kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ертеңгілік "Қош бол, сүйікті балабақшам!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересек топқа арналған ертеңгілік "Қош бол, сүйікті балабақшам!"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік "Қош бол, сүйікті балабақшам!"»

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті балабақшам!»


Жүргізуші: Алдарыңызда жүздерінен мейіріммен нұр тамған, жауқазындай құлпырған бақытты балғын шақ бүлдіршіндеріміз осы балабақшаның табалдырығын жүрексіне аттаған кеше ғана кіп – кішкентай балдырғандар еді.

Енді міне бойларыда, ойларыда өсіп, оң мен солды танып, өздері киіне білуді үйреніп, алғашқы асуын аман – есен асып, бір жасқа тағыда есейіп балабақшамен қоштасып мектеп табалдырығын аттағалы тұр.

 Тойларыныз тойға ұлассын!

Бүлдіршіндеріміз атаның ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

Қадамдарың құтты болсын!

Талаптарыңа нұр жаусын!

Білім әлеміне аттаған қадамдарың құтты болсын!

 

Осы салтанатты мерекені ғажап көңіл – күймен қарсы алып, балаларымыздың өнеріне,  біліміне тәнті болыңыздар!

Олай болса, бүлдіршіндерімізді,  балабақша түлектерін сахна төріне шақырайық.


Бақшасын қатты сүйетін

Достарын қимай жүретін

Парасат пенен Айша

Достықтың мәнің білетін


Жазу жазып әр күні

Білім алып жүретін

Келеді міне ортаға

Исмаил менен Раяна


Ұстаздарға қол созған

Алсақ деп білім ұстаздан

Дильшат пенен Төрехан

Келеді қол ұстасқан


Алып ұшқан көңілмен

Қимай келдім бүгін мен

Айзере менен Нұрисламбекті

Шақырайық шын көңілмен


Бала бақша әсем деп

Жүреді күнде қуанып

Әлихан менен Айзада

Келеді бүгін жыр салып




Достар менен қуанып

Ойнап күнде жүретін

Бекнур менен Нурислам

Үнемі күліп жүретін


Жүзінде күлкі күлетін

Шуағын шашып жүретін

СулейманМансур Ернур

Достасып күнде жүретін


 

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

Өздеріңді сағынып біз жүрейік.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сіздерге сәтті сапар тілейік!


Дей отыра «Біз мектепке барамыз» әнін қабыл алыңыздар


Түлектердің тақпақтарын қабыл алыңыздар:

Нұрислам:

Ақ тілекпен ағытып бір тастайық

Қоштасатын кезімізді бастайық

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Болсын солай әрбір таның, әр айың

Парасат

Біз бақытты баламыз

Жетіліп ой санамыз

Бақшамызбен қоштасып

Мектепке кетіп барамыз

Бал күндерді қиялдап

Сағынамыз әлі –ақ біз

Айша

Қуанамыз , сыйлаймыз

Қуаныштын мың гүлін

Бақшаменен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін

Раяна

Бес жасқа толамыз

Әдепті бала боламыз

Қуантып ата-ананы

Мектепке кетіп барамыз




Жақсылық сыйлап бақшаға,

Түлектер келді ортаға.

«Көгершін» биін биленсін,

Көрейік біз тамсана.


«Птицы мои птицы »биі


Тамашалайық

Құшағында жарқылдап

Өтті сәби күндерің.

Би биледің ән тыңдап

Алаңдауды білмедің

 

Гүлге толы жан – жағың

Асыр салып жүгірдің

Өсті талап талғамың

Көп нәрсені ұғындың


Жүргізуші: 

концертімізді жалғастыра отыры п, бүлдіршіндердің тақпақтарын тамашалайық.

Исмаил:

Қолыма гүл аламын

Дайын дәптер қаламым

Таңғалдырып достарымды

Мектепке менде барамын

Алихан:

Біздер бес жастамыз

Сәбиліктен асқанбыз

Мектеп бізді шақырады

Қош бол балабақшамыз

Айзере

Мишки куклы и петрушки

Грустно смотрят на ребят

Досвидания игрушки

Досвидания детский сад

Айзада

Досвидание детский сад

Будь всегда в порядке

Ожидает дошколят

Парты и тетрадки


Жүргізуші: Балалар, бүгінгі біздің көңілді кешімізді естіп білім ханшайымы да қонаққа келіп қалыпты. Олай болса қонақты қарсы алайық.



Білім ханшайымы:

-Сәлеметсіндер ме балалар! Мен сендердің өнерлерінді тамашалауға келдім.

- Балалалар , сендер балабақшамен қоштасып қайда кеткелі жатырсындар?

-Мектепке сендер не үшін барайын деп жатырсыздар?

- Мен сіздермен бір ойын ойнағып келіп тұр

«Портфель» ойыны


Жүргізуші: Құтты болсын тойларың,

Сәтті болсын ойларың .

Айналайын гүлдерім,

Ақ шуақты күндерім.

Ерекше қызық тілдерің,

Естен кетпес үндерің- деп


«» әнін қабыл алыңыздар!



Жүргізуші:

Көк жүзіне самғаңдар,

 Бишілеріміз көңілді,

Шақырамыз ортаға.

Тойымызға сән беріп

Би билесін шаттана

Кешіміздін биші ұл-қыздарының орындауында 


«ХА-ВА-НА »  биі

Тамашалайық



Жүргізуші: Құрметті балабақша қызметкерлері сіздерге арналған балаларымыздың арнауын қабыл алыңыздар!

Сулейман

Орын берген бақшадан

Меңгеруші жақсы адам

Сондықтан да біз үшін

Артық озі басқадан

Меңгеруші Жанар Қуандыққызына Мың Алғыс

Төрехан

Әдіскер Бибигуль апайға

Алғыс айтып барамыз

Қабыл алып әнімізді

Әдемі болып жүріні

Әдіскер Бибигуль апайға мың алғыс


Мансур

Деңсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай

Күнде болған әбігер

Қомқоршымыз дәрігер

Жания апайға мың алғыс

Дильшат

Үйренгенбіз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Бал татыған әндерді

Мың бұрылған билерді

Үйренткен сазгер апайға

Айтамыз біз мың алғыс

Нұрисламбек

Ақ төсекке жатқызған

Тәтті тамақ жасаған

Бала болып ойнаған

Күтушімізге мың алғыс

Бекнур

Томпиған тәтті бауырсақ

Самса ,палау ,бешпармақ

Бізге арнап пісірген

Аспазшыларға рахмет

Парасат:

Жүгіртіп бізді алатын

Доптай шапшан секіртіп

Шыңықтырып денеңді

Шымыр болуға үйреткен

Райса апайға мың алғыс

Айша:

Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын

Сайрангүл апайға , Лаура апайға мың алғыс



Вальс «Қош бал, балабақша!!!»

(қолдарындағы шарды ұшырады)



Жүргізуші: Сыңғырлаған қоңыраудың дауысы шығады- міне балалар, сендер енді мектепке барасыңдар, кітап алып, оқып білім аласыңдар! Балабақшаны ұмытпай келіп тұрыңдар! Сіздер- еліміздің ертеңісіздер, Отанымыздың болашағы сендердің қолдарыңда!

Келешек қой осылар барға шүкір,
Алдарыңда ақ қанат арманы тұр
Бала сәби жүрекпен тебіреніп,
Қолдарына диплом алғалы тұр.


Марапаттау рәсімі.

Меңгеруші : Ж.Қуандыққызы

Әдіскер: Б.Тастайбекқызы




Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін ортаға салды. Балабақша түлектерінің қадамына гүл бітсін деген игі тілекпен мерекемізді аяқтаймыз.































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ертеңгілік "Қош бол, сүйікті балабақшам!"

Автор: Хажекенова Аилита Зульпухаровна

Дата: 10.09.2021

Номер свидетельства: 586494

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Қош бол сүйікті балабақшам!"
    ["seo_title"] => string(30) "k_osh_bol_suiikti_balabak_sham"
    ["file_id"] => string(6) "403865"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1490630763"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Ерте?гілік "?ош бол, с?йікті балаба?шам""
    ["seo_title"] => string(38) "iertienghilikkoshbolsuiiktibalabaksham"
    ["file_id"] => string(6) "310433"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459014962"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Қош бол, сүйікті балабақшам! ертеңгілік сценарийі"
    ["seo_title"] => string(50) "kosh_bol_suiikti_balabaksham_ertengilik_stsenariii"
    ["file_id"] => string(6) "551914"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1590760553"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) ""?ош бол, балаба?ша" атты ерте?гілікті? сценариі"
    ["seo_title"] => string(47) "koshbolbalabakshaattyiertienghiliktinstsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "283367"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453822246"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) ""?ош бол, балаба?ша" атты ерте?гілікті? сценариі"
    ["seo_title"] => string(48) "koshbolbalabakshaattyiertienghiliktinstsienarii1"
    ["file_id"] => string(6) "283368"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453822258"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства