kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс" тренинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым - қатынас орнату.
Міндеттері: ата - аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру, балалардың білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Формасы: ата - аналар арасында тренинг
Көрнекілігі: интерактивті тақта, жүрек суреті, жұмсақ ойыншық, қалам, түрлі - түсті конверт

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс" тренинг»

Тақырыбы: «Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс»

ата - аналармен жүргізілген тренинг
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым - қатынас орнату.
Міндеттері: ата - аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру, балалардың білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Формасы: ата - аналар арасында тренинг
Көрнекілігі: интерактивті тақта, жүрек суреті, жұмсақ ойыншық, қалам, түрлі - түсті конверт
І. Кіріспе
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.

Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс» деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын.... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.
А. С. Макаренко «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді» деген екен.
«Танысу» жаттығуы
Қолымдағы допты бір - бірімізге беру арқылы есімдерін ататқыза отырып өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айту.
«Менің отбасым»
Өзіміздің отбасымызды гүл бейнесімен суреттеп салып, талдап өтейік.
Ой - қозғау
“Бала деген кім?” туралы әрбір ата - ана ой қозғау жазады.
Сұрақ - жауап
Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
Балаңыздың тәтті қылықтары
Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
Бой сергіту сәті
«Тамаша, тамаша, ша, ша, ша. Гриса, гриса, са, са, са»
Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» - деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні - баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.
Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
Жағымсыз қылық----------
Жақсы қасиеттер------------
Ситуациялық сұрақтар:
1 – сұрақ
«Балаңыз балабақшадан шағым айтып келді. Тәрбиеші ұрысқанын, енді балабақшаға барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»
2 – сұрақ
«Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай қоймастан жылай бастады. Сіздің әрекетіңіз?»
3 – сұрақ
Сіз тәрбиелі отбасысыз. Бірақ, балаңыздың жат әрекеттерге бой алдырып бара жатқанын байқадыңыз, балаңызды қалай қорғап қаласыз.
4 – сұрақ
Құттықтаймыз! сыйлық алдыңыз
«Өмір ағашы»
Сіздердің алдарыңыздағы жапырақ – балаларыңыз, енді осы жапыраққа өзіңіздің балаңызға немесе отбасыңызға жылы тілектеріңізді жазасыз. Тамырларыңыз тереңге жайылып, жапырақтарыңыз жайқалып, саялы бәйтерекке айналыңыздар.
Қорытынды сөз
Құрметті ата - аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да, бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға рахмет айтамыз!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс" тренинг

Автор: Кажикова Айсулу Тулеутемировна

Дата: 03.03.2017

Номер свидетельства: 397584

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "«Ананың алақаны айдынды қоңыс» (ата-аналарға тренинг)"
    ["seo_title"] => string(55) "ananyn_alak_any_aidyndy_k_on_ys_ata_analarg_a_trieningh"
    ["file_id"] => string(6) "409132"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1492147527"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства