Просмотр содержимого документа
«"Астана - арман қала"»
Білім беру саласы. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу-әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Астана арман қала»
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы түсінік беру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Отан сүйгіштікке, туған жерді аялауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Жарқырайды бақшамыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң қонақтар!
-Қане, бәреміз бір-бірімізге жылу берейік, оны бойымызға дарытамыз.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып,өлеңді орындайды.
-Балалар, біздің бүгінгі ашық оқу қызметіміз ерекше болмақ.
Балалар, біз қай республикада тұрамыз?
Бас қаламыз қай қала?
Елбасымыз кім?
Астана қаласы Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы. Мұндағы жаңадан бой көтерген ғажайып ғимараттар алыстан көз тартады. Астана Есіл өзенінің оң және сол жағалауында орналасқан. Еуразияның жүрегінде орналасқан әсем қаламыз аққудай сыланып, тотыдай таранып бой көтеріп келе жатқан жаңа қала.
-Қазақстан
-Астана
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Іздену- ұйымдастырушы
Ғажайып сәт: Әже келеді.
Әже: Сәлеметсіздер ме, балалар. Мен ауылдан сендерге келдім. Сендерге бәйтерек жайлы әңгімелеп берейін.
Сергіту сәті:
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»
Мақсаты: Қазақстан қалаларын жатқа айта білуге үйрету.
Шығармашылық жұмыс:
Балалар бәйтеректі жапыстырады.
Балалар астана туралы өлеңдер айтады.
Балалар әжемен амандасады.
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғаласпен орындайды.