Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған
тренингтің тақырыбы: «Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс» деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.
Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын. адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды.
Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты– қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен
жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған
тренингтің тақырыбы: «Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс» деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.
Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды.
Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты– қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен
жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала
отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы ,жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.
Тақырыбы: «Көңіл күй» түсі.
1.Бүгінгі, дәл қазіргі көңіл күйіңізді қандай түспен бейнелейсіз?
2.Сіздердің алдарыңызда түрлі –түсті гүлдер жатыр,өздеріңіздердің тандаған түсіңізді қорапшаға салыңыз.Түстеріңізді ұмытып қалмаңыздар.Қорапты ашып, қандай көңіл күймен келгендігін анықтау.
3.Сары-өзін де, басқаны да қуантып жүретін адамдар.
Көк-байсалдылық,қанағатшылдылық белгісі.
Жасыл-жүрген жерінде белсенді адамдар.
Қызыл- алға қойған мақсатына жетпей тынбайтын,жігерлі адамдар.
Қызғылтсары- тағы не айтады,бара көрерміз деген өте қарапайым адамдар.
Қара түс- ішімдегіні тап деп, қарап отыратын тұйық адамдар.
Қоңыр-қонақжай адамдар.
Көгілдір- адамгершілігі, түсінігі мол адамдар.
Күміс түсті немесе сұр- тез ашулана қоймайтын жүйкесі мықты адамдар.
Ақ-мейірімді адамдар.
«Әрбір баланың мінез құлқы ата - анасының жағымды іс - әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез - құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Сондықтан, ата - аналар, мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр. 1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз? 2. Бала үшін ата - ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз? 3. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба? 4. Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде, атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар? 5. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па? 6. «Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қандай?
«Мен үшін не қымбат»
«Бала деген кім?” туралы әрбір ата-ана ой қозғау жазады
Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы.
«Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.
Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес .Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!