Шаршаған ғой ол аздап,Шырша түбіне отырып,көз ілген ғой ол біраз.
Жүргізуші: Қысқы орманға асығайық,атаны біз оятайық
Аққала:Мен тезірек жүгірейін,Сау болыңдар,достарым. Музыка жүредіАққала қашады.
Жүргізуші: Аяз атаны табуға
Оңайға бізге соқпайды .
Ақшақар:Аққала оны тапқанша,Жұмбақ шешейік аз ғана.
1.Қарға мүлгіп дала тұр
Келе жатыр ... балалар. Жаңа жыл!
2.Шырша бүгін кәделі,
Сендер әрі ... балалар. Әдемі!
3Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын-күлкі таралсын
Құтты болсын !балалар : жаңа жыл
4.Құлақ-мұрынды тістейді
Бұлай кім істейді!балалар : Аяз ата.
Ақшақар: кәне,қаттырақ!
Балалар жауапты қайталайды. Аяз атаның дауысы естіліп,залға кіріп келеді.
Аяз Ата:Құтты болсын,балалар,
Келген жаңа жылдарың,
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп,ұл-қыздарым.
Өткен жылы келіп ем,
Бәріңді де көріп ем,
Жыл өткізіп келем деп,
Уәдемді беріп ем
Амансыңдарма бәрің де,Бәріңді де сағындым!
Кішің де,үлкен-кәрің де
Бәрі жақсы, дегенмен
Шырша неге жанбаған,
Бірігіп біз бәріміз,
Шамдарын оның жағамыз!
Бәріміз бірге : Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
Балалар аяз атамен бірге қайталайды,шыршаның шамдары жанады.
Аяз Ата:Керемет міне, шыршамыз,
Жаңа кірді сәніміз,
Ақшақарды ортаға алып,
Ән салайық бәріміз
Өлең-хоровод «Аяз Ата» Дети остаются в кругу.
Аяз Ата: Керемет ән,ғажайып,Шеңберден енді шығайын
Жүргізуші: біз сізді шығармаймыз!
Аяз Ата:Қалай сендер,шығармайсыңдар,мен мына жерден шығып кетейін!
(Балалар оны шеңберден шығармайды.)2-3 рет солай істейді.
Бұл не ? Бұл қалай!
Қатырамын мен былай!
Аққала: Балалар,қашыңдар!
ойын "Заморожу!"
Аяз Ата: Ұстай алмадым ешкімді!
Жүргізуші: Аяз бізге түк емес,
Суықтан да қорықпаймыз,
Би билеп ән салған...
Дети. Тоңбайды ешқашан!
Аққала: Аяз Ата сен шаршаған боларсың,отыр,дем ал,балалар саған тақпақтар айтып берсін!
Аяз Ата тақпақтарды тыңдайды. Тақпақтар:
1.Жайнатып жасыл шыршыны
Сыйлыққа толтырып ортаны
Ойнаймыз,күлеміз,билейміз
Куанып Аяз атаны
2.Бізбен бірге жайдары,
Жарқырайды,жайнайды
Айналамыз шыршаны
Айналамыз баршаны
3.Өлең де әзір,ән де әзір
Ойын да әзір,бәрі әзір
Кел жаңа жыл біздерге
Кел,жаңа жыл,жаңа жыл
4.Әкелсін жыл ырыс құт
Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша
Жаңа жылмен тамаша
5.Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жан ашыр
Ата-әже,әке-ана
Құтты болсын жаңа жыл
6.Жаңа жыл,жаңа жыл
Тамаша тойымыз.
Алақай,алақай
Өседі бойымыз
7.Дед Мороз стучит у входа
Отряхая с шапки снег,
С Новым годом,с новым годом,
Сколько радости у всех.
8.Дед Мороз придет сегодня
К нам на праздник новогодний
Будет с нами петь,плясать,
Всем подарки раздовать.
9.Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып
Жолын қойдық жарық қып
Шыршыларға шам іліп.
10.Киіндік ұл мен қыз,
Аң болып,жан болып,
Танымай тұрсын деп,
Досымыз таң болып.-Алинур
11.Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да,
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.-Ернар
12.Шыршамыз да керемет,
Ойыншықтар тағылған,
Алыс жақтан келіп тұр,
Аяз ата сағынған.
13.Жаңа жылда тамаша
Тақпақ айтамыз,
Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.
14.Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні,
Гүлденеді бақшалар,
Жауса,жаусын,Ақшақар.-А.Алихан
15.Жаңа жыл,жаңа жыл,
Сені күттім елеңдеп,
Өзіңменен ілесіп,
Аяз ата келер деп.
16.Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқартау,қарлы шың.-М.Алихан
17.Қандай әсем шартарап,
Шаттық күйге бөлеп тұр,
Кәмпиттерін арқалап,
Аяз ата келіп тұр.
18.Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты,
Ақ тон киіп орман тұр,
Дәл атамдай салмақты.
19.Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды,
Мұз болады,қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
20.Аяз ата аппақ,
Кәмпиттері тәтті-ақ
Маған кәмпит көп берсең,
Тағы айтамын тақпақ.
Жүргізуші: Балаларға жаңа жыл
Қатты ұнайды,
Көңілді ойын ойнап,
Шеңбер-би жасайды.
Ақшақар:Шеңберге біз тұрайық,Биге мойын бұрайық!
Полька «Зимушка»
Аяз Ата: Қоштасатын кез келді,
Сау болыңдар,балалар.
Ыстық маған бұл жерде...
Ақшақар: Аяз Ата,балалар біздің көңілімізді көтерді,сыйлықтар берген жөн еді.
Аяз Ата: Бермедім бе ,сендерге?Қайда екен?...Орманда шырша басында,әлде қардың астында !
Міне,менің сиқырлы бауым-шыршаның түбінен алады.
Қиындықсыз қапшықты табады:
Қармақ сияқты лақтырамын,
Жылы сөздер айтамын
Керек жерге құлайды,
Не керек соны табады.
Аяз ата ұзын жылтыр бауды ағыта бастайды,қармақтың қылы сияқты,айтады:
Бауым,кәне,ұш,ұш,ұш,
Алтын,әрі сиқырлы,
Ұзар,ұзар,ұзарып,
Қапшықты тапсаң болмайды.
Есік артына лақтырып,ақырын тарта бастайды,сыбырлап: «ұстадым», «бірдеңе бар сияқты».залдың ортасына салма-ожауын тартып шығарады,бауға қарап,ашуланады.
Аяз Ата : Мерекеде әзілдеп,
Сен бау әлде,тентексің?
Атаңмен сен әзілді,
Қойсаң қалай болады.
Аяз Ата тағы да бауды лақтырып,ақырын тарта бастап,сыбырлайды : бұл жолы ауыр сияқты.Пиманы тартып алады да,тағы ашуланады.
Аяз Ата :Әзілді сен қоймадың,
Ондайдан мен шаршадым,
Қапшықты егер таппасаң,
Алысқа сені лақтырам.
Үшінші рет бауды лақтырып,Ақшақардан көмек сұрайды,бірге сыйлықтары бар қапшықты тартып алады.
Аяз Ата : Міне, енді жарадың,
Сыйлықтарды табалдың.
Ақшақар: Қоштасатын кез келді!
Аяз Ата:Жарайсыңдар,балалар!Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден келгенде көңілімді көтердіңдер.Ал,енді біз жолға шығайық. Қош болыңдар!
Аяз Ата мен Ақшақар бірге: Жаңа жыл құтты болсын!!!
Жүргізуші: Жыл өткізіп келеді,
Аяз ата тағы да,
Ал,енді осымен біздің жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.Жаңа жыл құтты болсын!!!