Просмотр содержимого документа
«Қазіргі кезде балабақшада оқыту»
«Қазіргі кезде балабақшада оқыту мен тәрбие берудің өзекті мәселелері»
Тәрбиені неден бастау керек?
Баланың бақытты өмір сүру ортасы-бұл отбасы.Отбасының басты қызығы,алтын тіреу деңгегі-бала.Ал бала үшін ең жетілген,білімді де,мәртебелі адам оның ата-анасы.Бала әкеден ақыл,анасынан мейірім алады. Ата-ана баласымен пікірлескенде мейірімді жылы,ақылды сөздер айтып өнеге білсе,тәрбие де табыска жетеді,өйткені жақсы сөз жан семіртеді.Баланы әр уақытта шындыққа үйретіп, шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көз қараспен қарауға жағдай туғызса,балада күнделікті өмірге әдетпен қарайды. Қандай жағдай болсада ұрпағын жауын мен жел өтінен,жаман әдеттен қорғап,өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру,ана уызбен бірге ұлттық дәстүр қайнарын қондырып өсіру әке мен ананың ұлы борышы.Бала тәрбесінде отбасы осы себепті басты орында тұрады.«Ел боламын десең,бесігіңді түзе»-деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс,тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп,құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып өскен баланың болашағы қашанда жарқын болары сөзсіз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев болашақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бере қарап,олардың ертеңінен үлкен үміт артып отыр. Бүгінгі күнде білім беретін, тәрбиелейтін – жаңа қоғам , яғни болашақ балабақша. Халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін балабақша болуға тиіс. Елге танымал аты шулы ғұламалардың бірі Әл-Фараби былай деген екен: «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген бағдарлы ойын тек қана ескеріп қана қоймай, педагогиканың діңгегіне, балабақша жұмысының тірегіне айналдыру баршамыздың міндетімізге айналуы тиіс. Менің ойымша білім беруді тәрбиеге негіздеудің екі қанаты бар. Олар білімді ұлттық құндылықтар мен өркениетке негіздеу. Баланың өз күш-жігерін пайдалануға баулу. Бұл екеуі құстың қос қанатындай, бірінсіз бірі баланы самғау биікке көтере алмайды.Елбасының балабақша жайында тілге тиек ету,мектепке дейінгі тәрбие саласындағы күні бүгінге дейін қордаланып қалған өзекті мәселенің оң шешімін табуға жол ашты. Еліміздің айқын мақсаттарының бірі бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан-жақты жетілдіріп,парасатты азамат етіп тәрбиелеу.Осы мақсатты жүзеге асыруда еңбек етеміз.