Просмотр содержимого документа
«Қазақстан менің - Отаным»
Қазақстан – менің Отаным
Міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауына сай келетін қарапайым қоршаған орта туралы білім беру;
- Өз Отанына ,табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын арттыру;
- Өз Отаны жайлы ,табиғи нысаналар мен құбылыстарды бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Өз Отанына, табиғат әлеміне адамгершілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Қазақстан – менің Отаным
Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.
Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.
1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.
1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жыл 4 маусым — Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, елтаңбасы және Гимні қабылданды.
1992 жыл наурыз — Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
1993 жыл 28 қаңтар — Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.
1994 жыл 6 шілде — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданды.
1995 жыл 29 сәуір — Республикалық реферундумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.
1995 жыл 30 тамыз — Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.
1997 жыл 10 қазан — Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.
1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады.
1999 жыл 10 қаңтар — Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып қайтадан сайланды.
2005 жыл 4 желтоқсан — Қазақстан Республикасының президенті сайлауында Н. Ә. Назарбаев Президент болып сайланды.
Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.
Елде бейбітшілік пен келісімге, тұрақтылық пен дамуға қол жеткізілді. Қазақстан
Республикасының 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы белгіленіп жүзеге асырылды.
.
Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.
Елде бейбітшілік пен келісімге, тұрақтылық пен дамуға қол жеткізілді. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы белгіленіп жүзеге асырылды.
Тәуелсіздік — ғасырлар бойы аңсаған арманын жүзеге асырып, Ұлы Евразияның төсінде егемен, тәуелсіздік мемлекетін Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды.
Қазақстан Республикасы — Евразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 2724,4 мың шаршы км. Халқы — 16,1968 млн. Адам (2009 жылғы санақ бойынша). Ұлттық құрамы жағынан: қазақтар — 53,4%, орыстар — 30,0%, украиндар — 3,7%, немістер — 2,4%, ұйғырлар — 1,4%, корейлер (кәрістер) — 0,7%, өзге ұлттар — 5,9%.
Мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Қазақстан Республикасы — демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Ел тұрғындары негізінен ислам және христиан дінін ұстанады. Басты қаламыз — Астана. Мемлекет басшысы — Президент. Атқарушы билік органы — Үкімет.
Ақша бірлігі — теңге.
Парламент — заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілеттік орган болып табылады.
Үкімет дегеніміз — мемлекеттік атқару билігінің ең жоғарғы органы. Үкіметке министрліктер, агенттіктер, комитеттер, облыстық, аудандық және қалалық әкімшіліктер бағынады. Үкіметті ең басты министр — Премьер -Министр басқарады. Оны бұл лауазымға Парламенттің мақұлдауымен ел Президенті тағайындайды.
Мемлекеттік Ту
Мемлекеттік Ту — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнектік жолақ түрінде нақышталған.
Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы — 1:2.
Шұғылалы күннің, қыранның және ұлттық өрнек бейнеленген тік жолақтың бейнесі алтын түсті.
Біріңғай көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Ежелгі түрік тілінде «көк» сөзі аспан деген ұғымды білдіреді. Көктүс түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Тудағы көгілдір түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттілікке ұмтылған ниет-тілегінің, тазалығының, асқақтығын көрсетеді деп қорытуға болады.
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн — қозғалыс, даму, өркендеудің және өмірдің белгісі. Күн — уақыт, замана бейнесі. Қанатын жайған қыран құс бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Ұлан байтақ кеңістікте қалфықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін паш етеді.
Қабылданған күн: — 1992 жылғы 4 маусым.
Ресми тұсауы кесілген күн: — 1992 жылғы 6 маусым, Алматы қаласы.
Авторы: Шәкен Ниязбеков Мемлекеттік Ту
.
Елтаңба
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы «шаңырақ» (киіз үйдің жоғарғы күмбез бөлігі) бейнесін білдіреді.
«Шаңырақтың» табаны «шаңырақтың» орта бөлігінен күн сәулесі түрінде бір-бірінің арасында 72 данадан тарайтын «уықтармен» (тіреулермен) түзілген қима конуспен ілескен. Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде, қиылған конустың бүйір бетіне көлемді бес бұрышты жұлдыз орналасқан.
«Кереге» (киіз үй тұлғасы) – айқасқан сәулелі элемент. «Кереге» «шаңырақ» табанына симметриялы орналасқан.
«Шаңырақтың» орта бөлігі – жарты шарды көмкеретін сыртқы және ішкі сақинадан тұрады.
«Босаға» — бұл киіз үйдің алдыңғы шығыңқы бөлігі, елтаңбада кертпеш элементтермен бірге төменгі бөлекте орналасқан.
«Босағаның» ортаңғы бөлігінде көлемді мәтін — «Қазақстан» деген сөз орналасқан, қарпі – кесек, мәтін астындағы фон – фактуралық.
«Босағаны» симметриялық орналасқан көлемді-құрылымдық «қошқардың» бас бөлігінің стильденген элементтері көмкереді, олар Мемлекеттік Елтаңба шеңберінен тыс шығарылып орындалған және «желбау» таспалары «шаңырақтың» сыртқы сақинасынан төмен түсірілген.
«Тұлпарлар» «шаңырақтың» екі жағынан симметриялы орналасқан мифтік қанатты тұлпарлар. Елтаңбаның бұл құрамдас элементі тұлпар тұлғасынан, мүйізі, қанаты мен «тұлпар жалынан» тұрады.
Қабылданған күн: 1992 жылғы 4 маусым.
Ресми тұсауы кесілген күн: 1992 жылғы 6 маусым,
Алматы қаласы.
Авторлары: Мәлібеков Ж.,
Уалиханов Ш.
Әнұран
Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Алтын күн аспаны,
Әні: Шәмші Қалдаяқов
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Ұлттық ақша — теңге.
Ұлттық ақша — теңге. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы пайдалануға 1993 жылдың қарашасында енгізілді. Ақша белгілерін — теңге мен тиындардың түрлерін Қазақстанның ең таңдаулы суретшілерін қатыстыра отырып, Ұлттық банк жасаған болатын.
Қазақстанда 14 облыс, 87 қала (оның екеуі республикалық дәрежеде), 159 аудан, 195 аудандық деңгейдегі елді мекен, 2150 ауылдық әкімшілік округ бар. Республика аумағы батыста Еділдің төменгі ағысынан шағыста Алтайға, 3000 км-ге дейін, солтүстікте Батыс-Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шань таулы жоталарына 1600 км-ге созылып жатыр.
Қазақстан сияқты жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол. Оның ішінде хромның әлемдік қорының жартысынан астамы Қазақстан аумағында болса, одан өзге де қорғасын, мырыш, мыс, алтын мен күмістің бай қоры бар. Вольфрам қоры бойынша екінші, марганец қоры бойынша үшінші, қорғасын мен молибден қоры бойынша төртінші, темір кентасының қоры бойынша сегізінші орын алады. Қазақстанның батысы мен солтүстік Ресей Федерациясымен, оңтүстігі Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, шығысы Қытаймен шектеседі. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралия кейінгі 9-орын алады. Климаты — барынша континентальді.
Орынбор
Орынбор — қазақ елінің тұңғыш астанасы (1920–1925)
Орынбор (1938–57 ж. Чкалов) — Ресей Федерациясындағы қала, облыс орталығы. 1735 ж. бекініс қамал ретінде қаланып, аты Ор өзенінің атына байланысты қойылған. Орынбор Жайық өзенінің жағалауында орналасқан Солтүстік батыс бөдігі Сақмар және Жайық өзендерінің қосылған қиылысына дейін жетеді. 1735 ж. 15 тамызда И. Кирилов бастаған экспедиция Жайықтың сол жақ жағалауына құяр сағасына қала (қазіргі Орск) сала бастады. «Орынборды» 200 шақырым Жайық ағысымен төменірек жерден, Қызылту стансиясының іргесі қаланды.
Жаз айларында арадағы сауда қатынасы Жайық өзенінің сол жағалауында жүргізілді. Осы жерде ірі сауда алаңы ашылып, сауда сарайы салынды. Сауда алаңынын Орынбордаға және қазақ даласына қараған екі үлкен қақпасы болды. Орынбор 1868 жылдан Ресейдің Қазақстан және Орталық Азиямен арадағы ірі сауда орталығы болды. 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қазақ өлкесі Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-і құрылды. Орынбор 1920–1925 ж. Қазақ АКСР-інің астанасы болды.
Қазіргі уақытта Орынбор облысында 120 мыңдай қазақтар тұрады. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты облыс қазақтары «Достық». «Үркер», «Қазақ тілі» және т. б. мәдени орталықтарға бірігіп, өздерінің «Айқап» атты газеттерін шығарады.
Қызылорда
Қызылорда — қазақ елінің екінші астанасы (1925–1929)
Қызылорда облысының әкімшілігі 8 әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Белкөл, Қосшыңырау, Қызылжарма, Қызылөзек, Ақсуат, Ақжарма ауылдары.
Қала негізі Қамысқала атты елді мекенде 1817 ж. салынған Қоқан хандығының Ақмешіт бекінісі ретінде қаланды. 1854 жылдың тамызынан басқыншы, генерал В. А. Перовскийдің атымен бекініс Перовск порты аталды. 1857 ж. Перовскіге қала мәртебесі беріліп, уезд орталығына айналды. 1901–1906 ж.. Орынбор — Ташкент темір жолы салынған тұста қала халқы тез қарқынмен өсті. 1917 ж. 30 қазанда (12қараша) Кеңес өкіметі Қазақстанда бірінші болып Перовскіде орнады. 1922 ж. қаланың Ақмешіт аты қайтарылғанымен 1925 жылдың сәуірінде Қызылорда деп қайта өзгертіліп, Қазақ АКСР-нің астанасының мәртебесі берілді (1929 жылға дейін).
Қалада 1926 жылы 13 қаңтарда Қазақ драма театры (қазіргі М. Әуезов ат. Қазақтың мемлекеттік академиялық театры) ашылды. Денсаулық сақтау, білім беру орындары көбейді.
1938 жылы облыс орталығына айналды.
Алматы
Алматы-еліміздің үшінші станасы.
Алматы қаласы Еуразияның ортасында, Іле Алатауының солтүстік бөктерінде, оңтүстіктен солтүстікке қарай еңістеу келген теңіз деңгейінен 750 – 880 метр биіктікте орналасқан. Алатау баурайынан бірнеше өзен бастау алады. Олар: Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Есентай, Қарасу, Бекенбай, Беделбай, Кімасар, Жарбұлақ, Күреңқұлақ, Тереңқара тағы басқалар.
Алматының тарихында ең ірі жер сілкінісі 1887 жылдың 28 мамырында және 1910 жылдың 22 желтоқсанында орын алды. Алматы қаласы негізінен күші 9 балл немесе одан жоғары деңгейде жер сілкінісі болу қаупі бар аймаққа жатады. Сондықтан Алматы қаласының құрылысы да ерекше әдіспен салуды талап 1854 жылы Алатау баурайына орыстардың бекінісі салына бастады.
1854 жылы 7 наурызда Кіші Алматы жағалауына қамал салу жұмыстары басталды. 1869 жылдан қала Үлкен Алматы станицасынан оңтүстік батысқа қарай салына бастады.
1868 жылы «Қаланы қоныстандыру комитеті» деп аталатын ұйым құрылды. Алматы қаласының алғашқы жобасы жасалды. Осы жоба бойынша қаланың құрамы мынадай бөліктерге бөлінді:
Верный бекінісі;
Үлкен және Кіші станица;
Татар слободкасы және жаңа қала.
1918 жылдың наурызында Верный қаласында Кеңес үкіметі орнады.
1937 жылдың 26 наурызында Қазақстан кеңестерінің X съезі автономияның одақтас республикаға айналуына орай жаңа Ата заңды (Конституция) бекітті. Алматы осы уақыттан бастап Қазақ Советтік Социалистік Республикасының әкімшілік орталығына айналды.
Астана Алматыға 1929 жылдың жазында көшіп келді. Алматы астана мәртебесін алғаннан кейін қала экономикасы өсіп, халықтың саны артты. 1930 жылы 19-шілдеде Түркістан-Сібір темір жолы іске қосылды. Өнеркәсіп орындары іске қосылды. 1941–1942 соғыс жылдарында Алматыға Ресейден 30-дан астам кәсіпорын, 8 госпиталь көшірілді. Алматы – Орталық Азиядағы өркениеттегі ірі қалалардың бірі болды.
Қалада орта, арнаулы және жоғары оқу орындары, ғылыми, мәдени мекемелер ашыла бастайды. 50-жылдары қалада Үкімет үйі, Ғылым академиясының бас корпусы, Орталық стадион, Абай атындағы опера және балет театрының ғимараты салынды. Ал 60–70-ші жылдары бой көтерген зәулім құрылыстардың қатарына Республика сарайы, Достық үйі, Неке сарайы, «Медеу» мұз айдыны, «Алатау» қонақ үйі, Бейнелеу өнері мұражайы және т. б. сәулет объектілері бар. 9–12 қабатты тұрғын үйлердің жаппай бой көтеруі қала бейнесін тіпті өзгертіп жіберді.
1966 жылдың 21 қазанында қаладан 18 км жердегі Медеу шатқалында жарылыс жасалып, биіктігі 100 метр бөгет салынды. Ол 6–2 млн текше метр су мен басқа қауіпті заттарды ұстап тұра алады.
Алматы қаласы 70 жыл бойы еліміздің астанасы статусында болды.
Н. Назарбаев Алматыға 1979 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің хатшысы болып Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы қызметінен келді. Осы қызметті 1984 жылға дейін атқарды және Орталық комитетінің бюро мүшесі болды. 1984–1991 жылдар арасында Қазақстан министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды.
1991 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып сайланды.
Алматы – республикамыздың ірі ғылыми, мәдени, білім және өндіріс орталығы. Басында мәңгі қар жатқан әсем Алатаудың баурайына орналасқан Алматы – дүниежүзіндегі көрікті қалалардың бірі. 1998 жылы Қазақстанның астанасы қазіргі Астана қаласына көшірілді. Осыған орай «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң қабылданған болатын. Ол заң бойынша Алматы бұрынғысынша еліміздің ғылыми, мәдени, тарихи қаржы және өндіріс орталығы болып қала бермек. Бұл – қала дамуының кепілі.
Еліміздің аса ірі, әсем де сұлу қаласы Алматы 1991 жылдың 16-желтоқсанынан 1997 жылдың 10
желтоқсанына дейін егеменді Қазақстан Республикасының бірінші астанасы болды.
Астана Алматыға 1929 жылдың жазында көшіп келді. Алматы астана мәртебесін алғаннан кейін қала экономикасы өсіп, халықтың саны артты. 1930 жылы 19-шілдеде Түркістан-Сібір темір жолы іске қосылды. Өнеркәсіп орындары іске қосылды. 1941–1942 соғыс жылдарында Алматыға Ресейден 30-дан астам кәсіпорын, 8 госпиталь көшірілді. Алматы – Орталық Азиядағы өркениеттегі ірі қалалардың бірі болды.
Қалада орта, арнаулы және жоғары оқу орындары, ғылыми, мәдени мекемелер ашыла бастайды. 50-жылдары қалада Үкімет үйі, Ғылым академиясының бас корпусы, Орталық стадион, Абай атындағы опера және балет театрының ғимараты салынды. Ал 60–70-ші жылдары бой көтерген зәулім құрылыстардың қатарына Республика сарайы, Достық үйі, Неке сарайы, «Медеу» мұз айдыны, «Алатау» қонақ үйі, Бейнелеу өнері мұражайы және т. б. сәулет объектілері бар. 9–12 қабатты тұрғын үйлердің жаппай бой көтеруі қала бейнесін тіпті өзгертіп жіберді.
1966 жылдың 21 қазанында қаладан 18 км жердегі Медеу шатқалында жарылыс жасалып, биіктігі 100 метр бөгет салынды. Ол 6–2 млн текше метр су мен басқа қауіпті заттарды ұстап тұра алады.
Алматы қаласы 70 жыл бойы еліміздің астанасы статусында болды.
Н. Назарбаев Алматыға 1979 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің хатшысы болып Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы қызметінен келді. Осы қызметті 1984 жылға дейін атқарды және Орталық комитетінің бюро мүшесі болды. 1984–1991 жылдар арасында Қазақстан министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды.
1991 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып сайланды.
Алматы – республикамыздың ірі ғылыми, мәдени, білім және өндіріс орталығы. Басында мәңгі қар жатқан әсем Алатаудың баурайына орналасқан Алматы – дүниежүзіндегі көрікті қалалардың бірі. 1998 жылы Қазақстанның астанасы қазіргі Астана қаласына көшірілді. Осыған орай «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң қабылданған болатын. Ол заң бойынша Алматы бұрынғысынша еліміздің ғылыми, мәдени, тарихи қаржы және өндіріс орталығы болып қала бермек. Бұл – қала дамуының кепілі.
Еліміздің аса ірі, әсем де сұлу қаласы Алматы 1991 жылдың 16-желтоқсанынан 1997 жылдың 10 желтоқсанына дейін егеменді Қазақстан Республикасының бірінші астанасы болды.
Астана
Астана — қазақ елінің төртінші астанасы (1998)
1997 ж. 20 қазанда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" жарлыққа қол қойды. (1998 жылдың 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Астана — қала, Қазақстан Республикасының астанасы, Ақмола облысының орталығы.
Астана қалалық екі ауданға (Алматы, Сарыарқа) бөлінеді. Тұрғыны 500 мыңнан астам адамды құрайды. Қала Есіл өзенінің оң жағасында жазық жерде орналасқан.
Астана — мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы; елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала.
Қаланың Гербі
Герб дөңгелек қалқан түрінде жасалған. Көгілдір аспан аясында қала тарихының және ел қорғанының символы бекініс қабырғасы; сақ аңыздарының кейіпкері — даналық пен бекзаттықтың символы — қанатты барыс бейнеленген; алтын тәж Астананың бас қала ретіндегі мәртебесін бейнелейді. Шаңырақ — ұлттық дәстүрлердің сабақтастығын білдіреді. Бидай масақтарымен жиектеу өлкенің астық молшылығын сипаттайды.
Астананың көрнекті орындары
«Астана -Бәйтерек» монументі Елорданың
басты көрнекті орындарының бірі — сол жағалаудағы
алғашқы сәулетті құрылыс — «Бәйтерек» монументі.
Осынау бірегей нәзік кешен Астананың символдық
бейнесіне айналды.
Монумент негізіне шетсіз-шексіз мұхит шайып жатқан
Көктөбе тауында өсетін, ертегідегі ағаш туралы аңыз алынды.
Жыл сайын оның жапырақтарына қасиетті құс — Самұрық
алтын жұмыртқа салады. Алайда, жыл сайын оны айдаһар жеп
қояды, бұл Күн мен Түннің, Жаз бен Қыстың, Жақсылық пен
нағыз кіндігінде, өркениеттер тоғысында өмір ағашы — Бәйтерек терең тамырларымен жерді ұстап тұр, ал оның бұтақтары аспанмен таласады.
Ғасырлар бойы ауыздан ауызға тараған ежелгі аңыз қайтадан жаңғырды.
Есіл өзенінің сол жақ жағасында жапырақ жайған «Астана-Бәйтерек» заңғар көкке құлаш ұрды. Биіктігі 105 метрлік, салмағы 1000 тоннадан асатын металл құрастырмалар 500 тіреу-қадаларға бекітілген. Әлемде тұңғыш рет диаметрі 22 метрлік, салмағы 300 тонналық күн сәулесімен құбылып тұратын әйнектен жасалған шар 97 метрлік биіктікке көтерілді- бұл Қазақстанның жаңа елордасының 1997 жылдан бастап пайда болғанын еске салады.
"Бәйтеректің негізгі идеясы — ол Бейбітшілік Ағашы. Мұндай ағаштың басты қызметі әлемнің үш деңгейлі құрылымын біріктіру: төменгі жерасты, жер үсті және аспан әлемі. Бәйтерек сәулетінде монументтің жер астындағы бөлігі 4,5 метрлік тереңдікте, мұнда дәмхана, аквариумдар және белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың шағын галереясы орналасқан. «Бәйтерек» ағашының діңімен шолу лифтілері арқылы көтеріле отырып (орта деңгей), көктегі деңгей — шарға тап боласын. Шардың ішінде бар, жаңа елорданың келбетін алақанға салғандай көрсететін панарама залы орналасқан. 97 метрлік биіктікте күміс тұмар — Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының таңбасы салынған. Ол мемлекетті және оның азаматтарының бейбіт өмірін, достығы мен келісімін қастерлеп сақтауға үндейді. Астанада әлемдік діндердің бірінші сьезі өткізілуі монументке үлкен маңыз береді. Рухани көшбасылардың бірінші сьезінен кейін «Аялы алақан» жанында тағы бір ұстын пайда болды.
«Атамекен — Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені
«Атамекен -Қазақстанның картасы» танымдық -көркем кешені елорда тұрғындары мен меймандарын мемлекетіміздің, оны мекендейтін халықтардың тарихымен таныстырады. Өркештенген таулар мен қыраттар, жазира дала, орман-көлдер, ірі қалалардың бейнесін көз алдыңа сәулет үлгілері осы орталықтың өзіндік ансамблін құрайды.
Этно-мемориалдық кешен алаңды алып жатыр. Картада 14 облыс пен Астана және Алматы қалалары орналасқан. Этно-кешен қызметінің баға жетпес тәжірибесі келешек ұрпақты рухани және патриоттық сезімге тәрбиелеу ісінің жаңа беттерін жазары сөзсіз.
Қазіргі уақытта 2700 кәсіпорын өнеркәсіп өнімдерін өндірумен айналысады. Бұл кәсіпорындарда өндіріс 812 мың адам жұмыс істейді.
Жетекші өнеркәсіп салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Жоғары сапалы мыс пен мырыш, қорғасын мен кадмий әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие.
Қазақстан — дәнді дақылдар (негізінен астық), азық түлік пен техникалық дақылдардың (күнбағыс, мақта) ірі өндірушісі. Ауыл шаруашылығындағы негізгі салалардың бірі — жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен, халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін мал шаруашылығы.
Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемнің көптеген мұнай өндіруші елдерінен алда тұрды. Республикада қазіргі уақытта барланған және табылған 2,8 млрд. тонна мұнай мен конденсат қорынан және 1,9 триллион текше метр газ қорынан тұратын 172 мұнай, 42 конденсат және 94 газ кен орны бар. 1993 жылы сәуір айында Қазақстан мен «Шеврон» компаниясы мұнай мен барлау ісі бойынша — «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісім жасады. Қазақстанның газ өндірісінің болашағы үлкен. Әлемдегі ірі кен орындарының қатарына жататын негізгі газ кен орындары Қарашығанақта орналасқан. Қазақстанмен арада жасалған келісімдерге сәйкес «Бритиш газ» бен «Аджип» компанияларының осы кен орны аумағында жүргізілетін жұмыстары басталғаннан кейін республикада газ өндіру айтарлықтай өсетін болады. Өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе, оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болса қызықтырары сөзсіз. Ең алдымен ол, ұлт тағдыры үшін шешуші рөл атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешекте дүниеге келер жас ұрпағы үшін қымбат. Уақыт озған сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне, яғни іргетасының қайта қалану кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылықтарға толы күрделі де маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық.
Солтүстік Қазақстан
Солтүстік Қазақстан Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарынан тұрады. Өңір республиканың қиыр шығысында Есіл, Тобыл және Обаған өзендерінің бассейнінде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай Солтүстік Қазақстан 1300 км-ге, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай - 900 км-ге созылып жатыр. Басты өзендері - Ертіс пен оның екі қолы Есіл мен Тобыл. Барынша ірі көлдер Қостанай облысындағы Құсмұрын мен Сары Қопа, Ақмола облысында Теңіз бен Қорғалжын, Солтүстік Қазақстан облысында Шағала, Шортан және Бурабай.
Кейбір көлдер емдік минералдық тұздарымен және лайларымен белгілі (Павлодар облысында Мойылды көлі, Солтүстік Қазақстан облысында - Майбалық). Климат - шұғыл континентальды, бірақ республиканың өзге аудандарынан барынша қоңыр салқын жазғы және қысқы уақытта барынша төмен температуралармен ерекшеленеді. Көкшетеу тауларының, ормандар мен көлдерінің қайталанбас бедері, Павлодар облысының оңтүстігінде Баянауыл құздары, Қоғалжын қорының өсімдік пен жануарлар әлемінің байлығы - адам баспаған табиғат бөлшегі ретінде өзіңді сезіндіретін қалпы бар.
Есіл өзені
Тобол өзені
Обаған өзені
Бурабай
Қазақстанның солтүстігінде Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып аудан, нағыз оазис Көкшетау бар. Географиялық тұрғыдан бұл бұрыш Көкшетау қыраты деп аталады, ал жергілікті жол көрсетушілер оны «Қазақстандық Швейцария» деп атайды.
Орынның ең жоғары нүктесі - Көкшетау тауы. Одан оңтүстікке қарай Бурабай (690 м) - айрықша панорамалық нүкте орналасқан. Бурабай көлдері туралы айтпай кету мүмкін емес. Олардың саны көп. Ормандардың жасыл бетінде Шортанды, Бурабай, Үлкен және кіші Шабақты, Қотыркөл жарқырап жатыр. Бурабай қай ертегіден де қызықты. Таулар, қылқан жапырақты ормандар мен көлдер жер бедерінің қайталанбас сұлулығын тудырып қана қоймай ерекше емдік климат береді. Бұл жерде көптеген шипажайлар, туристік базалар мен мейрамхана, барлар, дүкендер мен дискотекалары бар пансиондар таба аласыз.
Баянаул
Павлодар облысы елдің ең бір керемет бұрыштарының бірі орналасқан Баянауыл Ұлттық Табиғи паркімен әйгілі. Ол индустриясы дамыған қала Екібастұздан жүз шақырымдай жерде орналасқан. Осы Ұлттық Паркте өсімдіктердің төрт түрі өседі: ормандар, орманды алқап, дала және шабындық. Павлодар қаласының Солтүстік Батыс шектерінде Ертіс өзенінің оң жағалауында әлемдегі бірегей орындардың бірі, табиғат ескерткіші Қаз қайтуы бар. Палеонтологтар бұл жерден 7-10 миллиондаған жылдар бұрын мекен еткен керік, мүйізтұмсық, қорқай тәрізді жануарлар мен гиппаририондар (шағын тридактильді жылқылар) сүйек қалдықтарын тапты. Қазбалардың жалпы саны барынша елеулі. Олар мыңдаған түрлерге қатысы бар.
Табиғат саябағы.
Наурызым қорығы
Наурызым қорығы Қостанай облысының Наурызым және Жетікөл аудандарының аумағында, Қостанайдан оңтүстікке қарай 190 шақырым жерде, Торғай жыра өзегінде орналасқан, бұл жерге Терсек, Сыпсың және Наурызым шатқалдары кіреді. Соңғы шатқалдың негізгі бөлігін Наурызым тоғайы алады.
Қордың шыршалы ормандарын реликті деп санауға болады, олар үштік немесе төрттік кезең басынан өзгермеген күйде сақталып қалған. Наурызым қайындары Ресейге қарағанда жуанырақ болса да, тұзды көл маңында өскен қайыңдардың өзі әсем. Бұл ерекше түр - Қырғыз қайыңы - Солтүстік Қазақстан эндемигі. Ол шағын аумақта өседі және әлемде басқа еш жерде кездеспейді. Наурызым қорығының эмблемасы - сыңсыма аққу. Бірақ осы қорықтың белгісі - бүркіт бола алады, оның осы жерде 30 жұбы бар.
Қорықтың ең сымбатты аңдары, Наурызым тоғайының әшекейі - құралайлар.
Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарын қамтиды. Өңір батысында Арал теңізінен шығысында Жоңғар қақпасына дейінгі, солтүстігінде Балхаш көлі мен Бетпақ даладан Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігін қамтып, Тянь-Шаньның батыс және солтүстік сілемдері мен Жоңғар Алатауының шыңдарын қамтиды. Батыстан шығысқа қарай аумақ 2000 км-ге созылып, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 700 км созылып жатыр. Басты өзендері Сырдария, Шу,Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі. Ең ірі көлдері Арал теңізі, Балқаш, Алакөл және Сасықкөл.
Алматы облысы алаңы бойынша барлық Ұлыбритания жерінен аздап қана кіші. Бұл аумақ жер бедерінің әр түрлілігімен ерекшеленеді. Бір күн ішінде туристер жер бетінде кездесетін барлық ландшафты және климаттық аймақтарды көре алады: құмды шөлейттен бастап даладан мәңгілік мұздақтар мен жоғары шыңдарды көре алады. Шөл мен шөлейтті жерлерде осы қиырдың бірегей жануарлар мен өсімдік әлемі таң қалдырады. Оңтүстік өңір - «Байқоңыр» ғарыш орталығының отаны.
Байқоңыр космодромы.
Балқаш көлі
Арал теңізі
Алакөл
Сасықкөл.
Байқоңыр космодромы
Қызылорда облысының басты көрнекілігі, бүкіл әлемнен көптеген туристерді тартатын Байқоңыр ғарыш орталығы болып табылады. Оның алаңы 6 717 кв. км.-ге тең. Бұл жерден зымыран ұшырылуын, Ғарышкерлік мұражайды, сондай-ақ Юрий Гагарин мен Сергей Королев тұрған үйлерді көре аласыз.
Ғарыкерлер мекені-
Қазақ жері Байқоңыр.
Қай жер саған жетеді,
Ғажап жерім Байқоңыр!
Айналады ол бір сенен,
Есіміңді білсе әлем.
Ғарышқа ұшқан қазақтың
Тұңғышына бір сәлем!
12-сәуір –Ғарышкерлер күні! Әрине, себебі 1961 жылы дәл осы күні адамзат тарихында алғаш рет Кеңес Одағының азаматы ғарышта болып қайтты. 1957 жылы 4-қазанда Ғарышқа жол ашылды. Бұл күні Жердің жасанды серігі ұшырылған еді. Жер спутнигімен «Лайка» атты ит ұшырылды. 1959 жылы 12-қыркүйекте Айға қарай зымыран ұшырылды. 1961 жылы 12-сәуірде Мәскеу уақыты бойынша сағат 12 де Кеңес Одағының барлық радиостанциялары адамның ғарышқа сапарының сәтті аяқталғанын хабарлады. Ғарышқа бірінші рет Ресей азаматы Юрий Гагарин Байқоңыр космодромынан ұшырылды. 1963 жылы 16-шілдеде тұңғыш әйел ғарышкер –орыс қызы Валентина Терешкова ұшты.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров –тұңғыш қазақ ғарышкер-ұшқышы.
Ол 1946 жылы 27 маусымда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 1965-69 жылдары Армавир Әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында оқыды.