Просмотр содержимого документа
«Мы? ал?ыс са?ан,?ліппе!»
Тақырыбы:Мың алғыс саған , Әліппе!
Мақсаты: «Әліппеден» алған білім-білік дағдыларын көрсету.Пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдістерді қолдана отырып,тілін,сөйлеу шешендігін жетілдіру және дамыта түсу.Өнерлерін ортаға салу.Отанын,туған жерін,мектебін сүюге,Қазақстан Республикасының білімді азаматы мен азаматшасы болуға тәрбиелеу.
Армысыздар ардақты ата-аналар,аяулы ұстаздар,сүйкімді балдырғандар,құрметті қонақтар! 1-сынып оқушыларының «Әліппеге мың алғыс» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Күні кешегі ойын баласы болған сіздердің бөбектеріңіз бүгінде бойларына үлкен міндет,жауапкершілік арқалап отыр.Сауат ашу мақсатында қолға алғаш ұстаған оқулығы – Әліппе.Бүгінде балдырғандар Әліппені толық меңгеріп 42 әріптің қыр сырын үйреніп, мәтіндерді оқи алатын,жазулары тайға таңба басқандай деңгейге жетіп отыр.Осы ертеңгілігіміздің барысында куә болмақсыздар.Ендеше ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Ортаға 1-сынып бүлдіршіндерін қошеметтеп шақырайық!Қарсы алыңыздар
1.Ұқсайды хор қызына
Темірланова Алина.
2.Бойға өнер жинаған қыз
Валиева Альбина.
3.Атыңнан айналайын Аяулым деген,
Сенің ісіңе жақсы баға берем.
4.Жеңіс туын тігерсің болашақта
Қошеметпен ортада Тортаева Дариға.
5.Алады тез тіліңді,
Иткулова Анеля.
6.Меңгерген бар білімді,
Исатаева Дилара.
7.Үміті зор осы мектептің,
Кожубаева Томирис саған деген.
8.Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Ортамызда Молдыбаева Индираны қарсы алдыңыздар.
Шашу ,шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке тойдың
Бастаңғысын жасайық
Шашу шашу шашайық
(Шашу шашылады.)
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң
Әліппемен қоштаспақ
Ой білімі жаңғырып
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш балдырған
Құтты болсын тойларың!
Құттықтау сөз: Мектеп директоры Арғынғазина Айгүл Таңатқызына беріледі.
Сен –өзіңді таны балақай!
Сен қажетсің,сен өжетсің.
Сен әлемнің болашағы,
Дүние саған жол ашады.
Ән: «Бала тілегі» Орындайтын:Темірланова Алина.
Қане ұйып тыңдайық,
Балаларға қарайық.
Әріптермен танысу,
Кезегіне берейік.
1 -оқушы: (Дилара)
А деген ол –аналар ғой ардақты,
Ә – деген ол- әкелер ғой салмақты.
Анадан жоқ аяулы әлемде
Әкелер ғой сыйлайтығұн бақ барды.
2 – оқушы:(Алина)
В- дегенің вал болар
Толқын күшін шомылар
М-дегенің мал болар
Қадір тұтқан бабалар.
3 –оқушы: (Индира)
Г әріпінен гүлденген
Қызғалдақты қырат тау
Ғ әріпімен бір келер
Ғылым атты ұлы тау.
4-оқушы: (Томирис)
Д әрінен бастасаң
Дархан,дария далам бар
Е –ні ұмытпас ешқашан
Елін сүйген жараңдар
5 –оқушы:(Альбина)
Ж-дегенің жөргегің
Туып өскен жерлерің
З- әріпімен зердедім
Зерделердің зергегін.
6 –оқушы: (Дариға)
И-дегенің иманың
Адалдықты асқары
К-дегенің күй-дарын
Домбыраның дастаны.
7 –оқушы:(Аяулым)
О-дегенің отбасы
Отан деген ұғым бар.
Я –дегенің Яссы
Қала болған бұрындар.
8 -оқушы :(Анеля)
Ш- дегенің шапағат
Тие берсін баршаға
Х-дегенің сәлем – хат
Қуанышың қаншама.
Ән: Дилара (Хор Ұстазым).
Мұғалім :
-Балалар,сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.
-Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар:
Болашаққа жол бастар,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:Балалар,осы Әліппе сөзінің әр әріпін саралап айтсақ.
Мұғалім :Олай болса ортаға Әліппені ортаға шақырайық!
Хормен:Әліппе,әліппе!
Әліппе:
Армыссыздар,жас достар
Армысыңдар ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық
Не үйреніп не білдік
Кәне ортаға салайық!
Әліппе сұрақ қояды.(Ерлан)
-Балалар сендер әліппені толық меңгердіңдер ме?
-Ия,меңгердік.
-Ендеше мен сендерге сұрақ қоямын.Сол сұрақтарға жауап беріңдер.
1)Әліпенің атасы кім?(А.Байтұрсынов)
2)Әліппеде неше әріп бар?(42 әріп)
3)Дауыстылардың саны қанша?(15)
4)Дауыссыздардың саны ше? (25)
5)Санамақ кім біледі?
6)Жеті атаны ата?
7)Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
8)Қазақстан Республикасының Президенті кім?
-Рахмет,бүлдіршіндер.Жарайсыңдар.Әліппені толық меңгеріпсіңдер.Енді сендердің өнерлеріңді тамашалағым келеді.
Ертегі: (Мысық пен тышқан)
Ойын:Мысық пен тышқан.
Ән:Ертегілер.Орындайтын:Темірланова Алина.
Әліппе менің сізге бір өтінішім болып тұр.Сіз бізге бір өнеріңізді көрсетсеңіз.
Әліппе өнер көрсетеді.
Ән:Мектебім.(Ерлан)
Мұғалім:
Баршаңызды таңғалтар бұл би әлі
Билегенде қыздарымыз күн дидарлы
Олай болса,шақырайық ортамызға
«Қамажай»биіменен аруларды
Би:Қамажай биі.
Ойын:Кім жылдам?(Ата-аналармен ойнатылады ).
Құрметтеген халықпыз қарияны
Қуанамыз көргенде сіздердей дарияны
Сіздер үшін «Қошақан»әнін орындайтын
Шақырайық Аяулымды ортамызға
Ән:Қошақаным.(Орындайтын Қаратаева Аяулым).
Ойын :Алақан жылуы.(Аналармен балалар)
Әліппені шығарып салу.(Қош бол,әліппем).
Мұныда енді таныстырып қалайын
Шөжелер биі тамсандырған талайын
Бишілерді шақырайық ортаға
Өнерлерін көріңіздер ағайын.
Би: «Шөжелер»
Мұғалім:
«Батамен ел көгерер,
Жаңбырмен жер көгерер» - дегендей,
Ақ тілеу, аямайтын баталарын,
Өздеріңнен күш қуат от аламын.
Сынағындай асылдың,
Ақ жүрек, қасиетті паналарым
дей келіп, ақ шашты анамыздан бата сұрақпыз.
- Біз сендерден үлкен үміт күтеміз. Қымбатты балалар! Мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір - біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын. Тәуелсіздігіміз баянды болсын! (Құттықтау сөз)
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын
Болармын күні ертең мақтанышың
Білім алып,тер төгем,еңбек етем
Ата-ана сеніміңді ақтау үшін.
Ән:Анашым.(Альбина,Аяулым).
Қортындылау. Құрметті ұстаздар, ата-аналар!Әліппеге арналған сазды әуенімізді аяқтаймыз!Көңіл қойыр тыңдағандарыңызға мың рахмет!Келесі кездескенше мың рахмет!