kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Циклограмма "«Сиқырлы қыс» Екінші кіші «А» тобы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Циклограмма организованной учебной деятельности для детей второй младшей группы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Циклограмма "«Сиқырлы қыс» Екінші кіші «А» тобы»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Күні : ________________

Педагогтың ТӘА _____________________________

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Тақырыпша: «Сиқырлы қыс»

Білім беру саласы : Таным

Бөлімі : Құрастыру

Тақырып: «Қар жауып тұр»

Мақсаты: Қағаздан қар жасауға үйрету

Міндетті: . табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; балалардың саусақ бұлшық еттерін жетілдіру,қағазды ұмаждау арқылы қар кесектерін жасауға болатынын түсіндіру, оны кеңістікте дұрыс орналастыра білуге үйрету; саусақ қол моторикасын дамыту

Билингвалды компонент: :қар-снег,мамықтай-пушистый.

Сөздік жұмысы: жапалақтап қар жауды,қар мамықтай ұлпа.

Технологиялық қамтамасыз ету: қыс мезгіліне байланысты суреттер,үлкен және кіші көлемді қағаздар.


Тәрбиешінің әрекеті

Балалар қызметі

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері:

Біз әдепті баламыз,

Амандасу салтымыз.

Қонақтарға,бәріне,

«Сәлеметсиз бе»,-деп айтамыз.

-Жақсы,балалар,орындарыңа отыра

қойыңдар.Мен сендерге бір жұмбақ

жасырайын:

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

(қар)


Балалар өлең жолдарын

педагогпен бірге

қайталайды.

Балалар жұмбақтың

шешуін айтуға тырысады.




Негізгі бөлім





























































-Балалар,сендер аққалаға қонаққа

барғыларың келе ме?Аққалаға жету

үшін біз мына жасырын суреттерде не

бейнеленгенін айтып беруіміз керек.

Суретпен жұмыс.

1.Балалар шана теуіп жүр.

2.Балалар аққала жасап жатыр.

3.Қарға малынған ағаштар.

4.Түн.Уй.Қар жауып тұр

(суреттерге байланысты сұрақтар қою)

Сөздік жұмыс.

Жаплақтап қар жауды

Қар мамықтай ұлпа

-Міне,балалар, аққалаға келдік.Бірақ

ол көңілсіз сияқты.Орманға қар өте аз

жауыпты.Ендеше қағаздан қар жасап

берейік.Алдымен мынадай өлең

айтайық.

Саусақ жаттығуы:

Қарды, қане алайық,

Алақанға салайық.

Қатты, қатты қысамыз,

Тарсылдатып ұрамыз.

Саусақпеннен тесеміз,

Біз жұмысқа дайынбыз.

Педагог үлгіні көрсетіп балаларға бүгін

жауған қарды қағаздан қалай жасауға

болатынын көрсетіп түсіндіреді.Жолақ

жұмсақ қағаздарды үзіп алып балалар

алақан арасына салып

умаждайды,жұмсартып,домалақ

бейнеге келтіріп,қағаз бетіне әр жерге

қар жауған тәрізді етіп

орналастырады.Қағаз бетіндегі

көріністерді пайдалана отырып,мазмұн

бере орналастыруға бағыт

беріледі.Балалардың іс әрекетіне көмек

көрсетіліп,оны қағаз бетіне қалай

орналастыруға болатынын бақылайды.

(педагог ән айта отырып жұмыс

жасауға ұсынады)

-Балалар, аққала көңілдену үшін

істеген жұмыстарыңды тақтаға іліп

қояйық.Міне, енді аққала көңілді.

(күліп тұрған аққала бейнесін педагог

ауыстыра қояды)


Қызығушылық танытады.

Суреттерге қарап,

сұрақтарға жауап береді.

Педагогтың соңынан

қайталайды

Өлең жолдарына сәйкес

қимылдар жасайды

Балалар екі қағазды да

кезекпен алып,алақан

арасына

салып,умаждап,домалақтау

ға әрекеттенеді.Қар

ақ,жұмсақ,оны қағаздан

жасағанда да

жұмсартып,домалақтап,бей

неге келтіреді.

Педагогпен бірге ән

айтады.




Қорытынды бөлм

Балалардың жасаған жұмыстарын

қарап шығады,сапасына назар

аударады ,мадақтайды.

-Балалар, аққала сендерге рахмет

айтып жатыр.Бүгін сабақта біз не

істедік?

-Аққала сендерге сыйлық бергісі

келеді.Мына кәмпиттерді үйлеріңе

кетерде береді.

Енді жұмыс орнымызды жинайық.


Өздерінің жасаған

жұмыстары жайында

айтып беруге талаптанады.

Сұрақтарға жауап береді.

Жұмыс орнын жинайды




























Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Күні : ________________

Педагогтың ТӘА _____________________________

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Тақырыпша: «Сиқырлы қыс»

Білім беру саласы : Коммуникация

Бөлімі : Сөйлеуді дамыту

Тақырып: Марғау қыс мезгіліне қалай дайындалды?

Мақсаты: Әңгіме құрастыра білуге үйрету

Міндетті: Табиғатты аялауға тәрбиелеу; педагогтің көмегімен табиғат көріністерін сипаттау бойынша қысқа әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Қимыл-әрекетті білдіретін етістіктерді дұрыс таңдап, оларды қолдана білуді үйрету; сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту

Билингвалды компонент: марғау-котенок,қыс-зима, қар-снег, аппақ-белый.

Сөздік жұмысы: марғау, қар, аппақ,қыс.

Технологиялық қамтамасыз ету: Үлгі көрнекіліктер


Тәрбиешінің әрекеті

Балалар қызметі

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

- Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір- біріне ыстық тілектер айтуын ұйымдастырады. Балалардың назарын ауа райын бақылауға аударады.

-Қарандаршы қар көп жауыпты қар өте суық, түсі аппақ, жұмсақ. Қар жердің бәрін ақ көрпе сияқты басып жатыр. Ағаш, шыршалардың бәрі қар жамылған. Қыста күн суық болады.

- біз қыста қалай киінеміз?


Шеңбер құрып, педагогтен кейін жылы тілек айтуды жалғастырады.

Педагогтан қайталайды.




Жылы киінеміз.




Негізгі бөлім





























































-Балаларға жұмбақты шешуді ұсынады:

Еріксе, құйрығымен ойнайды,

Зеріксе ұйқыға бір тоймайды

(Мысық)

Балалар, бүгін бізге қонаққа жүні үлпілдеген марғау келді.

Марғау- мысықтың баласы. Сары ала марғаудың басынан өткізген қызықты бір уақиғаны айтып берейін, мұқият тыңдайық: шықпақшы болады. Бір күні марғау таңертең көзін ашып, керіліп, ұйқысынан оянады. Күндегі әдетінше далаға серуенге шықпақшы болады.Ол есіктен шыға бергенде аяғы аппақ, жұмсақ, суық нәрсеге тиеді. Ол қатты қорқып, таңғалып, үйге кіріп, төсек астына тығылып қалады.

Балалар, марғау неден қорқып таң қалды?

Ол далада нені көрді?

Қыста қар қандай болады?

Қар аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл. Қыста ұйықтап боран соққанда «у-у-у-у» деген дыбыс шығады.

Балалар, кәне, бәріміз көрсетейікші боран ұйытқып соғады?

Балалар, марғау қарға үйреніп, қорықпас үшін оны өзімізбен бірге серуенге алып шығайық

Д/О « Үй жануарларын тап»

М:балалардың үй жануарына деген сүйіспеншілігін арттыру.Д/О ««Үй жануарлары мен жабай жануарларды ата»

М:Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы білімдерін бекіту

Сергіту сәті

Бала, бала, балақай,

Қол соғайық, алақай!

Бiр,екi,үш деп айтайық,

Саусақтарда тартайық.

Жалқау бала болмайық,

Қолды қысып, ойнайық.


.

Жұмбақты шешеді.

Мұқият тыңдайды.












Қарды алғаш көріп, соған қатты таңғалады.

Қар, аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл.

Балалар «у-у-у-у», деп қайталайды.


Тапсырманы мұқият орындайды.











Өлең жолдарына байланысты қимыл орындайды.




Қорытынды бөлм

Жекежұмысты қажет ететін балалардан сурет бойынша сұрақ жауап алып, оқу іс- әрекетін қортыңдылайды.

Далада не бар?

Қардың түсі қандай?

Балалар не істеп жүр?

Қыста қалай киінеді?

Сендер қалай киінесіңдер?

Өз аулаларында немен ойнайсындар?

Сурет бойынша әңгіме құрастырады. Сұрақтарға жауап береді




































Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Күні : ________________

Педагогтың ТӘА _____________________________

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Тақырыпша: «Сиқырлы қыс»

Білім беру саласы : Таным

Бөлімі : Жаратылыстану

Тақырып: «Қаңтарда қар көп жауады»

Мақсаты: Қықсқы құбылыс тар жайлы түсінік қалыптас тыру

Міндетті: Қатар құрбыларымен достық қарым-қатынаста болуға тəрбиелеу; Балалардың қыста жанды жəне жансыз табиғатта болатын құбылыстар жайлы түсінігін нығайту. Қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу дағдыларын қалыптастыру

Билингвалды компонент:, қар – снег

Сөздік жұмысы: қар, қыс, бұрқасын, боран, аяз, мұз, қар түйіршіктері, жел, қалың қар.

Технологиялық қамтамасыз ету: иллюстрациялық материал, «Қысқы құбылыстар» тақырыбындағы суреттер, мұз түйіршіктері, теннис доптары, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаш, қақпағы бар стақандар, коктейльге арналған таяқшалар.


Тәрбиешінің әрекеті

Балалар қызметі

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

Балалардың бұрын алған білімдерін пысықтайды.

Қыста қар көп жауған кезде бұл құбылысты не дейміз?

Балаларды терезе алдына шақырады: Қар жауып тұр. Төңіректі қалың қар басып қалды. Қараңдаршы, балалар, жер де, даладағы орындықтар да, үстелдер де қар. Ал қар əлі жауып тұр, тоқтайтын түрі жоқ. Бұл қалың қар! Қыстың түсі қандай?

Қыста болатын табиғат құбылыстарын анықтауға шақырады.

Жұмбақтың шешуін табады:

Аяз қысып, Өрнек сызып

Терезені торлайды. Қарға омбығып, Бет домбығып

Сырғанап балалар ойнайды.

Бұл қай кезде болады? (Қыс

Анықтайды: қыс ақ түстіӨтіпжатқансабаққақызығушылық танытады.



Негізгі бөлім





























































Балалардан қыста ауа райының қандай болатынын сұрайды.

Балаларға белгілі бір табиғат құбылысына тəн əрекеттерді атап беруді ұсынады.

Сиқырлы шарлармен ойнауға шақырады (ақ теннис шарларын пайдалануға болады).

Педагог: бұл дыбыс қардың сықырлағанына ұқсай ма? Балалардан бұл дыбыстың неге ұқсайтынын анықтауды сұрайды. Қардың күн қатты аяз болған кезде сықырлайтынын түсіндіреді.

Терезелерге əдемі өрнек салған қандай көрінбейтін суретші? Балалар оның жауабын білмесе, терезелерді қатырған аяз екенін айтады. Өрнектерді қарап шығып, олардың неге ұқсайтынын айтады.


Сергіту сəті

Балаларды суреттер жиынтығының ішінен қыс құбылыстары бейнеленгендерін іріктеп алуға шақырады.

Өзекті мəселе:

Қыста жауын жауа ма? Неге? Тамшылар неге айналады?

Боран дегеніміз не деген сұрақтың жауабын ойланып көруге шақырады.

Балаларға қар ақырын жауып тұрған кезде «қар жауып тұр» дейді. Ал жел соғып, қар ұшқындап жауған кезде боран соғып тұр дейміз.

Зерттеу жұмысын«Көктайғақ дегеніміз не?» тақырыбында тəжірибе жұмыстарын ұйымдастырады.

Балалармен көкөтайғақ жайлы əңгімелеседі. «Көктайғақ» сөзін түсіндіреді.














Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу

Қыста даладағы ауа райы əртүрлі болады. Бірде боран соқса, бірде күн қатты суытып, аяз болады. Енді бірде қалың қар жауады.

Аяз – тістейді, сықырлайды, шымшылайды.

Боран – соғады, ұлиды


Қар – жауады, жерге қалықтап түседі, желмен ұшады.


Шарларды қолдарына алады. Олар сықырлайды. Сықырлаған дыбыстарға құлақ түреді. Сұрақтарға жауап береді

Қыс мезгілінде қалай киіну қажеттігін əңгімелейді.



Терезелердегі өрнектерді қарап шығады.

Суреттерді таңдап алады. Қыстағы табиғат құбылыстарының атауын атайды: қар жауады, аяз, боран соғады, бұрқасын, көктайғақ болады…

Қар түйіршіктері дегеніміз – қатып қалған тамшылар екенін түсіндіреді.Пікір алысады. Қолдарына алдын ала əзірленген қар түйіршіктерін алып, музыканың ырғағымен айналады, боран мен бұрқасынды салады.

Түрлі түсті қағаздан ұсақтап қиылған конфетти салынған стақанды ақырын үрлейді:қар жауып тұр. Қатты үрлейді: жел күшейді, боран, бұрқасын соқты деген сөз.

Алған əсерлерімен бөліседі, далада жер тайғақ па, тайғақ емес па? Анықтайды.

Алдын ала əзірленген мұз түйіршіктерін қарап шығады. Мұздың қасиеттері жайлы білімін пысықтайды (суық, мөлдір, қатты, сынғыш, тегіс, тайғақ; мұздың үстінде коньки тебуге болады).

Суреттерді қарап шық. Серуендеген кезде қажетіңе жарайтын заттарды қарындашпен қоршап сыз.





Қорытынды бөлм

«Қыстың қызықтары» этюді. Мақсаты: балаларды өздерінің көңіл күйін ыммен, қимылмен көрсетуге үйрету, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту.

Балабақшаның айналасында қыдырып, жаяу бұрқасын бар- жоғын анықтауға шақырады

Коньки теуіп, қар лақтырып ойнаған, аққала жасаған, қуыршақты шанаға салып сүйреп, шаңғы тепкендей қимылдар жасайды.















Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Күні : ________________

Педагогтың ТӘА _____________________________

Өтпелі тақырып: Бізді қоршаған әлем

Тақырыпша: «Айналадағы ғажайыптар»

Білім беру саласы : Таным

Бөлімі : ҚМҰҚ

Тақырып: «Жоғарыда-төменде. Сол жақта-оң жақта»

Мақсаты: Кеңістікте бағдарлау ұғымын кеңейту,

Міндетті: Заттардың суреттегі және өзіне тікелей байланысты кеңістікке орналасу бағытын ажыратып,атап көрсету қабілетін көрсету Логикалық тапсырмалар арқылы ой өрісін дамыту.

Билингвалды компонент: жоғарыда-высоко, төменде-низко

Сөздік жұмысы: жоғарыда-төменде, сол жақта, оң жақта

Технологиялық қамтамасыз ету: жоңарыда, төменде, сол жақта, оң жақта суреттер бейнеленген демонстраицялық материалдар, үлестірмелі материалдар.

Технологиялар: сергіту сәті, дамыта оқыту тех


Тәрбиешінің әрекеті

Балалар қызметі

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері:

Ән салуға барамыз,
Досымызды табамыз
Сәлемет пе! Міне, мен!
Доспын енді сенімен

Қимыл іс-әрекет арқылы өлең жолдарын қайталайды.



Негізгі бөлім





























































Демонстрациялық материалдармен жұмыс.

Балалар суретте не бейнеленген?

Балалар қайда тұр?

Ұл бала сатынын қай жерінде тұр?

Ал қыз бала сатынын қай жерінде тұр?

Сұрақты керсінше қою

Жоғары сатыда кім тұр? Төменгі сатыда кім тұр?

Ал екінші суретте балалар не істеп жатыр?

Кім допты жоғары лақтырды?

Кім допты төмен лақтырды?


Билингвальді компонент:жоғары- высоко, төмен-низко

Үлсетірмелі материалмен жұмыс:

Жоғарыдағы допты көк қарындашпен, ал төмендегі допты қызыл қарындашпен бояу

Дид. ойын: «Машинаға доңғалақтарын таңда»

Ш: Түстеріне сәйкес машиналарға доңғалақтарын

Дид.ойын: «Не қайда тұр?»

Ш:қоянның жанындағы жанауарларды тауып атау.

Сол жақта, оң жақта тұрған жанауарларды атау.

Сергіту сәті:

Дөңгеленңп тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уықтар боп иіліп,

Киіз үйді құрамыз

Балалар

-Сатында тұр

-Ұл бала жоғарыда тұр

-Қыз бала төменде тұр

-Жоғарыда ұл бала тұр, төменде қыз бала тұр.

-Балалар доппен ойнап жатыр

-Ұл бала допты жоғары лақтырады.

-Қыз бала допты төмен лақытырды














Қимыл-қозғалыс арқылы өлең жолдарын қайталайды



Қорытынды











бөлм




Топтағы жоғарыда тұрған және төменде тұрған заттарды атауларын сұрайды.

Кім допты жоғасры лақтырды, қыз ба, ұл ма?

! Балалардың жауаптары

























































Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Күні : ________________

Педагогтың ТӘА _____________________________

Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем»

Тақырыпша: «Айналадағы ғажайыптар»

Білім беру саласы : Шығармашылық

Бөлімі : Сурет салу

Тақырып: «Қар кесегі»

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі , қар туралы түсініктерін кеңейту.

Міндетті: . Таза жұмыс жасауға тәрбиелеу.Тіс пастасына сұқ саусақты малып,қар кесегін салуды үйрету.Табиғатқа деген сүйіспенділік сезімдерін арттыру

Билингвалды компонент:. қыс-зима, қар-снег, аққала-снеговик

Технологиялық қамтамасыз ету: суреттер, қар кесегі.



Тәрбиешінің әрекеті

Балалар қызметі

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

. Шаттық шеңбері:

Біз бақытты баламыз

Айтқан тілді аламыз

Үлкендерді көргенде

Амандасып аламыз!

Жыл мезгілін атайықшы?

Бүгін аптаның нешінші күні?

Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?

- Иә, қыс мезгілі. Дала аппақ қарға оранды.

.









қыс мезгілі Күн суытып, жиі - жиі боран соғып, қар

жауып тұр



Негізгі бөлім





























































Бүгін біз «Ақ ұлпа қармен» танысамыз.

- Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?

- Қар қандай екен?

- Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол жылыдан еріп

суға айналады.

- Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа болып

көрінеді.

- Қыста біз далада қандай ойындар ойнаймыз?

- Балалар, қыста жылы киімдерімізді киіп жүру керек.

Қар қалың түскенде жолдарды қар басып қалады. Сондықтан адамдар жолды қардан

тазартып отырады.

Қар –ақ түсті, үлпілдек, ұлпа жеңіл болады.

Қарды қолымызға ұстасаө не болады?

Ия, қолымыз, тонады. Қар қолымызда еріп кетеді.

Бүгін біз қардың суретін салайық.

Қауіпсіздік ереежесі:

Қылқаламды үш саусақты біріктіріп ұстаймыз.

Бояуды үстімізге жақпаймыз, иіскемейміз, қолмен ұстамаймыз.

Жұмыс аяқталған соң жұмыс орнын жинап, қолымызды жуамыз.

Сурет салу реті:

Бүгін біз қарды қарапайым сызықтарды пайдалана отырып саламыз, көк түсті таңдап

алып, сызықтарды оңнан солға, солдан оңға жұдызша әрізді саламыз. Біздің ақ ұлпа

қарымыз дайын.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Алға қадам басайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бойымызды жазайық.

-Балалар суреттерін аяқтап, жұмыс орнын жинақтайды.






түсі ақ, суық,















қолымыз, тонады.



Қорытынды бөлм

. -Бүгін біз ненің суретін салдық?

-Қар қандай болады?

-Қай мезгілде жауады.

Балаларды мақтау, мадақтау.


Бүгін біз қардың суретін салдык

Қар –ақ түсті, үлпілдек, ұлпа жеңіл болады

Кыста жауады

.




































Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Күні : ________________

Педагогтың ТӘА _____________________________

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Тақырыпша: «Сиқырлы қыс»

Білім беру саласы : Коммуникация

Бөлімі : Театр

Тақырып: «Қарлығаштын құйрығы неге айыр» (сахналау)

Мақсаты: Балаларды ертегінің мазмұнымен таныстыру.

Міндетті:

  1. Білімділік: Ертегіні сахыналауға үйрету.

  2. Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Өзара қамқорлыққа,сүйіспеншілікке,татулыққа тәрбиелеу.

Билингвалды компонент: мысық – кошка, қарлығаш – ласточка.

Сөздік жұмысы: құйрығы айыр

Технологиялық қамтамасыз ету: суреттер тірек сызба

Технологиялар: түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұрақ-жауап



Тәрбиешінің әрекеті

Балалар қызметі

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Балар шеңберге тұрып амандасайық.

Сәлем, сәлем күнге,

Сәлем, сәлем жерге,

Сәлем, сәлем барша әлемге.


-Балалар шаттық шеңберге тұрып бірге қайталады.




Негізгі бөлім





























































Балалар қазір бізге қонаққа қуыршақ Самал келеді. Кәнекей орнымыздан тұрып амандасайықшы.Мен сендерге алыс жақтан келе жатырмын сендерге деген сыйлығым бар ол менің қолымда тұрған қорапшаның ішінде.Ол сыйқырлы кітап бұл кітаптың іщінде қызықты ертегілер бар,тыңдаймыз ба?Балалар ертегіні тындап сахыналады.

Сөздік жұмыс:сыйқырлы,қорапша,алыс

Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатты жұмысқа

Алды допты қолына,

Қойды допты жолына

Оңға қарады

Солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

Д:ойын Ертегі кейіпкерлерін тап

Балалар орындарынан тұрып қуыршақ Самал амандасты.

Балалар ертегіні тыңдады.















Қуыршақ самал

Өте ұнады.

.




Қорытынды бөлм

Балалар бүгін біз қандай ертегіні сахналадық? Сендерге ұнады ма?

Балалар сұрақ-жауап арқылы жауап бере алды






































































Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Күні : ________________

Педагогтың ТӘА _____________________________

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Тақырыпша: «Сиқырлы п қыс»

Білім беру саласы : Коммуникация

Бөлімі : Көркем әдебиет

Тақырып: ««Қолғап» (өлең) Ә.Дүйсекеев

Мақсаты: «Қолғап» өлеңімен таныстыру

Міндетті: Ұқыптылыққа тәрбиелеу; өлеңді зейін қойып тыңдауға үйрету, сұрақтарға жауап беру арқылы мазмұнын ашу; есте сақтау қабілетін дамыту.

Билингвалды компонент: қолғап-рукавицы

Сөздік жұмысы: аяз, тонды, рукавицы

Технологиялық қамтамасыз ету: қолғап сурет


Тәрбиешінің әрекеті

Балалар қызметі

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері

Күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық.




Негізгі бөлім





























































Балаларға жұмбақ жасыру

Ағайынды бесеуі,

Бірге киінеді, бірге шешінеді.

Ол не?

-Дұрыс айтасыңдар, қолғапты қай мезгілде киеміз?

-Қыс мезгілінде киеміз.

-Не үшін киеміз?

Балалар, дұрыс айтасыңдар, қыстық яғни қалың қолғапты күн суықта киеміз.Кейбір қолғапты күн жылыда да киеміз . Үй соққанда, ағаш жарғанда т.б. Неліктен деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс, балалар және қолымызға қатты заттар батып, ойылып кетпес үшін киеміз .

-Қолғапты неден жасайды?Бүгін Ә. Дүйсенбиевтің «Қолғап »өлеңімен танысамыз.

Қолғап

Жоғалыпты қолбағым,

Тыз-тыз етті қолдарым,

Сорып аяз тастады,

Естен кетпес тоңғаным

Қолғаптық жіп шығарып,

Тоқыды әжем біз алып.

Мен отырмын ұяттан,

Тоңғандай боп , қызарып.

Сұрақ-жауап арқылы оқылған өлең-шумақтың мазмұнын әңгімелеу.

-Өлең не жайлы жазылған?

-Қолғап туралы.

Сергіту сәті

Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар.

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерің шынықсың,

Саналарың тынықсың.

Қолғап.

-Қолымыз тоңбас үшін киеміз.






-Қолымыз таза болу үшін, қатты заттар батпас үшін.















Мұқият тыңдайды.











-сұрақтарға жауап береді.





Қорытынды бөлм

Бүгін не туралы әңгімелестік?

-Қолғап туралы. Қолғаптың пайдасы туралы түсіндік .


Сұрақтарға жауап береді.

-























































Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Күні : ________________

Педагогтың ТӘА _____________________________

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Тақырыпша: «Сиқырлы п қыс»

Білім беру саласы : Шыгармашылык

Бөлімі : Мусіндеу

Тақырып: Аққала

Мақсаты: Қар және оның қасиеті туралы түсінік беру.

Міндетті: Қысқы табиғат әсемдігі арқылы табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу. Әр түрлі көлемдегі дөңгелектерді алақан арасына салып домалақтау тәсілін үйрету.Домалақтарды біріктіру арқылы бейне құрастыра білуді дамыту.

Билингвалды компонент: Аққала- снеговик

Сөздік жұмысы: Қар ұшқындап, жапалақтап, борандатып жауады

Технологиялық қамтамасыз ету: Балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, үлгі, ермексаз.



Тәрбиешінің әрекеті

Балалар қызметі

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Балаларға қыс туралы өлең оқу.

Қыс келді, қыс келді

Ақтарып ақ қарды.

Жол аппақ түске енді

Аралап қайтайық

Ақ күміс бақтарды

Ә. Ысқақбаев.

- неге жердің бәрі аппақ?

- Қар ұлпалары неге ұқсайды?

Педагог:

  • Қар ұлпалары қандай керемет. Өрнектері де бар екен. Ал мына қарлар еріп, жабысып, домалақтанып қалыпты. Кәне осы қарларды тездетіп, екіге бөлініп, жинап тастайық.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

Енді осы қыс мезгіліндегі көріністерді бақылайық.

Балалар, өлеңді тыңдайды.




Топ ішін аралап жүріп, таңданады.

  • Үйткені жердің

Бетін қар жапқан.

Жұлдызшаға ұқсайды.

Қар ұлпаларын тамашалайды. Екі ыдысқа бөліп жыйнайды. Қыс мезгілі.



Негізгі бөлім





























































  • Даланың бәрі қандай?

  • Иә, қыстың сәні қар демекші, айналаның бәрі қар.

  • Ауа райы қандай?

  • Балалар қыста қандай ойын ойнайды?

  • Аққала неше бөліктен тұрады?

  • Мұрнын, көзін неден жасайды?

  • Түс тері қандай?

  • Аққаланы неден жасайды?

Енді осы аққаланы жасайтын қарды зертеп көрейік. Ыдысқа салынған қарды балаларға көрсету.

  • Бұл қарды қайдан алдым?

  • Қар қайдан пайда болады?

Аспан әлемінен мұз талшықтарынан пайда болып, жерге жауып түседі екен. Олар әр түрлі болып жауады:

  • Ұшқындап жауады

  • Жапалақтап жауады.

  • Борандатып жауады т.б түрлері бар. Балаларға жауған қардың суретін көрсету.

Сергіту сәті

  • Балалар, қардың қалай жауатынын қимылмен көрсетіндерші.

  • Қар қандай, суық па, жылы ма Қардың түсі қандай?

  • Күнге шағылысқанда қандай болады?

  • Қар ауыр ма, жеңіл ме?

  • Қар таза ма, жеуге болама?


.

Сұрақтарға жауап береді.




Қардан жасайды аққала







Тыңдайды.








Сергіту сәтін орындайды






-.





Қорытынды бөлм

  • Балалар, бұл жасаған достарыңды ата- аналарыңа көрсетеміз.

Балалардың жұмысын талдау, мадақтау

Балалар өздері жасаған аққалалармен ойнайды. Өз текшелеріне қояды.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Циклограмма "«Сиқырлы қыс» Екінші кіші «А» тобы

Автор: Рахимова Айслу Музановна

Дата: 31.01.2019

Номер свидетельства: 498000

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Циклограмма "«Сиқырлы қыс» Екінші кіші «А» тобы"
    ["seo_title"] => string(45) "tsiklogramma_sikyrly_kys_ekinshi_kishi_a_toby"
    ["file_id"] => string(6) "497999"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1548957142"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства