Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың қыс мезгілінде құстарға қамқорлық жасауға белсенділігін арттыру. Сөздік қорын молайту.Балаларға адамгершілікке табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Міндеттері: Құстардың қысқы тіршілігі туралы білімдерін кеңейту. Құстардын тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.
Күн тәртібі | Дүйсенбі 15.01.2018 | Сейсенбі 16.01.2018 | Сәрсенбі 17.01.2018 | Бейсенбі 18.01.2018 | Жұма 19.01.2018 |
Балаларды қабылдау Ата-аналармен әңгімелесу Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б) Таңертеңгі гимнастика (7 мин) | Тәрбиешінің балалар мен қарым-қатынасы: балабақша туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. |
Балаларды жақсы көңілмен қарсы алу. Олардың көңіл-күйлеріне қарап сөйлесу. Демалыс уақытын қалай өткізгендері жайлы әңгіме қозғау. | Балаларға үстел – үстінде ойналатын ағаш ойыншықтарды таратып, олармен дұрыс ойнауларын қадағалау. | Құстар жайлы әңгіме қозғап, балалармен ойын ойнау. «Ұшты-ұшты» Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, тыңдау қабілетін дамыту. | Тыныс алу жаттығулары: 1 «Шарды үрлейміз» 2. « Терезенің жапқыштарын үрлеп ұшыр» 3. «Шәйді суыт» | Үстел-үсті ойыны: конструктормен өз еркімен құрастыру. Ауа райы бойынша суреттер жайлы әңгімелесу. |
Таңғы жаттығулар кешені № 9 \затпен\ |
Таңғы ас | Қарға ұшар қарқылдап Торғай ұшар шырылдап, Көгершін ұшар гуілдеп Қарлығаш ұшар шық- шыттап |
Ойындар. Ұйымдастырған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық | Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар |
«Көлеңкесін тап» Мақсаты: Қыстайтын құстардың көлеңкесін тауып, мұқияттыққа баулу | Жұмбақ жасыру: 1.Еркін самғап ұшсын деп, Мәпелейміз баптаймыз Бейбітшілік құсы деп Қайсы құсты мақтаймыз \көгершін\ 2 Қонып алып жарға Қарқылдайды... \қарға\ 3. Үстіне ақ қамзолын киіп алып, Жүреді қанаттарын жиып алып \сауысқан\ | Мақал мәтел жаттау: 1.Құс қанатымен ұшады Құйрығымен қонады 2.Ит тамағы үшін жүгіреді Құс тамағы үшін ұшады | Д\О: «Досыңды тап» Мақсаты:Балалардың арасында достық қарым– қатынасын қалыптастыру | Мнемо таблицамен жұмыс: Мақсаты:Жануарлардың мекендейдін жерлері жайлы,олардың немен қоректенетінін балаларға айтқызып, тілдерін дамыту. |
Ұйымдастырған оқу қызметі | Білім беру саласы: «Денсаулық» Дене шынықтыру Тақырыбы: жетекшінің жоспары бойынша Білім беру саласы: «Шығармашылық» Аппликация Тақырыбы: «Пирамида» | Білім беру саласы: «Коммуникация» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Кімге не?» Д/о сөздік жұмыс Білім беру саласы: «Шығармашылық» Музыка Тақырыбы: музыка жетекшісінің жоспары бойынша | Білім беру саласы: «Таным» ҚМҰҚ Тақырыбы: «Түрлі түсті тақтайшалар» Білім беру саласы: «Денсаулық» Дене шынықтыру Тақырыбы: жетекшінің жоспары бойынша Вариативті компонент: Күннің жарытысында «Кел ойнайық балақай» Тақырыбы: «Бауырсаққа дәрумендер береміз» | Білім беру саласы: «Таным» Жаратылыстану Тақырыбы: «Құстарды бақылау» Білім беру саласы: «Шығармашылық» Музыка Тақырыбы: музыка жетекшісінің жоспары бойынша | Білім беру саласы: «Шығармашылық» Сурет салу Тақырыбы: «Жақсы көретін ойыншықтар» Білім беру саласы: «Коммуникация» Орыс тілі Тақырыбы: жетекшісінің жоспары бойынша Білім беру саласы: «Денсаулық» Дене шынықтыру Тақырыбы: жетекшінің жоспары бойынша |
Серуен | № 7 «Терезедегі өрнектерді бақылау» |
Түскі ас | Ас мәзірін айтып өту. Балалардың назарын тағамға аудару: мәдениетті тамақтануға баулу,қасықты дұрыс ұстау жайлы жеке жұмыс жүргізу; әдеп ережесін сақтау жолдарын қадағалау. |
Ұйқы | Балалардың ұйықтауына жағымды жағдай орнату: ертегі айту |
Біртіндепұйқыданояту, ауа, су шаралары | Сауықтыру жұмысы: Ұйқыдан кейінгі жаттығулар. № 2 |
Бесін ас | Балалардың назарын тағамға аудару: бесін астын пайдасы, бізге тигізетін дәрумендері қандай екенін айта кету. |
Ойындар, дербес әрекет Баланың жеке даму картасына сәйкес жұмыс | «Сәйкесін тап» ойыны \қыстап қалатын құстардың дауыстарын сәйкестеңдір\ Қарға- қарқылдайды Торғай -шиқылдайды..... | Пазл жинау «Қыстайтын құстар» Мақсаты: : Баланың ойлау қабілетін, жалпылама сөздерді дұрыс қолдана отырып,байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту | «Сақина тастамақ» Мақсаты: Балаларды жылдам қозғалуға, шапшаң қимылдауға, зеректікке баулу. | «Ертегі оқу» Мақсаты Балалардын қызығушылықтарын арттыру,рөлге кіріп сахналау | Сюжетті рөльдік ойын «Аурухана» Мақсаты: Рөльдерді ойнау барысында, ол улкен адамның еңбегі екенін айтып, ойларын дамыту. |
Искаков Азимхан Д/о « Суреттерді құрастыр Мақсаты:Ұсақ заттардан бүтін сурет жинап құрастыруға үйрету. | Байтұрсынов Нұрсұлтан Д/о: « Айтшы қандай» - Мақсаты:Сөйлеу қабілеттерін белсендендіру. « Ертегі айтып берші» Мақсаты: Сөздік қорын молайту. | Серик Алан Д/о « Жақсы-жаман» Мақсаты. Жасаған іс-әрекетіне есеп беру. | Байтұрсынов Нұрсұлтан Әңгіме: « Анамызға қалай көмек көрсетеміз» Мақсаты: Балалардың қарым-қатынастық сөздік қорын дамыту | Акбасов Назар Д/о " Дәл осыны тап" Геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту. Әңгіме:« Бұл қай кезде болады?» Балаларға « теңертең,түс,кеш,түн» уақыт мерзімін дұрыс бағдарлауға уйрету. |
Серуенге дайындық | Балалардың киімдерінің оң кигенін қадағалау, үйрету, көрсету. |
Серуен | Бүгінгі ауа райы қандай? Қыс мезгілі жайлы әңгіме. |
Кешкі ас | Балалардың назарын кешкі асқа аудару; тамақ мәзірімен таныстыру; мәдениетті тамақтануға баулу. |
Балалардың үйге қайтуы | Ата –аналармен «Күн шуағы» жобасы туралы әңгімелесу | Табиғат бұрышындағы гүлдің құмын қопсытып, шанын сүрткізу. | Ойын бұрышында өз еркімен ойнау, ойыншықтарды орына қоюын қадағалау | «Ойыншықтарды таза ұстайық» Мақсаты: Балаларды ойнайтын өз ойыншықтарын таза ұқыптап ұстауға, тазалыққа баулу | Ата аналарға жақсы демалуларын тілеп, балаларға өлеңдерін жаттату |