А.Б.Сарсенгалиева, Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық колледжінің бірінші санатты оқытушысы.
Б.З.Киякбаева, «Болашақ» бөбекжайы меңгерушісі
Бұл жинақта мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 3-6 жастағы балаларға арналған өлкетану жұмысын ұйымдастыру бойынша материалдар берілген.
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................46
І. Аналитикалық бөлімі
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Бөбекжайдағы тәрбие- барлық тәрбиенің бастамасы. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға сапалы білім мен тәрбие беру мақсатында жоспарға сай ұцымдастырылған оқу қызметтері, ертеңгіліктер, ойын-сауықтар, жоба үйірме жұмыстары, ата-аналар жиналысы, ертеңгілік жаттығулар сияқты әр түрлі іс-шаралар жүргізіледі.
Ал мектеп жасына дейінгі балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда вариативтік компонент сағаттары мен үйірме жұмыстарының маңызы зор.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру ҚР МЖМБС 1,001,2012 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» стандартына қосымша 2016 жылғы 13 мамырындағы №292 қауылысымен бекітілген ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көрсетілген 1 жастан «5(6) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға арналған оқу жоспарында арнайы вариативтік компонент бойынша сағат сандары бөлінген. Вариативтік компонент бойынша жүргізілетін жұмыстар: Ұйымдастырылған оқу қызметінің аясынан тыс мектепке дейінгі ұйымдардың тақырыптық бағыты бойынша жұмыс,эксперимент жұмысы, педагогтердің шығармашылық жұмыстары,дарынды балалармен жұмыс, ұйымдастырылған оқу қызметтерінен тыс балалардың қызығушылығы бойынша патриоттық тәрбиеге үйрету деп анық көрсетілген.
Мектепке дейінгі ұйымдарда вариативтік компонент сағаттарын жүргізу 3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға арналып, мақсаттарға сәйкес, жылдық міндеттерімен, қажетті материалдық-техникалық жағдайлар және кадрлік қамтамасыз етіліп құралады.
Вариативтік компонент сағаттарын екінші кіші тобы мен ортаңғы топ балаларымен жұмыс жасайтын мамандар, тәрбиешілер ұйымдастырады және өткізеді.
Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»-дейді.
Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды «өлкетану» арқылы бекітетін болсақ, тәрбиеленушінің тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Қазақстанның бөбекжайларында «өлкетану» пәнін енгізіп оқыту – Отан тарихын өлке тарихы арқылы тануға негіз қалар еді. Мектепте өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан өлкетану бойынша жеке курстарда оқыту керек.
Қазақстанның барлық өңірлерінің өлке тарихы жазылған дайын оқу әдебиетітерінің жоқ екенін ескере отырып, «Өлкетану» жобасы балалардың өзіндік ғылыми негізді ізденістері мен шығармашылығына негізделуі қажет.
Өлкетану вариативтік компоненті арқылы бөбекжайда мұражайлар ұйымдастыруға да болады.
Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету балаларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.
Коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Әдістемелік материалдардың өзектілігі уақыт қажеттілігі мен қоғамның әлеуметтік тапсырысна туындап отыр.Өлкетану вариативтік компонентінің жұмысы балалардың коммуникативтік дамыуындағы тиімді құралы болып табылады. Яғни мектепке дейінгі балалардың мектепке
бейімделуіне байланысты,мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік құзыреттілік негіздерін қалыптастыру мүмкін емес.
Көптеген мәні тәрбиелеу үшін балалардың қызығушылығы мен туған өлкеге деген бар жақын ортасы. Баланың туған өлкеге деген қызығушылығы мен қоршаған ортасына көп мән беріліп отыру керек.Бірте-бірте бала бөбекжаймен,өз отбасымен, өз көшесі,ауданымен , содан елі,оның астанасы және рәміздерімен.
Туған өлке.Басты бағдарламаның мақсаты балаларға өзінің туған өлкесінің тарихымен, салт-дәстүрлерімен, көрнекті орындарымен, ескерткіштерімен таныстыра отырып, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке,отаншылдыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу керек.
«Біздің өлкеміз Шыңғырлау» жұмысының жоспары туралы түсінік хат
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 391 «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарға ұйымдастырылған оқу қызметінің аясынан тыс ұйым тақырыптық бағыты мен балалардың қызығушылығы бойынша, вариативтік компонентке өлкетану жоба жұмыстары оқу жүктемесіне енгізіліп, оқу жоспары құрылды. Бөбекжайда өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды оқу іс-қызметтерінде пайдалану өте маңызды. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан өлкетану бойынша жеке оқу вариатив компонент сағаттарында оқыту керек.
Қазақстанның барлық өңірлерінің өлке тарихы жазылған дайын оқу әдебиетітерінің жоқ екенін ескере отырып, «Өлкетану» жобасы балалардың өзіндік ғылыми негізді ізденістері мен шығармашылығына негізделуі қажет.
Өлкетану вариативтік компоненті арқылы бөбекжайда мұражайлар ұйымдастыруға да болады.Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету балаларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.
«Тұлпар Ортаңғы тобында 4-5 жастағы балалар тәрбиеленеді. Вариативтік компонент сағатына өлкеміздің тарихын тереңірек меңгерту үшін, аптасына 1 сағат «Біздің өлкеміз Шыңғырлау» тақырыбындағы жұмысқа берілді.
Мақсаты: Баланың туған өлкеге деген қызығушылығы мен қоршаған ортасына көп мән беріліп отыру керек.Бірте-бірте бала бөбекжаймен,өз отбасымен, өз көшесі, ауданымен астанасы содан елі және рәміздерімен таныстыру.
Міндеті:
Тәрбиеленушілерді қоршаған ортамен таныстыру.Ауданымыздың естелік орындарына барып, балаларға бүгінгі туған жер туралы көп білуге мүмкіндік беру.
Балаларды белгілі бір тарихи оқиғалармен таныстырып,олардың қарым-қатынасын нығайту.Баланың толыққанды дамуы үшін өлкетану жұмыстарына қолайлы орта жасау.
Осы мақсатта «Өлкетану» вариативтік компоненті бойынша бөбекжай бүлдіршіндеріне арналған вариативтік компонент бағдарлама ауыл тарихына арналып жасалды. Бағдарлама оқу процесінде « Тұлпар» ортаңғы тобында , аптасына 1 сағаттан, жалпы оқу бағдарламасы 36 сағатқа арналған.
Апталық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі 1,0 сағат. Жылдық ұйымдастырылатын вариативтік компонент жоспарының жалпы көлемі -36 сағат. Ұйымдастырылған вариативтік компонент жоспарының ұзақтығы- 15-20 минутты құрайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Мектепке дейінгі жастағы балалар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.
Қандай түсініктерді игереді:Мектепке дейінгі жастағы балаларқоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды.Отанымыздың тарихына жаңа беттер қосылады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады.
Қыркүйек айы
№
Тақырыбы
Мақсаты
Сағат саны
1
«Менің сүйікті отбасым»
Өз отбасының құрамын туралы әңгіме жүргізу
1
2
«Біздің бөбекжай және оның ауласы»
Өздерінің тәрбиеленіп жатқан бөбекжайы туралы түсінік. Оның ауласына саяхат жасау.
1
3
«Мен тұратын көше»
Өз мекенжайы мен тұрғылықты ауылының атын
1
4
«Менің көшем,кездейсоқ оқиғалар әлемі»
Көшеде жүру. Көшеден өту ережесі, жол белгілері, қоғамдық көлік туралы білімдерін бекіту.
1
Қазан айы
5
«Тарихқа тұнған туған өлкем»
Туған жерін ,елін сүюге ,халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Туған жер тарихын зерттеуге қызығушылықтарын ояту.Туған жеріміздің тарихы туралы түсінік беру.
1
6
«Туған өлкедегі күз»
Балаларды күз мезгіліне тән белгілерді тауып, нақтылауға үйрету, күз мезгіліндегі өсімдіктер және жануарлар өміріндегі өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту.
1
7
Табиғат дегеніміз не?
Табиғат және адам жасаған нысандарды ажырата білуге , қоршаған ортаның эстетикалық және тәжірибелік құндылығын көрсету.
1
8
Табиғаттағы қауіпсіздік ережелері
Табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету. Отпен ойнамау, өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді теріп жемеудің қажеттілігін түсіндіру.Табиғат аясында өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру.
1
Қараша айы
9
«Туған өлке табиғаты»
Балаларға туған өлкелері туралы, оның табиғаты туралы түсініңтер беру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
1
10
Орман бұл аңдар мен құстардың мекені.
Орманды күрделі организм және өсімдіктер мен жануарлар мекені ретінде түсінік беру
11
«Нан кондитерлік цехіне саяхат»
Балаларды нанды құрметтеуге үйрету.
1
12
«Поштаға саяхат»
Балалардың пошта, хат тасушының жұмысы туралы білімдерін бекіту. Балаларға поштамен тек хат қана емес сонымен қатар сәлемдемелер, бандерольдар жіберуге болатынын айтып түсіндіру.
1
Желтоқсан айы
1
13
«Туған жерім тамаша»
Туған жердің тамаша, көркем жерлерін атап кқрсету. Слайдпен көрсету. Эстетикалық тәрбие беру.
1
14
«Тәуелсіздік тұғырым»
Балаларға тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Қазақстан тәуелсіз мемлекет құрғанын түсіндіру. Отанын сүюге тәрбиелеу.
15
«Шежіреге толы туған өлке»
Туған өлкенің көркеюіне, гүлденуіне адамдардың зор еңбегі тцуралы әңгімелеу. Туған өлкенің тарихымен таныстыру.
1
16
«Табиғат және мен»
Табиғат сұлулығын бейнелеу. Табиғат пен адам арасы тығыз байланыста екенін түсіндіру.
1
Қаңтар айы
17
«Туған өлкем қандай көркем»
Балаларға өз ауылдары туралы әңгімелеу. Балаларға туған өлке туралы түсінік беру, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, мейірімділікке тәрбиелеу.
1
18
«Туған жер алтын бесік»
Туған жерлерін аялауға, сүюге тәрбиелеу. Табиғатты қорғауға үйрету.
Қыс мезгіліндегі қызықтарды тамашалау.эксперимент жұмысын жасау. Қардың және мұздың қасиетін түсіндіру. Сырғанақ ьтебу. Шанамен ойын ойнату.
1
Ақпан айы
21
Туған өлкем мақтанышым менің
Туған өлкенің кең байтақ жерлерімен таныстыру. Елін,жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
1
22
«Ел дәулеті өзімізді»
Балалардың ойларын дамыту, тілдерін арттыру. Еліміздің байлығы туралы түсініктер беру. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
1
23
Шыңғырлаумыздың картографиясы
Балаларды кеңістікті бағдарлау арқылы өлкеміздің картасымен таныстыру.
1
24
«Шыңғырлау өлкесінің жеті кереметі»
Шыңғырлаудын жеті кереметімен таныстыру. Слайд көрсету. Туған жерді құрметтеуге тәрбиелеу.
1
Наурыз айы
25
«Сарқырама»
Сарқырама туралы түсінік беру. Сурет бойынша әңгіме . тілдерін дамыту.
1
26
«Торыатбас» тауы
Торыатбас тауының кереметін көрсету. Табиғатты сүйуге тәрбиелеу.
1
27
«Біздің Шоқайтерек»
Балаларға Шоқайтеректің бейнесін көрсету. Ағаштар туралы мақлұмат беру. Өсімдіктерді аялап күтуге тәрбиелеу.
1
28
«Елекшар»
Елек өзені туралы түсінік беру. Таныстыру. Өзен көлдер жайлы әңгімелеу.
1
Сәуір айы
29
«Қыземшек» тауы
Балаларды қыземшек тауымен таныстыру. Слайд арқылы көрсету. Мағынасын түсіндіру. Әсемдікке тәрбиелеу.
1
30
«Өлкеміздің гүлдері»
Балаларды гүлдердің түрлерімен таныстыру. Туған жерде өсетін гүлдер атауын білуге үйрету.Әсемдікке тәрбиелеу.
1
31
«Құстар біздің досымыз»
Балаларға өлкеміздің құстары жайлы түсінік беру. Жақсылыққа үйрету. Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
1
32
«Кімнің мекені жақсы?»
Әр адамның өз туған жері ыстық екенін түсіндіру. Туған жері мен мекені деген ұғымдарды түсіндіру.
1
Мамыр айы
33
«Сурет бойынша әңгіме»
Балаларға сурет бойынша әңгіме жүргізу.Табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу.
1
34
Қазақстан туған өлкем
Балаларға Қазақстан мемлекеті туралы әңгімелеу. Терең түсініктер беру. Отанын сүюге тәрбиелеу.
1
35
«Жері байдың- елі бай»
Қазақстанның жер байлығы туралы әңгіме. Байлықтың бәрі жерде екенін айту.
1
36
«Қазақстан ортақ үйіміз»
Қазақстан Республикасы туралы әңгіме .Мақал мәтел жаттату. Тілдерін дамыту.
1
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Мен тұратын көше»
Мақсаты: Құрылыс материалдарынан құрылыстар салуға үйрету. Жақсы сапаға жетуге талпындыру ( дұрыс жоспарлай алу, түстерді сәйкестендіре орналастыру) бастаған істі аяқтауға дағдыландыру. Туған ауыл, қалаға, көшеге ыстық ықыласпен қарауға баулу
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: топты ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындау.
Көрнекілігі: құрылыс материалдары,суреттер,ағаштар,машиналар
Билингвалды компонент: көше-улица- street жол-дорога- road ағаш-дерево-treee Үй-дом- home машина-машина-car
Іс әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығу-
шылығын
• Қажетті оқу құралдарын даярлау. • Қажетті үлгі суретті тақтаға дайындау Сұрақ: сендер не көріп отырсыңдар? - мына әдемі үйлерді кімдер салады екен? - Ал балалар сендер мен жұмбақ жасырамын, жауабын тауып көріңдер. Ұзын - ұзын, ұзын жіп Ұзына шыққан жан бар ма? Ақырын басқан жан бар ма? Ұшына шықпас жалғанда. (Жол) Күзде киімін тастайды, Көктемде киіне бастайды. (Ағаш)
Үйлерді
Жақсы.
Жол
Ағаш
Көшенің сәні ағаш екенін айтып, ағаштың пайдасы туралы әңгімелеу. Арқасында ауыл жүр, Ала тайым шауып жүр (автобус).
Құрылысшы – кім ол. Оны басқаша қалай тауға болады? Құрылысшылар білімді, еңбекқор болса, не жақсы болады? Ал егер құрылысшы білімсіз, жалқау болса, не жаман болады? (құрылыс қисық, көріксіз, тегіс емес) Бүгін сендер құрылысшы болып, өз қаламызға жаңа көше тұрғызасыңдар. Үлгі суретке қараңдар. Әліппе дәптермен жұмыс. Сергіту сәті: Топ - топ етіп басамыз, Жалаудан күн жасаймыз. Жаса - жаса жарқын күн, Жаса - жаса алтын күн.
Жауабы Автобус
қисық, көріксіз
Топ - топ етіп басамыз, Жалаудан күн жасаймыз. Жаса - жаса жарқын күн, Жаса - жаса алтын күн.
Іс-әрекетті бағалау кезеңі
Балалардың өздік жұмыстары. (үлгіге қарап құрастыру) Қорытынды: - Сонымен балалар сендер бүгін нені құрастырдыңдар, не жасадыңдар? - Зәулім үйлерді кімдер жасайды? Мадақтау, бағалау.
Зәулім үйлерді құрастырдық.
Құрылысшылар.
Біледі: Құрылыс материалдарынан құрылыстар салуды
Игереді:Жақсы сапаға жетуге талпындыру ( дұрыс жоспарлай алу, түстерді сәйкестендіре орналастыру) бастаған істі аяқтауға дағдыландыру. Меңгереді:Туған ауыл, қалаға, көшеге ыстық ықыласпен қарауға баулу
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Менің көшем,кездейсоқ оқиғалар әлемі»
Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу, жаттау.
Алдын ала жұмыс: көше туралы сурет дайындау Сөздік жұмысы: жол тәртібі Құрал –көрнекіліктер: хрестоматия, ауыл, қала туралы сурет үлгілері, Билингвалдік компоненттер: көше-улица,бағдаршам-светофор
Іс-әр. кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Бала,бала,баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз
Балалар бүгін біздер кездейсоқ оқиғалар болдырмау тәртібімен танысамыз.Ол үшін мына суретке қараймыз.Суретте не көріп отырсыңдар?
Өлең шумақтарына қосылып қимыл-қозғалыстарын жасайды.
Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба ,ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады.
Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері тіпті мүгедек болып қалуы мүмкін,яғни жүре алмай қалады.Сондықтан да балалар сендер әрқашан да абай болып жүріңдер.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды
Ұйымдастыру,іздестіру
Балалар көшеде түрлі оқиғалар болып тұрады.Үлкен адамдар көшеде кетіп бара жатса,оған сәлем беріп,жолын кеспеу керек.Солай ма,сонда сендерге батасын беріп,рахмет айтады олар.
Ойын:
«Бағдаршам» ойынын ойнату. Шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады, бағдаршам қызыл түсті көтергенде - балалар бір адым артқа жылжиды. Сары түсті көтергенде сол орында тапжылмай тұрады. Жасыл түсті көтергенде бір адым алдыға жылжиды. (ойын 3 рет қайталанады) Балалар, көшеде біз тар жолмен, яғни жиек жолмен жүреміз.
Балалар ойын ойнайды.
Рефлексивті
Түзетушілік
Қорытындылау
Енді бәріміз шеңберге тұрып,бір-бірімізге жақсы тілегімізді айтып, оқу іс әрекетімізді аяқтаймыз.
Әр бала өзінің тілектерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: көше тәртібін білуі тиіс.
Меңгереді:суреттермен жұмыс жасауды
Игереді: туған елін, жерін сүйе білуді.
Тақырыбы: «Шоқайтерек ағашы»
Мақсаты:Балаларға өз туған жерлері туралы түсініктер беру,кеңейту.Шыңғырлау ауданының керемет жерлерімен таныстыру.Өз Отанын,туған жерлерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер,слайд
Билингвалды компоненттер:Отан-Родина- country жер-земля- earth табиғат-природа- nature өзен-река- river сұлу-красивый-beautiful
Іс әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжуді білмейміз
Қуанамын менде
Қуанасын сенде
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжуді білмейміз
Қуанамын менде
Қуанасын сенде
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге деп қайталайды.
Шыңғырлау ауданында көптеген керемет жерлер бар.Өзен сулар,таулар,ағып жатқан сарқырамалар.Солардың бірі Шоқайтерек – тылсым табиғаттың ғажаптығын көрсететін алып бәйтерек. 6 кісінің құшағы азар жететін алып бәйтерек Шоқтыбай тоғайының ішінде орналасқан. Тоғай арасындағы бір биіктікте тұр. Ортасында екі адам еркін сыясыт үңгір бар. Қараған көзге басқа ағаштардың атасындай боп елестейді. Көктеген кезде көлеңкісі мол көрікті ағаш. Айналасында алуан түрлі шөптер өседі. Елек өзені де Шоқайтеректен алыс емес.
Балалар интерактивті тақтадан қарап естеріңізге сақтап алыңыздар. Бұл ауданымыздың жеті кереметінің бірі болып есептеледі.
Өте әдемі екен
Интерактивті тақтаға қарайды.
Иә.
Балаллар бюүгін біз оқу қызметінде немен таныстық?
Иә, дұрыс айтасындар балалар. Шыңғырлау ауданының жеті кереметінің бірі болып табылады.
Шыңғырлау ауданының жеті кереметі Шоқайтерек ағашымен.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Шоқайтерек ағашын.
Меңгереді: Шоқайтерек ағашы туралы түсініктерді.
Игереді:Шыңғырлау ауданының жеті кереметінің бірі екенін
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Тақырыбы: «Табиғаттағы қауіпсіздік ережелері» Мақсаты:Табиғаттағы қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету. Отпен ойнамау, өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс – жидектерді теріп жемеудің қажеттілігін түсіндіру.Балаларды күзгі табиғат ерекшелігін сезінуге үйрету, күз мезгілін басқа мезгілдерден айыра білуге тәрбиелеу. Балаларды табиғатты аялай білуге, орманға барғанда ережелерді сақтауға дағдыландыру,табиғатқа қамқор болуға баулу. Көрнекілігі: Слайд, үнтаспа, видео, сиқырлы жолдар, орман көрінісі
Билингвалды компонент:күз-осень-autumn орман-лес-wood,шөп-трава- herb ағаш-дерево- tree гүл-цветок-flower
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
- Қане балалар, біз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шаттық шеңберіне тұрайық. Балалар мен сендерді «шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір – бірімізбен амандасайық! Шаттық шеңбер: Армысың, Әлем! Армысың, Жарық аспан! Армысың, менің достарым!
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Армысың, Әлем! Армысың, Жарық аспан! Армысың, менің достарым! Тәрбиеші: - Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар сендер орманда жүру ережесін білесіңдер ме? Балалар: - Орманда шуламау керек. - Бір - бірінен қалмай жүру керек. - Бұтақтарды сындырмау керек. - Құстарды өлтірмеу керек. - Ағаштарды, гүлдерді жұлмау керек. - Орманға қоқыс тастауға болмайды. - Отпен ойнамау керек. От жаққан болса, кетер кезде сөндіріп кету керек. Әйтпесе өрт шығуы мүмкін. - Үшкір заттармен ойнамау керек. Тәрбиеші:- Жарайсыңдар, балалар сендер орманда жүру ережесін біледі екенсіңдер. Олай болса мына сиқырлы жолдармен орманға саяхатқа барайық. - Мына жолдың түсі қандай балалар? Балалар: - Мына жол қызыл түсті. - Бұл түс қай жыл мезгілін білдіреді? - Бұл түс жаз мезгілін білдіреді. - Бұл жол ұзын ба, қысқа ма? - Бұл жол ұзын. Тәрбиеші: - Балалар маған күз мезгілінің түсін білдіретін жолды тауып беріңдерші? Балалар: - Күз мезгілінің жолы сары. Тәрбиеші: - Неге күз мезгілінің жолы сары түсті? Балалар: - Себебі күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары сары түсті. Тәрбиеші: - Мына жол қай түсті? Балалар: - Бұл ақ түсті. Бұл қыс мезгілін білдіреді. Тәрбиеші: - Бұл жол кең бе, әлде тар ма? Балалар: - Бұл жол кең екен. Тәрбиеші: - Ал, соңғы жолдың түсі қандай және неге ұқсайды? Балалар: - Жасыл түсті. Шөптердің түсі сияқты.
Жақсы.
Балалар зер салып тыңдайды.
Балалар, мына құстарды білесіңдер ме? Балалардың жауабы: - Сары шымшық, торғай, тоқылдақ, бұлбұл, көгершін, қарға т. б. Тәрбиеші: Дұрыс, балалар бұлар орман құстары. Біз құстарды аялап, қамқорлық жасап, күтуіміз керек. Бұл құстар табиғатқа әсем көрік береді.
Иә
Торғай,тоқылдақ, бұлбұл.
Біледі: Табиғаттағы қауіпсіздік ережесін сақтауды
Игереді:Отпен ойнамау, өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс – жидектерді теріп жемеуді
Меңгереді: күзгі табиғат ерекшелігін сезінуді,күз мезгілін басқа мезгілдерден айыра білуді,табиғатты аялай білуге, орманға барғанда ережелерді сақтауға дағдыландыру,табиғатқа қамқор болуды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: Жері байдың елі бай
Мақсаты: Балалардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, олардың сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту, еңбекке, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу, Қазақстанның кейбір қалаларымен таныстыру.
- Армысың, қайырымды аспан ата - Армысың, мейрімді жер ана, - Армысың, бақ дәулетті Жерім менің - Армысың, асқар тауым көлім менің - Армысың, балабақша, дос жаран Өте жақсы, балалар. Балалар, бүгін біз сіздермен өзіміздің Отанымыз Қазақстанның картасымен танысамыз. Туған өлкеміздің жері мен табиғатын еске түсірейік
- Армысың, қайырымды аспан ата - Армысың, мейрімді жер ана, - Армысың, бақ дәулетті Жерім менің - Армысың, асқар тауым көлім менің - Армысың, балабақша, дос жаран
- Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасының президенті кім? - Н. Ә. Назарбаев - Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? - Астана Тәрбиеші: Балалар, енді біз өзіміздің Қазақстан қалаларына саяхат жасаймыз. Біздің еліміздің кең байтақ ,бай өлке - Мынау Елордамыз Астана қаласы. (қысқаша Астанадағы өндіріс салалары айтылады)
Біздің мемлекет бай өлке.Табиғаты тамаша. - Мынау бас қала – Алматы қаласы. (апорт алма) - Мынау – Қарағанды қаласы. (көмір) - Мынау – Қызылорда қаласы (күріш) - Енді өзіміздің тұратын Қазақстанның қалалары қалай аталады?
Балалар: Атырау, Ақтау, орал, Ақтөбе Тәрбиеші: Атырауда ең алғаш рет мұнай шыққан. Мұнай түсі қара, сұйық. Ақтау қаласында газ шығарылады. Газды біз күнделікті тұрмыста пайдаланамыз. Газбен үй жылытамыз, тамақ пісіреміз. Ал, Орал қаласы мал шаруашылығымен айналысады. Қаймақ, май, айран өндіріледі. Ал, Ақтөбе қаласында бидай өседі. Бидайдан ұн аламыз. Ұннан нан, макарон, печенье аламыз. (Бір - бір баладан шығып, суреттерді тиісті орынға қояды) Сергіту сәті: Ойын «Кім тапқыр?» Тәрбиеші: Сонымен балалар, біздің туған жеріміз Қазақстан деп аталады. - Жарайсыңдар, қане көзімізді жұмып, туған ауылымызды елестетейікші.
Балалар тәрбиешінің әңгімесін тындайды.
Балалалр бүгін біз немен таныстық?
Иә, дұрыс айтасыздар.
Қорытынды сұрақ-жауаптар
Қазақстан жерінінің қалаларымен
Біледі:туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру,
Игереді: сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту,
Меңгереді:еңбекке, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу, Қазақстанның кейбір қалаларымен таныстыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: Еңбек ер атандырады
Мақсаты: 1Үлкендердің еңбектері туралы,жеңістің,жемістің бәрі еңбектің арқасында келетінін түсіндіру.
Билингвалды компонент:еңбек-труд- work мамандық-профессия-expert
Дәрігер-врач- doctor тігінші-портниха- seamstress құрылысшы-строитель-builder
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
-Балалар бүгін біз «Еңбек ер атандырады» деген тақырыпта әңгімелесеміз.
С.Мәуленовтың «Елдің бәрі жұмыста»-деген өлеңінен бастау
Қарап тұрсаң,не керек
Елдің бәрі жұмыста.
Гүл сорады көбелек,
Дән тасиды құмырсқа
-Балалар суретте не бейнеленген?
-Адамдар немен айналысып жүр?
-Олар машинаның немесе көліктің қай түрімен жұмыс жасап жүр?
-Не жинап жүр?
Адамдар
Көліктерді оңдап жүр.
Қоқыстарды.
Ұйымдастырушы кезң
Балалар ауылдағы және қаладағы адамдардың еңбектері бейнеленген,Ауылдағы фермаларда малдарды,құстарды бағады оның етін қаладағы базарларға саудаға,жүнін фабрикаларына апарады,Міне адамның қызу еңбегі. Малдарға егіншілер шөп,бидай егеді.Ал тракторшы осы шөпті,жемді тасиды.
Балалар зер салып тындайды.
Рефлексивті
-Суреттегі тігіп отырған апай қандай мамандық иесі деп ойлайсың?
-Баланы тексеріп отырған кім?
-Арнайы форма киген ағалар?
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
-Тігінші немен айналысады?
-Егінші не істейді?
-Тракторшы немен айналысады?
-Дәрігер қандай жұмыс істейді?
Мақал-мәтел: «Еңбек ер атандырады»
«Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның тіленбей»
Қорытындылау.Оқу іс әрекетіне жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
Біледі: Үлкендердің еңбектері туралы,жеңістің,жемістің бәрі еңбектің арқасында келетінін
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Туған жерім тамаша»
Мақсаты: Туған жер туралы түсініктер беру.Табиғатқа қамқор болуды үйрету.Туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: көрсету,үйрету,мақал жаттату
Билингвалды компоненттер:гүлдер-цветы-flowers табиғат-природа- nature ағаш-дерево- tree күн-солнце-sun тау-гора-mountain
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекет
Балалардың іс әрекеті
Шаттық шеңбері:
Балалар топқа «Туған жер» әнінің әуенімен еніп, ортаға шеңбер жасап тұрады.
Бәрі бірге: Балбұл жанған гүл шағында
Біз Отанның ұланымыз.
Бақытты елдің құшағында
Білім алу-ұранымыз!
Біз өнерге, ұлы өмірге,
Гүл өмірге иеміз,
Көгімізді, көлімізді,
Елімізді сүйеміз
Балбұл жанған гүл шағында
Біз Отанның ұланымыз.
Бақытты елдің құшағында
Білім алу-ұранымыз!
Біз өнерге, ұлы өмірге,
Гүл өмірге иеміз,
Көгімізді, көлімізді,
Елімізді сүйеміз
Балалар, тамаша өлеңдеріңе мың алғыс. Ал қанекей, оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын екі топқа бөлініп алайық. (Балаларды екі топқа бөледі) енді әр топқа арналған орындықтарға жайғасайық.
Балалар орындарына жайғасады.Тәрбиеші: Балалар мен сендерге сұрақтар қояйын. Соған жауап тапсаңдар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбын да тапқан боласыңдар. Келістік пе?Балалар: Иә!
Тәрбиеші:Жарайсыңдар! Сұрақтарды қойып отырып, «Кім шапшаң?» деген ойын ойнаймыз.
Топтарға арналған сұрақтар:
Біздің ең жақын адамымыз кім?
Біз балабақшадан қайтқан кезде қайда барамыз?
Біздің ауылымыз қалай аталады?
Ал, біздің президентіміздің аты кім?
Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар! Біздің мемлекетіміздің аты –Қазақстан. Қазақстан бәріміздің туған жеріміз. Бұл елде біз тудық, өсіп жатырмыз, балабақшаға барамыз. Сондықтан бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Туған өлке гүлдері» деп аталады.Гүлдер туралы әңгіме.
Біз туған жерімізді сүюге міндеттіміз.Тәрбиеші сұраққа жақсы жауап берген балалардың қолына елімізде өсетін гүлдер бейнеленген қималарды ұсынады.Ойын. «Мен суретші боламын»
Тәрбиеші тақтаға екі топқа арналған магнитті тақта әзірлейді. Үстелдің үстінде таудың, күннің, әсем гүлдердің,ағаштардың суреттері қойылған.
Балалар суреттерді алып өз білгендері бойынша тақтаға жапсыра бастайды. Тәрбиеші ойынға белсене қатысқан балалардың қолына елімізде өсетін гүлдер бейнеленген қималарды ұсынады.
Жарайсыңдар! Міне сендер өз жерлеріңді қатты жақсы көретіндеріңді, жақсы таныс екендеріңді таныттыңдар
Ата-анамыз
Үйге
Нұрсұлтан Назарбаев
Тәуелсіз
«Туған жер –алтын бесік»Тәрбиеші: Балалар, сендер білесіңдер ме? Біз кішкене баланы бесікке бөлейміз. Осы отырған бәрің де бесікте тербеліп өстіңдер. Енді міне, үлкен болып өстіңдер. Бірақ, бәрібір «туған жер» деп аталатын алып бесікке тербеліп жүрсіңдер. Туған жердің табиғатына тамсанып, таза ауасымен демалып, мөлдір суын ішіп жүргендерің соны білдіреді. Туған жер бізге өзінің алтын қазынасы – сұлу табиғатын ұсынып отыр
Сұраққа жауап береді.
Біледі: Туған жер гүлдері туралы түсініктерді
Игереді: Табиғатқа қамқор болуды үйренеді.
Меңгереді: Туған жерін, елін
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Тарихқа тұнған туған өлкем»
Мақсаты: Туған жерін, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Туған жер тарихын зерттеуге қызығушылықтарын ояту.Туған жеріміздің тарихы туралы түсінік беру, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет-ғұрып, салт –дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу, жаттау. Алдын ала жұмыс:қала туралы сурет дайындау Сөздік жұмысы:қала, ауыл. Құрал –көрнекіліктер: хрестоматия, ауыл, қала туралы сурет үлгілері, Билингвалдік компоненттер: қала -город, ауыл -село, халық- народ
Іс-әр. кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Отаным менің кең байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Жайқалған жомарт даласы
Ел Отан біздің кең байтақ,
Отанның біздер баласы
Өлең шумақтарына қосылып қимыл-қозғалыстарын жасайды.
Елім,Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, әр адам өз өлкесін аялап қорғап жүрсе қандай керемет!Олай болса бүгін барлығымыз сүйікті қаламыз Ақ Жайығымыздың көрнекті жерлеріне саяхат жасайық.(слайдта көрсетіледі)
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды
Ұйымдастыру,іздестіру
Балалар, Орал қаласы біздің орталық қаламыз болып саналады.Сендер ата-аналарыңмен барып жүрген шығарсыңдар.Ендеше, Орал, Теке, Жайық атына ие болған жылдан бастап осы жыл аралығында қалада қандай маңызды тарихи оқиғалар болғанына көз жүгіртелік.Слайд көрсету. Ақ Жайық өзенінің бойында негізі қаланған Орал қаласы өзінің тарихын ғасырлар қойнауынан алады. 1613-жылдары Орал қалашығы салынды. Орал қаласы Жайық өзенінің оң жақ жағасы мен Шаған өзені құйылысының сағасында негізі қаланған. Қала Жайық қалашығы деп аталған. Қаланың ең көне бөлігі – «Курени» ауданы деп аталады. Бұл жерде, Жайық өзені жағасына, Жайық қалашығының алғашқы тұрғындары бір кезде өз үйлерін салған,үйлер әлі де сақталған.Мақалдар жаттату:
Отансыз адам —ормансыз бұлбұл
Ел іші — өнер кеніші
Отан оттан даыстық,
Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас
Билингвалды компонент:ауыл-село,қала-город
Мақалды жаттауға тырысады
Рефлексивті
Түзетушілік
Қорытындылау
Енді бәріміз шеңберге тұрып,бір-бірімізге жақсы тілегімізді айтып, оқу іс әрекетімізді аяқтаймыз.
Әр бала өзінің тілектерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ауыл мен қаланың айырмашылығын ажырата білуі тиіс.
Меңгереді:суреттер бойынша еліміздің көрікті жерлерін біледі.
Игереді: туған елін, жерін сүйе білуді
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы:Шыңғырлаудың картографиясы
Мақсаты: Туған жерін, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Туған жер тарихын зерттеуге қызығушылықтарын ояту.Туған жеріміздің тарихы туралы түсінік беру, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет-ғұрып, салт –дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу, жаттау. Алдын ала жұмыс: Шыңғырлау туралы сурет дайындау Сөздік жұмысы:қала, ауыл. Құрал –көрнекіліктер: хрестоматия, суреттер,слайд Билингвалдік компоненттер: қала –город-city, ауыл –село-country-side, халық- народ-people ,өлке-край-region
Іс-әр. кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Отаным менің кең байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Жайқалған жомарт даласы
Ел Отан біздің кең байтақ,
Отанның біздер баласы
Өлең шумақтарына қосылып қимыл-қозғалыстарын жасайды.
-Балалар бүгін біздер туған жеріміз туралы танысамыз.Оның табиғаты,жері,суы,тауы туралы әңгімелесеміз.Сендердің туған жерлерің қалай аталады?-Ия,дұрыс .Шыңғырлау ауданы күннен күнге үлкейіп,көркейіп келеді.Міне мынау Шыңғырлау ауданының суреттері.Балаларға сурет бойынша әңгімелеп беру.Слайд көрсету,көрсету.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды
Ұйымдастыру,іздестіру
-Балалар енді мына суретті құрастырып көрейік.
Д.о:«Тез құрастыр»
Балалар біз туған жер туралы мақалдар білеміз бе?Қане жаттап алайық:Мақалдар жаттату:
Отансыз адам —ормансыз бұлбұл
Ел іші — өнер кеніші
Отан оттан даыстық,
Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас
Билингвалды компонент: қала –город-city, ауыл –село-country-side, халық- народ-people ,өлке-край-region
Шыңғырлаудың картасымен таныстырып,түсіндіру
Балалар суретті құрастыруға кіріседі.
Мақалды жаттауға тырысады
Билингвалды компоненттерді қайталайды.
Рефлексивті
Түзетушілік
Қорытындылау:
Балалар сендерге бүгінгі оқу іс әрекеті ұнады ма?
Енді бәріміз шеңберге тұрып,бір-бірімізге жақсы тілегімізді айтып, оқу іс әрекетімізді аяқтаймыз.
Әр бала өзінің тілектерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Туған жерін, елін сүюге, халқына қызмет етуді
Игереді:Туған жер тарихын
Меңгереді:Туған жеріміздің тарихы туралы , өз Отанын сүюді, халқымыздың әдет-ғұрып, салт –дәстүрін сақтап жалғастыруды
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Туған өлкедегі күз»
Мақсаты: балалардың танымын арттыру,туған жердің табиғатын сүюге тәрбиелеу Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу, жаттау.
Алдын ала жұмыс: күз туралы сурет дайындау Сөздік жұмысы: өлке
Құрал –көрнекіліктер: хрестоматия, ауыл, қала туралы сурет үлгілері, Билингвалдік компоненттер: өлке-край,күз-осень
Іс-әр. кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Бала,бала,баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз
Балалар сендердің туған жерлерің қалай аталады?
Сендер өз туған жерлеріңді жақсы көресіңдер ме?
Өлең шумақтарына қосылып қимыл-қозғалыстарын жасайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді
Ұйымдастыру,іздестіру
Балалар біздің ауылымызда күз қандай болады?
-Ия дұрыс айтасыңдар,күн салқындайды,адамдар жылы киінеді,жемістер мен көкөністер піседі.Ағаштардың жапырақтары сарғайып,жерге түседі.Біздің ауылда неше түрлі жемістер мен көкөністер көп өседі.Адамдар соны жинайды.Күз мезгілі сендерге ұнай ма,несімен ұнайды?
Дид.ойын: «Жемістерді ажырат»
Өлең оқу:
Туған елім – гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүреді
Лүпілдеген жүрегім!
Балалар әр адамның өз туған жері ыстық.Біз туған жерімізді құрметтеуіміз керек.
Мақалдар жаттау:
Туған жер-алтын бесік
Отан-оттан да ыстық
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды Балалар жауап береді
Балалар ойын ойнайды.
Балалар өлең шумағын қайталайды
Балалар мақалды жаттап алады.
Рефлексивті
Түзетушілік
Қорытындылау
Енді бәріміз шеңберге тұрып,бір-бірімізге жақсы тілегімізді айтып, оқу іс әрекетімізді аяқтаймыз.
Әр бала өзінің тілектерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: тұрған жерлерін
Меңгереді:суреттермен жұмыс жасауды
Игереді: туған елін, жерін сүйе білуді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Поштаға саяхат»
Мақсаты: Балалардың пошта, хат тасушының жұмысы туралы білімдерін бекіту. Балаларға поштамен тек хат қана емес, сонымен қатар сәлемдемелер, бандерольдар жіберуге болатынын айтып түсіндіру Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу, жаттау.
Алдын ала жұмыс: суреттермен жұмыс
Сөздік жұмысы: пошта
Құрал –көрнекіліктер: суреттер,хат,газет-журналдардың суреті Билингвалдік компоненттер: пошта-почта
Іс-әр. кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Өлең шумақтарына қосылып қимыл-қозғалыстарын жасайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді
Ұйымдастыру,іздестіру
Балалар біздің ауданымызда пошта бар.Сендердің ата-аналарың пошта арқылы көптеген жұмыстарын бітіреді.Поштамен хат келеді,сыйлықтар келеді.
Тапсырыс арқылы көп заттар әкелінеді.Мысалы,сендердің туысқандарың алыста тұрса,оларға хат жіберуге,ақша салуға болады.Көрдіңдер ме балалар поштамен біз жақсы қатынастамыз.
Поштамен газет журналдар аламыз,оларды оқимыз.
Ойын: «Не артық?»
Суретпен жұмыс:
Балаларға пошташы апайдың жұмысы туралы айтып,түсіндіру.Сөйлемдер құрату
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды Балалар жауап береді
Балалар ойын ойнайды
Рефлексивті
Түзетушілік
Қорытындылау
Енді бәріміз шеңберге тұрып,бір-бірімізге жақсы тілегімізді айтып, оқу іс әрекетімізді аяқтаймыз.
Әр бала өзінің тілектерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:пошта, хат тасушының жұмысы туралы білімдерін бекіту.
Меңгереді: поштамен тек хат қана емес, сонымен қатар сәлемдемелер, бандерольдар жіберуді
Игереді: сөйлемдер құрастыруды
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Туған жерім тамаша»
Мақсаты: Балалардың өз өлкелері туралы білімдерін бекіту.Қазақстанның өркендеуі туралы әңгімелеу.Отанын сүюге тәрбиелеу Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу, жаттау.
Алдын ала жұмыс: суреттермен жұмыс
Сөздік жұмысы: өлке
Құрал –көрнекіліктер: суреттер,слайд Билингвалдік компоненттер: Отан-Родина-countri,өлке-край-region ,Жер-земля- land дос-друг-friend
Іс-әр. кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Балалар біздің туған жеріміз,еліміз Қазақстан.Біздің Қазақстанда көптеген ұлттар тұрады.Олар бір-бірімен тату тұрады.Біз Қазақстанда тұрғанымызға мақтануымыз керек.Өйткені Қазақстан жері бай өлке.
Өлең шумақтарына қосылып қимыл-қозғалыстарын жасайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді
Ұйымдастыру,іздестіру
Қазақстанда жер кең,пайдалы заттар көп.Бізде алтын да бар.Табиғаты сұлу,көркем.Көптеген демалатын жерлер,яғни санаторийлер,курорттар бар.Қазақстанда өзендер,көлдер,теңіздер де көп.Көптеген таулар да баршылық.Алматыда Алатау тауы бар.
Сергіту сәті:Орнымыздан тұрамыз Қолды белге қоямыз Иілеміз оңға бір Иілеміз солға бір Бір отырып,бір тұрып Біз дем алып аламызДид.ойын: «Қайсысы жоқ?»Мақал: Туған жердей жер болмас Туған елдей ел болмас
Біздің туған ауылымыз Шыңғырлау деп аталады.Біздің ауданымыз өте көрікті болып келеді.Солай ма,балалар.
Балалар тыңдап отырады
Балалар бой сергітіп алады.
Ойын ойнайды
Балалар мақалды жаттап алады,сұраққа жауап береді
Рефлексивті
Түзетушілік
Қорытындылау
Енді бәріміз шеңберге тұрып,бір-бірімізге жақсы тілегімізді айтып, оқу іс әрекетімізді аяқтаймыз.
Әр бала өзінің тілектерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: тұрған жерлерін
Меңгереді:суреттермен жұмыс жасауды
Игереді: туған елін, жерін сүйе білу
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы:«Кімнің мекені жақсы?»
Мақсаты: Балалардың есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту,бірлесе әрекет етуге тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу, жаттау.
Алдын ала жұмыс: суреттермен жұмыс
Сөздік жұмысы: мекен
Құрал –көрнекіліктер: суреттер Билингвалдік компоненттер-бақа-лягушка,тышқан-мышка
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық.
Тәрбиеші балаларға амандасуды ұсынады
Үнтаспадан «Ертегі елінде» әні орындалады.
- Балалар өлең не жайында болды?
- Біз ертегілерді білеміз бе?
- Дұрыс айтасыңдар,балалар ертегілер мазмұнына және құрылымына қарай шыншыл, тұрмыстық, аңыз,қиял-ғажайып ертегілер болады.
Енді мына жұмбақтардың шешуін табайық.
1.Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
2. Қос мекенді жануар.
3.Жыл басы қай жануар.
Слайдтан сурет көрсетіледі.
- Балалар, сендерге бұл ертегі таныс па?
(Осы кезде есік қағылып,әр жағынан кейіпкерлер кіреді.)
- Балалар, бұл қай ертегінің қонақтары деп ойлайсыңдар?
- Сәлеметсіңбе, жауынқұрт. Сен бізге көмектесші, дүниедегі ең жақсы мекен қай жақта
- Балалар, міне біз қаншама мекен, қонысты аралап өттік. Қалай ойлайсыңдар, біздің қай кейіпкеріміздің мекені жақсы?
Дұрыс айтасыңдар, біздің кейіпкерлеріміздің барлығының мекені жақсы. Өйткені олардың мекендері өздерінің тіршілік етуіне ыңғайлы.
Енді мына жерде мекенінен адасып жүрген жануарларда бар екен, енді соларға көмектесейік.Ойын: «Мекенін тап!»
Құмырсқа: - Менің илеуім тар, өте аласа, қараңғы.
Тышқан:- Менің илеуім қараңғы, тар, әрі өте қауіпті.
Бақа:- Менің мекенім суық,ешқашан күн түспейді.
Көкқұтан: -Маған мақал –мәтел айтып берсеңдер, мен сендерге көмектесе-мін.
Саят
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Сезім
Бақа көлінде патша,
Балық суында патша,
Жігіт елінде патша.
Жарасхан
Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық.
Тышқан:- Жоқ,Дүниедегі ең қолайсыз мекен осы. Иісі қандай жаман, қолқаңды алады. (Мұрнын тыржитады)
Көкқұтан: Жоқ,ең жақсы мекен,менің мекенім.Иісі көкірегіңді ашады.
- Барлығының мекені жақсы.
Рефлексивті-түзетушілік
Қорытындылау.
Барлық тіршілік иесіне бір жерге бейімделіп кету үшін өз мекенінен артық жер жоқ екен.
Күтілетіннәтиже:
Білу керек:Балалар ертегі желісін естеріне түсіруді
Игеру керек: бейімделу ерекшелігін естерінде сақтай білуі керек.
Меңгеру керек:татулыққа баулу
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Шыңғырлаудың жеті кереметі»
Мақсаты:Балаларға өз туған жерлері туралы түсініктер беру,кеңейту.Шыңғырлау ауданының керемет жерлерімен таныстыру.Өз Отанын,туған жерлерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер,слайд, видеоролик
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу, жаттау.
Алдын ала жұмыс: суреттермен жұмыс, оқу қызметіне құралдарды дайындау.
Билингвалды компоненттер:Отан-Родина- country жер-земля- earth табиғат-природа-
nature өзен-река- river сұлу-красивый-beautiful
Сөздік жұмыс: Сарқырама, өлке,жеті керемет,Шыңғырлау ауданы
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әркет
Мотивациялық-қозғаушылық.
- Қане балалар, біз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шаттық шеңберіне тұрайық. Балалар мен сендерді «шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір – бірімізбен амандасайық! Шаттық шеңбер: Армысың, Әлем! Армысың, Жарық аспан! Армысың, менің достарым!
Армысың, Әлем! Армысың, Жарық аспан! Армысың, менің достарым
Ұйымдастырушы
Топқа саяхатшы Дара кіреді.Ой ,мен қайда тап болдым екен?
Шыңғырлау ауданында көптеген керемет жерлер бар.Өзен сулар,таулар,ағып жатқан сарқырамалар. «Сарқырама»атты ағып жатқан суы, «Қыземшек» атты тау «Торыатбас «тауы Елек өзені,Шоқайтерек.Табиғаты сұлу,көркем.
Шыңғырлау ауданы аумағының жер бедері тегіс. Ондағы ең ірі өзендер: Елек, Шыңғырлау, Ащы, Шилі, олардың жалпы ұзындығы 350 км. Тұщы және тұзды көлдер: Сұлукөл, Қонақай, Соркөл (278 шаршы км). Аудан аумағында дәнді-жусан шөптері бар қара топырақты жерлер басым.
Шаруашылықтардың негізгі бағыты – астық бағытындағы дала шаруашылығы болып табылады. Дала шаруашылығымен қатар ет-сүт бағытындағы ірі қара шаруашылығы дамыған.
Торыатбас тауы
Қыземшек тауы
Балалар сендер міне көріп отырсыңдар,Шыңғырлаудың керемет жерлерін .Ертең өскенде ер жетіп,бой жеткенде сендер осы әдемі ғажайыптарға барасыңдар,көресіңдер.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Туған өлке гүлдері»
Мақсаты:Туған жер гүлдері туралы түсініңтер беру.т Табиғатқа қамқор болуды үйрету. Туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер,слайд
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу, жаттау.
Алдын ала жұмыс: суреттермен жұмыс
Сөздік жұмысы: гүл
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әркет
Мотивациялық-қозғаушылық.
Балбұл жанған гүл шағында
Біз отанның ұланымыз
Бақытты елдің құшағында
Білім алу-ұранымыз!
Біз өнерге, ұлы өмірге
Гүл өмірге иеміз,
Көгімізді, көлімізді,
Елімізді сүйеміз!
Балбұл жанған гүл шағында
Біз отанның ұланымыз
Бақытты елдің құшағында
Білім алу-ұранымыз!
Біз өнерге, ұлы өмірге
Гүл өмірге иеміз,
Көгімізді, көлімізді,
Елімізді сүйеміз!
Балалар, тамаша өлеңдеріңе мың алғыс. Ал қанекей, оқу қызмтенінің бастамас бұрын екі топқа бөлініп алайық. (Балаларды екі топқа бөледі) енді әр топқа арналған орындықтарға жайғасайық.
Балалар орындарына жайғасады.
Балалар мен сендерге сұрақтар қояйын. Соған жауап тапсаңдар, бүгінгі оқу қызметінің тақырыбын да тапқан боласыңдар. Келістік пе?
Жарайсыңдар! Сұрақтарды қойып отырып, «кім шапшаң?» деген ойын ойнаймыз.
Жарайсыңдар, балалар! Біздің мемлекетіміздің аты-Қазақстан. Қазақстан бәріміздің туған жеріміз. Бұл елде біз туылдық, өсіп жатырмыз. Бөбекжайға барамыз. Сондықтан бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы «Туған өлке гүлдері» деп аталады
Гүлдер туралы әңгіме.
Біз туған жерімізді сүюге міндеттіміз. Тәрбиеші сұраққа жақсы жауап берген балалардың қолына өсетін.
иә
Рефлексивті-түзетушілік
Балалар, сендер қандай дала гүлдерін білесіңдер, біздің жақта қандай гүлдер өседі екен?
Жер кеіп ең алғаш шығатын гүлдің атауы қандай гүлдер өседі?
Бәйшешек,түймедақ, сарғалдақ
Қызғалдақ
Ненібіледі: туған жер гүлдері туралы түсініктерді
Игереді: табиғатқа қамқор болуды үйренеді.
Меңгерді: туған жерін,елін сүюді.
Экскурсия
«Мен әлемді зерттеймін» серуен
Мақсат және міндеттері: нұсқауларды қолданады , 1 км радиуста жоспар аймағын жасауға үйренеді, оқу-әдістемелік картасы сіздің жоспарын салыстыру үлкендердің көмегімен бедерінің картасын шарлау үйренеді , Шыңғырлау ауданының жерлерімен танысады.
Тәрбиешілерге ұсыныстар: серуенді алдын ала жоспарлап ұйымдастыру,серуенге шығардын алдында балаларды аудан тарихымен таныстыру,иллюстрацияларды қарап алу,фотосуреттер,аудан туралы шығарылған өлеңді жаттап тыңдау.
Құрал-жабдықтар: жыпылықтаған жарықшалар, жалаушалар,арнайы топтық киім,ойындарға арналған жабдықтар.
Қимылды ойын «Құпия»
Мақсаты:баланың назарын даярлау,жадына сақтау.
Тапсырма:серуенге шығар алдында әр балаға қызыл карточкалар тарату.Сөйлеу барысында балалар Қайда?Неге? Қашан?деген сөздерді қолданбау керек. Ойын шарты бұзылған жағдайда сол ойыншыдан қызыл карточка алынып, құпия таратушы болып саналады.
«Картаны оқимыз»
Мақсаты:балаларды маршрут бойынша картаны шарлауды үйрету,зейінін салып тыңдауды әрі қарай дамыту және даярлау, назарын,жадын, логикалық ойылауын дамыту.
Мазмұны: балалармен бірге аудан картасын қарастырып шеңбермен белгілеу. Балалар берілген картаны назарларын салып қарап,маршрут бойынша өтілген мекемелерді ауызша айтып беру керек.
Тапсырма: маршрут бойынша бекітіліп алынған орман алқабын алдын ала бақылап,бағдарлап алу,маршрут бойынша жолды жаттау,картадағы шартты белгілердің атын атау.
Құралжабдықтар:ойынға арналған құралдар,карандаштар, блакноттар, қызықты гербариялар үшін қорапшалар.
Тәрбиешілерге нұсқау: серуен алдында балаларды мақалдар- мәтел, жұмбақ, орман жайлы тақпақтармен таныстыру.
Серуеннің барысы: Тәрбиеші балаларға олар бүгін орманға саяхатқа баратындығын айтады.
«Орман дауыстары» ормандағы әр түрлі дауыстарды зер салып тыңдау.
-Балалар,қараңыздаршы орманды әр түрлі дауыстар шығарып сіздермен сәлемдесіп өзіне қонаққа шақырып жатыр.
Тәрбиеші сұрақ қояды.: «сендер неге орманмен доссыңдар,ол ададамдарға не үшін қажет»?
Балалар жауап береді:
-Орман-біздің байлығымыз!
-Орман-жердің жасыл әшекейі,орман бар жерде ауа да таза.
-Орман –жануарлар мен құстардың мекені.
-Орман-біздің досымыз:ол ылғалды ұстау арқылы адамға жақсы егін өсіруге көмектеседі.
-Орман-өзінің жемістері мен жидектерін,саңырауқұлақтарын сыйға тартатын қамба.
-Орман-сұлулықтың қайнар көзі.
Тәрбиеші орман иесіне балалардың ормандағы тәртіп ережелерін ерекше белгілермен бейнелеп салғанын және олар оны орманға іліп қойығылары келетіндігін айтады.Орман иесі балаларды мадақтап,оларды жолға шығуға шақырады
Тәрбиеші балалардың зейінін ағаштар мен бұталарға аударады.
-Неге оларда жапырақтар жоқ? Олар қазір қандай жағдайда өмір сүріп жатыр?Оларға не жетпейді?
Орман иесі балаларға ағаштардың бұталары бейнеленген карточкаларды ұсынады және олар бұталарға қарап,қандай ағаш екенін анықтайды.Ағаштардың жанына «Бұталарға тиісуге болмайды»деген белгі ілініп қойылды, себебі бұталарды сындырсақ ,ағашымыз сола бастайды.
Тәрбиеші балалармен орман жануарлары және «орман қабаттарындағы түрлі тіршіліктері жайлы әңгімелей отырып,табиғатты тамашалайды.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі,
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Содан кейін балалар орманмен қошатасады.
-Қалың ну орман,көріскенше!Адамдардың қуанышы үшін өсе бер!Қайырымды ,қалың орман,ертегі және ғажапқа толы орман,біз сенімен дос боламыз.
“Із кесушілер жорығы ”
Мақсаты: назарын дамыту,жадын арттыру.
Тапсырма:1)әр қатысушы 1 ден-10 дейінгі нөмірленген теректерді дөңгелене жүгіріп келу.Бірінші келген бала жеңімпаз атанып 3 ұпай иеленеді.
2)жол ережелерінің белгілерін атап берілген жағдайда 2 ұпай беріледі.
Қимылды ойын «Ізкесушілер»
Мақсаты: назарын дамыту,ептілікке баулу,жауапты тез қайтаруға дайындау.
Мазмұны: үйшікке келесі тәсілмен барамыз:тәрбиеші алда жүреді,ал балалар артынан 20 метр қашықтықта тығыла жүреді, Әлсін-әлсін тәрбиеші артына қарап қоя береді,көрініп қалынған бала ойыннан шығады.Ал жеңімпаз 2 ұпай ұтады.
Тапсырма: табиғи материалдармен гербарийларды тауып жинап қолөнерге пайдалану.
Ізкесушілердің орманға жорығы.
Мақсаты: балалардың білімін кеңейту , бақылауғыштығын дамыту , логикалық ойлау , үнсіз жылжыту мүмкіндігін және де іздерді тану мүмкіншілігін арттыру. Құрал-жабдықтар: карандаштар мен блакноттар,бинокльдар,фотоаппарат, ойынға арналған жабдықтар,топтық бірдей киімдер.
Тәрбиешілерге нұсқау: жорыққа шығар алдында алдын- ала біздің ауданымызда мекен ететін жануарлар суреттері мен илллюстарцияларды дайындау,олардың іздерін көрсету,немен қорек ететіні туралы таныстырып кету.жорыққа шығар алдында ауданымыздың тарихымен қайталау жасап әңгімелеп беру.
Саябақта серуен «Өсімдік әлеміне саяхат»
Мақсаты: Өсімдіктердің алуандығы туралы және олардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар туралы түсініктерін қалыптастыру;өсімдіктердің адам өміріне пайдасы туралы айту;олардың өсетін орындарымен:орман,бау-бақша,саябақпен таныстыру. «Барлық өсімдіктер өздері бейімделген жерде ғана өседі» деген табиғат заңдылығын түсіндіру.
Сөздік жұмыс: өсімдіктер және олардың түрлерінің атаулары,флора.
Тәрбиешілерге нұсқау: ботаникалық серуен кезінде балаларға табиғат туралы негізгі ақпаратты алдын ала айтып ғана емес,сонымен қатар теориялық білімдерін тексеру тәжірибеге мүмкіндік береді.Серуенге шығар алдында балаларды картамен,ауданымыздың жеті кереметімен таныстырып көрсету.
Құрал жабдықтар: ойынға арналған материалдар,карандаштар, блакноттар.
1Өсімдіктер әлемі туралы әңгіме жүргізу.
Жұмбақ
Жазда-жатсаң-көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң-жаның рахат табады. (ағаш)
Тәрбиеші «флора деп аталатын «өсімдіктер патшалығына» саяхатқа шығуды ұсынады.Балалардан қандай өсімдіктердің түрлерін білетіндіктерін сұрайды, барлық өсімдіктер 3 топқа бөлінетіндігін айтып нақтылайды. Тәрбиеші өсімдіктің адам өміріне пайдасы,яғни олар ауаны ластанудан қорғайтындығын айтады.
“Шырайлы өлке Шыңғырлау”
... Айналаң-аяулы алтын бесігің.
Бесігін ардақ тұтпаған береке қайтіп таппақшы?!
Ә.Кекілбаев
Біздің өңіріміз көркімен көз суырар табиғат сұлулығына ие өлке. Тарихтардан қол бұлғап, туған жер төрінде тұлғалана жайғасқан таулары, көк орай шалғынымен көз иін қандырар көктерегі мен қарағашы, аршасы мен атқонағы араласа өскен жидек пен жеміс, шілігі, бетегесі мен баялышы ұйысқан маң, елі жұмақ тұтқан жайлы қоныс. Ал Торыатбасы тауы беткейлерінде Батыс Қазақстан облысының өзге ешбір жерінде кездеспейтін гүлді ырғайды жолықтыруға болады
Суының салқындығы шекеңді тесіп, тереңінен мөлдіреп тастары көрінетін сұлу Сарқыраманың өзі неге тұрады. Әрине, Шыңғырлау жерінің соншалықты бай, сәнді, шырайлы келбетімен біз қашанда мақтана алатын боламыз. Ауданның дала өзендері де негізінен ормансыз және аз сулы болып келеді. Көпшілігі тұрақты ағыны болмағандықтан жаз айларының соңына қарай кеуіп те қалады. Бұл өзендерге Утва, Ащы өзендерінің жоғары және орта ағыстары, Жусалы, Қуағаш және басқа да кішкене өзендердің жоғары ағыстары жатады.
Мектепке дейінгі балаларды өлкетану және туризмді жандандыру мақсатында балабақша мен аудандық туризм және экология орталығымен сабақтастық жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде.
Шыңғырлауым – ғажап өлке көрікті,
Тұла бойың тұнған тарих, сәнділік.
Қасиетті кереметіңнің жетеуін,
Сақтау керек келер ұрпақ мәңгілік.
Елек өзені орта ағысының орманды-шалғынды жайылымдары кішкене жайылмалы көлдерімен, көрікті өзен иірімдерімен және құмды жағажайымен ерекшеленеді. Бұл ландшафтар алдымен әуесқой балық аулаушыларға (оның ішінде қыста балық аулау үшін),суға шомылу мен күнге қыздырынуға, жидек пен саңырауқұлақтар теруге, спорттық аңшылық пен туризмге тамаша мүмкіндігімен өзіне тартады.
Елек - Жайық алқабындағы өзен. Су жиналатын алабы 41,3 мың км2, ұзындығы 623 км2, арнасы бастауында енсіз 20-30 м тік жарлы келеді, орта ағысындағы арнасы Ақтобе қаласының тұсында 150-170 метрге дейін жетеді. Онда тоғай, шалғын өседі. 75 саласы бар. Өзенде жайын, көксерке, ақмарқа, табан, сазан, алабұға, тыран, аққайран, бекіре, қарабалық бар. Арнасы жақсы жетілген формасы астау тәрізді, қайраңы өзенаралы және жағажайы мол. Елек өзені жайылмасында ақталды-қаратеректі, қоңырбас қара бүлдірген, ақ теректі-қара теректі, бұталы інжугүлді өсімдік топтануы, сонымен бірге бұл жерде көптеген дәрілік шөптердің түрлері кездеседі. Бұның өзі жазда және күзде жаяу серуендеуді ұйымдастыруға, табиғаттың әр түрлі сыйын: жидек, саңырауқұлақ, дәрілік шөптерді жинауға тамаша жағдай туғызады. Сонымен бірге жазда және қыста Елек иірімдерінде әесқой балық аулауды ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік бар.
Елекшар - ІV обасы – Үлгілі ауылынан оңтүстікке қарай 1 км жерде жайпақ суайырық дөңінің тар аузында орналасқан. 60 метрге созылған меридианды тізбек түріндегі 4 жайпақ обадан тұрады. Ең үлкен оба үстінде (0,4*11 м) геодезиялық белгі орнатылған. Қалған обалар көлемі 0,1*6-дан 0,2*8 м шамасында. Елек өзені жайылмасындағы жардың кішкене дөңінде орналасқан. Мұндағы оннан астам қабірлер кейінгі қола ғасырына жатады. Осы жердегі 15 жер обалардан IV-III ғасырға жататын темір семсерлер мен металл ұшты жебелер қорамсағымен, қола айна бөліктері, әйнек моншақтар, құйылған саз ыдыстар, алқа, білезіктер тағы басқа көне тұрмыстық заттар табылған.
Елекшар – ІІ обасы 0,3*10 м көлеміндегі жайпақ жер оба. Елекшар Үлгілі ауылынан Шығысқа қарай 1 шақырым жерде Елек өзені жайылмасы үстінің текшекемер шетіндегі дөңінде орналасқан. 2003 жылы БҚО ТАО-ның археологиялық отряды осы оба-қорғанда қазба жұмысын жүргізді. 12 қабір орны ашылды, олардың ең көнесі кейінгі қола дәуіріне б.з.д.ІІ-мыңжылдықтың ортасына жатады. Ал жерленгендермен қабірге қойылған жерлеу бұйымдары шамалы мөлшерде ғана бар. Олар: қола айна бөліктері, әйнек моншақтар, құйылған саз ыдыстар.
Елекшар – ІІІ бейіті. Үлгілі ауылынан шығысқа қарай 2 км. Елек өзені 2-ші жайылма үсті текшекемерінің жайпақ дөң үстінде орналасқан. 0,1*6 м және 0,2*8 м көлеміндегі жайпақ үйіндіден жасалған 2 обадан тұрады. Үлкен оба №1 айналасында жайпақ ор байқалды. 2003-2004 жылдары екі обада БҚО ТАО-ның археологиялық отряды жұмыс істеді.
Елекшар-І бейітіндегі ерекше жерлеу кешені баршылық, мүмкін оған қоса абыздық міндеттерді атқарған сол кезең көсемінің жерленген орны деп айтуға болады. Қабір құрылғыларының күрделілігі мен көлеміне қарай және марқұмдарға дұға құрал-жабдықтар сипатына қарай обаларды 2 топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа жататын обалар көлемі-диаметрі 20 м шамасы, ал биіктігі 0,6 м дейін. Оларда стандартты көлемдегі ұзындығы 2,5 м, ал ені 1,5 м шамасындағы тікбұрышты шұңқырларда жерлеу салты орындалған. Дұғалық ас ретінде қабірге қой еті қоса қойылған. Марқұмдар қамыс немесе киіз үстінде жатыр. Жерленгендермен бірге қойылған құралдарға темір қанжар-акинак, қола, кейбірінде темір немесе сүйек ұшты жебелер мен тері қорамсақ т.б. Осыған қарағанда көшпелілердің көпшілігі жауынгер болғаны байқалды.
Екінші топқа жататын обаларда жүргізілген зерттеулер басқаша көріністі ашты. Бұл топ обалары ірі көлемдермен ерекшеленеді. Қорған обалардың бірінде №9 ауданның оң бұрышындағы төсемде қабір шұңқыры шетінде ауыздықталған ат жерленген. Аяқтары бүктетілген ат басы солтүстікке қаратып қойылған. Осы обадан балаларды топтап жерлеу ғұрпының белгілері де байқалды. Қабірде кем дегенде 5 баланың мүрдесі жатыр. Нақтылап айтсақ, балалар қабірінен алтын самайлық сырға табылды, оған сым ілмек арқылы бұрым бау және қабырғалы ромбикалық алқа бекітілген. Оған қоса №8 обаның қабірлерінің бірінен күміс тұрба табылды. Бұның бәрі осы топтағы обаларда жерленген адамдардың жоғары әлеуметтік мәртебесі туралы айтып тұр.
Осы топ обалардың ішіндегі ең жақсы сақталғаны да көлемдісі де №6 оба болып шықты. Диаметрі-30м, биіктігі - 2,25м. Оның сыртқы қабырғасы шағын, орташа пішіндегі бор блоктардан құйылған. Оның бүгінгі бұзылған қалпындағы ені 4 метрге жетеді. Бұл қабір жақсы сақталып, бұзылмаған. Осыған байланысты тонаушылар қабірге кіре алмаған деген ой туады. Қабір камерасында қара түсті ерекше төсеніш төселген. Шұңқыр ортасында ересек адамның, шамамен әйел адамның нашар сақталған қаңқасы сақталған. Жоғары жағы мүрде қамыс тоқымамен жабылған. Қасында пышақ қадалған сиыр бүйірі жатыр. Мүрденің басы жанынан қымбат бас киім қалдықтары, конус тәрізді алтын жапсырмалар түйреуіштер жиынтығы табылды. Олардың арасында арт жағында 2 ілмегі бар бұғының басы бейнесіндегі пластинкалар, сондай-ақ түрлі форма мен түстегі моншақтар да кездеседі.
Торыатбас тауы бор жұрнағы Орал маңы үстірті сілемдерінің оңтүстік – батыс жүйесіне жатады. Оның беткейлері Утва өзені аңғарына қарай бағытталған. Бетінде бор кезеңіндегі теңіз жануарларының қалдықтарын кездестіруге болатын жоғарғы борлы шөгінділермен күрделенген. Торыатбас –шағын тау. Шыңғырлау ауданындағы Белогор селолық округінің аумағында, теңіз деңгейінен 211 метр биікктікте орналасқан. Аумағы – 1,6 гектар. Тау етегінде тұшы сулы бұлақ көздері бар. әсіресе емдік қасиеті мол өсімдіктер көп өседі. А. З. Петренконың дерегі бойынша 2001, бұл таудың бүйірлі аңғарларының жазықты беткейлерінен гүлді ырғайды кездестіруге болады. Бұл Батыс Қазақстан облысындағы осы өсімдік өсетін жалғыз мекен. Бұл нысанның ерекшелігі эндемикалық және жойылып бара жатқан өсімдік түрлеріне пана болып табылады. Согнымен қатар эстетикалық құндылығы бар жер. Тау Марксизм ауылынан солтүстікке қарай 5 километр жерде орналасқан. Белогор ауылдық округінің аумағында жатыр, ауданы 50 га. Ескерткіш типі – ландшафты – геоморфологиялық.
Қыземшек тауы оқшауланған шошақты тау жұрнақтары су мен жел эрозиясына ұшырауынан пайда болған. Тау жұрнағының пішіні қыздың кеудесіне ұқсағандықтан осылай аталған. Қыземшек – аласа тау. Тау жұрнағының абсолюттік биіктігі шамамен 200 метр, ал салыстырмалы биіктігі 25 – 30 метр. Барлық беткейлері көлденең жоғарыдан төмен қарай деуге болатын су қазындыларымен жырымдалған. Бұл жаңа су эрозия процесі тау жұрнақтары беткейлерін бүлдіреді. Қырат беткейлерінде, олардың бетінде бор эндемиктері өсіп - өнеді. Топырақты - өсімдік жамылғысында ақ бетегелі тобы қоспасы мен қаштан карбонатты топырақты бетегелі ақсексеуіл бірлестігі алып жатыр. Төбелер Утва өзенінің оң жағасында Қыземшек ауылынан 2 километр жерде орналасқан. Қараағаш ауылдық округінің аумағында шамамен 20 гектар ауданды алып жатыр. Шыңғырлау ауданы орталығынан бірнеше км қашықтықта орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 98,2 метр. Тау әк тастарынан құралған, теңіз табаны тартылғанда көтерілген биіктік. Онда әк тастары, теңіз жәндіктерінің мүрделері кездеседі. Шығыс жағы биіктеу, батыс беткейі жайпақ. Ескерткіш типі – геоморфологиялық.
Аққұм мекені ( ландшафтық қорықша). Аққұм мекені – облыстық мәні бар мәртебеге ие. Қорықша 1992 жылы құрылған. Ол Шыңғырлау ауданының оңтүстік шегінде орналасқан, 7,5 мың гектарды алып жатыр. Қорықша құрамына Аққұм құмды алабы, Кіндікті, Сегізсай, Қаратал және Баянас өңірлері кіреді. Құмды алап Қуағаш пен Қарасу өзендерінің құяр жерінде орналасқан. Мұнда өсімдіктің 243 түрі тіркелген, оның 56-сы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Бұл жерде жан-жануарлардың 100, құстардың 60 түрі кездеседі. Сүтқоректілердың әрқайсының 7 түрі және қосмекенділердің 3 түрі анықталған.
Аққұм алабын ландшафтық тұрғыдан қарағанда, ол Қалдығайты өзенінің ежелгі атыраулы құмды жазығы болып табылады. Яғни, төрттік дәуір кезінде суы толық, мол болған және ежелгі теңізге құйып, өз атырауын қалдырған. Құмды алап жел үрлеген қазаншұңқырлары бар төбешікті құмдардан тұрады. Орталық бөлігі бекінбеген шағылды – төбешікті құмдармен көмкерілген өсімдік жамылғысынан айырылған деуге болады. Жел үрлеген бөлек қазаншұңқырлардың кей жерлерінен бірлі – жарым ағашты-бұталы тоғайлар кездеседі. Өсімдік жамылғысында құм жусанды, өлеңшөп, арша, тобылғы және басқа псамофиттер басым өскен. Жел үрлеген қазаншұңқырларда қайың, көктерек, талдар, ал төбешіктерінде шілік өсінділері, жүзгін мен қарағандар өседі. Қорықшаның батыс бөлігіндегі Сегізсай жыраларында әр түрлі – бұталы өсімдіктермен үндескен байрақты қайың, көктеректі ормандар тараған.
Бұлақтың таза тұщы суы Сырт алды кемерінің борлы қабатынан шығып жатыр, ол Бұлдырты өзенінің бастауы болып табылады. Бұлақтың аққан суы бор жыныстары әсерінен көгілдір түсті рең бере отырып, диаметрі шамамен 50 метр болатын жасанды көлге жиналады. Сарқырама бұлағы – Қарағаш селолық округі орталығынан 25 км қашықтағы бұлақ суы. Бұлақ Ақсуат аулының солтүстік шығысынан 5 км жерде орналасқан. Шыңғырлау орман шаруашылығы аумағындағы 0,25 гектарға жуық ауданды алып жатыр. Ескерткіш типі – гидрологиялық. Бұлақ суын Нармағамбет болыс тау тастарымен бөгеген. Кейіннен ол шарадан асып, содан су сарқырама деп аталуы да осыдан шыққан. Қыста суы қатпайды. Суында шортан, алабұға, ақбалық тіршілік етеді. Қаз, үйрек, аққу, көкқұтан, тырна мекендейді. Суы тұщы, дертке шипалы.
Шоқайтерек – тылсым табиғаттың ғажаптығын көрсететін алып бәйтерек. 6 кісінің құшағы азар жететін алып бәйтерек Шоқтыбай тоғайының ішінде орналасқан. Тоғай арасындағы бір биіктікте тұр. Ортасында екі адам еркін сыясыт үңгір бар. Қараған көзге басқа ағаштардың атасындай боп елестейді. Көктеген кезде көлеңкісі мол көрікті ағаш. Айналасында алуан түрлі шөптер өседі. Елек өзені де Шоқайтеректен алыс емес.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы 2016ж
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы Мектепке дейінгі ұйымдарда үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар/- Астана, 2016
4.Мектепке дейінгі орта жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған типтік