kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашык тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

сценарий "Қош келдің, Әз Наурыз" атты ашық тәрбие сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашык тәрбие сағаты»

Қош келдің, әз Наурыз!

Жарияланды 6-12-2012, 13:27 Категориясы: Бастауыш сынып 

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
№6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Дарибаева Ақгүл Абилкасимовна

Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз! 
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Наурыз - 2012» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.

Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.
2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.

1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Хор: «Наурыз той»

Ая: Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!

Жазира: Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.

Айжан: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен наурыз жыл басы болып саналады.

1 - жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.

2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.
1 – жұп: Дильназ бен Арсен
2 – жұп: Бержан мен Гүлжан
3 – жұп: Меруерт пен Айдын

1 - жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 5 байқаудан тұрады.
1 – бөлім: «Кел, танысайық»,2 - бөлім: «Ағаш көркі жапырық», 3 - бөлім: «Өнерлі өрге жүзер», 4 - бөлім: «Мені жалғастыр», 5 – бөлім: «Ою ойғанның ойы ұшқыр».
2 - жүргізуші: Әділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтеді.

Нұрдос: Ақпан кетті араз боп наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Назгүл: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар халқым неткен!

1 - жүргізуші: Деген екен қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,»
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп «Кел, танысайық!» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

2 - жүргізуші: Келесі бөліміміз «Ағаш көркі жапырақ» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар жауап береді. Жауап берген соң жапырақты мына талға іліп, ағашты безендіреді.
1 – сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2 – сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10см)
3 – сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа, тағам, жылу, жарық, су)
4 – сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет)
5 – сұрақ: Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге не? Нелер? кім? Кімдер? Деген сұрақтар қойылады. Зат есімнің жалпы, жалқы жекеше, көпше сияқты түрлері бар.)
6 – сұрақ: Жұмбақ
Ағаштардың көсемі
Мәңгі жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау өлкені,
Кәусар ауа жұтады. (Шырша)

Альбина: Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.

Берекет: Наурызым - тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Ән: «Аққуым менің» Орындайтын Оразбаева Ая.

1 - жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
(Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.)

Ақмерей: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым.

Аркен: Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.

Ақниет: Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан - мереке,
Қызық думан құрамыз.

2 - жүргізуші: Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады.
Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз.
1) Әдепті бала – арлы бала,
.............................................

Өлеңді жалғастыр
................. тоңбаймын,
.................. қорғаймын.
Ойынға бір. ..................
Секеңдеуді . ....................

2) Таулы жер бұлақсыз болмас,
...................................................
Өлеңді жалғастыр.
..................... сайрайды,
..................... жайнайды.
...................... құлпырып,
....................... сыйлайды.
3) Бір тал кессең -. .........................
Өлеңді жалғастыр.
................. атпаймыз,
................. сатпаймыз.
.................. қорғаймыз,
................. ақтаймыз.

1 - жүргізуші: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
«Шеше көреген тон пішер» деген рас,
Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.

2 - жүргізуші: Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық.

1 - жүргізуші: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.

2 - жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып,
Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Хормен: Наурыз!
1 - жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!

2 - жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Құттықтау сөз директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу – тәрбие жөніндегі орынбасарына, ата – аналарға беріледі.















Қош келдің, әз - Наурыз

Жарияланды 10-01-2013, 21:33 Категориясы: Тәрбие сағаты 

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектептің
информатика пәні мұғалімі Зейнуллаева Лаура

Тақырыбы: Қош келдің, әз - Наурыз!
Мақсаты: 1. Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық мерекесі-Наурыз туралы түсінік беру. Ұлыстың ұлы күні айтылатын тілектер, бата, наурыз көженің маңызы туралы айту.
2. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, дамыта отырып ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып оқушыларға ұғындыру.
Көрнекілігі:, слайдтар, плакаттар, суреттер, шарлар, нақыл сөздер, әдеби кітаптар, , буклеттер.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Қонақтарды төрге шығару, отырғызу.
2. Тәрбие сағатын ашу.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

1. Құрметті Наурыз мерекесін тойлаушы ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Тағы да жадырап, көктем Наурыз мерекесі келді. Сіздерді жаңа күн, жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – наурыз жаңа жыл болып саналған. Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Міне, біз де халқымыздың салты бойынша Наурыз мерекесін ата-аналармен бірлесе өткізіп отырмыз. Мұндағы мақсат, балалардың Наурыз мерекесін ұғынуы, сезінуі лер және ата-аналар өз балаларының өнерін тамашалау. Міне сыныбымыздың «Қош келдің, әз-Наурыз! » атты тәрбие сағатын тамашалаңыздар.

2. Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа, халайық!

3. Халқымыздың салтында Наурыз тойының сәні –аңыз әңгімелер мен ертегі кейіпкерлері Қарашаш сұлу, Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша бала болған. Ендеше, ортаға Қарашаш сұлуды шақырайық.
Қарашаш:Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты. Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білдіреді. Сонда жаңа күн деген сөз шығады екен. Наурыз – жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні – жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-інші жұлдызына сәйкес келеді.
Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?
Жаңа жылда мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңы қағылып, жуылып, тазартылады. Жыл басы жақсы басталса, аяғына дейін жақсы болады дейді.
Ал, халайық! Енді осы ұлыстың ұлы күні ата салтымыз бойынша ортамызға Қызыр бабамызды шақырайық. Қызыр баба баршамызға ақ тілек, оң батасын берсін!
Қызыр баба:
Армысыңдар, жамағат.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын! Әумин! ! !
Жұрт тегіс бетін сипап, айтқаныңыз келсін деп айтады.
Қызыр баба: - Қарашаш қызым, ата салтын ұмытпай ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы екен. Үлкен рахмет. Ал, енді қандай қызықтарың бар.
Қарашаш: Қызыр баба, сіз төрге шығып отырыңыз. Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» әнін айтайық.
1. Хор: «Наурыз – біздің әніміз».
Қызыр баба: Ой, рахмет, айналайындар! Өркендерің өсіп, талаптарыңа нұр жаусын!
Қарашаш: Қызыр баба, халқымыздың салтында кез-келген той-томалақтың ойын-күлкісіз думансыз өтпесі белгілі. Ал сол ойын-күлкінің көркі мен сәні болған жарықтық Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша балаларды ұмытпаған боларсыз. Бүгінгі тойымызға сол кісілер де келіп отыр. Соларды ортаға шақырып, қызықтарын тамашаласақ қайтеді.
Жүргізуші:Өте орынды!
Қарашаш:Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Аңыз бен ертегіден келіп жеткен
Құрметті қонақтарды қарсы алайық!
(Сақнаға алдымен Қожанасыр, одан соң Алдаркөсе шығады).

Алдар көсе: (ұнжырғасы түскен Қожекеңе)
- Әй, әпендім, үн-түнсіз сіленіп неғып тұрсың? Тым болмаса мына халқыңа аман-сәлемің қайда?
Қожекең: Ай, Алдарым-ай, құрғақ сәлем жұртыма тамақ болар дейсің бе?Көк есегіме артып әкеле жатқан бірер қап базарлығым бар еді, әне бір бұрышта рекет деген бір бәлелер тартып алып...
Содан есек те жоқ базарлық та жоқ, мына жұртыма не дерімді білмей тұрғаным.
Алдар көсе: Апыр- ай, ә, шының ба?

Қожанасыр: Мен ешкімді алдап көрген жоқпын. Мына сен ғой ел-жұртты бүлдіріп, қазіргілердің бәрі Тазша бала екеуіңнің ұрпақтарың көрінеді.
Алдар көсе: -Қой, ойбай, мына жұрт шын көріп қалар.
Қожанасыр: -Бәрі шетінен суайт. Бәрі бірін-бірі қайтсем алдап кетем деп тұрған алыпсатар болып алыпты. Сен екеуіңнің ұрпағыңды тауып берем.
Қожанасыр:-А-а... Қалай. Аңтарылып қалады.

Алдар көсе:-Апыр-ай, ә, мына бәледен қалай құтылсам екен. Ә-ә, таптым, таптым. Айтпақшы, Қожеке, осы сенің есегің көк емес пе Қанарың қызыл ала.. .
Қожекең:-Иә, дәл солай.
Алдар:- Ендеше, әлгінде бір-екі ауыл милисәсі жұртқа жар салып иесін таппай жүрген. Тұп-тура мына Шәйланың бергі бұрышында. Ұш жет тез.
(Қожанасыр шапанының етегін қолына ұстап, қалбалақтап солай жүгіре жөнелді. Бір шеттен Тазша баланың төбесі көрінеді. Ол әндетіп келе жатады)

Тазша:
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті,
Салт-сана, әдет-ғұрып кетіліпті.
Үлкен тұрып сөйлемес кіші қайда?
Бір шалға немересі жекіріпті.

Алдаркөсе: (киіп кетеді)- Әй, Суайтбегім, мынау тағы не сұмдық-ей! Қайдағы жоқ бәлені бастап. Салтымызда жоқ нәубетті қайдан таптың тағы?Өтірік айтудың да жөні бар емес пе?
Тазша:Ойбай, Алдеке, ол недегеніңіз?Имандай шынымбұл. Олләһи-білләһи, мінеки! (қолының қырымен тамағын орады. )

Алдар:Тек-ей, ант-су ішіп не болды сонша?Алдына жан салмаған өтірікші екенің баршаға аян. «Сұмырай келсе, су құриды» депҚожекең екеуің немене, қара аспанды алдырып?Обалы не, мен түскен ауылдың балалары шетінен кішіпейіл, елгезек екен. Бірі аттан түсіріп, бірі қолтықтап үйге бастап, бірі шынтағымның астына жастық тастап, енді бірі қолыма су құйып, наурыз көже дегендей құрақ ұшып қарсы алды ғой.
Тазша:Е, е, алдап кетеді деп сенен қорыққандары да. Әйтпесе бізді қайтесің бұлар. Әпенділері де өтірікшілері де толып жатқан көрінеді. Әлгінде анау бір той болып жатқан шеткі үйге түссем, бір қарадомалақ:

«Ой, аға, мұнда не бар сізге? Біздің депутаттар мен әкім ағаларымыздың қасында өтірік айтудан жіп есе алмайсыз», -дейді. Содан абыройым барда осылай тартып кеткен жайым бар.
(Осы тұста елпеңдеп Қожекең шығады, Оны көрген Алдар соған бұрылады).
Алдаркөсе:О, не, Қожеке, есегің табылды ма?
Қожанасыр:Табылғаны құрысын, әлгілерің мың сом айып төлеттіріп, әзер берген жоқ па ? Жол тәртібін бұзды, көшені ластады дей ме-ау. (Қолын бір-ақ сілтеп, енді басқа әңгімеге көшеді). Әй, өздерің мұнда неғып тәжікелесіп? Ана жақта, әне анау бір киіз үйдің артында бір-бір қаптан алтын ділдә үлестіріп жатыр.
Тазша:Алтын?!

Қожанасыр:Иә, алтын болғанда, кәдімгі саф алтын, бұлардың тілінше бәлүтә дей ме... Түсінбедім. Кәмпінсәтси деді ме, балаларға берілетін жәрдем көрінеді. Сенің Бізбикештен туған бес баланың тізімі жүр, Алдеке. (бір-бірлеріне қарасып алған Алдар мен Тазша ол нұсқаған жаққа қарай ұша жөнелді )
Қожанәсір:(Олардың артынан қарап сәл тұрған соң таңырқай)
Әй мына жұрттың бәрі солай қарай неге ағылып барады-ей?! Жаңағы сөзім шын болып жүрмесін өзі?Қой мен де жетейін. (Сахнадан елпеңдей түсіп кетеді. )
Жүргізуші: Асығып –аптығып Шығайбай мен бәйбішесі келе жатады.
Шығайбай:Әй, бәйбіше, бол енді, наурыздан кешігетін болдық, болсаңшы күйбеңдемей.
Бәйбіше:Қазір, қазір, байеке! Мына бір ыстық күлшені Наурызға пісіріп едім. Ойбай, мынау әлгі Алдар ғой! Енді қайттым?Мынаны қайда тығам?

Шығайбай:(қойнын көрсетіп). Мұнда тық, мұнда.
Алдар:Ассалаумалейкум, Шығеке! Наурыз құтты болсын, Ұлыстың ұлы күні ойдағы-қырдағы құшақтасып табысады емес пе?кел, байеке, Біз де құшақтасып көріселік.
Шығайбай:Ойбай, күйдім, күйіп барам. Жібер, жібере көр Алдеке, сен-ақ алшы осыны.
Қарашаш:Ал, жігіттер, «сөздің көркі - мән, тойдың көркі-ән мен би» деген. Ортамызға Аудандық «Кел, билейік» оқушылар сайысына қатысып келген «Сырғалым» тобының биші қыздарын шақырайық.
Жүргізуші:Наурыз тойының тағы бір басты кәделерінің бірі ол-Наурыз айтыс. Ендеше Фариза мен Бибінұрдың орындауында «Күй тартыс» айтысы.
Ел ішінде наурыз көжені бірге ішкен адамдар жыл бойына жарастығы ажыраспайды ренжу болмайды деген ұғым бар. Біздің де жарастығымыз ажырамасын, ел ішіндегі бірлігіміз сақталсын, сыйласа білейік.

Күріш салдым көжеге
Женті көп болсын деп
Адал аспен бұйырған, Тойда палау болсын деп.
Дәм татсын ел жиылған. Ауыздан ақ кетпесін
Бидай салдым көжеге, Судай еріп кетпесін.
Мол болсын деп биыл нан, Бүгінгі той қонақтары наурыз-көжеден дәм татыңыздар.
-Сыныпта Ақгүл деген қызымыз бар,
Ән салып, би билейді оқуда озат
Ол гимнаст, мостик тұрып, сальто айналад,
Болашақта болады нағыз акробат.
Аудандық «Кел, билейік» оқушылар сайысына қатысып келген акробат қызымыз Бақ Ақгүлді ортаға шақырамыз.

Халқымыздың салтында қонақ кәдеге жол беріледі. Оай болса, кезек ата-аналарда. Кәнекей, кім, шығады екен. Тоқболатова Күлпараштың орындауында «Арыс жағасында» әні.
Ортаға Аймахан Қарашашты шақырамыз.
- Келтіріп сахнаның енді сәнін,
Бүгін біз аямаймыз қолда барын.
Қалайша таңдай қағып, таңданбасқа,
Шабондоз жігіттеріміз алдарыңызда.
- Бүгінгі ұлыс құрметіне арнап біздің сыныптың Шабондоз жігіттеріміз бір өнер көрсетіп жіберсін. «Шабондоз» биі.

-Біздің қазақ халқы қай кезде де мақалдап сөз сөйлеген. Мақал арқылы астарлы ой қалатын сөздер айтқан. Келесі тамашалайтындарыңыз қонақты мақалдап қарсы алып, шығарып салу айтысын тамашалайсыздар.
Ән менен би,
Жыр менен күй жарасқан
Нұрын төгіп күлімдейді көк аспан
Қадірлейік бейбіт аспан аққұсын
Қадірлейік халқымыздың дәстүрін.
-Құрметті қонақтар, Наурыз тойымызды бұдан әрі «Тұсаукесер» ырымымен жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы тойда жиналған халық, ата дәстүрін көріп тамашаласын.
-Кішкентай бөбегімізге қадамың құтты болсын дей отырып, Жәметова Нүргүлдің орындауындағы «Тәй-тәй бөпем» әнін қабыл алыңыздар.

♦ Жігіттер КВН-і
Шарықтатып, шырқатып тамсандырған талайды,
Әуелеген әсем ән көк аспанға тарайды.
Өнерпаз ұрпақ мерейі биіктерге жетелеп,
Қазағымның көгіне бақ боп мәңгі жанғайды.

Ән:Қырмызы, Самұрат, Нұржанның орындауында «Наурыз-думан » әнін қабыл алыңыздар.
Негізгі мақсатымыз - «Бұлақ көрсең көзін аш » демекші сыныбымыздағы өнерлі, талантты балалар шыңдалсын, ынталансын, жан-жақты қабілетін ашуға мүмкіндік жасау еді. Сіздер мен біз куә болып отырған мерекелік кешімізге ақ дастарқанын жайып, атсалысқан ата-аналарға рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға береке –бірлік тілейміз!

Қазақ халқында батаның түрлері көп. Соның бірі осы Наурыз бата. Мұнда Наурыз көжеге шақырылғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, жас талапкерлерге т. б ақсақал аталар, ақ жаулықты аналар, ел ағалары бата береді. Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Көпшілікке үлкеніміз ақ батасын берсін.
Тағы да баршаңызды наурыз-ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтаймыз. Барлықтарыңызға бақыт тілейміз.

Осы, міне мереке басталғаны,
Наурызым, көңілдердің тасқан шағы.
Сәнді болсын қазақтың жарастығы,
Дәмді болсын жайылған дастарқаны.
Ал, құрметті қонақтар, дастарқаннан дәм татайық.
Міне, біздің елден алар бағамыз,
Көңіл кілтін адалдықтан табамыз.
Әр наурызда жолықтырсын аман-сау
Ән-шашудың шымылдырығын жабайық.







Қош келдің, Әз-Наурыз!

  • Бибигул Ш

 

  • 20 қараша 2012

 

  • 42154

 

  • 0

  • 0

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Сағыз селосы №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Шамуратова Бибигул Ивановна

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары, дастархан.

Жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Кіріспе.
Мұғалім: Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Олай болса, тойымызды «Қара жорға» биімен ашайық.
Би «Қара жорға» оқушылар бір мезгілде билейді.

1-жүргізуші:Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп.
2-жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1-жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
Хор: «Наурыз той».

1-оқушы: Салт-дәстүрмен жарасса,
Жыр оқиық тамаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық жаңаша.
2-оқушы: Қыс өтіп, қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!

Көрініс: «Сүйінші»
Ата-ана сүйінші туралы мағлұмат береді.
Сүйінші. Жас нәрестенің, әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы мүшелеріне, әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген. Әкесі мен атасы үй ішін асырау қамымен мал соңында немесе аңда жүргенде жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты хабарды жеткізу үшін ат ерттеп мініп, түзде жүрген атаның немесе әкенің алдынан шығып, сүйінші сұрайтын болған.

Сүйіншіге хабаршы не сұраса соны берген. Ол біріншіден арнайы ат терлетіп қуанышты хабар әкелушінің еңбегін бағалау болса, екіншіден жақындықтың белгісі болып саналған. Тіпті үстіндегі киімін, сауыт-сайманын, астындағы атын да сүйінші сұраушыға сыйға тартқан мырзалар өмірде кездеседі. Бұндай салт-дәстүр көбінесе бала көрмей жүріп, ұл бала туғанда соның құрметіне жасалған.
Бала туғанда баланың әкесінен, атасынан немесе нағашы жұртынан сүйінші сұрай алдынан шыққан адам ұл болса, «Ат ұстар» деп, қыз болса «қырық жеті» деп хабарлаған.

4-оқушы: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр-аңыз.

Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себепті наурыз жыл басы саналады.
Көрініс: «Шашу»
Келін түсіру тойында ауылдың әйелдері көштің алдынан шығып шашу шашады.
«Шашу» биі. Орындайтын қыздар тобы.
10-оқушы: Наурыз көже – Наурыз тойына тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі дәмнен: сүт,ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.

11-оқушы: Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта ағы бар,
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
12-оқушы: Наурыз жыры – Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиетінің түрлерінің бір саласы. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған.

13-оқушы: Көктем келді. Күн күліп арайланды,
Шын досыңның көктемдей арай жаны.
Күліп аспан, ал дала шаттанғанда
Жылуындай көктемнің тарайды әні.
Көктем! Күн нұрын көктен төккен.
Көктем! Бақыт дәнін сепкен.
Әлемнің көктем – шалқар мерекесі,
Танытар, ырыс – құтын берекесі.
Наурызда думанын ұластырып,
Мәпелеп аялаған ел еркесі.

Киіз үй жабдықтары мен ұлттық тағамдарды таныстыру.
Наурыз бата «Наурыз көжеге» шақырғандарға, жалпы жұртшылыққа, ауылға, көпшілікке беріледі.
Өркенің өссін!
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!
Ұлың оңға, қызың қырға қонсын!
Айың тусын солыңнан,
Жұлдызың тусын оңыңнан,
Бақ берсін, қыдыр дарысын!
1-жүргізуші: Шашу!Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат! Теріп ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір.

2-жүргізуші: Қашанда құт-береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Ән: «Наурыз думан».

Барысы: Кіріспе. Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын! 1 ж: Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!

Осы бүгінгі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлт мейрамы Наурыз - яғни Жаңа жыл! Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айтты есептемегенде, біздің қазақтың жалғыз - ақ мейрамы ол - Наурыз.

Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.



2ж:Армысыздар ағайын! Наурыз тойын жұп жазбай Қошеметпен қарсы алайық!

Досқа құшақ ашайық, Өлең жырға басайық Қазақтың бір салты деп тойға шашу шашайық

Наурыз келсе, Құт келгені халайық! Есік ашып, шашу шашып, Ел боп қарсы алайық

1 ж: Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.

2 ж: Наурыз – қуаныш мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі.

1 ж: Наурыз – шаруаның мерекесі.Наурыз – еңбек мерекесі.

2 ж: Армысыңдар, халайық, Бармысыңдар, халайық.



Наурыз тойын жұп жазбай Жылда қарсы алайық.

1 ж: Ал, халайық, тұрмайық, Әндетейік жырлайық!



Ортамызды ашайық, Ырыс тілеп бұл жылға, Жырдан шашу шашайық!



2 ж: Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды, Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат, теріп ал несібіңді, Ризығың болсын көл – көсір!

2 ж: Қашанда құт – береке орнасын деп,Тойларда шашу шашу - салты елімнің. Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Хор:

Жанер : Қыс өтіп қар кетті, Жырлайық жаз жетті.

Мейрамы ежелден Құтты болсын Наурыз!

Сабрина: Әнім де саған, биім де, Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлар еліме, Күлімде, Наурыз, күлімде.

Артур: Күн менен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді. Наурыз келді салтымыз:

Көгерсін деп халқымыз Көшеге тал егеді.

Наурыз тойы - береке, Наурыз тойы – жыр – аңыз.



Наргиза: Наурыз – достық, Наурыз – күн, Барша халық бірлігі.

Тағы келді Ұлыс күн, Жалғасып ғалам тірлігі.

Назерке Қ: Наурыз тойы – береке, Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Қызық думан - мереке, Қызық думан құрамыз.



Аяулым: Наурызым ғажап туысың, Ұлыстың ұлы күнісің.

Жылыттың жердің жүрегін,Жүрегі елдің жылысын.



Ерхат: Наурызым - тойлы нұрлы күн, Мерейің асып тұр бүгін.

Жерімнің жүзін жылыттың, Елімнің сақта бірлігін!

Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

1 ж: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз, Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.



Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп, Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.

2ж: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.

1 – жұп: 2 – жұп: 3 – жұп:

1 ж: Сайыс бағдарламасы 5 байқаудан тұрады.

1 – бөлім: «Кел, танысайық». 2 - бөлім: «Ағаш көркі жапырық»



3 - бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» 4 - бөлім: «Үй тапсырмасы»



5 – бөлім: «Ою ойғанның ойы ұшқыр».

2 ж:Әділ – қазы береді, Өздеріңе сыйлықты.



Бізге айтып береді, Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтеді.

Назерке А : Ақпан кетті араз боп Наурызбен, Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.

Көктем жетті көрісіп, жанын үзген Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.

Диана: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен, Мейірім танысын деп тасып өткен.

Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух, Бақытты Наурызы бар халқым неткен!

1 ж: Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,»

Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы. Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі, Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп



«Кел, танысайық!» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

2 ж: Келесі бөліміміз «Ағаш көркі жапырақ» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар жауап береді. Жауап берген соң жапырақты мына талға іліп, ағашты безендіреді.

1 – сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

2 – сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10см)

3 – сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа, тағам, жылу, жарық, су)

4 – сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет)

5 – сұрақ:

6 – сұрақ: Жұмбақ . Ағаштардың көсемі Мәңгі жасыл бұтағы.

Мекен ғып тау өлкені,Кәусар ауа жұтады. (Шырша) Ән:

1 ж: Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы Жарқырап жатыр жолында. Сайыста ән салайық, би билейік, Өнермен өрге басып кідірмейік.(Әр жұп өз өнер)

2 ж: Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады. Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз.

1ж: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан, Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.

«Шеше көреген тон пішер» деген рас, Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.

2 ж: Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық.

1 ж: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана, Сыналып үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі осы ортада, Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.

2ж: Келер күнге бар үмітті табынтып, Бар халықты қуантатын бұл қай кез? Хормен: Наурыз! Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Қош сау балыңыздар!



Қош келдің – әз Наурыз!

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзілік халықтардың Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру.
Халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрыпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету .
Көрнекілігі: Сахананың мерекеге сай безендірілуі, нақыл сөздер, ұлттық ойындар, ұлттық тағам. Музыка ойналып ортаға жүргізушілер шығады.
1 – жүргізуші: Уа, халайық, халайық! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз мейрамына шақырамыз! Келіңіздер, тамашаны көріңіздер!
2 – жүргізуші:Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Наурыз тойы басталды.
Береке де осында.
Мереке де осында.
Ән: «Құтты болсын әз Наурыз»
Қызыр ата: Уа, ағайын! Бүгінгі күні мен түн, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін!
Жер – Ананы мекен еткен барша мұсылмандардың қасиетті - әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін. Жыл 12 ай, 365 күн асыға, аңсай күткен, жер жүзі мейірге, жылылыққа шомылған, қыз – бозбала құлпырған киелі Наурыз сендерді шпаттыққа бөлесін!
(Осы кезде Тазша бала мен Алдаркөсе ортаға шығады).
Тазша бала:Ассаламағалейкум, Қызыр ата!
Қызыр ата:Уағалейкумассалам, Алдар көсе, Тазша балам, екеулеріңнің бастарың қосылып қалыптығой, жақсылыққа болғай.
Тазша бала:Қызыр ата, біз жай қыдырып жүрген жоқпыз, ұлттық дәстүр, ән - жырды еске түсіріп, жастарға таныстырып жүрміз.
Мен Алдармын, Алдармын, Бұл не қылған адамдар?
Сайтанды да алдаймын. Бұл кім десем, батыр,
Уа, жараңдар, жараңдар, Шығайбай ғой, апыр –ау!
Ана жаққа қараңдар. Меңсұлу қыз қасында, 
Той қазанын көтерген, Шық бермес қой расында.
Алдар көсе: (шапанымен қазанды жауып жатқан Шығайбайдың қасына келіп)
Не істеп отырсың, байеке?
Жұмыртқа басқан тауықтай
Қазанға жапқан шапаның,
Отқа жанса қауіп қой.
Шығайбай:қазан жоқ бұл жерде...
Алдар көсе:Қуын қара байекеңнің, Наурыз тойында қазанын қорғамақ!
(сол кезде дабыл қағылды)
Алдар көсе: Аттан, Аттаныңдар!
Байеке, бол, тез аттан,
Қасқыр шапты қойыңа!
Шығайбай: Ойпырмай, бұл қалай!
(алқына жүгіріп шығып кетеді).
Алдар көсе: Бай асығыс кетті ғой қасқыр қуып,
Алыңдар, тамақ суып қалмасын.
Қызыр ата, байқаған шығарсыз өнерімді?
Қызыр ата: Алдарым – ай, мына тұрған мені де алдап кететін түрің бар – ау! 
Тазша бала:Менің де қолымнан келмейтін іс жоқ. Мереке қонақтарын би билетіп, ойын ойнатып жіберем!
Қызыр ата: Жарайсың, Тазша бала, ойыныңды ойнатарсың, енді балалардың өнерін тамашалайық.
1-жүргізуші:Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өрістен.
Сақтай гөр деп істен,
Ақсақал бата беріскен.
2-жүргізуші: Батаменен ел көгерер,
Жаңбырменен жер көгерер. Кезекті бата сайысына берейік. (Әр топ өз өнерін көрсетеді). Ата – аналар бата сайысы.
1-жүргізуші: Билейік, жыр жырлайық, ән салайық
Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді.
2-жүргізуші:Келесі сайысымыз салт – дәстүрге байланысты өнерлерін көрсету. Қазақ өнерінің бір туындысы болып саналатын мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш айтып жарысайық. Туған жердей жер болмас. Ата – аналар Бесікке салу, Тұсаукесер рәсімін.
1-жүргізуші: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ, 
Қалыс адам болмасын некен – саяқ.
Ән шырқап, би белейік қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Би: қыздар тобы «Көңіл толқыны»
(Алдар көсе мен Тазша бала келе жатыр)
Алдар көсе:Күн күлімдеп нұрын шашар, шуағын, 
Құтты болсын Наурыз айы, қадамың.
Бүгін бізде салтанат, қызық ойын,
Халқым – ау құтты болсын жаңа жылың!
Тазша бала:Балалар, балалар 
Енді маған қараңдар, 
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық.
ән: Достарым
1) Арқан тарту 2) Теңге ілу
2-жүргізуші: Жұтқанда қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгендей жах әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,
Наурызың құтты болсын, қазақ елі!
1-жүргізуші:Наурыз келсе барлығы жарасады.
Жарасады табиғат жасарады.
Алпыс төлдің анасы ақ жүрекпен
Аластатып пәледен босағаны. Алас! 
Ән: Наурызым – нақыл жыр. Сен қазақ халқының салт – дәстүрін білесің бе?
1-жүргізуші:Әрине білемін.
2-жүргізуші:Наурыз мейрамы туралы не білесің?
1-жүргізуші:Наурыз мейрамы – өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан мереке. Ол парсылардың «Наурыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Күн мен түн теңелген, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды екен. 
2-жүргізуші: Наурыз мейрамы бір ай тойланады. Қазақтар бұл күндері бірін – бірі жаңа жылмен құттықтап, қонаққа шақырады. Әр үйде неше түрлі тамақ дайындалады, наурыз көже пісіріледі.
Тамақтың алдында аруақтарға арнап, міндетті түрде құран оқиды.Ең соңында үйдегі үлкен кісі жаңа жылды жақсылыққа жорып бата береді.
1-жүргізуші: Қызыр атаны шақырып бата сұрайық.
2-жүргізуші:Ата, бүгінгі думанға сонау алыстан ат арылтып келгеніңізге орай ала келген ақ батаңыз да бар болар. Мына отырған халықтарға ақ батаңызды беріңіз!
Қызыр ата:Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын.
Сөздерің серттей берік болсын
Өмірлерің көңілді болсын
Қазақ елі атауы баршамызға
Мәңгілік ел болуға бастау болсын.
Төрт түлік төлді болсын,
Теңгеміз құнды болсын. 
Пейілдерің кең болсын,
Отбасына бақыт келсін,
Таудай талап берсін,
Бармақтай бақ берсін.
Ұлыс оң болсын!
Қайда жүрсеңде жол болсын!
1-жүргізуші:Қызыр атамныңақ батасына мың да бір алғыс!
2-жүргізуші: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тіолікке,
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе? 
Құтты болсын, Ұлыс күні – халайық
Біріктірген ынтымақ пен бірлікке
Әжемнің әуені:Ой, аталар, аналар
Айналайын балалар!
Тоя ішсін деп тамсанып
Жеті түрлі дәм салып
Наурыз көже пісірдік
Оттан қазан түсірдік.
Бал көжеден татыңдар,
Бар қызыққа батыңдар.
Көктем – Наурыз тойында
Құмар болып ойынға,
Іске үлес қоспаған
Ішер бір-пқ тостаған.
Еңбекқорға талапты
Қоямын бас табақты
Асқан кәрі – жасыңды,
Шақырып ием басымды.
Ән: Жау – жау жаңбыр.
1-жүргізуші:Шапағатын аямай бұл жақта аспан
Жадырайды әр адам мұң шақпастан.
Оу, ағайын, келіңдер, бүгін бізде,
Наурыз көже, құрт – қатық, тары қосқан.
2-жүргізуші: Ұлыс оң болсын
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс береке берсін
Бәле – жала жерге енсін!
1-жүргізуші: Келген жаңа жылымыз
Қамбар ата түлегі 
Жылқы деген жануар.
Жалын төсеп кәріге
Қанат болар бәріне.
Жайлы болып жылымыз,
Өркендей берсін еліміз.
Ырысты боп жылымыз
Бақ дарысын жеріміз.
2-жүргізуші:Наурыз мерекесіәрқайсымызғакөтеріңкі көңіл күй, қажымас қайрат, өшпес үмітпен шексіз махаббат әкелсін. Өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын.
1-жүргізуші:Бұл жыл баршамызға естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толы болсын! Көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын! Ұлыс оң болсын.
2-жүргізуші: Ой қосылсын ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа.
Аман – есен жетейік
Келесі Наурыз тойына!
Хор: ата -ананы тыңдайық.
Дариға әжемнің әуені: Қазақ дастарханы.



Жыл басы -Наурыз! 

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; 
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге 
тәрбиелеу;
 
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. 
Көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар. 
Барысы: 
І Кіріспе 
Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер: 
«Наурыз құтты болсын!» 
«Жыл басы- наурыз!» 
«Наурыз құт әкелсін!» 
«Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!» 
Залда әсем әуен ойнап тұрады. 
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты 
болсын! 
Келе жатыр жылымыз, 
Мейрамдаймыз мұны біз. 
Халқы сүйген мейрамды 
Қарсы алайық Наурызды! 
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады) 
Наурыз қыз: 
Наурыз тойы-береке, 
Наурыз тойы-жыр аңыз. 
Қызып дулы мереке 
Қызық думан құрамыз. 

1 бала: Қош келіпсің Наурыз! 
Арман тойы халықтың. 
Қуанышы халықтың, 
Құтты болсын қадамың! 

2 бала: Би биледік бәріміз! 
Егін өңін толқытқан, 
Елдің көңілін шалқытқан. 
Бас иеміз- Наурыз! 

3 бала : Сені тойлап қарсы алып, 
Бар әлемге жар салып, 
Сәлем бердік, біз сізге! 

ІІ. Негізгі бөлім: 
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа » ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз. 
Көрініс. 
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді) 
Шал: Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым » деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды. 
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе? 
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын. 
Мыстан: Сен маған не бересің? 
Шал: Бір отар қой беремін. 
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін. 
Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді , соны ал. 
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің? 
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал. 
- Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады. 
Мыстан алтын сақаның жанында отырады. 
( Бала сақасын іздеп шығады) 
Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші? 
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал. 
Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады. 
Қыздар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз. 
Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса , менің шартымды орындаңдар. 
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз. 
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер. 
(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады) 
Мыстан: Жарайсыңдар! 
Қыздар: Апа ,енді Кенжебекті жібересіз бе? 
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер 
( Балалар Наурызға арналған ән, билерін ортаға салады) 
Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой. 
Қыздар: Енді, жібересіз бе? 

Мыстан: Жоқ, менің енді айтыс тыңдағым келіп отыр. Ақындарың бар ма? 
( Айтыс өнерін көрсетеді) 
Мыстан: Өй, сендерде ақындарда бар екен ғой. 
Қыздар: Кенжебекті енді жібересіз бе? 
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші( белінен арқан шешіп береді) 
Ұлттық ойындар ойналады. 
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты. 
(Қыздар жиналып ақылдасады) 
Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон , мұнымен барлық жермен сөйлесе 
аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің. 
Мыстан: Қане, әенл бері көрейін. 
Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді. 
Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар.. 
- Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды! 
Тәрбиеші: Мына атпен шауып келе жатқан батыр кім болда екен? 
( Тақтақтатып Махамбет келеді) 
Махамбет: Мына халық не үшін жиналған?Ел басына тағы қандай күн туды 
деп ат басын бұрып едім. 
Тәрбиеші: Дұрыс жасағансыз батыр. Бізде Наурыз мерекесі өтіп жатыр. 
Төрге шығып тойымыздың қадірлі қонағы болыңыз. 
- Балалар Бұл кісі Махамбет батыр , өзі ақын, ел басына небір ауыр күн туғанда ел қорғаған батыр ағамыз осы кісі. 
ІІІ. Қорытынды: 
Тәрбиеші: балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз 
да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз. 
Қызыр ата батасын береді. 

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын! 
Дендеріміз сау, мықты болсын! 
Наурыз тойы келе берсін! 
Барлық халық бақытты болсын, 
Қош ,сау болыңыздар, халайық! 
Көріскенші күн жарық болсын! 

Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. 
Көжеден дәм татыңыздар.

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Сағыз селосы №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Шамуратова Бибигул Ивановна

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары, дастархан.

Жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Кіріспе.
Мұғалім: Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Олай болса, тойымызды «Қара жорға» биімен ашайық.
Би «Қара жорға» оқушылар бір мезгілде билейді.

1-жүргізуші:Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп.
2-жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1-жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
Хор: «Наурыз той».

1-оқушы: Салт-дәстүрмен жарасса,
Жыр оқиық тамаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық жаңаша.
2-оқушы: Қыс өтіп, қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!

Көрініс: «Сүйінші»
Ата-ана сүйінші туралы мағлұмат береді.
Сүйінші. Жас нәрестенің, әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы мүшелеріне, әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген. Әкесі мен атасы үй ішін асырау қамымен мал соңында немесе аңда жүргенде жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты хабарды жеткізу үшін ат ерттеп мініп, түзде жүрген атаның немесе әкенің алдынан шығып, сүйінші сұрайтын болған.

Сүйіншіге хабаршы не сұраса соны берген. Ол біріншіден арнайы ат терлетіп қуанышты хабар әкелушінің еңбегін бағалау болса, екіншіден жақындықтың белгісі болып саналған. Тіпті үстіндегі киімін, сауыт-сайманын, астындағы атын да сүйінші сұраушыға сыйға тартқан мырзалар өмірде кездеседі. Бұндай салт-дәстүр көбінесе бала көрмей жүріп, ұл бала туғанда соның құрметіне жасалған.
Бала туғанда баланың әкесінен, атасынан немесе нағашы жұртынан сүйінші сұрай алдынан шыққан адам ұл болса, «Ат ұстар» деп, қыз болса «қырық жеті» деп хабарлаған.

4-оқушы: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр-аңыз.

Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себепті наурыз жыл басы саналады.
Көрініс: «Шашу»
Келін түсіру тойында ауылдың әйелдері көштің алдынан шығып шашу шашады.
«Шашу» биі. Орындайтын қыздар тобы.
10-оқушы: Наурыз көже – Наурыз тойына тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі дәмнен: сүт,ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.

11-оқушы: Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта ағы бар,
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
12-оқушы: Наурыз жыры – Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиетінің түрлерінің бір саласы. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған.

13-оқушы: Көктем келді. Күн күліп арайланды,
Шын досыңның көктемдей арай жаны.
Күліп аспан, ал дала шаттанғанда
Жылуындай көктемнің тарайды әні.
Көктем! Күн нұрын көктен төккен.
Көктем! Бақыт дәнін сепкен.
Әлемнің көктем – шалқар мерекесі,
Танытар, ырыс – құтын берекесі.
Наурызда думанын ұластырып,
Мәпелеп аялаған ел еркесі.

Киіз үй жабдықтары мен ұлттық тағамдарды таныстыру.
Наурыз бата «Наурыз көжеге» шақырғандарға, жалпы жұртшылыққа, ауылға, көпшілікке беріледі.
Өркенің өссін!
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!
Ұлың оңға, қызың қырға қонсын!
Айың тусын солыңнан,
Жұлдызың тусын оңыңнан,
Бақ берсін, қыдыр дарысын!
1-жүргізуші: Шашу!Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат! Теріп ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір.

2-жүргізуші: Қашанда құт-береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Ән: «Наурыз думан».



Наурыз – берекем, наурыз - мерекем !!!

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Кіріспе
Аида: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, қымбатты ата-аналар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

Алтынбек: Уа халайық! Бүгін Ұлыстың ұлы күні.
Ақ түйенің қарыны жарылған күн. Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі. Қар еріп, жер жүзі көктеп, көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасаратын шақ. Бұл аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді аралап, Наурыз көжеден дәм тататын күн.

Аида: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңі, адал жүрекпен дос құшақтарды айқастырып табысатын қасиетті күн – Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!

Алтынбек: Кел,балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық...
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық...-, демекші, бүгінгі 5а-сыныбында өткелі отырған
«Наурыз – мерекем, наурыз - берекем!» атты мерекелік думанымызға қош келдіңіздер!
Айда: Бұл әлемде мереке көп,
Қуанышты, әдемі!
Ал біз үшін ең жақсысы
Қымбатты Наурыз мейрамы!

Алтынбек: «Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй», - деп Абай атамыз жырлағандай, ортаға әнші қызымыз Кабир Әсемді шақырамыз. Ән: «Қазақы дастархан»

Аида: Ұлыстың ұлы күніне байланысты халықтың әдет-ғұрыптары мен жол-жоралары, салт-дәстүрлері бар. Ендеше, құрметті қонақтар, наурыз күні дүние есігін ашқан сәбиіміздің ат қою, шілдехана тойынан көрініс тамашалаңыздар!

Алтынбек: Балалар Наурыз мейрамы – жыл басы. Бұл ежелден келе жатқан мереке. Біздің ата – бабаларымыз үшін жыл басы көктемнен басталады.

Аида: Көргенге қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгенде жаз әуені
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурызым құтты болсын қазақ елі!

Алтынбек: Той дегенде қазақтың жаны кірер,
Бағаңды жас білмесе, кәрі білер.
Наурызың құтты болсын, нар ағалар,
Наурызың құтты болсын, бар інілер.

Аида: Жылдың басы – Наурыз,
Жырдың басы – Наурыз
Наурызға біз арнап,
Жырдан шашу шашамыз.

Құрметті ағайын, оқушыларымыздың жыр шашуын қабыл алыңыздар!
Алтынбек: Ал халайық тұрмайық,
Әндетейік шырқайық.
Дөңгелесін бишілер,
Ортамызды ашайық.

Ендігі тамашалайтындарыңыз, би «Балбырауын» Қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыздар!

Аида: Желпіген аққу құстың қанатындай,
Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай.
Қасиетті наурыз тойы пәктігіңнің,
Тойы деп айтуға да болатындай.
Құрметті тойшы қауым, келесі кезекте Ахмет Жұбановтың «Қарлығашым» күйі. Орындайтын: Хибатова Наргиза.

Алтынбек: 22 – наурыз – аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.

Аида: Наурыз күні атқа мінген жігіттер елді аралап жарапазан айтқан. Игі тілекпен әндете келген жарапазаншыларға адамдар бауырсақ, құрт, ірімшік, ұсынып, шапан жауып, белдеріне жібек орамал таққан.

Әли: Айтамыз жарапазан отбасына,
Тілейміз денсаулықты бас – басыңа.
Тілесек денсаулықты бас – басыңа,
Амандық келер әр күн отбасыңа.
Айтамыз жарапазан ауылыңа,
Береке, бірлік берсін қауымыңа.
Береке, бірлік берсе қауымыңа,
Бас имес кімдер келіп ауылыңа

Алтынбек: Айтамыз жарапазан еліңізге,
Байлаңыз жақсы орамал белімізге.
Байласаң жақсы орамал белімізге,
Кетеміз мақтай - мақтай елімізге.
Айтқанмен жарапазан тоямыз ба?
Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?
Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,
Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?

Мұғалім: Наурыз тойдың межесі
Әжелердің көжесі
Қане, ішіп қойыңыз... (Қонақтарға көже үлестіру)

Аида: Кел, Наурыз келешекті жарқын шолып,
Барыстай ұрпақтарға даңқың қонып.
Қазақстан болғанда – Ғажапстан,
Қол соғып қуаналық халқым болып.

Қадірменді халайық, ендігі тамашалайтындарыңыз, би «Қара жорға»

Алтынбек: Жаңа жыл, жаңа тарих баспалдағы,
Алатын асуларын асқардағы.
Қазақтың кең көсілген даласында
Жазылсын болашақтың дастандары.

Аида: Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.
Ендеше, тойшы қауым, бүгінгі наурыз тойымыздың наурыз батасын жасы үлкен ата-әжелерімізден сұраймыз.

Наурыз бата:
Уағалайкум ас салам!
Кеңпейілді қазақ елім!
Кемелденген ғажап елім!
Ұлыс күні құтты болсын!
Ел іргесі мықты болсын!
Бақыт әкеп ұлыс күні,
Баянды боп тыныштығы,
Әнші құстар баққа қонсын!
Алтын табақ аққа толсын!
Шаттығының сәтті күнін,
Татулықтың тәттілігін,
Көрсін ұрпақ қайырымды!
Бұлт шалмасын ай – күнімді!
Жаңа күнім жадырасын!
Төл көбейіп, жамырасын!
Еккен егін өнімімен,
Еңбегіңнің сенімімен
Тірлігіңнің жемісімен,
Бірлігіңнің жеңісімен
Бағы жанып кәрі – жастың,
Басынан бақ арылмасын!
Орындалып ойларымыз,
Тойға ұлассын тойларымыз!
Әумин!

Алтынбек: Осы айтылғандар бір Алланың құлағына шалынып, періштелер «әумин» десін!
Аида: Қадірменді халайық, Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен думанымыз аяқталды.

Аида: Құрметті қонақтар, баршаңызды «Наурыздың» ақ отауына шақырамыз!!!
Наурыз дастарханынан дәм татыңыздар...
























































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашык тәрбие сағаты

Автор: Жангабаева Камчат Жаксылыковна

Дата: 29.03.2018

Номер свидетельства: 464138

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) ""?лы Же?іс жасасын" ашы? т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(35) "ulyzhieniszhasasynashyktrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "285601"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454223092"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Ашы? т?рбие са?ат "1 май бирдамлик куни""
    ["seo_title"] => string(41) "ashyk-t-rbiie-sag-at-1-mai-birdamlik-kuni"
    ["file_id"] => string(6) "335146"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1466187536"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Т?уелсіздікке 25 жыл"
    ["seo_title"] => string(20) "tuielsizdikkie25zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "287870"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454561070"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "ашык тарбие сагаты "Менін Отаным-Казакстан" "
    ["seo_title"] => string(45) "ashyk-tarbiie-saghaty-mienin-otanym-kazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "229458"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1441736603"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Ашы? саба? -1 Ашы? т??ымдастарды? к?беюі."
    ["seo_title"] => string(38) "ashyksabak1ashyktukymdastardynkobieiui"
    ["file_id"] => string(6) "270592"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451215253"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства