Саяхатшы: тамаша! Қане, тағы да таза ауамен терең тыныс алайықшы...
Саяхатшы: балалар, жануарлар мен өсімдіктерді, құстарды қалай қорғайсыңдар?
Айзере: Жануарларды, өсімдіктерді, құстарды қорғау қызыл кітапта жазылған.
Саяхатшы: Өлкелеріңде емдік шөптер кездесетін болар, олар туралы не айтасыңдар?
АЯнат: Мен адыраспанмын. Мен Маңғыстаудың барлық аймақтарында кездесемін. Мамыр, шілде айларында гүлдеймін. Емдік мақсатқа менің шөбім, бұтақтарым,жапырақтарым мен гүлдерімді пайдаланады. Менің шөбімнен жасалған қайнатындыны суық тигенде, нерв жүйесі әлсірегенде пайдаланады.
РУслан: Мен изенмін. Ала бұта тұқымдаспын. Мен тік өсемін, жапырақтарым да гүлдерім де ұсақ,түсім жасыл қызғылт түсті. Құмды жерлерде өсемін. Емдік мақсатқа менің дәндерімді пайдаланады. Менің дәндерімнен жасалған дәрімен тері, тырнақ ауруларын емдеуге болады.
Расул: Мен жантақпын. Бұршақ тәріздес тікенді, көп жылдық өсімдікпін. Гүлдерім қызғылт, жемісім бұршақ тәрізді. Маусым, тамыз айларында гүлдеймін. Емдік мақсатқа менің жапырақтарым мен тамырымды пайдаланады. Мені бүйрек ауруына, қан тазартатын дәрі есебінде де қолданады.
Мунира:Мен сүттігенмін. Менің сабағым тік бұтақты. Жапырақтарым қарама- қарсы орналасқан. Гүлдерім шоқталып өседі. Құмақты жерлерде өсемін. Емдік мақсатқа шөбім мен шырынымды пайдаланады. Менің шырыныммен сүйелді, беттегі дақтарды кетіруге болады.
Аружан: Мен бәйшешекпін. Гүлдерім шатырға ұқсайды. Жемісім жұмыртқа тәріздес.Менің тамырымды бронхит ауруына дәрі ретінде қолданады.
Саяхатшы: Өте тамаша! Өлкелеріңде қандай құстар бар?
Саяхатшы: Жарайсыңдар, балалар! Мен сендердің өлкелеріңнің табиғаты туралы көп мәлімет алдым. Мен әрі қарай да бірнеше елді аралаймын, сол кезде сендердің өлкелеріңнің табиғаты туралы айтып жүргім келеді,сондықтан маған өздерің айтып таныстырған өсімдіктер мен жануарлар туралы бейнелеп берсеңдер өте тамаша болар еді.
(балалар өсімдіктер мен жануарлардың, құстардың суретін жапсырып береді)
Саяхатшы: Рахмет,балалар!
Тәрбиеші: Саяхатшы, біз енді қайтайық.
Саяхатшы: Қайтсақ қайтайық, жол қысқарсын жаңaғы өздерің айтқан жануарлаpдың, құстардың қимылы мен қозғалысын салайық.
-Қоян қайтеді?
-Қасқыр қайтеді?
-Ал, қу түлкі ше?
-Құстар қалай самғайды? Қалай қалықтайды?
Тәрбиеші: Міне, әне міне дегенше келіп қалдық.
Саяхатшы:Балалар,сендердің қалаларың қандай теңіздің жағасында орналасқан?
Дария: Біздің қаламыз Каспий теңізінің жағасында орналасқан.
Саяхатшы: Балалар, мынау аққулар ғой.
Тәрбиеші: Табиғатты қорғайық!
Нұрхан: Аспанымыз ашық болсын!
Асима: Деніміз сау болсын!
Аружан: Теңізіміз ластанбасын!
Руслан: Ағаштарымыз жайқалып өсе берсін!
Расул: Аққулар ұшып келіп тұрсын!
Диана: Теңізге мұнай төгілмесін!
Аянат : Елімізде бірлік болсын!
Ибрагим Достығымыз берік болсын!
Арайлым: Бейбітшілік болсын!
Барлығы: Өлкеміздің табиғатын қорғайық!
(орындарына тұрады)
Тәрбиеші: Саяхатшы, біз қазақ халқының кең пейілді, қонақ жай екенін көрсеткіміз келеді. Салт – дәстүр бойынша келген қонаққа шапан жауап сый-құрмет көрсетеміз! (саяхатшыға шапан жабады)
(Саяхатшыға шұбат пен ірімшік, құрт, балқаймақ ұсынады.)
Саяхатшы: Рахмет, сіздерге балалар! Мен өте ризамын. Бүгінгі саяхат маған қатты ұнады. Өздерің қандай білімді балаларсыңдар.Өз өлкелеріңнің табиғатын қорғайтын білімді, үлгілі азамат болып өсіңдер деп тілек білдіремін! Сау болыңыздар, балалар!
Балалар: Сау болыңыз!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, біз өз өлкеміз туралы таныстырдық. Достар, қонақтармен қоштасып тобымызға қайтайық.