киіз үй жиһаздары» деген тақырыпта пікірлесу.

  • Балалар мына көрпелер неден жасалынған?

  • Бесік не үшін қажет?

  • Сандықтың оюлары сендерге ұнады ма?

  • Осы заттардың ішінде қайсы сендердің үйлеріңде бар?
    ІҮ. Тақпақ жаттау.

Қазақсың ба,

Қазақ болу міндетің.

Қалмау керек ешқашанда тіл жетім,

Қазақтығың отбасынан басталып,

Қазақты боп тұру керек келбетің.

Ү. Сергіту сәті.

Қане, сапты түзейік,

Тіземізді бүгейік,

Ыршып алға түсейік,

Ыршып артқа түсейік,

Көбелекше ұшамыз,

Отырамыз, тұрамыз,

Сергітуге мың алғыс!

ҮІ. Дидактикалық ойын «Ғажайып қалта»

Ойын шарты бойынша қалта ішінен шыққан ұлттық заттарды дұрыс атау.

ҮП. Сабақты қорытындылау.

Тақырыбы: Ас құярың кең болсын.

Сабақтың мақсаты: Қазақтың ыдыс-аяктарының алатын орыны жайлы түсінік беру, әр ыдыстың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу, олардың маңызын түсіндіру, балалардың сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту, ұлттық тәрбиені жетілдіру.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсінік беру, әңгімелесу.

Көрнекі құралдар: Қазақ тілі кабинетіндегі құрал-жабдықтар.

Сөздік жұмысы: ыдыс-посуда, киіз-кошма.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тәрбиешінің сөзі.

Қазақтың ыдыс-аяктары өзінің тұрмыс тіршілігіне сай жасалынган. Көшіп қонғанда ыңғайлы, тез сынбайтын, оңай майыспайтын қасиеттерімен ерекшеленеді. Әр ыдыстың өз орны, жолы бар: қазан, тайқазан, астау, күбі, торсық, тостаған т.б. Бұл ыдыс-аяқтарды да әртүрлі заттардан жасайды.

III. Ыдыс-аяқтарды көрсете отырып, сұраққа жауап алу.

  • Балалар мына тостаған неден жасалынған?

  • Қазан, ожау ше?

  • Күбідегі қымыз неліктен тәтті болады?

  • Ыдыс-аяқты қалай ұстау керек?
    ІҮ. Тақпақ жаттау.

Әжем өрнек өреді.

Сырмақ сырып, оюлап,

Басы ауыра береді.

Шәй ішпесе қоюлап.

Ү. Сергіту сәті.

Бала, бала баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ата-анамыз кеткенде,

Үйде ойнап қаламыз.

ҮІ. Ұлттық ойын. «Тақия тастамақ»

Мақсаты: Жылдамдыққа, тапқырлыққа ынталандыру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Өлең сөздерін естеріне сақтап, ойын шартын бұзбауға талпындыру. Ойым бар ойы бастамақ,

Аты оның- «Тақия тастамақ»

Шеңбер боп отыра қалыңдар,

Болмасын асығу-сасқалақ.

Ақырын, аспаймын – саспаймын,

Шеңберді айнала бастаймын.

Біріңнің тұсыңа келгенде

Сездірмей тақия тастаймын, -деп ойынды бастаушы бала өлеңді термелей келіп, бір баланың жанына тақияны тастай салып, жүгіре жөнеледі. Қолына тақияны алып, бала отырып үлгергенге дейін тақиямен ұруы керек. Егер қуып жете алмаса, айыбын бимен, өлеңмен немесе балалардың сұрауы бойынша жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер айту арқылы өтейді. Айыбын өтеп болып, ойынды өзі жалғастырады.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Тақырыбы: Ыдыстарға байланысты ырым, әдет- ғұрыптар.

Сабақтың мақсаты: Ұлттық ыдыстарға баланысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздермен таныстырып, олардың маңызын түсіндіру, балалардың сөздік қорларын байыту, макал-мәтелді орынды пайдалана білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсінік беру, әңгімелесу.

Сөздік жұмысы:

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тәрбиешінің сөзі.

Балалар өткен сабақта біз казақтың ыдыс-аяқтарының ерекшеліктеріне, қандай заттардан жасалатынына токталдық. Осы заттарды сындырмай, ұқыпты ұстауға қатысты тиым сөздер бар екен. Ендеше, мен солардың бірнешеуімен сендерді таныстырайын.

  • Дастарханды аттама.

  • Күбіні таяқпен немесе қолмен үруға болмайды.

  • Пышақтың жүзін жалама.

  • Сол қолыңмен тамақ жеме.

  • Ыдыстың бетін ашық қалдырма.

  • Қонаққа жарылған, кетік ыдысқа құйып ас беруге болмайды.
    III. Балалармен әңгімелесу.

«Дастархан басында балар өз-өзін қалай ұстауы керек?».

ІҮ. Сергіту сәті.

Аппақ болып таң атып

Түтін тікке шығады,

Қарлығаштар қанатын

Самғап биік ұшады

Отырамыз, түрамыз

Сергітуге мың алғыс.

ІҮ. Тиым сөздер жаттау.

  • Тұзды баспа.

  • Нан үстіне зат қойма.

  • Шегіңді тартпа.

  • Теріс қарап отырма.

Ү. Дидактикалық ойын. «Түсін түстеп, атын айт»

Ойын шарты бойынша суреттегі заттардың атын атау керек.

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

Тақырыбы: Тал бойыңа жарасар киген киім.

Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық киімдерінің маңазын түсіндіру, киім кие білу де өнер екеніне тоқталу, талғаммен киіне білуге, сымбатты болуға талпындыру, балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсінік беру, әңгімелесу.

Көрнекі құралдар: Қазақ тілі кабинетіндегі ұлттық киім киген қуыршақтар.

Сөздік жұмысы:

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тәрбиешінің сөзі.

Қазақтың үлттық киім-кешектері кімді болса қызықтыратындай сәнді де сүлу. Ертеде әр рудың киім кию өзгешеліктері болған мен үлгілері болған, киіміне қарап қай жердің казағы екенін ажыратқан. Қысқы киімдер сүлулықты, жазғы киімдер сұлулықты көздеп жасалыпты. Күнделікті киетін киімдер, бір киер сәнді киімдер, жағалы киімдер, сый киімдер болып бөлінген.

III. Балалар тәрбиешімен бірге ұлттық киім киген қуыршақтарды тамашалайды.

1.Хан тағында отырған ханның киіміне назар аударайықшы.
-Басына не киген?

- Оюланған сырт киімі қандай?
-Аяғына не киген?
-Қолына не ұстаған?

2. Басында үкілі сәукелесі бар сұлуға сипаттама беру.

- Сендерге мына киім қандай әсер қалдырды?
-Ұнады ма?

ІҮ. Сергіту сәті.

Үлкен шеңбер құрайық.

Құсша қанат қағайық.

Бір отырып, бір түрып,

Тынығып біз алайық.

Ү. Санамақ жаттау.

1-дегенім бөрік, кисең бойға көрік.

2- дегенім етік, киер сәнді етіп,

3-дегенім ішік, теріден тігер пішіп,

4-дегенім тымақ, қыста кисең жылы-ақ.

5-дегенім байпақ, іші жылы тайпақ.

6-дегенім алқа, мойныңа тақ алда,

7-дегенім жейде, кір болмасын кейде,

8-дегенім сенсең, жылысы тонның көрсең,

9-дегенім телпек, болма бала тентек,

10-дегенім оймақ, жүрме босқа ойнап.

ҮІ. Сабақты қорытындылау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Этнопедагогическое воспитание в детском саду

Автор: Айтмаганбетова Капиза Айтмаганбетовна

Дата: 15.02.2017

Номер свидетельства: 391975

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Духовно-нравственное воспитание учащихся в сельской местности. "
    ["seo_title"] => string(73) "dukhovno-nravstviennoie-vospitaniie-uchashchikhsia-v-siel-skoi-miestnosti"
    ["file_id"] => string(6) "121016"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1413858106"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства