«Тұңғыш ҚР Президентінің күні»
Мақсаты:Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Отаным менің кең - байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Ел - Отан біздің кең - байтақ,
Отанның біздер баласы.
- Балалар, бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс - әрекетіміз қызықты өтпек, себебі бүгін мереке, бүгін - Президент күні. Тақырыптық ашық оқу іс - әрекетімізде біз үш топқа бөлініп отырамыз.
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, гимн.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің әнін жазған Шәмші Қалдаяқов
- Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев.
Тосын сәт: Томпақ келеді.
Томпақ: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен ғаламшардан келдім. Менің атым - Томпақ. Мен сендердің елдерің туралы білгім келеді.
Тәрбиеші:
- Сәлеметсіз бе, Томпақ! Келгеніңіз қандай жақсы болды, бүгін бізде мереке, біздің еліміздің – президент күні.
Томпақ:
- Мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәрбиеші:
- Балалар, Томпаққа өз тобымыздың аттарын айтып өтейік.
1 - топ. «Астана»тобы.
- Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы. Астана қаласында – Бәйтерек, Қазақстан Республикасының президенттік мәдени орталығы, резиденциясы, «Думан» ойын – сауық орталығы бар.
2 - топ. «Алматы» тобы.
- Алматы – Қазақстанның әдемі қалаларының бірі. Алматы қаласында – Медеу мұз айдыны, Көктөбе ойын-сауық кешені, 14 театр мен 25 мұражай және апорт алмасы бар.
3 - топ. «Ақтау» тобы.
- Ақтау - Қазақстанның ең әдемі, жас қаласы. Ақтау қаласында Жантурин атын - дағы драма театр, көптеген кинотеатрлар, «Ақтау», «Ардагер», «Бәйтерек», ойын - сауық кешендері және Каспий теңізі бар.
Томпақ:
- Жарайсыңдар, балалар, Қазақстанның қалаларын біледі екенсіңдер, енді менің сендерге қояр сұрақтарым бар.
- Балалар, Отаныңыз қалай аталады?
- Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
- Президентіңіз кім?
- Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев.
Даяна:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Мади:
Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды
Кәрім:
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
- Өте жақсы балалар, келесі менің білгім келетіні, Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
- Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, гимн.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің әнін жазған Шәмші Қалдаяқов Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар, балалар, шаршап қалған болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Балалар «Қара жорға» әніне билейміз.
- Көрдің бе, Томпақ, біздің балалар өз елінің президенті, рәміздері жайлы барлығын біледі.
- Енді балалар, қазақтың салт - дәстүрі бойынша келген қонақты құр жібермейік, Томпаққа өз қолымызбен естелік жасап берейік.
«Астана» тобы – Алдымызда киіз үйіміздің керегесі керіліп, уықтары шаншылып, шаңырағы көтеріп дайын тұрған макеті бар. Сол макетті қазақтың ою - өрнектерімен әшекелейік.
«Алматы»тобы - ақ қағазда салынған әр ұлттың суреттерін ортасына күннің шуағын жапсырамыз.
«Ақтау» тобы - ақ қағазға ұлттық ою - өрнектерін жапсырамыз.
Томпақ:
- Рахмет, сіздерге балалар, мен қатты қуанып тұрмын сіздердің берген сыйлықтарыңды мен өз ғаламшарыма алып кетемін. Сау болыңыздар!
Балалар Томпақпен қоштасады.
Тәрбиеші:
Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт - Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі - еліміздің тұңғыш президенті - Н. Ә. Назарбаевтың арқасында!
Бүгінгі президент күніне арналған тақырыптық ашық оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз.
Қорытынды:
- Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Томпаққа сыйлыққа не беріп жібердік?