Ұйымдастыру –іздену
| Бәріміз енді тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық Жақсы – жақсы сөздерді, Қонақтарға сыйлайық! Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар? Тәрбиеші: Балалар сендер бір- біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер? Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қандай мезгілі? Тәрбиеші: Күздің қандай айы Тәрбиеші: Балалар күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? Тәрбиеші: Балалар енді «Қай ойыншық жоқ» ойынын ойнап жіберейік. Ойынның тәртібі: Ойыншықтар стол үстінде тұрады, балалар көздерін жұмады. 1,2,3, дегенде көздерін ашып , қай ойыншықтың жоқ екенін тауып айтады. Балалар біз, бүгін «Ғажайып білім әлеміне» саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба? Тәрбиеші: Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір- бірімізді сыйлап , тыңдауымыз керек. Балалар қане енді паровозға мініп, жолға шығайық.
Тәрбиеші: балалар міне, біз 1-ші «Дүкен» орталығына келіппіз. Бізге сатушы мынадай тапсырмалар тапсырыпты: 1-10 ға, дейін тура және кері санау. Геометриялық фигуралардың пішіндерін ажыратып, түстерін ата. Үйшіктің терезелерін тауып жабыңдар.
2-ші «Шығармашылық» орталығы бізге жұмбақтар жасырыпты. Бой жаза алмай, ойнай алмай Денең мұздап тоңады. Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? (Күз) Таңмен көзін ашады Әлемге нұрын шашады. (Күн) Тырс- тырс тамады Сайға қарай ағады. (Жаңбыр) Дидактикалық ойын: «Топтап жина» Мақсаты:Балаларды топтай білуге және оларды санай білуге үйрету. Балаларды екі топқа бөліп суреттерді топтап жинауға үйрету.
3-ші «Бейнелеу» орталығы. Бау- бақша аялдамасы көкөністер мен жемістерді араластырып қойыпты. Жемістер мен көкөністерді бөліп, жапсырайық.
4-ші «Әдебиет» орталығы. Бізге бұл орталық мақалдарды толықтыр депті. Қане кім айтады? Аққуды атпа, досыңды сатпа, Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын. Ағаш тамырымен , адам бауырымен мықты. Білімі жоқ адам, тұзы жоқ тағам. Дидактикалық ойын: «Кім жылдам, дұрыс құрастырады?» Буратиноның кілтін құрастыру. Тәрбиеші : Балалар қараңдаршы біз «Ғажайып білім әлемі» деген жерге келдік балалар. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық. Қорытындылау: Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Сендер саяхатқа қайда бардыңдар? Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір- біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі саяхатымызды аяқтай отырып қонақтар мен қоштасайық. |
Балалар : Жүрек
Балалар: Жылулықты, мейірімділікті, достықты.
Балалар: Күз мезгілі Балалар: Қараша айы
Балалар: Күз мезгілінде күн суытып салқындайды, кейде жаңбыр жауады, жел соғады, жер балшық болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, адамдар жылы киіне бастайды.
Балалар: Күзде өсімдіктер, астықтар піседі, көкөніс пен жеміс жидектер көп болады
Балалар: Иә, көмектесеміз
Балалар: Көпір керек
Балалар жемістерді талға іледі, көкөністерді жерге отырғызады.
|