Мақсаты:
Білімділік:Балаларды мейірімділікке,сүйіспеншілікке,аналардың,
тәрбиешінің өлшеусіз еңбегін бағалай білуін,анасын сүю арқылы еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан,ананың мейірімінен таратылатынын ұғындыру.
Дамытушылық:Балалардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын,ойлау шеберліктерін,сөйлеу мадениеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Балаларды адамгершілікке,сыйластыққа,қамқор болуға,достықты қадірлей білуге,аналарды сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік:Түрлі түсті жүрекше шарлар,хош иіс шығарғыш, слайд
Әдіс-тәсілдер:әңгімелеу,көрсету, түсіндіру,әңгіме.
Сабақ барысы:(балалар жүрекшелерді қолдарына ұстап шығады)
1.Шаттық шеңбері:
-Сәлеметсіздерм ме,балалар!Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.
Күлімдеп күн бүгін
Қарады мағанда
Күлімдеп күн бүгін
Қарады сағанда
Шуағын төгіп нұр!
-Балалар қараңдаршы,шаттық шеңбері сендерге керемет сый дайындап қойыпты.Мына керемет сый «махаббат кемпірқосағы» деп аталады.Мұндағы қызыл жүректер-жанұяға деген махаббатымыз,қызыл-сары жүрекшелер-достарға деген махаббатымыз,жасыл жүрекшелер-достарға деген махаббатымыз,сары жүрекшелер- шуағы мол күнге деген махаббатымыз,ал көк жүрекшелер-Отанға деген махаббатымыз.Балалар барлығымыз жүрекшелерді қолдарымызға ұстап, «Қабыл ал,Аспан-ата от шашуды,көк аспанымыз балалық жылы мейірімге толсын».
Ал балалар біздің аспанымыз мейірімге,сүйіспеншілікке толды.Осы отшашудан алған жылы сезімдерімізді бір-бірімізге жіберейікші.Бір-бірімізді құшақтап күлеміз.
-Балалар, біздер бүгін бәрімізге қымбат аяулы анамыздың мейірімділігі,сүйіспеншілігі махаббаты жайлы әңгімелейміз.Бала мен ананың бір-біріне деген мейірімділік шапағаты-әдептілік белгісі.Балалар, сендерді аналарың қалай еркелетеді екен?(балалардың жауаптары тыңдалады.)
Енді мен сендерге ақын Ә.Ысқақовтың «Кім ойлап тапқан»өлеңін оқып берейін,мұқият тыңдаңдар.
Сөздері ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды,
Кімнің ойлап тапқанын,
«Күнім», «жаным»дегенді,
«Құлыншағым»дегенді.
«Ботақаным»дегенді,
«Айналайын»дегенді,
Ойлап тапқан аналар.
-Балалар,байқап қарасаңдар аналардың махаббаты қандай керемет!
2.Әңгімелесу «Анаға сыйлық»(әңгіме)
Аналарының туған күніне байланысты үйде қызу қарбалас басталды.Айнұр анасына қағаздан әдемі гүл жасауды қолға алды,ал Ермек ақ қағазға түрлі-түсті қарандашпен сурет салып отыр.Кішкентай Асқар болса,анасына не сыйлауды бімей басы қатты.Анасына бір пайдасын тигізсе,сол үлкен сыйлық екенін ол білді.Өйланып отырып, сөреде тұрған үлкен гүл салғышқа көзі түсті.Соны тап-таза етіп сүртіп қойса, анасының ерекше қуанатынын білді.Орнынан қуана секіріп тұрған ол бойы жетпегендіктен аяғының астына орындық қойып,гүл салғышты алуға тырысты.Қолы жетуі жетті-ау,бірақ орындық сырғып кетіп, гүл салғышпен жерге қоса құлады.Күл паршасы шыққан гүл салғышқа қарап,қорқып кеткен Асқар жылап жіберді.Оқыс шыққан дауысқа үйдегілердің бәрі жүгірді.Анасы бәрінен бұрын жетіп,ұлын жерден көтеріп алды.
-Қүлыным еш жерің ауырмады ма?-деп ұлын жұбатып,айналып,толғануда.
Өксігін баса алмаған Асқар:
-Ана мені кешірші,сізге сыйлық жасайын деп едім,деді
-Ал,анасы:
-Гүл салғыш деген не тәйірі,маған сенің амандығың артық сыйлық жоқ бұл өмірде-деп күлімсіреді.
Тәрбиеші әңгіменің мазмұнын балалар қалай түсінгенін сұрақтар қою арқылы тұжырымдайды.
-Әңгіме желісінде ана мен бала арасындағы махаббаты,мейірімділікті қай жерден көріп тұрсыңдар?
-Балалар анасына өз сүйіспеншіліктерін қалай білдіргісі келді?
Сергіту сәті.
Өзімді жақсы көремін
Күн сайын өсіп келемін
Ойынға кірем күнде мен
Ұйқыға батам күнде мен
Суға да барып түсем
Содан соң тамақ ішемін
Маманың тілін аламын
Міне осындай баламын
3.Тыныштық сәті.
Қашанда балалардың сыңғырлаған күлкілерін көріп, оларды есту керемет сезімдердің бірі.Балалар мен сендерге «Махаббат әлемі»деп аталатын хан падшалығына саяхатқа шақырамын(әуен ойналады)
Тыныштық сәт:Бәрлығымыз көздерімізді жұмамыз,көз алдымызға сиқырлы ағаштар өсіп тұрған,әдемі гүлге толы,сиқырлы жануарлар өмір сүретін әдемі әлемде елестетейік.Бұл әлемде күн өзінің шуағын жер бетіне шашып тұрады.Бұл күн «Сүйіспеншілік күні»деп аталады.Бұл падшалықта адамдар бір-бірін жақсы көреді,сыйлайды.Жер –ана барлық адамдарды жақсы көреді,ал адамдар өздерінің сүйіспеншілік сезімдерін табиғатқа сыйлайды.Құстары ән салып,балалары өздерінің ата-аналарын,ал ата-аналары балаларын соншалықты жақсы көреді екен.Осы падшалық барлық құстарға,жануарларға,өсімдіктерге,күнге және жұлдыздарға да ұнайды екен,ең бастысы,осы падшалықтағы адамдарға өте ұнайды екен.Балалар,біздер барлығымыз жақсы көрудің де әлемге сүйіспеншілік таратудың да жақсы сезім екенін білеміз.Бұл сезімді ұмытпайық,ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталсын.Балалар көздеріңді ашпастан,осы падшалықтың иісін сезінейікші.
4.Тосын сый.
Тәрбиеші:Балалар біздер аналарымызды қазір слайдтан тамашаладық.Балалар қалай ойлайсыңдар сендердің аналарың қазір қай жерде жүр екен,қалай ойлайсыңдар.Кәне барлығымыз көздерімізді қатты жұмып аналарымызды жұмыста ма,базарда ма,әлде үйде ме екен елестетейікші.
-Аналардың кіруі.
-Аналардың тілегі
-Ән «Ақ мамам».