kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жас өрт сөндірушілер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі мекемелерде өткізулуге болатын іс - шара

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жас өрт сөндірушілер»

«Өрт-тілсіз жау»

қауіпсіздік ережесіне ұйымдастырылған іс-шара


Тақырыбы: «Жас өрт сөндірушілер»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы

түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Балалардың өрт қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Ой өрісін, дүние танымын дамыта отырып түсіндіру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өртті өшіретін құралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық-техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып дамыту.

Тәрбиелік: Қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру. Балаларды еңбек сүйгіштікке, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, ұжыммен бірлесе жұмыс істей білуге тәрбиелеу.Балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Мерекелік іс шара түрі: ОБЖ эстафеталық сайыс түрінде өтеді:

Қолданылатын құрал – жабдықтар: қызыл сары түсте ленталар, өрт қауіпсіздігі бейнеленген суреттер, ойынға қажетті құрал – жабдықтар, май шам, ыдысқа құйылған су,құм т.б.

Мерекелік іс – шара барысы:

Балалар әуенмен спорт залға бірінің артынан саппен кіреді. Шеңбер бойымен жүріп орындарына барып тоқтайды.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бүгін бізге көп қонақтар келіпті.Қане, бәріміз амандасайық.

Сәлеметсіздер ме!

Здравствуйте!

Hello!

Ән ұран орындалады.

Тәрбиеші: Балалар біз бүгін сендермен өрт қауіпсіздігі туралы сөйлесеміз.Қараңдаршы мында бірнеше суреттер тур екен.Әңгімелеп беріңдерші.

  1. тапсырма: Ендеше мына суреттерге қарайықшы.

Суретпен жұмыс: (слайдпен жұмыс) От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бірақ ол өте қауіпті. Сіріңкемен, (оттықпен),тоқпен, газбен ойнауға болмады.Ал бізде осы өрт туралы тақпақ білетін балалар бар ма?Өрт болған кезде қандай номерге хбарласу керек.Онда нені дұрыс айту қажет.

Динара: От жақпа, күйерсің,

Өртеніп жүрерсің.

Сіріңкені ұстасаң,

Бәлеге сен түсерсің.

Айдос: Оттың ісі қуырмақ,

Желдің ісі суырмақ.

Қазір жанған жалынды,

Алып - ұшып қуалмақ.

Жанайым:Армандаймын мамандық,
Көңілім бар таланттық.
Өрт сөндіруші қалауым,
Батыр мықты боламын.
Саян:Қай-қай жерде өрт шықса,
Дереу жетіп баратын,
Өрт сөндіріп, алғыс ап,
Осылайша қалауым.
Өрт сөндіруші боламын ,
Аяжан:Таудай менің талабым.
Өрт сөндіру саласын,
Арман тұтар баламын.
Алғыс айтса халайық,
Кәдеге біз жарайық.
Өрт сөндіру қызметі,
Ғажап екен құрметі.

2 – тапсырма: Олай болса, балалар мен сендермен «Қателеспе» деген ойын

ойнатқым келеді.

 Ойынның шарты: отта жанатын заттарды айтқанда қолды жоғары көтереміз, отта жанбайтын заттар айтылғанда қолымыз төменде болуы шарт.

Сөздер: қағаз, терезе, дәптер, киімдер, жиһаздар, бензин, жапырақтар, ағаштар, кітаптар, шеге, әйнек, қасық, металл, мұз, қар, тас, су.

Телефон дауысы естіледі.

Тәрбиеші: Алооо cәлеметсізбе бұл кім екен?

Өрт сөндіру испекторы: Сәлеметсізбе! Мен өрт сөндіру инспекторы боламын.Бұл № 5 балабақша ма?

Тәрбиеші: Ия, бұл балабақша

Өрт сөндіру испекторы: Өрт бүкіл жерді отпен жаулап жатыр, ол сендерге қарай жол тартты.Отты сөндіруге көмектесіңдерші.Егер оның тапсырмаларын орындасаңыздар онда біз осы қаланы оттан құтқарамыз.Сөйтіп біз оны өшіреміз.Маған ең жылдам, шапшаң, алғыр жас өрт сөндірушілер қажет.

Тәрбиеші: Жақсы ендеше біз дайынбыз солай ма балалар.

Балалар: ия, біз дайынбыз

Әуен естіліп ортаға Өрт кіреді.

Өрт: Мен Өрт боламын.Мен барлық жерді жандырамын, өртеймін, күйдіремін.Мен өте күштімін.Мені сөндіру үшін менің сендерге бірнеше тапсырмаларым бар.Сол тапсырманы орындасаңдар мен сөніп, өшіп қаламын.

Өрт: Менің тапсырмамды орындамас бұрын екі топқа бөлініп алайық.Қыз ленталы балалар 1-ші топ, ал сары ленталы балалар 2-ші топ болады.

3 - тапсырма: «Кім тапқыр» құрастыру ойыны.Балалар, мында карзинада бірнеше бөлікке бөлінген қағаздар бар.Сол қағаздарды фенишке апарып қоюмыз керек.Қай топ бірінші тасып бітірсе тез құрастырып шығамыз.

Әңгімелеу:

Бұл не? Бізге не үшін қажет.

Мисс Өрт: ХА –ха-ха мен сондай күштімін.Мені ешкім сөндіре алмайды.Бұл қаланы түгел жағып жіберемін.

Тәрбиеші:Балалар мына оттың сөнетін түрі жоқ екен.Енді не істесек болады?

Осы уақытта өрт сөндіру машинасының дыбысы естіледі.

Бұл не дауыс балалар?

Балалар: Пожарнай сигнал – қауіп төнді деген сигнал.

Машина бөліктерімен таныстыру.Балалар сендер өрт сөндіру кезінде осындай баспалбақтан жылдам мініп түсуіміз керек.Сол үшін тағы бір тапсырманы орындайық.

4– тапсырма: Екі топ балалары жоғары қарай өрмелеп мініп өздерінің достарын құтқарады. Бұл ойында жылдамдықпен қатар сақ болу керек.Ендеше ойынымызды бастайық.

Өрт: Ой, ой балалар мен әлсіреп бармын. Сендер қандай мықты, ержүрек, жылдам жас өрт сөндірушілерсіңдер.

Тәрбиеші: Ал, енді балалар мен қазір сендерге ереше эсперимент ұсынғым келіп отыр.Ол үшін мына үстелдің қасына жақындайық.Біздің алдымызда май шамдар, ыдысқа құйылған су, құм және қағаз бар.Қазір біз сендермен отты немен сөндіруге болатындығына эсперимент жасап көрейк.Ең алдымен қағазды майшамға жақын ұстасақ қағаз жанады.Немен отты сөндіруге болады.Құмды отқа шашып көрейікші.Не болды балалар? Сендер не байқадыңдар? Ал суды майшамға шашып көрейік? Енді не байқадыңдар? Дұрыс айтасыңдар балалар отты сумен және құммен сөндіруге болады.

5 – тапсырма: «Отты сөндір»

Ойын шарты:Мына жерде лаулап жанып тұрған оттар бар.Сол оттарды біз тез сөндіріп жинап алуымыз қажет.Қай топтың балалары жылдам, шапшаң екенін көрейік.

Өрт:Ой, ой балалар мен әлсіреп бармын. Сендер расымен мықты, ержүрек, жылдам жас өрт сөндірушілер екенсіңдер.Өрт ашуланып үйді жағып жібереді

Дым шығады: Балалар сулы орамалмен мұрындарын басады.

Тәрбиеші: Балалар біздің жаңғы келген өрт сөндіру машинасынның су шашатын шланканы алып мүлдем сөндіріп тастайықшы.Екі бала шығып суды шашып отты сөндіреді.

Өрт: Ой, балалар мен сөніп барам.(залдан жүгіріп шығып кетеді)

Тәрбиеші: Ой жарайсыңдар балалар.Сендер расыменде осы рудный қаласын оттан аман сақтап қалдыңдар.Отты сөндіріп қала тұрғындарын қуанттыңдар.

Өрт сөндіру инспекторы:Салеметсіздер ме, балалар! Сендер расымен отты сөндірдіңдер.Өте ақылды, тапқыр, ержүрек өрт сөндіруші екенсіңдер.Мен сендермен мақтанамын.Сендерге арнайы құрмет медальдарын алып келдім.Марапаттап, мадақтамын.Енді сау болыңдар балалар.


Викториналық сұрақ:

Ойын шарты: Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек.

Өрт сөндіретін адамды қалай атайды? (өрт сөндіруші)

Өрт сөндірушінің адамдарға қандай көмегі бар? (олар үйдегі, ормандағы өрттерді сөндіреді)

Олардың жұмысы қандай? (адамдарға қажет, өте ауыр, қиын)

Өрт сөндірушілер қандай болу керек? (батыл, өжет, щапшаң, епті)

Олар неге батыл, шапшаң болу керек? (өйткені өрт кезінде адамдарды, т.б. құтқарады)

Өрт болған кезде қандай нөмерге телефон шалу керек? (101)

Өрт сөндірушіге телефон шалған кезде қандай мағлүматтар беру керек? (не болғанын, мекен - жайын айту).Осымен балалар біздің эстафеталық «Жас өрт сөндірушілер» сайсын аяқтаймыз.Барлық балаларға үлкен рахмет.Қонақтармен қоштасайық.

Балалар: Сау болыңыздар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Жас өрт сөндірушілер

Автор: Алма Исмаилова

Дата: 12.11.2019

Номер свидетельства: 526764

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Жайдарман "Жас ?рт с?ндірушілер" "
    ["seo_title"] => string(34) "zhaidarman-zhas-ort-sondirushilier"
    ["file_id"] => string(6) "204603"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429698090"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Жас өрт сөндірушілер"
    ["seo_title"] => string(24) "zhas_ort_sondirushiler_1"
    ["file_id"] => string(6) "650435"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1715628257"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Өрт сөндірушілердің еңбегі"
    ["seo_title"] => string(32) "ort_sondirushilierdin_ien_bieghi"
    ["file_id"] => string(6) "471526"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1527643017"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Жол белгілері туралы сабақ"
    ["seo_title"] => string(30) "zhol_bielghilieri_turaly_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "471525"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1527642535"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Жол тәртібін білеміз бе ?"
    ["seo_title"] => string(24) "zhol_t_rtibin_bilemiz_be"
    ["file_id"] => string(6) "479376"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1538407374"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства