Мотивациялық -қозғаушылық | Ш.ш . « Сәлем Күн-анамыз» Сәлем күн-анамыз, Бүгін бәріміз қуанамыз Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шыққай бүгін Күн! Ғажайып сәт. Топқа аю келеді. Балалар мен сендерге желіммен ақ қағаз әкелдім. Сендер қияр мен қызанақтың суретін жабыстырыңдар. Өткен ұйымдастырылған оқу қызметінде көкөніс түрлерімен танысып едік есімізге түсірейік. | Балалар шаттық шеңберін жасайды. Айтқандарды тыңдап отырады. Балалар аюдың келгеніне қуанады. |
Ұйымдастыру- іздестіру | Суреттерін көрсетіп отыру. -Көкөністер қайда өседі? Бұл көкөкністерден әр түрлі салаттар жасайды. Қияр мен қызынықты тұздап банкаға жабуға болады. Банкаға жапқанда оның пішіні де өзгермейді. -Қызынақтың пішіні қандай ? -Қиярдың пішіні қандай? -Қызанақтың түсі қандай? -Қиярдың түсі қандай? -Тағы қандай көкөністің пішіндері дөңгелек? -Дұрыс айтасыңдар. - балалар желіммен жұмыс жасағанда өте мұқият болу керек. Киімге тигізуге болмайды. Қолымызды ауызға салуға болмайды. -Бізде қазір аппликация ұйымдастырылған оқу қызметі. Мен сендерге әдемі қияр мен қызанақтың суретін қиып әкелдім, кәне бәріміз отырып осы қияр мен қызанақтарды ақ параққа жабыстырайық. Мен сендерге желімен қалай жұмыс жасау керектігін айтып отырамын.Менің айтуыммен қияр мен қызанақты параққа жапсырасыңдар. Сергіту сәті: Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе! Міне, мен! Доспын енді сенімен. | Сәбіз, қызылша, картоп, пияз, қияр,орамжапырақ, қызанақ. -Көкөністер бақшада өседі. Үйде аналарының солай жапқандарын айтып береді. -Қызынақтың пішіні дөңгелек. -Қиярдың пішіні сопақша -Қызанақтың түсі қызыл түсті. -Қиярдың түсі жасыл. Пияздың, орамжапырақтың, қызылшаның пішіндері дөңгелек. Қуана келіседі. Парақтың ортасына желімді жағып отырып қияр мен қызанақты жапсырады. Бір-біріне көмектесе отырып жұмыстарын аяқтайды. Балалар бой сергіту жаттығуын жасайды. |
Рефлексивті – түзетушілік | -Бүгін кім қонаққа келді? -Біз қай көкөністі жапсырдық? -Қияр мен қызанақ қайда өседі? -Сендер үйлеріңде бау-бақша егесіңдер ме? -Аюмен қоштасайық. | -Бүгін аю қонаққа келді. -Қияр мен қызанақты жапсырдық. -Қияр мен қызанақ бақшада өседі. Өздерінің бақша егетіндері жайында айтып береді. -Сау бол аю. |