kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Күн дидарлы Қазақстан!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл тәрбие сағаты. Екінші сәбилер тобында жүргізілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Күн дидарлы Қазақстан!"»

Күн дидарлы Қазақстан!

Тақырыбы: " Күн дидарлы Қазақстан! "

Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.

Балалар Әнұранды орындайды.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Рәміздерім-елдігімнің белгісі,

Білу керек бала-дағы ең кіші.

Рәміздерім-ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан.

Тәрбиеші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні.

Еліміздің президенті кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Астана.

Тәрбиеші: Астана қандай қала?

Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

Ермұхан: Отан-жерім, Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан-туым, Отан-ұран,

Отан мәңгі гүлденеді!

Санжар: Қуат алған өзінен,

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.

Аруана: Шырқап көкке аспан-ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қалам-АСТАНА!

Арнұр: Қадамын бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқым женсің мұратқа,

Ей, бас қала-АСТАНА!

Тәрбиеші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз.

Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар.

Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай?

Балалар: Туымыздың түсі - көк.

Тәрбиеші: Иә, өте жақсы.

-Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады ).

Шыңғыс: Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат, әдемі!

Түнығындай көңілдің,

Ортада-аспан әлемі.

Нарқыз: Құт, береке-шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанаттты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

Аннұр: Анаң-күнің, журегің,

Әкең-өмір тірегің.

Сен- бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Диас: Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Әлмәнсүр: Ақ ниеті- алтын күн,

Асқақ арман-қыраны.

Жалауы бұл-халқымның,

Мәртебесі, мақтаны.

Ән: "Ел қорғауға әзірміз".

Би: "Қара жорға".





















МҚКК "Айналайын" балабақшасы







Тәрбие сағаты

Күн дидирлы Қазақстан!





















Дайындаған: А.Ж.Рахимова











Жаңа жылым "Маймылым"

Өтілетін күні: 24.12.2015 ж.

Өтілетін жері: Музыка залы

Өтілетін уақыты: 11:00 сағ

Жауаптылар: Н. .Жапархан және тәрбиешілер

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балабақшамыздың кішкентай ғана бүлдіршіндеріміз! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!

-Балалар, барлығымыз әдемі киініп алдық, ал мерекеміз көңілсіз болып тұр, мерекемізде кім жоқ?

Балалар: (Аязата, Ақшақар) деп жауап береді.

Жүргізуші: Балалар, Аязатамыз келгенше мерекемізді бастай берейік.

Ән: "Кел-кел жіңа жыл"

Би: "Ақшақарлар биі"

Жүргізуші: Балалар, біздің ескі жылымыз қой қайда?

Қой: Мен мұндамын мен Аязата қайда кеткенін білемін!

Жүргізуші: Аязата қайда кетті?

Қой: Ертегі еліне саяхат жасап кетіпті!

Жүргізуші: Ой, балалар, ертегі еліде жаңа жылды тойлап жатыр екен ғой! Аязатамыз ертегі еліне кеткен екен! Ендеше, ертегі еліне бізде саяхат жасап қайтайық. Кәнеки, барлығымыз көзімізді қолымызбен басып тыныш отыра қалайық.

(Музыка ойналады " Ертегілер әні")

Мақтақыз бен мысық: Бірін-бірі қуып залға келіп, шыршаны айнала жүгіріп, мысықтың құйрығына таласады.

Жүргізуші: Ой, Мақтақыз бен мысық сендерге не болды?

Мысық: Менің құйрығымды ол кесіп алды.

Жүргізуші: Мақтақыз оның құйрығын бер!

Мақтақыз: Ол менің сүтімді төгіп тастады, маған сүт берсе берем!

Мысық: Жарайды, мен сүтті қайдан аламын?(балалардан сурайды)

(Сиырдың дауысы)

Мысық: Алақай мен таптым! Сүтті сиыр досымнан сұраймын!

(Залға сиыр келеді)

Мысық: Сиыр досым маған сүт берші?

Сиыр: Маған жапырақ берсен, мен саған сүт беремін деп шырша айнала жүреді.

Мысық: Мен жапырықты қайдан алсам екен балалар!

(Музыка ойналады "Жылайды жапырақ әні") ағаш келеді.

Мысық: Ағаш-ағаш маған жапырағыңнан берші?

Жапырақ: Маған су берсен беремін (шырша айнала жүреді).

Мысық: Суды қайдан алсам екен балалар?

(Қолдарына ұстаған шелектерімен қыздар келеді)

Мысық: Қыздар-қыздар маған су беріңдерші?

Қыздар: Бізге сағыз берсең береміз!( шырша айнала жүреді)

Мысық: Балалар, маған көмектесіңдерші! Дүкенші қайда?

Балалар: (залда орналастырған дүкеншіні көрсетеді)

Мысық: Дүкенші-дукенші маған сағыз берші?

Дүкенші: Маған жұмыртқа берсен саған сағыз бермін.

Мысық: Жұмыртқаны қайдан алсам екен деп шырша түбінен қарайды, таба алмайды.

(Тауықтың дауысы) залға тауық келеді.

Мысық: Тауық-тауық маған жұмыртқанды берші?

Тауық: Менің қарным ашты маған тары берсен саған жұмыртқа беремін.

Мысық: Тарыны қайдан алсам болар екен, балалар?(шырша айнала жүгіреді)

(Тышқанның дауысы)

Тышқан: Залға жүгіріп келіп, айнала жүгіреді, шырша түбіне тығылады.

Мысық: Ұстап алып, қап бәлем тез маған тарыны бер, әйтпесе сені жеймін деп қорқытады.

Тышқан: Мені жемеші! ( тарыны береді)

Мысық: Тарыны тауыққа, жұмыртқаны дүкеншіге, сағызды қыздарға, суды ағашқа, жапырақты сиырға, сүтті қызға беріп, құйрығын алады.

Жүргізуші: Ертегі ұнады ма?

Балалар: Жауабы

Жүргізуші: Балалар, бір дыбыс естіледі тыңдаңдаршы!

(Музыка ойналады)

Жүргізуші: Балалар, бізге жаңа жылымыз " Маймыл" келе жатыр екен ғой!

Маймыл: Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Балалар: Жауабы

Маймыл: Мен сендермен бір жыл бойы дос болуға келдім.

Жүргізуші: Балалар, "Жаңа жылға" қол соғып қошемет білдірейік.

-Балалар, ал Аязатамыз қайда?

Маймыл: Мен Аязатаны көрдім. Алақай! Аязата келе жатыр!

(Музыка ойналады Аязата,Ақшақар келеді).

Аязата: Келе жатырмын-келе жатырмын!

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Мерекелерің құтты болсын!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме? Балалар, мерекелерің құтты болсын!

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ата? Мерекемізге қош келдіңіздер! Бірақ ата біздің шыршамыз неге жанбайды?

Аязата: Балалар, мен сендердің шыршаларыңды жандырамын, ал сендер маған қандай өнерлеріңді көрсетесіңдер? Сендерге мол сыйлық әкелдім.

Жүргізуші: Аязата, біздің балаларымыздың өнерленің тамашалаңыз!

Бізбен бірге ән айтыңыз, би билеңіз.

Би: "Жаңа жыл"

Ән: "Жаңа жыл"

Жүргізуші: Аязата, біздің балалар сізге тақпақ айтып беріп сыйлықтарын алғысы келіп тұр.

Аязата: Әрине, кім маған тақпақ айтса мен сол балаға сыйлықтарын беремін.

(балалар тақпақтарын айтып, сыйлықтарын алады)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүлдіршіндер мерекемізді тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Сау болыңыздар!





МҚКК "Айналайын" балабақшасы









Жаңа жылым "Маймылым"

(жаңа жылға арналған ертеңгілік)

Ересек тобы



























Дайындаған: А.Ж.Рахимова




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ашық сабақ "Күн дидарлы Қазақстан!"

Автор: Рахимова Алия Жумабайкызы

Дата: 01.04.2017

Номер свидетельства: 405731

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Мы? ал?ыс са?ан,?ліппе!"
    ["seo_title"] => string(19) "mynalgyssaganlippie"
    ["file_id"] => string(6) "295163"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455788997"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Мы? ал?ыс са?ан,?ліппе!"
    ["seo_title"] => string(20) "mynalgyssaganlippie1"
    ["file_id"] => string(6) "295164"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455789004"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства