kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балалардың тілін дамытуда ойынның маңызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Максаты: Тіл дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу-әрекеттерін жоспарлап жүргізіп үйрену.Балалардың сөйлеуін, ойлауын дамыту.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ойын технологиясының маңызы.Дидактикалык ойындар балалардың білімін кеңейту және бекіту мақсатындағы жоспарлы және мақсатты педагогикалық тәсіл.«Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болар ма» дегендей, ойынның қай түріне болмасын зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, одан мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз.Өйткені алдымен ненің болсын бастамасы жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі, демек біз ойынды бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның іздемпаздық, тапқырлық қабілетін оятады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балалардың тілін дамытуда ойынның маңызы»

Өскемен қаласы әкімдігінің «№100балабақша-бөбекжайы»КМҚК
















Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамытуын

қалыптастырудағы ойынның маңызы»








Тәрбиеші:Бекжанова А.К




2019ж


Максаты: Тіл дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу-әрекеттерін жоспарлап жүргізіп үйрену.Балалардың сөйлеуін, ойлауын дамыту.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ойын технологиясының маңызы.Дидактикалык ойындар балалардың білімін кеңейту және бекіту мақсатындағы жоспарлы және мақсатты педагогикалық тәсіл.«Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болар ма» дегендей, ойынның қай түріне болмасын зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, одан мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз.Өйткені алдымен ненің болсын бастамасы жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі, демек біз ойынды бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның іздемпаздық, тапқырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады.Ойын көп жоспарлы, күрделі педагогикалық процесс болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудағы ойындық әдіс болып табылады, оқыту формасы балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі құрал болып есептеледі. Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде 2 жолмен қарастырылады: Ойын сабақтар және дидактикалық тапсырмалар не болмаса автодидактикалық ойындар.

Мен өз тәжірибемде ойындық сабақтардың көмегімен балаларға білім беріп кана коймай, оларға қалай ойнауды да үйретемін.Өзіндік ойын әрекеті балалардың ойынға деген қызығушылығы артқан кезде ғана іске асады. Балалар ойын ойнағанды ұнатады және өз ынталарымен беріліп ойнайды.Тапсырмаларды балалар өз беттерімен орындап және ойынды ұйымдастырып бір-біріне әділ баға беруге үйренеді.Балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда дидактикалық ойын маңызды құрал болып есептеледі.Ойын арқылы білімді меңгеріп және оны бекіту үшін дағды мен әдетті қалыптастырады.Балабақшада жиі қолданылатын дидактикалық ойын түрлері:

1. Ойыншықпен ойнатылатын ойындар.

2. Үстел үстінде ойналатын ойындар.

3. Сөздік ойындар.

Ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады: Дидактикалық тапсырмалар, мазмұны, ережесі және ойынның орындалуы, мұнда басты элемент - дидактикалық тапсырмалар болып табылады, ал калған элементтер осы тапсырмаға және оның орындалуына көмектеседі.Тапсырмалар әртүрлі болады (табиғат, жануарлар және өсімдіктер әлемі, адамдар, еңбек т.б.) және қарапайым математикалық ұғымдарды бекітуге байланысты.

Ойынның үлкен басты рөлі ережелерге сүйенеді, ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын керсетеді және акыл-ой қабілеттерін дамытады, әсіресе, кішкентай топтағы балалардын өзін-өзі ұстауга, өздерінің мінез-қүлықтарын қадағалауға үйренеді.Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді. Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз

ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жеңе білуіне көмектеседі.Осының бәрі баланы мектепке даярлайды.Дидактикалық ойындар жоспар бойынша сабақта және сабақтан тыс уакытта өткізіледі.

Көптеген дидактикалық ойындар балалардың жеке-дара ойнауына арналған (мозаика, пирамида), олар баланың дербестігін, аңғарғыштығын, өздігінен еңбек етуін жетілдіреді.Кейбір ойындар 4-6 баламен ойналады, сандық лотолар сан үйрету үшін өте колайлы қызықты.

Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет. Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын анықтаймын және ойынды өткізу үшін алдын-ала дайындаламын, сонымен қатар балаларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшелігіне сай болуы тиіс.Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естияр топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады. Мінез-құлықты тәрбиелеуде ойынның рөлі маңызды болып есептеледі.

Ойын - баланың жан серігі.Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін.Ал, іс-жүзінде бала ойынға катысу үшін баскалармен тіл табысып, өзінің ойлаган ойын іске асыру оңай емес.Баланын рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді.

Балалар қиялдау арқылы ойдан түрлі ойын шығарады. Ойын арқылы балалардың шығармашылық ой-қиялы, тілдері, елестету қабілеті шарықтайды.Ойынның арқасында жан-жағын қоршаған орта балаға қостаушы болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі бала белсенді, ой-түсінігі мол болып, өзінің тәртібін басқара білсе, мектепте жақсы оқиды, бір мақсатқа жетемін деген ынтасы болса, бала бойындағы талпынысты дамытуға баса назар аударуымыз керек. Ойын - тәрбиенің пәрменді құралдарының бірі. Ойын процесінде балалардың жағымды мінез-құлық белгілері, адалдық мақсатқа жетуге талпынушылық, көпшілік мүддесімен санасушылық сияқты қасиеттер қалыптасады. Балалардың көп уақытын сабақ алады.Ойын ретінде оқытуда әр түрлі сипаттағы дидактикалық ойындар (лото, домино, мозаика т.б.) олардың ойнай білуін қалыптастыруда «Өзің құрастыр», «Кілем дүкені», т.б. ойындар ұйымдастырылса, мұндай ойындар балалардын ойлау қабілетін жетілдіреді және геометриялық пішіндер мен оның түр-түсімен таныстырады. Сонымен бірге бұл ойындарды оқыту процесінде қолдануға болады. Барлық ойыншықтарды сатып алу мүмкін емес, сондықтан балалармен бірге керекті ойын құралдарын дайындауға болады.Жапырақтан «Алақан» ойыны, ілгек пен жіптен «Айналмақ» ойыны.Ойынды көне открытка, қорап, газеттерден де жасауға болады.

Балалар түрлі ойындар ойнағанда барлығы ашылып, қызыға қатысады, жарыса сөйлеп, шаршауды білмейді.

Балалардың шығармашылық ойлау мен сөйлеу процестерін дамыту үшін педагог сабақты неғұрлым қызықты ойын түрінде ұйымдастыра білсе, соғұрлым баланың дамуына қомақты үлес қостым деп айта алады.Ойын үстінде бала айналаны толық көріп, сезіне бағындыра алады. Керекті, қызықты, таңсық нәрсені ойынға кіргізіп, өзінің таңғажайып айрықша ортасын жасап алады.Ойын үстінде бала бәрін ұмытып, батыл түрде өзінің жасаған ортасына кіріп кетіп, өзі қалаған бейнелерімен басқа өмір кешеді. Баламен сабақ ойын түрінде өткізілсе, тапсырмалар оңай орындалып, алға қойған мақсатқа оңай жетеді.Ертегі кейіпкерлеріне, ойыншық кейіпкерге көмектесу баланың қызығушылығын оятып, бәсекелестігін арттырады. Сондай-ақ, ойлау,

тапқырлық қабілетін дамытып, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін оятады.Балабақшада қазақ тілін үйретуде сөздік жұмысты қоршаған ортамен, күнделікті өмірмен тығыз байланыстыра жүргізу, жаңа сөздер қамтылатындай түрлі ойындар ұйымдастыру; сөздік, дидактикалық, қимылдық, оқиғалы - желілі ойындар арқылы тіл ұстарту; көру, есту, тыңдау, қайталау, есте сақтау, жаттау қабілеттерін жетілдіріп отыру; балаларды сөйлесе білуге, сөйлемдерді дұрыс айтуға, тәрбиешінің сұрағын түсініп дұрыс жауап беруге баулу мақсаты көзделеді.

Қорытынды

Мектепке дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес оларды оқыту, тәрбиелеу мәселесінде жалықтырмайтын, белсенді іс - әрекетті әдіс тәсілдер пайдаланған дұрыс. Өзімізге белгілі болғандай балалардың зейіндері тұрақсыз әрі бірқалыпты жағдайларды ұната бермейді. Бұл жастағы балалар оқу үрдісінде «жарқ» ететін сәттер көбірек болып, оларды еліктіріп әкету керек. Оларды оқуға әрдайым қызықтырып отыру және белсенділіктерін арттыратын оқыту мен тәрбие берудің белсенді әдіс - тәсілдерін пайдалануымыз керек. Осы тұста тәрбиеші оқытудың басқа әдістерімен қатар, дидактикалық ойындарды кеңінен пайдалана алады. Балалар ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне белсенді атсалысу үшін оларды жалықтырып алмау үшін тәрбиеші дидактикалық ойындарды өз ретімен, тиісті орында пайдалана алуы қажет деп ойлаймын.

Ойынның негізгі ерекшеліктері: Бала үн - түнсіз ойнамайды.Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлеп жүреді.Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды.«Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма» дегендей, ойынның қай түрі болсын зер салып, ой жүгіртіп қарасақ, одан мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз дамудың баспалдағы.Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып,оның ізденімпаздық, тапқырлық қабілетін оятады.

Ойын арқылы оқыту әдістері екі жолмен қарастырылады: Ойын сабақтары және дидактикалық тапсырмалар, не болмаса автодидактикалық ойындар. Ойын арқылы өткізілетін сабақтардың көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай ойнауды да үйретеді. Балалар ойын ойнағанды ұнатады және ынталарымен беріліп ойнайды.Мектепке дейінгі балаларды оқытуда дидактикалық ойын маңызды құрал болып есептеледі.Мектепке дейінгі кезендегі бала тәрбиелеу мен оқытуға кешенді көзқарас қалыптастыруда түрлі қырдан дамытатын ойындар, міндеттер, ойын-сауык шараларына көп мән беріледі.Ойын балалар үшін қызықты әрі олардың көңіл күйін жаулап алады. Ал мақсатқа қол жеткізу тапсырмаға қызығушылыққа негізделген жауапты табу ойлаудың белсенділігінсіз мүмкін емес.Ойындар мен жаттығулар барысында балалар шешімді өздігінен шығаруға үйренеді.Дамытушы ойындарды қолдану арқылы неғұрлым мықты білім мен біліктілікті арттыруға қол жеткізуге болады. Сондықтан біз өз жұмысымызда дамытушы ойындарға басты мән береміз.Оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған ойындардың барлығы бірдей дерлік қоршаған ортаға қызмет ететін оған таныс, жақын, бала санасын оятатын, оның

танымдық қызметін жандандыратын дидактикалык материалдардың болуымен ерекшеленеді.

Онда айшыкты әдемі дидактикалык материал, баланы қоршаған айналадағы затгар бейнеленуі тиіс.Ойыншықтардың, суреттердің пайдалануына қажет екендігіне көз жеткізілді. Мұндай ойындар баланы қызықтырады, қызығушылығын оятады.Дидактикалық материалдар, іріктеу бағдарламалық талаптарға сүйене отырып жүргізіледі.Балалардың ойынға қатысу ерекшелігі, қызығушылығы, мүмкіндігі ескеріледі.Баланы бәрінен бұрын айшықтылығымен, алуан түрлілігімен тартатын дидактикалық материалдар немесе ойыншықтары бар ойын қимылдары қызықтырады.Мысалы: «Биіктігі бойынша орналастыр» (Дидактикалық материал - матрешка қуыршағы, ашық түсті ойыншықтар), «Сандыққа не жасырылған» (Дидактикалық материал-геометриялық фигуралар немесе денелер) және т.б.

Кездейсоқтық немесе атын атау элементі бар ойындар баланың аса қызығушылығын тудырады, мысалы: «Не өзгерді?», «Санақ бойынша қайсысы?», «Сиқырлы таяқша көрсет!», «Бұл туралы қалай айтуға болады?» және т.б.

Мектепке дейінгі мекемелердің оқытудағы негізгі міндеті: сәбилер тобынан бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен қатар ойлау қабілеттерін қалыптастырып балаларды ойлау жұмысына дайындау.



Пайдаланған әдебиеттер

1. Отбасы және балабақша

2. Бондаренко А.К. Дидактические игры в детском саду.,М.,Просвещение,1991.

3. Педагогикалық идея

7. Крупская Н.К. О дошкольном воспитании.-М.,2000г.

8. Козлова С.А.Дошкольная педагогика.-М.,2000г.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Балалардың тілін дамытуда ойынның маңызы

Автор: Бекжанова Айгуль Кайрулдиновна

Дата: 18.06.2020

Номер свидетельства: 553563

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Балабақшадағы бала тілін дамытудағы маңызы"
    ["seo_title"] => string(47) "balabak_shadag_y_bala_tilin_damytudag_y_man_yzy"
    ["file_id"] => string(6) "384211"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1485449899"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) "«Тіл дамыту саба?тарында?ы театр ж?не оны? бала тілін дамытуда?ы ма?ызы»"
    ["seo_title"] => string(63) "tildamytusabaktaryndagytieatrzhnieonynbalatilindamytudagymanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "322306"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461567121"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "«Тіл үйретуде ойынның маңызы»"
    ["seo_title"] => string(30) "til_uirietudie_oiynnyn_man_yzy"
    ["file_id"] => string(6) "394866"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1487834024"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "«Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәнінде пайдаланудың маңызы»"
    ["seo_title"] => string(74) "tanymdyk_u_lttyk_oiyn_eliemienttierin_tarikh_p_nindie_paidalanudyn_man_yzy"
    ["file_id"] => string(6) "460792"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1520251054"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(188) "«Мектеп жасына дейінгі балаларды? тілін дамытуда?ы ойын технологиясыны? т?рі – ?са? моториканы? ма?ызы»."
    ["seo_title"] => string(111) "miektiep-zhasyna-dieiinghi-balalardyn-tilin-damytudag-y-oiyn-tiekhnologhiiasynyn-turi-u-sak-motorikanyn-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "288244"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454600445"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства