Қош келдің, Жаңа жыл!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар. балалар сіздерді келген Жаңа мешін жылымен құттықтаймыз.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөленіп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы
-деп «Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізді бастаймыз
Жүргізуші: Жаңа жылдарыңмен балалар. күн жақсы болсын. Жаңа жыл мерекесін жақсы көңіл-күймен өткізейік. Кәне балалар шыршаның жанына жиналып шыршаға арнап «Шырша» әнін орындайық.
Жүргізуші: Бәрекелді балалар орындарыңа жайғаса қойыңдар. Балалар қараңдаршы шыршаның астында кітап жатқан сияқты. Иә, шынымен де бұл кітап екен. Өзі ертегі кітабына ұқсайды. Сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Ой балалар бірақ бұл кітап жай емес сиқырлы кітапқа ұқсайды. Өзі ашылмай тұр, бәлкім оны ояту керек шығар. Қане сендер маған көмектесесіңдер ме? Онда барлығымыз бірге айтайықшы «Бір, екі, үш, сиқырлы кітап оян!»
Жүргізуші: Балалар бұл кітаптың ішінде шығс еліндегі оқиға баяндалған екен. Мен осы өмірде бәрін өзгерткім келеді. Бүкіл әлемде тек қана жақсылық болса деп тілеймін барлығының дені сау болып, жаңа жылда бір-біріне жақсылық тілесін деймін. Осы жөнінде кітапта айтылған.
Жасмин Шығыс қыздармен көңілі жарасып әңгімелесіп отыр. 2
Көңілді отырған Жасминнің көңілі түсіп қалады.
Жасмин: Қыздар жаңа жыл жақындап қалды ойлап қарасақ жаңа жылға қайтадан пальманы әшекейлейтін сияқтымыз.Сол есіме түссе көңіл-күйім түседі.
Шығыс сұлуы:Менің естуім бойынша басқа елдерде жаңа жылда шыршаны әшекейлеп, шырша жырын орындап, шыршаны айналады екен.
Жасмин:Менде тірі шыршаны айналып, шырша әнін айтқым келеді.Бірақ шыршаны қайдан аламыз.
(Көңілді шығыс әуені қойылады осы кезде Алладин кіреді)
Алладин:Сұлу қыздар ойланып қалдыңдар?
Жасмин Аладдинге жақындайды.Шығыс сұлу қыздар өз орындарына отырады.
Жасмин: (көңіл-күйсіз)
Қымбатты Алладин мен шыршаны айналып, шырша жырын айтқым келеді.Шығыс биін билеп, пальманы айналудан жалықтым.
Алладин: Қымбаттым, сен үшін бәрін табамын.Солтүстіктен жақында саған шырша алып келемін. Алладин шамын ысқылайды.
Джинн:Сәлеметсің бе, жас әміршім, не қалайсың?
Аладдин: Тыңдашы Джинн, Жасмин еркелеп, жаңа жылда тірі шыршаны айналып, ән салғысы келеді.Мені шырша өсетін жаққа жеткізші. ( Джиннмен Аладдин глобустан қарайды)
Джинн:Әміріңізге құлдық.Жылы киініп алайық, менің естуімше жер шарының солтүстігінде күн суық екен.
Ұмытып бара жатыр екенмін, мен тек қана 3 тілек орындаймын.мынау сенің бірінші тілегің.(музыка қосылып екеуі кетеді)
Жасмин:Алақай-алақай, шырша болады, шырша.
Шығыс қыздары «шығыс биін» билейді,
Жасмин залдан кетеді.
Шыршаның жанына Алладин мен Джинн келеді.
Джинн:Қара қанша шырша? Жасминға Ішінен ең сұлуын таңдап ал, Орман феясын көріп, екеуі шыршаның артына тығылады.
Орман феясы жаңа жыл әнін орындайды.Алладин мен Джинн орман феясына жақындап амандасады.
Алладин: Сәлеметсіз бе, сіз кім боласыз?
Орман феясы:Мен орман феясымын, ал сендер кім боласыңдар? Неге менің әдемі шыршаларымды шошыттыңдар.
Алладин: Мен Алладин боламын менің жанымдағы Джинн. Біз екуміз сонау Бағдат қаласынан келдік. Сыйлық ретінде бір әдемі шыршаны өзімнің сүікті Жасминіме алып, барсам деп едім. Жаңа жылда шыршаны айналып, шырша жырын айтуды армандап жүр.
Орман феясы:Егерде сен шыршаны шауып алып кетсең, шырша өліп қалады. Қарашы бәрі қандай сұлу және тірі.
Алладин:Біз Жасмин екуміз жаңа жылды қалай қарсы аламыз?
Орман феясы:Жаңа жылда бізге келіңдер, бізде жаңа жылды өте қызықты өткізеді. Жаңа жылға арналған тақпақтар айтады.Сендер балалардың тақпақтарын тамашалаңдар
Нұрали:
Төрлет жаңа жылым,
Бізге құтты жыл болсын.
Нұрасыл:
Аяз ата келді,
Мерекені көрді.
Орман феясы:Ескерткіш ретінде мына ерекше сұлу шыршаны мен сендерге сыйлаймын, бұл шыршаға сендердің ауа райы қолайлы.Сендер жылдам жету үшін өзімнің жүйрік бұғымды беремін.Сау болыңдар
Би орындалады. «Аққала» биі ұлдар орындайды
Алладин: Жасмин қайдасың? Қара қандай сұлу шырша әкелдім саған.
(Жасмин көңілсіз әкелген шыршаға ұнатпай қарайды)
Жасмин: бұл не? Мына кішкентай шыршаны айналып қалай ән айтамыз.
Алладин:кішкентай болғаны түк етпейді.Міне, жаңа жылда келіп қалды. Бүкіл жер шарында үлкендерде, балаларда бір-бірін жаңа жылмен құттықтайды.Тіпті солтүстікте де мынандай әдемі жасыл шыршаны айналып, жаңа жылды қарсы алады екен.
Жасмин:Алладин жаңа жылды солтүстікте қарсы алғым келеді.
Алладин:Шамын ысқылайды
Джинн:Әміріңізге құлдық мені неге шақырдыңдар
Алладин:Жасмин жаңа жылды солтүстікте қарсы алғысы келеді.Тез арада бізді солтүстікке жеткіз.
Джинн:бұл сенің екінші тілегің. (гобусын алып) шыршаны бір айналады.Міне келдік. Жасмин: Алладин жан-жаққа қарашы қандай әдемі, шыршасы да үлкен, әдемі екен. Менің арманым орындалатын болды.
Алладин:бұл жақта Жаңа жылды Аяз атамен, Ақшақармен қарсы алады. Олар барлығына сыйлық береді.
Жасмин:Алладин қымбаттым, мен ешқашан Аяз ата мен Ақшақарды көрмеппім, маған да сыйлық керек.
Алладин:Сенің айтқаның болсын.
Алладин:Джинн бізге Аяз атаны тауып алуға көмектесші.
Джинн:Әміріңізге құлдық, бұл сенің соңғы тілегің, а-а-а Аяз ата деген кім?
Алладин: Аяз атаны жер бетінде бүкіл бала таниды.
«Аяз ата» әні орындалады
Джинн: Айтқандарың болсын, болат сендерге Аяз ата мен Ақшақар.
Алладин: Сылдырмақтың дыбысы шығатын сияқты, Бұл Аяз ата мен Ақшақар жаңа жылға асығып келді.
(Музыка әніме Аяз ата мен Ақшақар келеді)
Аяз ата:Сәлеметсіңдер ме, достарым, мерекелеріңе мен келдім,Үлкен қапшықпен келдім, сыйлықтарыңды әзер көтеріп келдім. Бұл жаңа жылда менің аттарым бәрін керісінше істемекші болды. Мені шанамен әкелгісі келмеді, біз қатты шаршадық деді.Қапшығымды сүйретіп әзер келдім, кешікпегеніме қуандым, шаршағаныма қарамастан сендерді құттықтауға үлгердім.
Ақшақар:Сендердің шыршаларыңа біз алыстан келдік. Аяз ата екеуміз ұзақ жол жүрдік,тайғақ таулармен, боранды тоғайлармен жүріп келдік.Міне сендерге де кешікпей келдік, бізді жақсы көретін кішкентай достарым күтіп отырғанда кешігуге болмайды.
«Аққала» биі
Тақпақ
Али:
Тамаша –тамаша
Шыршамыз тұр жараса.
****
Амина:
Аяз ата келіп тұр
Бізге сәлем беріп тұр.
***
«Клоун» биі
Аяз ата: шыршаны жағады
Шыршаны айналып, «шырша» әнін орындайды.
Аяз ата:Ақшақар кәне балалардан сұрашы, кім тақпақ айтуға дайын.
Мөлдір:
Аяз ата келді,
Маған кәмпит берді.
Сания:
Мен кәмпитті жеймін,Рахмет ата деймін.
Аяз ата: Ал балалар біздің басқа балалар бақшасына кетуіміз керек. Басқа да балалар бізді күтіп қалды мына сыйлақты апайларыңа тастап кетемін,өз таратады сау болыңдар