Іздену-ұйымдастырушы | Қазір қай мезгіл? Күз мезгілі неше айдан тұрады? Дұрыс айтасыңдар балалар. Тосын сәт Ғалымбек сиқырлы сандықпен кіреді. Ғалымбек: Сәлеметсіздер ме балалар? Сендердің мектепке барғыларың келе ме? Сендердің мектепке барғалы жатқандарыңды естіп, алыс сапардан сиқырлы сандық алып келдім. Сандық ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Ендеше бұл сандықтың кілтін алу үшін, менімен бірге «Білім еліне» сапарға аттанайық! Сапарға шығу үшін не керек? Ал қандай көлік түрін білесіңдер? Өте жақсы олай болса, бүгін алдымызда ақ қағазда нүктелер қойылған сол нүктелерді бір-біріне қоссақ қандай көлік шығады сондай көлікпен «Білім» атты кемемен сапарға аттанайық. Кемемен сапарға шықпас бұрын кеме сөзін буынға бөлейікші? Неше буыннан тұрады екен? Ал енді, балалар біз кемеге мінуіміз үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек. -Табиғат деген не? -Денсаулық деген не? -Балалар кемеміз сумен жүзіп келе жатыр. -Су қандай? -Су қайда болады? -Суда нелер тіршілік етеді? -Су астында не бар? -Бұл «Білім елі» Менің тапсырмам осы елде! Ғалымбектің 1-тапсырмасы тура,кері санау. 1-10-ға дейін. Есеп: Ағаш бұталарында үш торғай отыр. Біреуі ұшып кетсе нешеуі қалады? 1.Бес алманың біреуін, Досың сұрап алады. Айтшы сонда шешуі Өз қолыңда қалады? 2. Алдыңда үш балапан, Артыңда үш балапан, Ақ тауық пен балапан Айтшы санын балақай? 3. Көлден ұшты жеті қаз, Қайтып қонды екі қаз Қонбады оның нешеуі Кәне кім тез шешеді? Ойын: « Сандар шатасты » Мақсаты: Ретімен қою. Балалар жарайсыңдар, менің тапсырмаларымды орындап болдыңдар. Сиқырлы сандық кілтінің бірінші бөлігін өздеріңе табыстаймын. Балалар енді кілттің қалған бөліктерін табуымыз үшін, сапарымызды жалғастырамыз. Балалар білім туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер? -Өте жақсы балалар, білім туралы тақпақта білесіңдер ме? Білім туралы тақпақ айтады. Ғалымбек кілттің тағы бір бөлігін береді. -Балалар біздер «Білім еліне» қандай көлік түрімен келдік? -Мен енді уәдемде тұрып, сендерге кілттің соңғы бөлігін табыстаймын. -Ал енді, балалар сиқырлы сандықты ашу үшін кілттің барлық бөліктерін таптық. Ендеше бөбекжайымызға тез жетіп алайық. -Балалар қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер? Балалар олай болса, осы үшбұрыш төртбұрыштан судан көрген балық суретін құрастырайық. Сергіту сәті. Бойды сергек тік ұста, Емін, еркін тыныста Демінді ішке тез ал да, Өз қолыңды алға соз, Қол ұшына қара да Үшбұрыш сыз ауада Сол қолда бос тұрмасын Шеңбер жасап зырласын. -Ал енді, балалар біздің Ғалымбек ағамыздың әріптері де бар екен содан сөйлем құрап берейік. Сол сөздерді ауада,аяқ ұшымен жерге жазып берейік. Сендер менің сиқырлы сандығымның кілтін таптыңдар.Өздеріңнің ақылды екендеріңді дәлелдеп бердіңдер. Мектепке дайын екенсіңдер. Сиқырлы сандықты музыкамен ашу. Сиқырлы сандықтан сіздер тапсырманы жақсы орындағандарың үшін сыйлыққа оқу құралдарын алып келдім. -Балалар енді сендер бұйырса мектепке барасыңдар. Сондықтан сендерде осы оқу құралдары болуы керек. Сау болыңдар! | Күз мезгілі Қыркүйек,Қазан,Қараша. Сәлеметсіз бе! Иә Иә Көлік керек Әуе, жол, су, жер асты көліктері. Балалар нүкте арқылы қосты кеме үлгісі шықты Балалар буынға бөледі. Екі буыннан тұрады. -Табиғат айналаны қоршаған бүкіл әлем. Бұл аспан, жер, өзен, көл, теңіздер, ағаштар, шөптер әлемі. -Денсаулық дегеніміз денінің саулығы. Деніміз сау болуы үшін спортпен шұғылдануымыз керек, дәрумендер жеуіміз керек. Дәрумендер: алма,алмұрт, алша т.б. -Су таза, мөлдір. -Өзенде, көлде,мұхитта болады. -Балықтар, өсімдіктер. -Балықтар, жер бар. Балалар 1 ден 10 ға дейін тура және кері санайды . Екеуі қалады. Төрт алма Барлығы сегіз. Бес қаз. Балалар қызыға ойнады. 1.Оқу білім бұлағы, Білім өмір шырағы. 2.Оқу білім азығы, Білім ырыс қазығы 3.Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар. 4.Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ. 5. Білім шырақ,өнер бұлақ 6.Білім басқа бітеді, Қына тасқа бітеді. 7.Оқу инемен құдық қазғандай. Кел балалар, оқылық Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. Оқысаңыз балалар Шамнан шырақ жағылар, Іздегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар. - Кемемен жүзіп келдік. -Төртбұрыш, үшбұрыш, шаршы,дөңгелек, сопақша. Балалар қимыл-қозғалыс арқылы көрсетіп жатқа айтты. Ана – әке. Нан – нар. Балалар сиқырлы сандықтың кілтін алады. Балалар тапсырманы жақсы орындағыны үшін сыйлық алады. Сау болыңыз! Рахмет. |