№ | Тақырыбы | Мақсаты | Түйін ұғымдар | Өзара әрекет тәсілдері | Сағ. |
1 | «Міне, күз де келді» | Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыруды жалғастыру. Жанды және жансыз табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылауды үйрету арқылы зейіндерін дамыту. Заттардың белгісі мен қасиеттерін анықтай білуге жаттықтыру. Табиғатты сүюге баулу. | -Балаларды табиғаттағы өзгерістерді байқауға ынталандыру: табиғатқа(жапырақтар сарғайды, құстар жылы жаққа ұшып кетті), ауа райына (жанбыр жауады,тұман болады,жиі желдер болады) адамдардың киімдеріне(пальто,кеудеше,қолшатыр,етік). | - Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті -Көркем сөз оқу. | 1 |
2 | «Көкөністер» | Көкөністердің бақшада өсетіндігін түсіндіру. Көкөністерді сезім мүшелері (көру, дәм сезу, сипап көру) арқылы пішінін, дәмін, түсін анықтай білуді үйрету. Көкөніс сөзінің мағынасын түсіндіру. Көкөністердің сапасын және қасиеттерін білдіретін сөздерді дұрыс қолдана білуге үйрету. Еңбекқорлыққа баулу. | Қияр,қызанақ,картоп,сәбіз,қызылша,пияз -Көлемі,дәмі,пішіні,түсі -Шағын әңгіме құрастыру -Жерде өседі,жердің астында өседі. | - Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті -Көркем сөз оқу -Дәмін алу, сипап сезу. | 1 |
3 | «Жемістер» | Жемістер туралы білімдерін естеріне түсіріп, жемістер бақта өсетіндіктер ұғындыру. Күз сайын және бақ деген сөздерге сөздік жұмысын жүргізу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Табиғатқа деген мейірімділікті тәрбиелеу. Жемістердің бірнеше түрлерін білуге таныстыру,балалардың зерттеу дағдыларын тәрбиелеу. | -Алма,алмұрт,өрік,жүзім -Жеміс ағаштары -Көлемі,түсі,дәмі,пішіні -Жемістер туралы шағын әңгіме құрастыру. | - Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті -Көркем сөз оқу -Дәмін алу, сипап сезу. | 1 |
4 | «Күзгі гүл шоғы» | Гүлдердің құрылымын білуге үйрету.Гүлдерді күтуге,аялауға тәрбиелеу. | -Құрылымы (тамыр,сабағы,жапырағы,гүлдер,иісі) -Гүлдерді салыстыру -Барқыт,қошқар гүл -Балаларға түсіндіру гүлдің тамыры мен сабағының маңызы. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті -Әңгімелеу -Жұмбақтар -Еңбек әрекеттері. | 1 |
5 | «Балабақшаның қасында өсетін ағаштар» | Ағаштарды тануға, ағаштардың жапырақтарын, бұтақтарын ажыратып айтуға үйрету. Балаларды қоршаған әлемге жылы сезімдерге тәрбиелеу. | -Қайын,терек,қарағай -Тамыры,сабағы,бұтағы,жапырағын атауға және ажыратуға,не үшін керек және қажет. -Күзгі көріністі сипаттаужапырақтар сары, қызыл жерге түседі). | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті -Әңгімелеу -Жұмбақтар -Еңбек әрекетті -Қимылды ойындар -Тәжірибе өткізу. | 1 |
6 | «Табиғи оркестр» | Табиғат дыбысын, яғни судың сылдырын, желдің, жаңбырдың дыбысын және жан-жануарлардың дауыстарын ести білуді үйрету. 2.Табиғат құбылыстарының болу себептері туралы түсінгендерін қорытындылай білу біліктерін дамыту.Табиғатта өз-өзін ұстау мәдениеті дағдыларын қалыптастыру. 3.Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру және оған қамқор болуға баулу. | - Әртүрлі дыбыстарды естіп оларды ажырата білу. -Қандай табиғат құбылыстары болатыны жайлы айту. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті -Әңгімелеу -Тақпақ -Еңбек әрекетті -Қимылды ойындар -Тәжірибе өткізу. | 1 |
7 | «Менің балабақшам» | Топ бөлмесі мен балабақша ауласын еркін бағдарлай білу дағдыларын жетілдіру. Балабақша ғимаратымен өз тобын қарау (тану), Медициналық кабинетке, музыка залына, асханаға, көрші топқа серуен жасау. Балабақшаға деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру. | -Балабақшадағы топпен, музыкалық зал, спорттық залдармен таныстыру. -балабақшаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу -Тақпақ - Еңбек әрекетті -Қимылды ойындар | 1 |
8 | «Жау-жау жаңбыр» | Табиғат құбылысы жаңбыр және оның маңызын түсіндіру. Балаларды тыңдаған мәтіндері бойынша әрекет етуге баулу және осы арқылы олардың коммуникатвтік дағдылары мен қиялдарын дамыту. | - Қарапайым сөйлем құратуға үйрету: жаңбыр жауды, жерде көлшік бар. - Жаңбыр жауғанда қуануға, тамашалауға үйрету - Сусыз өмір сүруге болмайтынын түсіндіру. -Күзгі жанбырдың ерекшелігін аңықтау. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті -Әңгімелеу -Тәжірибе өткізу. | 1 |
9 | «Әжем үйінде қонақта» | Балалардың үй құстары туралы білімдерін кеңейту.Құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу. | - Үй құстарымен таныстыру, адамға жұмыртқа мен жүнін беретінін, пайдасы көп екенін айту. -Сыртқы түрлерінің ерекшелігін ажырату -Үй құстары алғашқы білімдерін түсіндіру(құс қорада тұрады,адамдар оларды күтеді). | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті -Әңгімелеу | 1 |
10 | «Біздің топтың ойыншықтары» | Қоршаған орта заттары, олардың сапалары мен қасиеттері туралы түсініктерін жүйелеу және толықтыру. Бірнеше сенсорлық белгілеріне қарап заттарды топтастыра білуді, айналасындағы заттарды ажырата және ортақ қасиеттері бар ойыншықтарды топтастырып, оларды сипаттай білу дағдыларын игерту. Ойыншықтарды күтіп ұстауға баулу. | - Қоршаған орта заттары, олардың сапалары мен қасиеттері туралы түсініктерін толықтыру. -Бірнеше сенсорлық белгілеріне қарап заттарды топтастыра білуді, айналасындағы заттарды ажырата және ортақ қасиеттері бар ойыншықтарды топтастырып, оларды сипаттай білу дағдыларын игерту. -Ойыншықтарды күтіп ұстауға баулу. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті -Әнгімелеу -Тақпақ жаттау -Тәжірибе өткізу -Жұмбақ жасыру. | 1 |
11 | «Жабайы жануарлар қыстауға қалай дайындалады?» | Өлі және тірі табиғаттың байланыстылығын қарауға, және жануарлар өміріне қандай зиян келтіретіні туралы айту (қасқыр, аю, қоян, түлкі). | -Жабайы жануарлардың орманда қалай өмір сүретінін түсіндіру. -Жануарлардың қалай қысқа дайындалатынын балаларға түсіндіру. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті -Әңгімелеу -Тәжірибе өткізу -Жұмбақ жасыру. | 1 |
12 | «Құртақанды киіндіреміз» | Төрт жыл мезгілінде ауа райы әртүрлі болатындығын түсіндіру. Маусымдық өзгеірстердің адамдардың киім кию үлгісіне әсерін тигізетіндігін түсіндіру. Әр мезгілге байланысты киіну керектігін түсіндіре отырып, эстетикалық талғамдарын ояту. | - Төрт жыл мезгілінде ауа райы әртүрлі болатындығын үйрету. - Маусымдық өзгерістердің адамдардың киім кию үлгісіне әсерін тигізетіндігін түсіндіру. ----Әр мезгілге байланысты киіну . | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті -Әңгімелеу -Тақпақ жаттау -Жұмбақ жасыру. | 1 |
13 | «Алақай, қыс келді!» | Қыста қандай өзгерістер болатынын балаларға түсіндіру және адамдардың ауа райына байланысты қалай киіну керек екені туралы айту.Қоршаған ортаға қызығушылықтарын арттыру. Өз ой − пікірлерін айтып, қуанышымен бөлісуге үйрету. | -Тірі мен өлі табиғаттың арасындағы байланысын табу. -Қардың қасиетімен таныстыру. -Қыс мезгіліндегі ауа-райын бақылау (қар жауады, боран соғады, су қатады, мұз болады). | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті -Әңгімелеу -Тақпақ жаттау -Тәжірибе өткізу -Жұмбақ жасыру. | 1 |
14 | «Қыстайтын құстар қайда тұрады?» | Қыстайтын құстар туралы ойлау қабілеттерін дамыту. Құстарды айыруға үйрету.Қыстайтын құстарды күтуге тәрбиелеу. | -Көгершін, торғай, шымшық және қарға. -Құстардың сыртқы келбеті. -Қардағы іздерін салу. -Қыстағы құстардың өмірі: тамақ беру, жемсалғыш жасау, оларды күнделікті күту. | - Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті -Әңгімелеу -Тақпақ жаттау -Тәжірибе өткізу -Жұмбақ жасыру. | 1 |
15 | «Көліктер» | Жүк көлігі және оның маңызы туралы ұғым қалыптастыру,көліктердің жеке бөліктерімен таныстыру. Тәрбиелеушілік міндеттері:Әр көліктің пайдасын айта отырып ,еңбекқорлыққа баулы. | -Көліктермен таныстыру; -Әр көліктің пайдасын айту. | -Бақылау - Әңгімелеу Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу - Жұмбақ жасыру. | 1 |
16 | «Түрлі түсті мұздар» | Судың қасиеттерімен (сұйық және қатты күйімен) таныстыру.Түсті суды қалай түсті мұзға айналдыруға болатынын көрсету. | -Су құйылған стакан, қызыл, көк, сары бояулар, әртүрлі пішінді ыдыстар. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу - Тақпақ жаттау -Тәжірибе өткізу - Жұмбақ жасыру. | 1 |
17 | «Аюдың қарағайлы орманында» | Қарағайлы орманда өсетін жидек түрлерімен таныстыру. Орманда өсетін ағаш түрлерімен таныстыру. Табиғатты сүюге баулу. | - қарағайлы орманда өсетін жидек түрлерін атау; - табиғат аясында өздерін қалай ұстау керектігі туралы білу; -орманда тіршілік ететін жануарлармен өсетін өсімдіктер туралы сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу - Тақпақ жаттау -Тәжірибе өткізу - Жұмбақ жасыру. | 1 |
18 | «Тиінге арналған жиһаз» | Жиһаздар туралы алған білімдерін толықтыру.Дидактикалық ойын ойнату арқылы зейіндерін, логикалық ойлауларын дамыту.Тұрмыстық заттарды ұқыпты ұстауға баулу. | - Балаларды тиінмен, сыртқы келбетімен, қимылымен, немен қоректенетінін таныстыру. - Жаңғақ, жидек, саңырауқұлақ. -Жабайы аңдар тіршілігіне қызығушылықтарын ояту. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу - Тақпақ жаттау -Тәжірибе өткізу - Жұмбақ жасыру. | 1 |
19 | «Су патшалығы-алтын балық» | Балықтың екі-үш түрін тануға және атауға үйрету. Оларды салыстыруға, ұқсастығын табуға дағдыландыру. Балықтарды күтуге және қамқоршы болуға тәрбиелеу. | Аквариумдағы балықтар туралы балаларға мәлімет беру, бақылауға үйрету. Өз ойларын, не бақылады, не көргені туралы айтуға үйрету. -Балаларға қалай балықтарды күтуге, қарауға үйрету дағдысын дамыту. -Тірі ағзаларға дұрыс қарауға тәрбиелеу. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу - Тақпақ жаттау -Тәжірибе өткізу - Жұмбақ жасыру. | 1 |
20 | «Үй жануарлары» | Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Олардың күту жолдарын түсіндіру. Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу. | -Жылқы, сиыр, қой, түйе, ешкі. -Сыртқы келбеті және оның мінез-құлқы. -Адамдардың жануарларға қамқорлық жасауын түсіндіру. -Адамға беретін пайдасы туралы білімдерін кеңейту. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу - Тақпақ жаттау - Жұмбақ жасыру. | 1 |
21 | «Дымбілмеске көмектесейік» | Бөлме өсімдіктері жайлы білімдерін кеңейту. Өсімдіктерге күтім жасауға тәрбиелеу. Бөлме өсімдіктерінің/ фикус,қазоты, қынагүл/ танып, атай білу іскерлігін дамыту.Өсімдіктердің сыртқы ортаға бейімделуі, олардың жапырақтары, көшеті, сабағы арқылы көбеюіне, жарыққа қарай жылжи алатыны, өрмелейтіні, бұрылатыны туралы түсіндіру.Бөлме өсімдіктерін күтіп баптауға, суаруға, көшетін отырғызу ережелерімен таныстыру, жақсы өсуі үшін ауа, су, жарық қажет екенін түсіндіру, зерттеу жасау. | -Бөлме өсімдіктерді салыстыру(фикус және бегония) -Күту жолдары ( бүрку,баптау,суару) -Бөлме өсімдіктердің өсуі үшін не қажет ? (жарық,жылу,күтім). | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу -Тәжірибе өткізу | 1 |
22 | «Табиғат бұрышындағы гүлдерді бақылау» | Гүлдерді ұалай күтуін үйрету (мысалы: үлкен жапырақтарын сүртуге, суаруға үйрету). Табиғат бұрышын күтуге өсімдіктерді қорғауға қызығушылықтарын дамыту. Балаларға табиғатқа байланысты суреттерді көрсету. | -Гүлдерді қалай күтуін балаларға үйрету (мысалы: үлкен жапырақтарын сүртуге, суаруға үйрету). -Бегония және фикус | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу - Тақпақ жаттау -Тәжірибе өткізу - Жұмбақ жасыру. | 1 |
23 | «Ауамен таныстыру» | Балаларға ауа туралы түсінік беру. Ауа бізге қажет. Ауа − жердегі тірі жандардың бүкіл өмірдегі жаны. Танымдық әрекетіне қызығушылығын қалыптастыру. | -Ауаның қасиетімен таныстыру. -Түссіз, жеңіл, иіссіз. -Ауаның адам өміріндегі рөлі. -Ауаны қай жерде көруге болады. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу -Тәжірибе өткізу | 1 |
24 | «Біз пияз отырғызамыз» | Балаларға жаңа өсімдікті тұқым сеуіп өсіруге болатындығын түсіндіру. Пияз отырғызу технологиясымен таныстыру. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу. | -Күтім жасау жолдары (жарық, жылу, су). -Пиязға сипаттама беру: дөңгелек, тегіс, сары, дәмі, пайдасы. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу -Тәжірибе өткізу - Жұмбақ жасыру. | 1 |
25 | «Көктем келе жатыр!» | Көктемдегі ауа райының өзгеруін балаларға түсіндіру. Балаларды табиғаттағы өзгерістерді бақылауға үйрету және ауызша айтуын бақылау. Қоршаған ортаға байланысты жылы сезімдерін, қызығушылықтарын тәрбиелеу. | -Адамдар қалай киіне бастады, ауа райын, табиғат құбылыстарында өзгерістер туралы мәлімет беру. -Құстардың келуі, қардың еруі, күннің жылуы, ағаштардың бүршік жаруы. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу - Тақпақ жаттау - Жұмбақ жасыру. | 1 |
26 | «Нан үстелге қалай келді?» | Нан өмірдің негізі екеніне түсініктерін кеңейту.Жердің қамқорлықты қажет ететінін түсіндіру. Диханшылардың еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.Нанның үстелге келу жолын түсіндіру. | - Нан өмірдің негізі. - Нанның үстелге келу жолын түсіндіру. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу - Тақпақ жаттау - Жұмбақ жасыру. | 1 |
27 | «Көктемде құстар не туралы шырқайды?» | Жыл құстары туралы білімдерін кеңейту. Тірі табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту және құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу. | -Құстар өмірі туралы мәлімет беру (немен қоректенеді, айырмашылығы, жылы жаққа ұшып кеткен құстар қайтып келеді) -Тірі және тірі емес табиғаттың айырмашылығы -Құстардың тіршілігі. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу - Тақпақ жаттау - Жұмбақ жасыру. | 1 |
28 | «Қонақты қарсы аламыз» | Өзін өзін ұстау дағдыларын қалыптастыру,ізеттілік дағдылары(сәлемдесу,қоштасу, көмек қабылдап,оған алғысын білдіру,өз көмегін ұсыну)мен қарапайым мәдени ережелерді сақ тауға үйрету,үстел әзірлеу,ыдыс аяқтарды дайындау. | -Өзін өзін ұстау дағдыларын қалыптастыру, -ізеттілік дағдылары(сәлемдесу,қоштасу, көмек қабылдап,оған алғысын білдіру,өз көмегін ұсыну) -қарапайым мәдени ережелерді сақ тауға үйрету,үстел әзірлеу,ыдыс аяқтарды дайындау. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу - Тақпақ жаттау - Жұмбақ жасыру. | 1 |
29 | «Бидай себу» | Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға, өсімдіктерге күтім жасауға тәрбиелеу. Өсімдіктерге қамқорлық жасау, дағдыларын қалыптастыру. Өсімдіктерді үлкендермен бірлесіп күтім жасауға үйрету. Еңбектенуге қызығушылықтарын арттыру. | -Өсімдіктерді жұлмау, су, ауа, жылу, жарық -Бидайды отырғызу әдісі мен тәсілін көрсету. -Күту жолдарын түсіндіру. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу - Тақпақ жаттау - Жұмбақ жасыру. | 1 |
30 | «Сумен таныстыру» | Су түрімен таныстыру Өсімдіктерге, жануарларға, адамдарға судың қандай пайдасы бар екендігін балаларға түсіндіру. Балаларды судың бір түрімен таныстыру − судың мұзға айналуын немесе мұздың суға айналуын (серуенге барғанда суды алып шығу, содан кейін жылыға мұзды кіргізу). Балалардың ойлау қабілеттерін әр түрлі элементтер арқылы одан әрі дамыту. | -Ағады, жылтылдайды, сылдырлайды, лай және таза су. -Судың түрлері: бу, қатты және сұйық. -Судың қасиеті: мөлдір, иіссіз, түссіз. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу - Тақпақ жаттау - Жұмбақ жасыру. | 1 |
31 | «Ойыншық неден жасалған» | Балаларға ойыншықтардың неден жасалатыны жайында түсінік беру,қандай материалдардың адамның демалуына зиян келтіретіні жайын да айту,ойыншықтарды ұқыпты,таза ұстауға,сындырмауға үйрету. | -Ойыншықтар неден жасалғанымен танысу. -Оларды бір-бірінен ажырату. -Ойыншықтарды бір-бірімен салыстыру. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу - Тақпақ жаттау - Жұмбақ жасыру. | 1 |
32 | «Күн сәулесі және біз» | Күн сәулесінен жылы және жарық, адамның денсаулығы күн сәулесіне байланысты екенін түсіндіру. Күн сәулесі ережесімен таныстыру. Балалардың ойлау қабілетін дамыту. | -Күнге сипаттама беру: сары, дөңгелек, жарық, жылу береді. -Күн сәулесінің қасиеті: қоршаған ортаға жылулығын таратады. -Жыл мезгіліндегі өзгерістерді анықтау. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу - Тақпақ жаттау -Тәжірибе өткізу - Жұмбақ жасыру. | 1 |
33 | «Жасыл шөп» | Шөп туралы балалардың білімдерін кеңейту. Балалардың экологиялық сезімдерін ояту. | -Көктемгі шөптер: жасыл, нәзік, жұмсақ, жеңіл. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу - Тақпақ жаттау - Жұмбақ жасыру. | 1 |
34 | «Құммен сазбалшық» | Құм және сазбалшық құрғақ, дымқыл құмның қасиетімен таныстыру. Құмға деген қызығушылықтарын ояту. | - Құм және құрғақ, дымқыл құмның қасиетімен таныстыру. - Құрғақ құм сусымалы, дымқыл құмнан қалаулар тұрғызып ойнауға болатынын түсіндіру. | -Бақылау - Әңгімелеу Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу -Тәжірибе өткізу | 1 |
35 | «Гүлдер, гулдер, әсем гүлдер» | Шалғын гүлдері және гүлзарда өсетін гүлдер туралы түсіндіру. Гүлдерді бостан – босқа жұлуға болмайтындығын айтып,экологиялық түсініктерін дамыту. Табиғатты сүюге баулу. | -Гүлдердің түрлерімен таныстыру. -Гүлдердің құрылымын анықтау: жапырағы, сабағы, гүлі. -Ерекшелігі: сары, дөңгелек, қызыл, хош иісті, сопақ. | -Бақылау - Әңгімелеу Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу -Тәжірибе өткізу | 1 |
36 | «Бағдаршам әмірі» | Жолда жүру ережелеріне сәйкес Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту (көше, бұрылыстар). Балаларды зейінділікке, ептілікке тәрбиелеу. | -Жол жүру ережесімен таныстыру. -Бағдаршамның қызметімен танысу. | -Бақылау - Әңгімелеу -Дидактикалық ойын -Сергіту сәті - Әңгімелеу -Тәжірибе өткізу | 1 |
| Барлығы: | | | | 36 |